ОҚО,Сайрам ауданы,Ақбастау ауылы
№33.Н.Шойынбаев атындағы ЖОМ-нің
бастауыш сынып мұғалімі-
Мамбетқұлова Айнұр Қылышбайқызы
Пікір
Ол өте ізденімпаз, жаңашыл, қазіргі заманғы жаңа технологияны күнделікті сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята алатын, өз пәнін жетік меңгерген білікті де, білімді маман. Мұғалім сабақтарында логикалық тапсырмаларды, жаңа заман технология үлгілерін тиімді қолданып, оқушылармен тез тіл табыса алады. Әрбір сабағын қызықты да, мазмұнды және үлкен шығармашылықпен өткізетін жан-жақты ұстаз. Дүниетану пәнінен өткізген «Орман- тоғай өсімдіктері мен жануарлары » тақырыбында өткен ашық сабағын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Мектеп директоры: А.Суранчиева
Дүниетану 4сынып
Сабақтың тақырыбы: Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орман- тоғай өсімдіктері мен
жануарларымен таныстыру олардың пайдасы,
туралы айту.
Ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, пәнге деген
қызығушылығын арттыру, білімге деген
ұштарлығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: тест, сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап , түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды жинақтап, сабаққа жұмылдыру, сабақты
оқушымен мұғалімге жағымды, ынтымақты ашық
қөзқарасты етіп ұйымдастыруға ықпал жасау.
ІІ.Психологиялық дайындық
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу
«Ой қозғау» сұрақ жауап
І -топ Қайың ІІ-топ Жөке ІІІ- топ Итбүлдірген
І-топқа сұрақ 1. Қуаң дала, шөлейт, шөл аймақтарда егіншілік, бау- бақша
шаруашылықтарын дамыту үшін қандай жағдайлар жасалған?
ІІ-топқа сұрақ Шалғынды қорғаудың қандай жолын білесің? Шалғында
мал жемейтін өсімдік.
ІІІ-топқа сұрақ Ауа қалай ластанады? Ауаны ластаушы заттар қайдан
пайда болады?
ІV Жаңа сабақ
Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау .Балалар, бүгінгі сабақта біз
сендермен орман –тоғай өсімдіктері мен жануарларымен танысамыз
қайың
|
Жапырағы : ауру тудыратын бактерияларды өлтіреді.
Ағаш майы: жара мен күйікті жазады
Шырыны: ағзаны шынықтырады
|
Жөке
|
Гүлі: ыстықты түсіреді, тоңазығанды қалыпқа келтіреді
Ағаш көмірі: уланғанда көмектеседі.
|
Итбүлдірген
|
Жапырағы: ыстықты түсіреді, қабынуды басады, жөтелге, жүрек ауруының алдын алады.
|
Қалақай
|
Жапырағы: ыстықты түсіреді, қабынуды басады, жөтелге, бүйрек ауруына көмектеседі, қан кетуді тыяды.
|
Оқулықпен жұмыс «Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары»
«Миға шабуыл» сұрақ жауап
І-топ оқушылары: Орманда қандай өсімдіктер мен жануарлар болатынын айтады.
ІІ-топ оқушылары: Орман -тоғай өсімдіктерінің пайдасы туралы айтады. ІІІ-топ оқушылары: Орман-тоғай жануарлары неге әртүрлі болады?
Ойын «Адасқан әріптер» Ойынның шарты: әріптерді дұрыс орналастырса орман-тоғай өсімдіктері шығады. Айықңы, көже, қайалақ, дірбүлтиген , итін, шықшым, дақылдақот, алақжап.
Сергіту сәті
V. Сабақты бекіту.Сұрақ жауап
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
«Бекітемін:»
Мектеп директоры: А.Суранчиева
№33Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған
жұмыс жоспары.
р/с
|
Атқарылатын жұмыстар
|
мерзімі
|
сынып
|
жауапты
|
1
|
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу.
|
Қаңтар
|
8-11сын
|
Мамбетқұлова А
|
2
|
«Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары», «Тәртіптің қажеттілігі қандай?» тренинг
|
Ақпан
|
9-10сын
|
Табирова Э
|
3
|
«Жемқорлыққа жол жоқ!» сурет көрмесі
|
Наурыз
|
5-8сын
|
Сынып жетекшілер
|
4
|
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қалыптастыру» тренинг
|
Сәуір
|
9-10сын
|
Батырханова Ә
|
5
|
Сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мақалаларды жариялау
|
Кезінде
|
8-11сын
|
сынып жетекшілер
|
6
|
«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары» баяндама
|
Мамыр
|
8-11сын
|
Жоласбекова Г
|
7
|
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай акциялар мен флешмобтар кешін өткізу
|
Желтоқсан
|
5-11сын
|
Сынып жетекшілер
|
8
|
«Мен жемқорлыққа қарсымын» шығарма байқауы
|
Қыркүйек
|
8-10сын
|
Маликова Ш
|
9
|
«Жемқорлық – індет» дөңгелек үстел
|
Қазан
|
9сын
|
Ниясқұл Ғ
|
10
|
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» ата-аналар жиналысы
|
қараша
|
5-11сын
|
Сынып жетекшілер
|
ДТЖО: А.Мамбетқұлова
«Бекітемін:»
Мектеп директоры: А.Суранчиева
№33Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің 2016-2018 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын –алу жөніндегі іс- шаралар жоспары
р/с
|
Атқарылатын жұмыстар
|
мерзімі
|
сынып
|
жауапты
|
1
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы « қиын топтағы» балалар үшін мұражайға, көрмелерге баруын ұйымдастыру
|
Әр тоқсан сайын
|
5-11сын
|
Абдрасулова М
Сынып жетекшілер
|
2
|
Мектеп оқушылары, оның ішінде «қиын топтағы» балалардың демалыс кезінде бос уақытын ұйымдастыру, спорттық үйірмелерге тарту
|
Ақпан
|
5-10сын
|
Омаров С
Байназаров Қ
|
3
|
ҰБТ қарсаңында күйзеліс жағдайларының алдын алу бағытында бітіруші түлектер, ата-аналар арасында тренингтер ұйымдастыру
|
Наурыз
|
11-сын
|
Табирова Э
|
4
|
Ерте жүктіліктің, қалаусыз жүктіліктің алдын алу мақсатында гинеколог мамандармен кездесу
|
Жылына екі рет
|
8-11сын
|
Мамешова Г
Даутова А
Сынып жетекшілер
|
5
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кітапханада тақырыптық кездесулер, кітаптар көрмесін ұйымдастыру
|
Кезінде
|
5-11сын
|
Райымбердиева Г
|
6
|
Тәрбиесі қиын балаларды қайта тәрбиелеу мақсатында тиісті органдар басшыларының қатысуымен кездесу ұйымдастыру
|
Жылына екі рет
|
8-11сын
|
Исабеков Ә
Сынып жетекшілер
|
7
|
Өмірдің қиын кезеңдеріне кезіккен , тәртібі қиын сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек көрсету
|
үнемі
|
5-11сын
|
Табирова Э
Орынбекова Ә
Батырханова Ә
|
8
|
Кәмелетке толмағандардың автокөлік құралдарын заңсыз айдау фактілерінің жолын кесу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
үнемі
|
5-11сын
|
ДТЖО
ЮПТ инспекторлары
|
9
|
«Ата-ана балаңыздың қайда кіммен жүргенін білесіз бе?» рейд ұйымдастыру
|
Айына екі рет
|
5-11сын
|
ДТЖО бекітілген мұғалімдер
|
10
|
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында баланың психикасын қалыптастырып, қоғамдағы негізгі құндылықтарды ерте бастап түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Әр тоқсан сайын
|
5-11сын
|
Табирова Э
|
10
|
Кәмелеттік жасқа толмаған «қиын топтағы» балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттық жарыстар өткізу.
|
Әр тоқсан сайын
|
5-11сын
|
Омаров С
Байназаров Қ
|
11
|
Жазғы демалыс кезеңінде КТІЖБ есебінде және « Тәуекел тобында» тұрған балаларды лагерлерге тарту
|
маусым
шілде
тамыз
|
5-10сын
|
Сынып жетекшілер
|
12
|
«Менің денсаулығым- менің болашағым- менің экологиям» атты экологтар слетіне қатысу
|
қыркүйек
қазан
|
8-9сын
|
Сынып жетекшілер
Даутова Шойынбаева С
|
13
|
ҚР Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс өткізу
|
желтоқсан
|
5-11сын
|
Омаров С
Байназаров Қ
|
ДТЖО: А.Мамбетқұлова
№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі
Мектепішілік ата-аналар , мұғалімдер, оқушылар жиналысы
№2 хаттамасы
Күні 1. 02.16ж.
Қатысқаны: Ата-аналар , оқушылар, мұғалімдер
Сайрам аудандық прокуратура аға прокуроры - Ә.Нұрлыбаев АБББ әдіскері- Ә.Мұстапаев ЮПТ аймақтық инспекторы - Ғ.Алимов ДТЖО - А.Мамбетқұлова
Қатыспағаны:
Қаралатын мәселе:
1. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу, жыныстық тіршілікті ерте бастаудың, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, « Балалар еңбегін реттеу және оның сорақы түрлеріне жол бермеу», «Тұрмсытық зорлық- зомбылық», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».
Тыңдалды:
Алғашқы сөзді Сайрам аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ә.Нұрлыбаев алды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеуге қажет ҚР – да кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған.
АБББ әдіскері – Ә.Мұстапаев Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісін үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамда жат қылықтарды туғызады.
ЮПТ инспекторы: Ғ.Алимов Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй- жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.
ДТЖО- А.Мамбетқұлова Құқықтық тәрбие негізінен отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Маскүнемдікпен өткізетін, ұрыс- керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.
Қаулы:
1.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жыныстық тәрбие, балалар еңбегін реттеу және оның сорақы түрлеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдына алу үшін күшейтілген жұмыстар жүргізілсін.
Жиналыс төрайымы: А.Мамбетқұлова
Хатшы: Қ.Еркебаева
№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі мұғалімдерінің
«түнгі» және «күндізгі» рейдтің
№ 10 хаттамасы
Күні:22.01.16ж.
Қаралатын мәселе:
Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың және жастардың өздерімен қару жарақ алып жүрмеуін алдын алу.
Тыңдалды:
Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың және жастардың өздерімен қару жарақ алып жүрмеуін алдын алу және тексеру үшін 22.01.16ж күні Тәлімгер Еркебаева Қ, сынып жетекші Жолдасбекова Г, дене тәрбиесі мұғалімдері Байназаров Қ базарларға, компютерлік салондарға , «Жомарт », «Рауан» , « Паризада » , «Мираж» тойханаларына рейд жүргіздік. рейд барысында базарларда жұмыс істеп жүргендер, ас-үйлік, жұмысшылар, даяшылар, машина жуушылар, қайыршылықпен , жезөкшелікпен айналысатын оқушылар, мектепке себебсіз он күн келмеген оқушылар анықталмады.
Қаулы:
Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың және жастардың өздерімен қару жарақ алып жүрмеуін алдын алу үнемі қадағалау
Жиналыс төрайымы: Қ.Еркебаева
Хатшы: Г.Жолдасова
№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
Күні:28. 01.16ж.
№2 хаттама
Мәтіннің тақырыбы:
І.Кіріспе бөлімі:
1. Оқу тәрбие жұмысының жылдық есебі.
2."Неге баланың оқығысы келмейді? Баланы оқуға қалай ниеттендіру керек? " 3. Ата-аналар комитетін сайлау
Жиналыс төрайымы: Суранчиева А .Қ
Хатшы: Еркебаева Қ. А
Қатысқан ата-аналардың саны- 46
ІІ.Негізгі бөлім
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі алғашқы мәселені мектеп директоры Суранчиева Айнаш Таңсықбайқызы алды. 2014-2019 оқу жылына арналған тақырыппен 2015-2016 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың тақырыбымен мақсат, міндеттерімен таныстырды. Мектепте 40 мұғалім қызмет атқарады. Оның барлығы жоғары білімді. Арнаулы орта білімді - жоқ .Аяқталмаған орта білімді - жоқ .Жоғары санатты – 13. Бірінші санатты – 11. Екінші санатты-10. Санатсыздар мұғалімдер -6 .Мектепте 298 оқушы білім алады . Оның ішінде 156 ұл бала, 142 қыз бала . ОЖСБ тапсыратын оқушылар саны -27, ҰБТ тапсыратын оқушылар саны -22.
Өткен оқу жылында ҰБТ бойынша төмендегідей нәтиже көрсетіп өтті.Қазақ тілі 16 Математика 11.5, Қаз.тарихы 16. Орыс тілі 10. Физика 9. География 23. ДЖтарихы18 Жалпы балы 68.9 Былтырғы оқу жылында 18 оқушы мектеп бітірді . Грантқа 12 оқушы түсті Оның ішінде колледжге 6оқушы. Ақылы оқу орнына 4 оқушы түсті. Мектептің даму жоспары (МДЖ) бойынша жарты жылда өткізілген коучинг сабақтар. Тлегенова К «Проблеманың үш типі тұрғысынан алғандағы тәлімгерлік тәжірибесі», Абдрасулова М «Сөйлеу оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан» Даутова А «Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» Жалпы І- жарты жылдықта 7 коучинг сабақтар өткізілді. Ұстаздарымыз бүгінгі таңда жаңа технологиялардың элементтерін сабақтарда пайдалануда, ашық сабақтар, тізбектелген сабақтар, тәрбие сабақтар өткізіп, баяндамалар оқиды. Бимурзаева Г 1 «А» сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сан есім», Төлешова Г 4 «А» сынып оқушыларымен математика пәнінен «Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту және бөлу», Момынова Ж
3 «А» қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім» , Каримова А әдебиеттік оқу пәнінен « Төрт түлік кеңесі» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Сондай – ақ ауданда өтілетін тәрбиелік іс-шараларға, республикалық, аудандық байқауларға қатысып жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қосып келеміз. Аймақтық олимпиадаға 16 оқушы, аудандық олимпиадаға 8 оқушы , Ақбота- 31, Самұрық -10, Алтын ұрпақ- 15 оқушы қатысты.
Мектептегі тәрбие жүйесі арнайы жасалған жоспармен 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Қазақстандық патриотизм жұмысын барынша жандандыру, күшейту мақсатында 10 -20 қараша аралығында Дүние жүзілік балалар күніне арналған
« Бала құқығы - адам құқығы» атты республикалық онкүндік өткізілді. Онда
7 ә,а сыныптарында Батырханова Ә «Құқықтық салауаттылық заман талабы»,»Сен және сенің құқығың» дөңгелек үстел, 4а сыныпта Төлешова Г желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында «Желтоқсан тәуелсіздігімнің бастауы» атты тәрбие сағат өткізді.
Дене тәрбиесі салауатты өмір салты бағытында 1-11сынып оқушылары арасында « Салауатты өмір салтын ұстан!» атты ұранымен денсаулық фестивалі өткізілді. 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетейік» атты айлық өткізілді. Рухани адамгершілік бағытта 15- қазан кітапханашылар күніне орай 5 сыныпта Райымбердиева Г «Кітап- рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағат, дайындық «а» тобында Абдураева К «Ертегілер еліне саяхат» атты ертеңгілік , 1 а,ә сыныптарында Хыдырова А, Бимурзаева Г «Қош бол , әліппе!» әліппемен қоштасу кешін өткізді. 5-11 сынып оқушылары арасында «Күз аруы» атты байқау, «Ас адамның арқауы» атты жәрмеңке өткізілді.
Отбасы тәрбие бағытында. Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы, жылына екі рет есеп беру жиналысы өткізіледі. «Бала ата-ананың бауыр еті», « Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі»,
Мектепте сабақтан тыс уақытта «Шебер қолдар», «Балауса», «Үш тілдің патшалығы» атты үйірме жұмыстары жұмыс жасайды.Сол үйірме жұмыстарына байланысты 5.01.16ж «Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және кәсіби бағдар беру» атты аудандық семинар өткізілді. Физика пәні мұғалімі Тлегенова К «Тапқыр болсаң, талас жоқ», Дене тәрбиесі мұғалімі Омаров «Волейболдың әдіс- тәсілдері» математика пәні мұғалімі Абдрасуолва М «Судоку- математика мен логиканың арасын байланыстыратын көпір», Технология пәні мұғалімі Асанбаев Н «Кеменің элементтерін жасау» , қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Ш «Балауса» атты үйірме жұмыстарын көрсетті. Бүгінгі таңда мектепте 13 оқушы ыстық тамақпен қамтамассыз етіледі. «Балаға мейірім сыйла» акциясы ұйымдастаралып 2 оқушы киіммен қамтамассыз етілді.
Екінші мәселе бойынша мектеп психологы Табирова Э сөз алды. Ол «Неге баланың неге оқығысы келмейді? , Баланың оқуға қалай ниеттендіру керек?» деген тақырыпта баяндама оқыды. Сіздің балаңызды мектеп қызықтырмай ма, сабақты «таяқпен» істей ме, онымен қоймай сабақтан қашығуға тырыса ма? Статистика бойынша, 6-7 жастағы көптеген балалар ойын деңгейінен оқу деңгейіне көшуге даяр. Бірақ мектепке барғаннан кейін мұндай балаларда ата- аналарда жалқаулық деп атайтын жағдай пайда болатыны жиі кездесетінін айтты.
Үшінші мәселе бойынша ата –аналар комитетін қайта сайлау керектігін мектеп директоры ескертті. Былтырғы оқу жылында ата-аналар комитеті Шалабаева Г еді. Ол әлеуметтік педагогпен , директордың тәрбие орынбасарымен бірлесіп сабаққа келмей жүрген оқушылардың да үйін аралап біраз жұмыстар жүргізді.
Сөз сөйледі
Сапарбаева Есенкүл ата-аналар комитеті Шалабаева өз орнында қалсын себебі былтырғы оқу жылында жақсы жұмыс жасаған, биыл да сол жұмысты жақсы жасайды деп барлығымыз сенім білдіреміз.Оның көмекшілері Оразбеков Жәнібек пен Тойшыбеков Есей болсын барлығымыз бір ауыздан қолдаймыз.
Оразбеков Жәнібек спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты әрі күшті болады.Мектепте бірнеше оқушы сполртпен шұғылданады,бірақ ол аз бала, сондықтан тағы біраз оқушыларды спортқа тарту керек екен.Ол үшін сіздердің, мұғалімдердің көмегі керек?
Мектеп директоры Суранчиева Айнаш Таңсықбайқызы Қазіргі таңда мектебімізде қазақстан чемпионы төрт оушы, ол қуанатын жағдай, бірақ білімді бірініш орынға қою керек. Оқушыларды спортқа қатыстыру ата-аналарға байланысты.
Ералиев Ерғали Оқушыларды би, ән үйірмесіне қатыстыру үшін арнайы кружоктар ашылса, балаларымыз бос кезінде сол кружоктарға қатысатын еді.
Мектеп директоры Суранчиева Айнаш Таңсықбайқызы Қазіргі таңда үйірме жұмысының мұғалімі дектерттік демалыста жаңа оқу жылында бұл жұмысты қолға аламыз.
Шералиев Мырзабек сынып жетекшілер , мұғалімдер сабақ сұрағаннан кейін оқушылардың күнделіктеріне баға қоймайды осы мәселені қолға алсаңыздар.
4 «ә» сынып жетекшісі Тоққұлова Гүльвира Пернебекқызы сабақ сұралғаннан кейін оқушылардың тиісті бағасын күнделікке қойып отырамын.
Тойшыбек Есей Толықбекұлы менің қызым 7 «ә» сыныпта оқиды сабағы жақсы , ол әрине осындағы сапалы білім саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздардың арқасында . Сондықтан ұстаздарға үлкен алғыс білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |