Norton Commander қабықшасымен жұмыстар F7 – каталог (директория) құру. Панельде шығарлыған каталогты тағы да бір жаңа каталогшаны құру үшін F7 пернесін басу керек. Norton Commander экранға каталогшаға ат беру сауалын шығарады. Оған ат беріп, оны енгізіп Enter пернесін басу керек.
Файл топтарын таңдау Файлды таңдау: Жекелеген файл немесе каталогты таңдау (яғни оны топқа енгізу) Insert пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Insert пернесі екі рет басу файл немесе каталог таңдауын жояды.
Тышқанның (қол тетігі) көмегімен файл немесе каталогты таңдау, сондай-ақ таңдауды алып тастау файл немесе каталогтың атын тышқанның оң жақ кнопкасын шерту арқылы жүзеге асады.
Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады:
F3 пернесін басқанда NC кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді. Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін қолдануға болады. Home және End пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.