Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет62/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Айжан Серікбаева 

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 

Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

гуманитарлық ғылымдар магистрі 

Латын және кирил әліпбиімен таңбаланған қазақ есімдері

Қазақ кісі аттарын, жер-су аттарын дұрыс жазуда қазақ әдеби тілінің нормасы, 

емле ережелері басшылыққа алынады. Қазіргі таңда өзекті болып тұрған қазақ 

емле  ережесі  туралы  мәселелер  өткен  ғасырда  да  өзектілігін  жоғалтпағанын 

қазақ зиялыларының еңбектерінен байғауға болады. Қазақ емле ережесі тура-

лы Р.Сыздық былай дейді: «Қазақ емлесі мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты 

күні  бүгінге  дейін  орын  алып  келген  қиындықтардың  түп-төркіні  1929  жылы 

араб  жазуынан  латынға,  1940  жылы  латыннан  криллицаға  көшкен  кезде  әрі 

қауырттықтан  (екі  сәттің  де  саясат  тоқпағынан  «от  ала  келгендей»  тездікпен 

орын далғанын білеміз), әрі сол кезде тіл, жазу, сөзді дұрыс айту мәдениеті де-

гендердің  ғылыми  танымдары  қалыптаса  қоймағандығынан  туған  жайттарда 

жатқанын айту керек. Тіпті бұл күндердің өзінде тіл мәдениетінің оның өзекті 

проблемасы – норма дегеннің теориялық негіздері түгел қаланып, практикалық 

шешімдері түгел жүзеге асып болған дей алмаймыз»[1, 49].

С.Аманжолов әліпби тарихы жайында мынадай мәлімет айтады: «Араб әліп -

песін  жамаудан  түк  шықпайтынын,  латынға  көшудің  керектігін  ХІХ  ға сыр-

да  Персияда  бірінші  рет  қойған  Малкомхан  болса,  түрік  системалы  тілі  бар 

халықтар  ішінен  әзірбайжандық  жазушы-драмматург  Мирза  Фетх-Али  Ахун-

дов  (1863)  деген  адам  болды.  Бірақ  олардың  заманында  бұл  сияқты  ірі  ре-

формаға жол берілмейтіні мәлім ғой. Араб әліппесі қанша кесірі болса да, көп 

заман  қолданылып  келді.  1922  жылы  Октябрь  революциясының  артынан-ақ, 

Әзір байжанда араб әліппесіне қарсы қозғалыс қайта басталады. Мұны бастау-

шы  революциенер,  болшевик  Ағамалы  оғлы  деген  адам  болды.  Мұның  идея-

сы бүкіл Советтер Одағының елдерге оның ішінде біздің қазақ еңбекшілеріне 

келіп жетеді....1926 жылы Бакуда бүкіл түрік системалы тілі бар елдердің бүкіл- 

одақтық съезі болды. Мұндағы күрделі мәселенің бірі – латын әліппесіне көшу 

мәселесі еді. Съезге қатынасушы ұлтшылдар мейлінше қарсылық пікірлерін айт-

ты. Бірақ Совет оқымыстыларының көпшілігі болып, латын әліппесін қуаттап, 

қарсы алды. Қаулыда: «латын әліппесі прогессивтік нәрсе, оның алынуы, оның 

іске  асу  жағы  жергілікті  жерлерде  қарастырылып,  баспалардың  тәжірибелері 

пайдаланылсын...»  деген  еді.  Ұлтшылдар  латын  әліппесін  алдыртпау  жағын 

ерекше  қадағалады.  Осының  салдарынан  да  біз  латын  әліппесін  басқалардың 

көбінен кейін көштік (1929 жыл, январь)... Араб әліппесінің қиыншылықтары, 

ауырлықтары, азаптары арқасына батқанның бірі болған қазақ еңбекшілері, 1929 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет