Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет10/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


13

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жық, Аыралы, Дегелең) ерте заманда қарлықтардың қоныстанған қытай де рек-

терінде  ұшырасатынын  жазып,  кейбір  ғалымдардың  Қарлықты  Қазылық  деп 

атауының  негізі  де  сонда  жатыр  деген  ой  айтқан  [16,172].  Бұл  жай  түркі  тіл-

деріндегі р/з дыбыстардың сәйкестігінен де хабар береді. Қазылық «Манас» жы-

рында  да  жолығып  отырады.  В.В.Радлов  «Қазылық  тауы»  Қазақстан  жерінде 

екенің ашық көрсеткен [17,36]. «Қорқыт ата кітабында» да Қазылық Қожа және 

Қазылық  қара  ат  (тұлпар)  атаулары  ұшырасады  [14,102-104].  Қорыта  келсек, 

«Қорқыт» эпосында Қазылық тауы  қазіргі Қаракесек руы мекендеген Қарқаралы 

тауларының  жиынтық  атауы.  Қазылық  (Үш  Қазылық,  Бес  Қазылық,  Он  екі 

Қазылық) таулары қаракесек елінің көне атауы, қарлық туралы мәліметтердің 

тың көзі. Яғни олар туралы деректердің тың көзі «Қорқыт Ата кітабы» болып 

табылады [18,165]. Алайда Орталық Қазақстанның көне көз қариялары болмаса 

бұл тауларды қазір ешкім де  Қазылық  таулары деп атамайды. Біздіңше, бұл 

атаулардың ұмытылуына бұрынғы көш жолдарының отырықшылыққа байланыс-

ты сирек қолданылмауынан әсері болғандай. Ол атаулар соңғы рет Бұқар Жырау 

өлеңдерінде ұшырасады:

 

 



 

Он екі Қазылық, Ой Түндік

 

 

 



Шауып шықтым белеңге

 

 



 

Тау суындай сарқырап

 

 

 



Әскерің жатыр өреңде [19,165].

Аталаған  еңбектегі  Қазылық  Қожа,  Қазылық  қара  ат  (тұлпар)  атаулары, 

біздіңше, тікерей  Қазылық орониміне сәйкес аталған. Себебі түркі халықтарын-

да  жаңа  ғасырға  дейінгі  дәуірлерде  белгілі  болған  қоғам  қайраткерлері  мен 

ғалым дардың аттарын кіндік қаны тамған жер атауларымен қоса атап отырған. 

Мах мұд Қашқари ХІ  ғасыр, Қашқар қаласында туғандықтан, сол секілді Қожа 

Ах мет  Яссауи  –  ХІ-ХІІ  ғасырлар,  Сүлеймен  Бақырғани  –  ХІІ  ғасыр  және  т.б. 

Осы ған  қарағанда,  Қазылық  Қожа  атауы  оның  Қазылық  жерінен  шыққанын 

біл діретіндей. Антропонимнің екінші сыңары «Қожа» атауы ІХ ғасырдан Орта 

Азия мен қазіргі Қазақстан жеріне ислам дінінің орнай бастауынан хабар бер-

мек. Қазылық Қара ат зоонимі туралы да осындай ой айтуға болады. Себебі күні 

бүгінге дейін қазақтар қатты қадірлейтін жылқы малын шыққан жеріне қарай 

Түрікмен текежәуміті, Араб ахалтекесі, Қазақтың қарабайыры, монғол жабысы 

т.б.  деп  атау  ұшырасады.  Әрі  академик  Ә.Марғұлан  Манас  батырдың  Аққұла 

тұлпарының мекенінің Бегазы (Қазылықтың бірі) тауына қатысы бар деп дерек 

береді: «Ақтоғай, Тоқырауын қазақтарының қария сөзі бойынша Ер Манас Ер 

Көкшенің баласы-мыс. Оның Аққұла атының жайылған жері Бегазы тауының 

бөктері.  Аққұла күндіз Бегазы тауының іргесінде жайылып, түнге қарсы үстіне 

шығып, Тас-Ақырдан шөп жейтін болған-мыс. Қазақтардың айтуынша Аққұла 

шөп жеген Тас-Ақыр, оның су ішкен Тас қазаны Бегазы тауының басында әлі 

күнге сақталған. Сол жерде тұлпар аттың тұяғының таңбасы бар, оны қазақтар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет