Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Кең мағынада бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға оның тікелей қатысушылары, сондай-ақ оны реттеу мен бақылаудың мемлекеттік және қоғамдық органдары жатады. Бағалы қағаздар нарығына тікелей қатысушылары нарықараралық және нарықтық болып екіге бөлінеді. Нарықаралық қатысушылар- бірден бірнеше нарықтың, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының жұмысына қызмет көрсететін адамдар. Мұндай тұлғаларға, әдетте, бір мезгілде өз бос қаражатын бағалы қағаздарға ғана емес, басқа да күрделі (пайдалы) активтерге (мысалы: валюта, жылжымайтын мүлік және т. б.) салатын инвесторлардың әртүрлі топтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар ақпараттық, кеңес беру, рейтингтік агенттіктер және көптеген нарықтардың қатысушыларына бірден қажетті қызмет көрсететін басқа да мамандар кіреді.
Нарықтық қатысушылар-бұл негізінен тек бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін адамдар. Олар нарықтың кәсіби және кәсіби емес қатысушылары болып ажыратылады.
Нарықтың кәсіби емес қатысушылары-бұл эмитенттер және кез келген бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін инвесторлар.
Оларға капиталдарының көп бөлігін бағалы қағаздар арасында орналастырғандар да, өз қаражаттарының аз ғана бөлігін бағалы қағаздарға салғандар да кіреді.
Ал кәсіби қатысушылары — бұл бағалы қағаздар нарықта кәсіби қызметті жүзеге асыратын тұлғалар. Кәсіби қатысушылар осы нарықта кәсіби қызметтердің белгілі бір түрін жүзеге асыруға арнайы лицензиясы (рұқсаты) болған кезде ғана осы нарықта жұмыс істеуге құқылы. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары шартты түрде келесідей бөлінуі мүмкін: кәсіби саудагерлер және инфрақұрылым ұйымдары.
Кәсіби саудагерлер бағалы қағаздар нарығында сатып алу-сату мәмілелерін жасау бойынша қызметтер көрсетеді. Бұл брокерлер, дилерлер және басқарушы компаниялар.
1 Брокерлер бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жүзеге асыратын делдалдар, ал 2дилерлер – бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар. 3 Басқарушы компаниялар - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.
Инфрақұрылым ұйымдары - бұл бағалы қағаздармен нарықтық мәмілелер жасасу және орындау процесіне қызмет көрсететін немесе бағалы қағаздарға меншік құқығын өзгертудің кез-келген процестеріне қызмет көрсететін кәсіби қатысушылар. Оларға тіркеушілер, депозитарийлер және клирингтік (есеп айырысу) орталықтары, нарықты басқадай ұйымдаструшылары да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |