ОқО, Созақ ауданы, Тайқоңыр елді мекені Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектеп Баяндама тақырыбы



бет8/10
Дата05.12.2022
өлшемі228,5 Kb.
#161209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1530823971 (1)

Мен не естідім?

Бір оқушыға мәтін оқытамын. Оқушылар тыңдаған мәтін ішінен сөз табының қай түрі көп кездескенін табу керек. Және екі тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.

  1. Тыңдайтын үшбұрыштар

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

  1. Ақпараттағы ақаулық

Өткен тақырыпқа байланысты ақпарат оқылады. Оқушылар қате ақпаратты тауып стикерге жазады және А4 орматына жапыстырады. Әр оқушыға жеке – жеке формат таратылады.

  1. «Есте сақтайық» әдісі

Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы сурет тұрған үстелдің үстіне жақын келеді де өзіне берілген суреттен көп ақпаратты есте сақтауға тырысады. Сол сурет бойынша тақырыпқа байланысты топпен бірігіп отырып әңгіме құрастырады. Бұл ойнынға 7 минут уақыт беріледі.
Ереже:
1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.
12. «Төрт сөйлем» әдісін. Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландыру мақсатында қолданады.
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


ІІІ. Қортынды
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай бүгінгі таңда педагог кадрлардың мақсат –міндеттері сабақтың сапасын көтеріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың түрлерін жетілдіріп танымдық ізденімпаздылығын арттыру. Осы мақсатты алға қоя отырып қазақ тілі
сабағында оқушылар бойына тыңдалым дағдысын қалыптастыру барысында түрлі әдіс–тәсілдермен қатар аудиожазбалар арқылы әр сабағымда мәтінмен жұмыс істедім. Сабақта қолданған әдістер арқылы оқушылардың сабақты бір – біріне түсіндіргені, сұрақты түрлендіріп қойғандары оқушылардың қызығушылықтарын арттырды және оларға ұнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет