Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады: 1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді; 2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы; 4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі. Болмыс категориясы-философиялық ойлаудың негізі. Онымен адам осы өмірдің, адамның орнын, заттар мен процестердің тіршілігін айқындап бере алады. Болмыс-бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс-таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз-табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, яғни материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық дегеніміз-адамның, оның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі. Болмыстың негізгі түрлері: