Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет8/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Тарихи топонимика


11

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

половец, половцы атаулары «құба», «құбашақ», «қыпшақ» мағынасында қолда-

нылып жүр. Қазақ тіліндегі «құба жон» атауының мағынасы да сары алқап, сары 

дала ұғымынан алшақ кетпейді. Көне түркі жазба ескерткіштері мұраларында 

Орталық Қазақстан топонимдеріне қатысты тек Ертіс өзені (Эртіш сувы) ата-

уы ғана ұшырасты [5,122]. ІХ-Х ғасырларда Орта Азия Қазақстан жерін картаға 

түсіруде  араб  географтары  көп  еңбек  сіңірген.  Олардың  ішінде  Орталық                 

Қа зақстан топонимдеріне қатысы бар еңбектің бірі – Х ғасырдағы Ал Идрисидің 

«Китаб-Роджері» мен «Сурат ал-Ард» атты картасы [6]. Академик Ә.Марғұлан 

бұл  еңбектегі  мәліметтерді  Сарысу,  Торғай  өзендері  мен  Ұлытау  өңірлеріне 

байланысы  бар  деп  атап  көрсеткен  [7].  Ал  Идриси  аталған  еңбегінде  Хорезм 

көлі (Арал теңізі), Тараз қаласы (Жамбыл обл. орталығы) Шаш өзені (Сырда-

рия) атауларына тоқтала келіп, осы елді мекендердің солт.-шығысында оғыздар 

мекендегенін, оларды Гарбиан, Даранда, Бадагах, Дарку, Нуджах, Хиам, Дахлан, 

Джаджан атты қалалары болғандығына тоқталған. Оның көрсетуі бойынша бұл 

қалалар Руза, Магра өзендері мен Горгуз көлі жағалауларына және Музгар, Ор-

таг, Казтаг, Аскарун таулары бойына орналасқан. ХІІ ғасырлық иран тарихшысы 

Рашид ад-Дин еңбектерінде де оғыз қағандарының мекендері Ортағ, Қазтағ атты 

таулы  өңірлерде  болғандығы  және  сол  жерде  Инандж  атты  қала  бар  екендігі, 

қыста Борсун, Какья, Каркорун деген жерлерді қыстайтыны айтылады [8,80-81]. 

Бұл  топонимдік  деректер  Әбілғазы  Бахардурхан  шежіресінде  де  ұшырасады. 

Ол оғыздар туралы айта келіп, «Қара хан атасынан соң патша болды. Ертағы 

мен Кертағы тауларын жайлады, қыста Қарақұм мен Сырдың жағасын қыстар 

еді»  деп  жазған  [9,15].  Осы  өңірдің  ежелгі  қоныстары  туралы  орта  ғасырлық 

араб географтары мен жазушылары Инб-әл Варди, Ибн-Сайд, Ибн-Ийаса т.б. да 

мәліметтер  қалдырған  [10,98-108].  Орталық  Қазақстанның  көне  қала  орында-

рын зерттеуші ғалым, археолог Ж.Е.Смайловтың пайымдауынша, жоғарыдағы 

атаулардың  дені  Орталық  Қазақстан  жерінде  ұшырасады.  Атап  айтқанда, 

Руза қазіргі Сарысу өзені, Магра - Кенгір өзені, Горгуз - Теңіз көлі; Аскарун-

Бұғылы, Музгар - Ұлытау, Ортағ - Ортау, Кертаг - Қызылтау таулары. Және де 

автор В.Г.Тингаузен зерттеулеріне сүйене отырып, Руза (Сарысу) өзенінің  XIV 

ғасырда  Сарыгузен  аталғаны  туралы  да  мәлімет  береді  [11,5-11].  Расында  да, 

Ал  Идриси  мен  Рашид  ад-Дин  еңбектеріне  талдау  жасаған  С.Г.Агаджанов, 

К.Миллер  пікірлеріне  қарағанда,  Ж.Е.Смайловтың  пайымдау лары  көңілге 

қонымды. Автордың ұтымды пікірлер айтуына оның орта ғасырлық ғалымдар 

атап көрсеткен қалалар мен жер-су атауларын, олардың ара қашықтығы мен қай 

ендікте жатқандығын жақсы меңгергендігі ғана емес, сонымен қатар оның аталған 

өлкенің жер бедерін жақсы білгендігінде деп таныдық. Және де Ж.Е.Смайлов 

дәлелдері Ә.Х.Марғұлан тұжырымдарымен сәйкес келіп отырады. Соңғы автор 

да Ортог, Кертаг оронимдерін Орталық Қазақстандағы Ортау мен Қызылтау деп 

атап көрсеткен [7,11-12]. Бұл ойды археолог-тарихшы ғалым Жамбыл Омари да 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет