48
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
қатысы бар беймифтік сарындар, деректер пайда болған. Алаш туралы мифтер
Ұрым заманы қабатында «ноғайлы заманы» және «қазақ» термині заманына
қатысты бұлыңғыр деректер, түсініктер сақтаулы.
Алаш идеясы - бүлінген заманда («Орманбет би өлгенде») халықты, елді бір
ту астына біріктіру, бір ұранмен рухын көтеру, яғни елдікті, егемендікті, бірлікті
орнату болып табылады. Осы идея - Алаш-Алаша культі сонау мифтік бағзы за-
маннан бері қазақ даласында, қазақ халқының танымын, жүрегінде, жырында,
тілінде, дінінде сақталып келеді. Оған мына жоғарыда келтірілген аңыз (сондай-
ақ өзге аңыздар) «Үш Алаш», «Алты Алаш», «Алаш маңы» сөзі орамдары, со-
нымен бірге:
«Кеш Алаш алаш болғанда,
Алаша
хан болғанда,
Үйіміз ағаш болғанда,
Ұранымыз «Алаш»
болғанда,
Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік», -
немесе
«Алаш, алаш болғалы,
Алаша
атқа мінгелі,
Ала шұбар ту байлап,
Әлім еді ағасы», - деген жолдар айғақ бола алады.
Қазақ тарихында шын мәнінде Алаша хан да болған көрінеді. С.Қондыбайдың
көрсетуінше: «В 1391 году войска Тимура Хромого во время похода на Тохта-
мыша разгромили людей Алаша, убили сыновей Алаша хана. То есть согласно
легенде, Алаша хан жил в XVI веке, по-видимому, это было прозвище одного из
предводителей казачьей ватаги. После распада первой казачьей общины, начиная
с конца XIV века, слово «казак»и «алаш» стали популярными в кипчакоязычной
среде казахских степей, и после XV века стали самоназванием новой самоор-
ганизующей общности - современных казахов. Имя «Алаш» использовалось в
качестве всенародного девиза урана, боевого клича: сначала только алаш-алши-
нов, затем ногайцев и позже казахов вообще. «Алаш баласы» (сыновья Алаша)
- второй этноним казахов, дублирующий в мифопоэтики и генеологии названия
казак/казах. Первая государственная структура казахов в 1917-1919 года называ-
лась Алаш-Орда, существовала и национально-демократическая партия «Алаш»
[5,53-54].
Сонымен, «Алаш» антропонимикалық концептісінің құрылымы өте кең әрі
терең, этномәдени мазмұны диахронды, көп қабатты когнитивтік-ментальді
құрылым екеніне көзіміз жеткен болар. Осында когнитивті құрылымдар когни-
тивтік-ментальді кешен ретінде дүние болмысының белгілі бір фрагментін, бөлігін
суреттей алады. Әрине, ғаламның (дүниенің) толық көрінісі концептілердің
жүйелі жиынтығынан құралмақ.
Достарыңызбен бөлісу: