Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері сында орналасқан барлық анатомиялық құрылымдар жата--
ды.
ДДСҰ анықтамасы бойынша: «жұмсақ тін» деген
ұғымға: ретикулоэндотелиалды жүйе, спецификалық және
ішкі ағзаларды құрайтын глиозды тіндерден басқа барлық
эпителиалды емес қаңқалық тіндер кіреді. Ал, А.В. Смо--
льянников жұмсақ тіндерге – параганглий, шеткі және ве--
гетативті жүйке-жүйесінің нейроэктодермалды тіндері
кіреді,- дейді.
Жұмсақ тіндерге – мезодерма туындыла-- ры, миотом, мезинхиманы түзетін энтодерма бөліктері, көлденең – жолақты бұлшық еттер және шеткі аймақтық нервтердің сыртқы қабықтары – нейроэктодерма тіндері жатады. А.И. Ракова және Е.А. Чехаринның айтуы бойынша
– жұмсақ тіндер әр түрлі бластоматозды потенциясы бар,
өзінің пайда болуы – тін компоненттерінің құрылымы және
функциясы, көлемі бойынша біркелкі емес тіндер. Жұмсақ
тіндердің құрамына кіретін элементтер: мезенхиманың туын--
дылары, көлденең – жолақты бұлшық еттер және шеткі нерв
қабаттары, сондықтан осы тіндерден әр түрлі ісіктер пайда
болады және олардың пайда болатын тіндерінің құрылымы
да әр түрлі. Жұмсақ тіндер ісіктерін морфологиялық жол--
мен верификациялау үшін қатерлілік дәрежесін және гисто--
генезін анықтауда үлкен қиындық туғызады, өйткені ісік
жасушалары әр түрлі мезинхима туындыларынан пайда
болып, бір-біріне морфологиялық жағынан ұқсас болады,
ал катоплазияның жоғарғы дәрежесі жасушаның дамуын
анықтайтын арнайы құрылымдарының толық жоғалуына
әкеледі.
Халықаралық ракқа қарсы ұйым, қатерлі ісіктердің
TNM/pTNM жіктеуі бойынша, жұмсақ тіндердің қатерлі
ісіктерін, морфологиялық құрылысына байланысты
төмендегідей жіктеген.
222
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Жіктелуде келесі анатомиялық аймақтар қарас- тырылған: 1. Дәнекертін, тері асты және басқа да жұмсақ тіндер,
шеткі нервтер.
2. Құрсақ арты кеңістігіндегі жұмсақ тіндер.
3. Көкірекаралық жұмсақ тіндер