Оқушылар осылай әр тақырыпқа байланысты аудиожазба арқылы тапсырмалар орындады.
Сабғымда аудиожазбадан бөлек тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер қолдандым. Атап айтар болсам:
1. «Айқайлап диктант оқу»: әдісі. сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап, диктант жазуға тырысады. Осы арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды (ол сюжетті мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады,сөздік арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну дағдысын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |