Болатбек Тілеубердиев
М. Әуезов атындағы ОҚМУ филология
факультетінің деканы,
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Қазақ ономастикасындағы дүниенің
(ғаламның) антропонимиялық бейнесі
Антропонимдер, антропонимдер жиынтығы мифонимдер сияқты тілдік семио-
тикалық таңбалар ретінде қазақ танымында, тілдік санасында өз әлемін құрып,
сол әлемнің тілдік көрінісін бере алады. Осы когнитивтік тілдік көрініс жалқы
есімдер деңгейіндегі (ономастикалық деңгей) көрініс болып табылады, себебі
олар антропонимдер негізінде құрылып суреттеледі. Ономастикалық бейнелерді
құрайтын, сипаттайтын жалқы есімдер негізінде қалыптасқан лингво-ментальдік
ономастикалық концептілер. Концептілер біздің жұмысымызда тілдік бірліктер
арқылы, тілдік бірліктер негізінде қалыптасып құралған танымдық, когнитивтік
құрылымдар, категориялар болып табылады. Осы концептілерге ұйытқы болып
тұрған және сол концептілердің тілдік көрінісі, репрезентациясы болатын да
сол жалқы есімдер: мифонимдер, антропонимдер, топонимдер, зоонимдер т.б.
Жалқы есімдердердің онтологиялық және ментальдік болмысы көп жағдайда
изоморфтық болып келеді, яғни бір-бірімен қабысқан, тұтасқан күйінде көрініс
береді. Басқаша айтқанда, жалқы есім (оним) ментальді ұғымдарды көрсетеді
және де қалыптастырады, ал ментальді ұғымдар, түйсіктер есімдер арқылы та-
нылады, ұғынылады.
Ғаламның (әлемнің, дүниенің) бейнесі - таным бейнесі, ал сол таным бейне-
сін біз антропонимдер, антропонимикалық концептілер дүниенің болмысын
түрлі аспектіде: мифологиялық, тарихи, эстетикалық, саяси т.б. көрсетеді. Дү-
ние нің (әлемнің) болмысын мифологиялық, тарихи, эстетикалық, саяси т.б. қыр-
ла рында тану - адамның, этностың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына, қоғам-
ның тарихи-әлеуметтік дәрежесіне, өмір сүріп жатқан заманына байланыс ты
екені анық. Сол себепті тілдік көрініс - бейне (картина) тұтасымен алғанда
бірнеше қабаттарға бөлінеді, ол қабаттар дүниетанымдық өзгешеліктермен, хро-
но логиялық (диахроникалық) сипаттармен ерекшеленеді.
Әлемнің дүниетанымдық бейнесін суреттегенде біз диахроникалық тұрғыдан
алғанда алғашқы болып саналатын мифологиялық, мифтік антропонимдік
қабаттан бастап суреттеуді жөн көрдік. Мифтік, мифологиялық таным адами та-
ным түрлерінің ең алғашқысы болып саналады, сол танымның аясында адамға,
дүниеге, қоршаған ортаға, өмірге, өлімге, жанды немесе жансыз нысандарға
байланысты мифтік түсініктер, түйсіктер, ұғымдар қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |