• Әлем, жер және адамның пайда болуы



Дата02.01.2023
өлшемі4,11 Mb.
#164921
Байланысты:
Семинар 1
СРОП 2


«Дүниетаным» – дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Кез келген адам күнделікті өмірде өзіне қажет көптеген мәселелерді шешуі қажет. Ол үшін адамда ерекше білімдер жүйесі қалыптасуы керек. Айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамдардың орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы білімдердің, көзқарастардың жүйеленген жиынтығы дүниеге көзқарас немесе дүниетаным деген ұғымды білдіреді. Дүниетаным – адам санасының, танымының қажетті құрамдас бөлігі. Ол адам танымының бір элементі емес, оның күрделі өзара әрекеттесуі. Түрлі білімдер, адамның сезімі, көңіл-күйі, үміті, ұмтылысы, мақсаты – бәрі дүниеге көзқарасқа бірігіп, адамның өзін және дүниені толығымен түсіндіреді.


Мифология – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну.
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
3. Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:
1 Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы, пәні, әдістері, логикалық-түсініктік ойлау аппараты.
2 Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы – ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.

Лекция:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет