269
Сүйектің қатерлі ісіктері
берг ОС бірден - бір ең қатерлі, тек сүйек тінінен пайда бо--
латын біріншілік ісік түрі,- дейді.
Эпидемиологиясы
Бұл ісікті 1920 жылы Джеймс Юинг зерттеп, талдап,
бір топ сүйек ісіктерін біріктіріп, жазып – Остеогендік сар--
кома деп атады. Кейіннен бұл атаудан – Фибросаркома, па--
раостальды саркома және хондрасаркомаларды өз алдына
бөліп қарайтын болды.
Ер балалар – қыз балаларға қарағанда сүйектің қатерлі
ісіктерімен 2- есе көп ауырады. Ісік екінші он жылдықта, яғни
12-мен 16 жас аралығында өте жиі кездеседі. Зақымдайтын
ортасы негізінен ұзын түтікше сүйектері.
Қысқа және
жалпақ сүйектерде ОС 1/6 жуық кездеседі. Қол сүйектеріне
қарағанда аяқ сүйектері 6-7 есе көп зақымданады, оның
ішінде 50% жуығы тізе буыны маңайында орналасады. Ре--
тімен айтар болсақ: бірінші – сан сүйегі, одан – асықты жі--
лік (б/берцов), тоқпан жілік, асықты жіліктің шыбығы (м/
берцов), сонымен қатар жамбас сүйектері де зақымданады.
Ұзын түтікше сүйектерде – ісіктің негізгі орналасатын жері
метафиз бөлігі. 10% жуық ісік диафиз бөлігінде де кездесуі
мүмкін. Ісік сүйектің қай жерінен пайда болғанына қарамай-
ақ (эндос, периост, гаверс өзегі), оның өсу жылдамдығы өте
жоғары қарқымда болады. Сүйек тіні желініп-бұзылып, оның
орны ісік жасушаларымен толтырылады да, ісік сүйектің
(кемік) майлы қуысына да толады. Ал ісіктің буынға қарай
өсуіне үлкендерде буын шеміршегі, ал балаларда эпифизар--
лы (хрящ) шеміршек жібермейді.
Сондықтан болар, буын
бөлігі көпке дейін ісікпен зақымданбайды және ісік бір бу--
ыннан екіншісіне қарай өтпейді. Ал ісіктің әбден өсіп, сүйек
тінінің кеміріліп, желінуінен (4-5% жуық) потологиялық
сүйектің сынуы кездеседі.