Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет11/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


14

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Манастың Аққұласының тұяғынан түскен таңба деп дәріптейді [16,87] Қорқыт 

ата шығармасында сөз болатын кейіпкердің бірі – Домрул, ол жақсы жігіт жа-

нын бермеу үшін жаналғыш Әзірейілмен соғысады. Осы Домрул, яғни, Домба-

уыл кесенесі қазіргі кезеңде кеңгір өзенінің бойында тұр, мемлекеттік қорғауға 

алынған. Жалпақ қалақ тастардан бірыңғай етіп өрілген күмбез VІІ-VІІІ ғғ. тән 

делініп жүр. Ш.Уәлиханов ескерткіштерінде осы Домрул-Домбауылдың асқан 

күйші, қобызшы болғандығы айтылады. Қазіргі Ұлытаудың батыс бөлігінде «са-

рын шоқысы» деп аталатын жер бар, ол кезінде Домбауылдың сарын шығаратын 

жері болған. Осы секілді Қорқыт Ата атымен байланысты аталатын топоним-

дер Сырдария мен Торғай өлкесінде де көп ұшырасады. Мысалы, Қорқыт көлі, 

Қорқыт  суы,  Қорқыт  кесенесі  т.б.  Астана  қаласының  солтүстігіндегі  Дом-

быралы-Моншақты оронимі – ерте дәуірде Қорқыт Атаның моншақ теріп, қо бы-

зын өрнектеген жері. Осы жерде домбырасы қалып қоюына байланысты  Дом-

быралы-Моншақты аталып кеткен.

Ал орта ғасырда, атап айтқанда, ХІІІ ғасырдағы орталық Қазақстанның кейбір 

топонимдері  Шыңғысхан  жорығына  қатысты  болып  келеді.  Ол  жаулап  алған 

өңірлерін үш ұлына үлес етіп бөлгенде, қазіргі Орталық Қазақстан өңірі (Дешті 

Қыпшақ) үлкен ұлы Жошы хан үлесіне тиеді. Оның Дешті Қыпшақ жерін ара-

лау барысында Ұлытауға келгендігі Чингиз-намеде айтылады [20,83]. Ол өз ор-

дасын  Ұлытауға  орнатқандығы  туралы  тарихи  деректер  жеткілікті,  әрі  Жошы 

мавзолейі де қазіргі Жезқазған қалсының солтүстік шығысында 45 шақырымдай 

жер де, Кеңгір өзенінің сол жағалауында тұр. Археологиялық зерттеулер мавзо-

лей орналасқан жерде Жошы ордасының болғандығын айтады [11,32]. Жошы хан 

өлі мінен соң оның ұлысы Бату мен Орда Ежен иеліктеріне көшіп, Ақ орда мен 

Көк Орда ұлыстары құрылады. Плано Карпини Орда  Ежен ұлысының алғашқы 

тұ рағы  Балқаш көлінің шығысында болған десе, Ш.Құдайбердіұлы оның қазіргі 

Шыңғыстауда  орналасқанын  айтқан  [21,59].  Шыңғыстау  оронимі  осы  тауда 

Шыңғысханның  хан  көтерілу  салтанатына  байланысты  аталғаны  көпшілікке 

мәлім. 1206 жылы жаз айында Орта Азия елдеріне жасалар жорық алдында Шың-

ғысхан  осы  тауда  хандық  ордасын  (тұрағын)  орнатқан  [7,256],  соған  қатысты 

тұрақ пен тау аты Шыңғыстау атауына ие болған. Жалпы Орталық Қазақстанда 

Шыңғыс әулетіне қатысты бұлардан басқа Едіге мен Барақ хандардың есімдеріне 

байланысты топонимдер ұшырасты. Едіге діңі қазіргі  Ұлытау тауының үстінде, 

әрі Ұлытаудың бір саласы Едіге тауы деп аталады, ал Барақ атты көл Жезқазған 

қаласының  солтүстігінде  210  шақырым  жерде  орналасқан.  Сөз  етіп  отырған  

өңірдің  (Орталық  Қазақстан)  тарихы  мен  ел  аузындағы  аңыз-әңгімелерінде 

Шыңғысхан ұрпағына байланысты деректер Ұлытау жерінде мол ұшырасады. 

Ұлы тау төңірегіндегі топонимдермен Шыңғыс, Жошы, Алаша, Темір, Құтлық, 

Едіге,  Тоқтамыс,  ақсақ  Темір,  Керей,  Жәнібек,  Қасым,  Тәуке,  Болат,  Абылай, 

Әбіл қайыр, Кенесары хандардың есімдері сабақтасып жатады.  Күні бүгінге дейін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет