220
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері – балалар арасында
жиі кездеседі. Олар барлық балалар қатерлі ісіктерінің ішін--
де – лейкоз, ОНЖ ісіктері, құрсақ арты аймағындағы ісіктер
мен сүйек ісіктерінен кейін 4-5-ші орындарды иемденіп, 4 – 8
%-ды құрайды. Ал, жаңа туған және 1 жасқа дейінгі сәбилер
арасында жұмсақ тін ісіктері – 12 %-ға дейін, яғни бұл жас
аралығында өте жиірек кездеседі. Жылына дүние жүзілік
канцер – регистр мәліметі бойынша: 1 млн балаға шаққанда
– 4,4 ақ нәсілді, 1,3 - қара нәсілді балалар ауруға шалдығады
екен. Ұл балалар (1,4:1), қыз балаларына қарағанда жиірек
ауырады. Ісіктің 70 % -ға жуығы 10
жасқа дейінгі, оның
ішінде ең көп кездесетін уақыты 2–5 жас аралығында.
Жұмсақ тіндер ісіктері – клиникалық белгілерінің
аздығымен, көпке дейін білінбей өсуімен ерекшелінеді.
Дәрігерге, негізінен ата-аналары – балаларында қатты-тығыз
өсіндіні сипап, байқағандықтарын, оның өзінде көп уақыт
болғанынын, халық арасындағы ем-домның бәрін қолданып
бітіргенінен кейін барып қаралады. Ал, ісік үстінің жарала--
нып, қызарып, қабынып-ісінуі, ауру сезімінің пайда болуы
(ісіктің нерв талшықтарына өсуінен немесе қысуынан) т.б
белгілері кейінірек туындайтындықтан, алғашқыда ісіктің
қатерлі немесе қатерсіз екенін білу де өте қиын. Сондықтан,
жұмсақ тіндер ісіктерінің
гистологиялық құрылыстарын,
түрлерін білмей жатып, оларды ажырату әрі оны дұрыс ем--
деу өте қиын мәселе.
Жұмсақ тіндер қатерлі ісіктерінің қазіргі кездегі
гистологиялық жіктелулерінің бір-бірінен ерекшеленуі
«жұмсақ тін» түсінігіне қандай тіндер кіретіндігі туралы
ортақ ұғымның жоқ болуы.
Соған қарамай, оларға – бас,
мойын, кеуде, аяқ-қол және т.б қаңқа сүйектері мен тері ара--