Ісіктің гистологиялық түрілеріне, ICD
– O морфологиялық рубрикациясына қатерлі
ісіктердің келесі түрілері кіреді.
Альвеоларлы жұмсақ тінді саркома
9581/3
Ангиосаркома
9120/3
Эпителиоидты саркома
8804/3
Қаңқадан тыс хондросаркома
9220/3
Қаңқадан тыс остеосаркома
9180/3
Фибросаркома
8810/3
Лейомиосаркома
8890/3
Липосаркома
8850/3
Қатерлі фиброзды гистиоцитома
8830/3
Қатерлі гемангиоперицитома
9150/3
Қатерлі мезинхима
8990/3
Қатерлі шваннома
9560/3
Рабдомиосаркома
8900/3
Синовиалды саркома
9040/3
Қосымша сипаттамасы жоқ саркома (БДх) 8800/3
РАБДОМИОСАРКОМА
Жұмсақ тіндерден шығатын қатерлі ісіктер ішінде өте
жиі кездесетіні (7% - дейін) – рабдомиосаркома (РМС).
РМС – эмбрионалды мезенхимадан шығатын өте қатерлі
223
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
ісіктердің бірі. Оны алғаш Stout (1946) жазып, ал Horn пен
Enterline (1958) оның негізгі гистологиялық - 4 түрін ажыра--
тып, дәлелдеп берді.
Балалар онкологиясы ҒЗИ-ң және Н.Н. Блохин атындағы
гематология ғылыми орталығының мәліметтері бойынша
РМС – балалардағы жұмсақ тіндер саркомасы ішінде 38 %-н
құрайды, қатерлі қан тамырының ісіктері (ангиосаркомалар)
– 22 % жуық және синовиалды саркома 19 % кездеседі. Ал,
жұмсақ тіндерінен шығатын басқа ісік түрлері – лейомио--
саркома, фибросаркома, липосаркомалар сирек кездеседі.
Рабдомиосаркома көлденең - жолақты бұлшық еттің
немесе бұлшық ет тінінің эмбрионалды даму кезіндегі
өзгерістерінен (эмбрионалды мезенхимадан) пайда болады.
Оның цитоплазмасы – миофибрилдермен қатар, жасушалық
дамудың әр түрлі дәрежесіндегі миобласттардан тұрады.
Ю.Б. Вахтин және И.Н. Швемберг ісіктің осы түрін терең
зерттеген. Осы авторлардың айтуы бойынша РМС дамуының
негізгі 3 теориясы бар, олар - әр түрлі цитодифференцировка
дәрежесіндегі миогенді типті жасушалармен бірге дәнекерлі
тіндік белоктары және эмбрионалды мезенхима жасушала--
рына ұқсас морфологиялық түрлерді анықтайды.
РМС-ң дизонтогенетикалық даму теориясына сәйкес,
қаңқа бұлшық еттері ісіктерінің аралас түрі – плюропотент--
тілігін сақтаған эмбрионалды қалдықтардың малигнизация--
сына тәуелді. Бұл теория ісіктің эмбрионалды қалдықтардан
және дистопиядан дамитыны туралы Конгеймнің жалпы--
лама түсінігімен негізделеді. Бірақ қазіргі таңда көптеген
эксперименттік дәлелдемелер көрсетіп отырғандай, ісіктің
дезонтогенетикалық дамуы туралы теориясы, негізгі болып
саналмайды.
Қаңқа бұлшық еттеріндегі РМС – бұлшық ет тінінің
жасушалық элементтерінен дамиды, олар – миобластар,
дәнекер тін жасушалары және қан тамырларының адвенти--
224
Достарыңызбен бөлісу: |