- Топографиялық, геологиялық карта жасаудағы картографиялық әдіс
- Картаны пайдаланудағы картометриялық, статистикалық әдістер
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиет
Жоспар
Кіріспе
Жер туралы картаны пайдаланбайтын бір де бір ғылым жоқ. Олардың маңызы халық шаруашылығында өте жоғары. Қазіргі кезде ауылшаруашылық өндірісін жоспарлау мен жобалаудың барлық түрлерінде, табиғи ресурстарды пайдалану мақсатымен әртүрлі инженерлік құрлыстарда, басқа жұмыстарда табиғи жағдайды бағалау үшін карта қажет. Соңғы кездерде картографиялық әдіс барлық салаларда өте қажет: медициналық географияда, планетологияда және т.б. Карталардың жаңа түрлері пайда болды: табиғи ортаны оңтайландыру (оптимизация), табиғатты қорғау, ғарыштық геологиялық, ғарыштық тектоникалық және т.б.
Кеңістік зерттеудің картографиялық әдісі – табиғатты зерттеудегі негізгі бір әдіс. Оған келесі жағдайда карта құрастыру жұмыстары кіреді:
далалық және стационарлы зерттеулерде құбылыстарды бақылаған кезде;
картографиялық емес көздер негізінде, сонымен бірге математикалық және химиялық зерттеу әдістер нәтижесінде;
жалпылау (генерализация) әдісін кеңінен қолдану арқылы әртүрлі тақырыпты картографиялық көздер бойынша немесе бір карта негізінде екінші мазмұны жаңа карта құрастыру.
Масштабты карталар жасаудағы картографиялық әдіс
Картографиялаудың масштабы картаның мақсатына байланысты. Бұрыңғы КРСО карталары ірі және орташа масштабта болды. Ұсақ масштабты карталар көп жағдайда аумақты қамту бойынша көлемі және масштабтары стандартқа сәйкес келмейді. Шолу және ұсақ масштабты карталар әдетте өңдеу тәсілімен, орта және ірі масштабты карталар далалық геоморфология зерттеу арқылы жасалады. Қазіргі уақытта ғарыштық ақпараттар көмегімен шолу масштабтарында универсалды-типологиялық карталар сонымен қатар, табиғи ресурстарды картографиялау мен кешенді зерттеу кезінде орта масштабты карталар құрастырылады.
Топографиялық, геологиялық карта жасаудағы картографиялық әдіс
Картографиялау әдістемесінде табиғат карталарын дайындау және басып шығарудың әртүрлі әдістері, мысалы, қазіргі компьютерлік топографиялық-геодезиялық және әуеғарыштық әдістерге негізделген дала зерттеулері мен түсірістер, математикалық-картографиялық үлгілеу, компьютерлі, геоақпарттық және баспалы технологиялар пайдаланылады.
Геологиялық карталар көмегімен жер қабатының құрылымын сараптайды; тау жыныстардың гидротермальды формация мен фациялардың пайда болуына әсер ететін гидротермальды процесстің даму аймағы болып табылатын терең жарылымдар, олар геожүйелерді ұйымдастыру геоқұрылымның аумақтық бірқалыптылығын зерттеуде үлкен роль атқарады; ал төрттік шөгінділер барлық жерлерде топырақ түзуші жыныстар болып табылады, олардың құрамымен байланысты әртүрлі топырақ түрлері кейде типтері қалыптасады, бұл табиғат кешенінің топырақ жамылғысы құрылымының басты ерекшелігі.
Картаны пайдаланудағы картометриялық, статистикалық әдістер
Картографиялық әдіс– бұл карталарда бейнеленген құбылыстарды тану үшін оларды қолдану әдісі. Бұл әдіс қажетті нысанның орналасқан жерінен басқа, оның өлшемі, әртүрлі құбылыстардың таралу деңгейі және басқа да көптеген ақпаратты бере алады. Картографиялық әдістер қатарына картаны графикалық, картометриялық(циркуль, кульвиметр, планиметр, транспартир), статистикалық, математикалық талдау жатады. Картографиялық әдістері нысандардың кеңістікте орналасуын, олардың сандық сипаттамаларын анықтайтын тәсілдерді қамтиды.
Қорытынды
Қорытындыға келер болсақ, жалпы осы географиялық зерттеу әдістерінің, олардың өзіндік салаларының адам өміріне не болмаса қоршаған ортаға пайдасы не? Қаншалықты маңызды? Шындап келгенде адам баласы өмірі үшін табиғатты, өзін қоршаған ортаны, қоғамға маңызы бар ортаны зерттеп, оған бақылау жүргізіп, өзгерісін, пайдасы мен алып келер зияны туралы ақпарат алып отыруы маңызды. Себебі табиғаттағы әрбәр нысаннның өзіне тән ерекшеліктері мен қатар адам өміріне алып келер зияны болады. Сол нысанды тұрақты бақылауда ұстап, зерттеулер жүргізу арқылы оның залалын кемітуге болады, яғни адам өміріне тигізер зиян азаяды. Одан бөлек, мына техниканың ддамыған заманында ғылымға тигізер пайдасы зор. Әрбір зерттелген нысанның жаңалығы, өзгерісі ғылымда алатын орны бөлек.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Көшім А.Ғ. Географиялық картографиялау: Табиғат карталары: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.- 108 б
2. Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ
3. Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы