«Кір жаятын жіп»
Өтілген тақырып бойынша мәтін оқимын. Мәтін ішінен керекті сөзді тауып кір жаятын жіпке ілу керек. Соңында кім қанша сөз ілгенін тексеремін. Бұл әдістің мақсаты оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Мен не естідім?
Бір оқушыға мәтін оқытамын. Оқушылар тыңдаған мәтін ішінен сөз табының қай түрі көп кездескенін табу керек. Және екі тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.
Тыңдайтын үшбұрыштар
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
Ақпараттағы ақаулық
Өткен тақырыпқа байланысты ақпарат оқылады. Оқушылар қате ақпаратты тауып стикерге жазады және А4 орматына жапыстырады. Әр оқушыға жеке – жеке формат таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |