Миф Дін Философия



бет1/5
Дата10.12.2021
өлшемі55,64 Kb.
#78661
  1   2   3   4   5
Байланысты:
философия дұрыс тапс


Миф

Дін

Философия

Миф — ерте замандағы адамдардың өзі 

туралы, қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы, олардың орны мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі.

Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы




Ұқсастықтары



Қарап тұрсақ бұл үш терминде ,өте көп ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар бар

Алдыменен ұқсастықтары барлығында байқасаңыздар

Адаммен осы қоршаған орта бар,және сол тіршілік етушінің сезімдері,сенімдері ,көзқарасы туралы жағынан өте ұқсас келеді.

Бірақ ,әйткенмен бұл үшеуі үш түрлі болып табылады



Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия.Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар  жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние  неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен  қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның  санасында  біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға  болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік  пен әділетсіздік, зұлымдық пен  қайырымдылқ дегеніміз не деген  сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.

Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі  мен дамуы  туралы  кең көлемді  көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы  орны  жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.

Айырмашылығы:

Алдыменен бұл жайлы өз көзқарасымды айтып кетейін осы үш терминді де 3 түрлі қарастыруымыздың себебі де ,осы айырмашылықтарына негізделген

Барлығы дерлік адам көзқарасына негізделгенмен ,қоршаған орта наным-сенім болганымен,әр терминнің өзіндік ерекшеліктері бар



Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы

айырмашылығы : - білімге ( ғылымға ) негізделген ( қиялға , сенімге емес ) ; - рефлексиялық ( ойлаудың өзіне - өзі бағытталуы ) ; -логикалық ( бірізділікті , жүйелі ) ; - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді , сүйенеді ) .



2 тапсырма

Философияның әдістері мен қызметтері

Әдістері

Қызметтері

Анализ

Бұл затпен құбылысты құрайтын бөліктері мен жақтарын ойша ажырату.

Диалектика

Шындықты және оның барлық элементтерін бір-бірімен өзара байланыста, қозғалыста, дамуда, жан-жақты қарастыратын философиялық әдіс

Салыстыру

Заттар мен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.

Салыстырмалы тарихи әдіс

Қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтары мен діни сенімдерінің, халықтың, тілдің генетикалық ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді.

Синтез

Анализ арқылы ыдыратылған элементтерді бірыңғай тұтастыққа ойша біріктіру.

Абстракциялау

Бір затты оны басқа бір затпен байланысынан үзіп алып, заттың бір қасиетін оның бір қасиетінен бөліп алып, ойша дерексіздендіру

Индукция

Ойлаудың жекеден жалпыға, бөліктерден бүтінге қарай өрлеу процесі.

Дедукция

Ойлаудың жалпыдан жекеге, бүтіннен бөліктерге қарай өрлеу процесі.

Герменивтика

Мәтіннің объективтік және субъективтік негіздемелерін ескере отырып,оның мәнін анықтаудымақсат ететін түсіндірудің немесе ұғынудың өнері мен теориясы.

Эклектика

Әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы көзқарастардың, теориялық негіздемелерінің тоғысуы.

Софистика

Пікір таластыру кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни , сырттай ғана дұрыс болыпкөрінетін амалдарды саналы түрде қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет