Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет44/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Антропонимика


45

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Сонымен, ғаламның қазақ тіліндегі антропонимикалық бейнесін суреттеудегі 

ең алғашқы мифтік көріністерді құрайтын мифтік антропонимдер, мифоантро-

понимдер  және  олардың  коннотациялары,  лингвоментальді  кешендері  болып 

табылады. 

Осы  ретте  Ұлытау  аспанының  астында  жатқан  музей  сияқты  ескерткіш 

нұсқасы  болып  табылатын  Қаракеңгірдің  Сарыкеңгір  өзеніне  құятын  жерінде 

тұратын Алаша хан мазары еріксіз ойға оралады. Ақселеу Сейдімбектің Алаша 

хан туралы ой орамы төмендегіше: «Алаша  хан мазары өзінің салыну мерзімімен 

де, бітім тұлғасымен де, сырлы атауымен де Қазақстандағы ең алдымен көңіл 

аударатын  тарихи  ескерткіштердің  бірі.  Мазар  ХІ-ХІІ  ғасырда  салынған.  Дәл 

сол уақытта салынған деп жүрген Жошы хан, Аяққамыр мазарларына қарағанда 

Алаша хан мазарының әлде қайда тозып, уақыт зардабын көп шеккендігі ойға 

қалдырады.  Өз  төңірегіндегі  ескерткіш  құрылыстарға  қарағанда  бұл  құрылыс 

мейлінше көркем үлгімен, тың тәсілмен қаланған» [1,346].

Сондай-ақ  Алаш  атауына  қатысты  ең  көне  жазба  нұсқаны  белгілі  ғалым 

Ғ.Мұсабаев  өзінің  «Кеген  жазуы»  деген  еңбегінде  келтіреді.  Мұнда  тек 

қана  «Алаш»  сөзі  емес,  «алты  алаш»  сөзінің  мән  мағынасына  дәлелді  жауап 

табылғандай  Ғ.Мұсабаев дәлел ретінде Іле бойынан кездескен тастағы жазуды 

мысалға  келтіреді.  Тасқа:  «Алты  елдің  ұлы  ханы  Алаша»  («Қаған  алты  боріг 

алаш(а) ерті») деген жазу қашалған. Мұның жазылу мерзімі ғұндар заманына 

дейін, бері қойғанда біздің заманымыздан бұрын IV ғасыр», - деген тұжырымды 

пікір айтады [2,27].

Бұл  орайда  белгілі  шежірешілер  К.М.Федоровтың,  А.Диваевтың,  Г.Н.Пота-

ниннің,  Ш.Уәлихановтың,  А.Янушкевичтің  ел  арасынан  жинаған  аңыз-әңгі-

мелері, күнделік жазбалары, ғылыми мақалалары көңіл аударады. Бұл еңбектердің 

бірінде - алапес болып туған баланы, екіншісінде - алашаға отырғызып көтерген 

ханды, үшіншісінде - Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскер басы болғаны, 

төртіншісінде - қалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін  ұран еткені жөнінде ай-

тылады. Соның қай-қайсы да Алашаның хан болғанын, қара  халықты соңынан 

ертіп, айбарының асқандығы тілге тиек етіледі.

Қалай  болғанда  да  қазақ  дүниетанымындағы  ең  көне,  ежелгі  мифоант-

ропонимдердің бірі - Алаш (Алаша) хан. Әйгілі шежіреші Құрбанғали  Халид  

Алаш (Алаша) туралы былай жазған: «Алаша» (Алыншы) хан жалпы хандардың 

бабасы, моңғол мен татардың атасы» [3,55]. Осы тұжырымның айғағы ретінде 

Халид Құрбанғали мынадай жолдарды келтіреді:

Алаш, Алаш болғанда,

Алаша хан болғанда,

Қазақ, қалмақ, ноғайлар, 

Бәрі сонда бір болған.

Ынтымағы жарасып, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет