ОқО, Созақ ауданы, Тайқоңыр елді мекені Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектеп Баяндама тақырыбы


– тапсырмасы: Сан есім тақырыбын өткенде оқушыларға мәтін тыңдаттым. Мәтіннен сан есімді тауып түрлеріне қарай ажыратып жазды. Сан есімге байланысты берілген мәтін



бет6/10
Дата05.12.2022
өлшемі228,5 Kb.
#161209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1530823971 (1)

3 – тапсырмасы: Сан есім тақырыбын өткенде оқушыларға мәтін тыңдаттым. Мәтіннен сан есімді тауып түрлеріне қарай ажыратып жазды. Сан есімге байланысты берілген мәтін.

Төрт атты жақындай беріп, екі – екіден қақ жарылды. Екеуі оң жақтан, екеуі сол жақтан шықты. Екеуі таныс. Екеуі беймәлім. Біреуі адамның басын алуға келе жатқандай қабағын түйіп алыпты. Енді біреуінің жүзінде, езуінде мысқыл бар. Олар – төртеу, бұлар екеу, алты атты бір – біріне ат басын тірей келіп тоқтады. Екеуміз бірге өстік, бір мектепке бардық. Кеңсенің есігінен қазандай қара құлып асылып тұр екен, үшеуі бірдей күнқағарлы сәкіге барып отырды. Екеуі қатарласа отырып, буы бұрқыраған самаурынды орталарына алғанда, ақшам жамырап, өрістен мал қайта бастаған.


Үшеу, төртеу, біреу, екеуі – жинақтық сан есім 6 рет қайталанды; алты, бір – есептік сан есім; екі – екіден – топтау сан есім.
Оқушылар осылай әр тақырыпқа байланысты аудиожазба арқылы тапсырмалар орындады.
Сабғымда аудиожазбадан бөлек тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер қолдандым. Атап айтар болсам:
1. «Айқайлап диктант оқу»: әдісі. сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап, диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады,сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну дағдысын қалыптастырады. 
2. «Синонимдерді тап» әдісі. оқушыларға сөздер ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік қоры дамиды. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет