Қор нарығының түсінігімен сіздер бұрын да кездескесіздер. Бұл ұғым қаржы нарығының ұғымымен тікелей байланысты. Сондықтан, қаржы нарығының анықтамасына тоқталайық



бет3/3
Дата26.11.2023
өлшемі43,74 Kb.
#193614
1   2   3
Байланысты:
13 дәріс
13 дәріс, Чек-лист
4Тіркеушілер – лизенция негізінде бағалы қағаздар иеленушілердің тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асырушы заңи тұлға.
5Депозитарийлер-бұл нарық қатысушыларының бағалы қағаздарын сақтауды және/немесе есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдар.
6 Клирингтік ұйымдар-бұл бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын ұйымдар,
7 Нарықты ұйымдастырушылар, оның ішінде қор биржасы — бұл бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасасуға ықпал ететін (қажетті жағдайлар жасайтын) ұйымдар.

Осылайша, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жеті түрі бар, бірақ нарықтың кәсіби қатысушыларының саны жүздеген ұйымдармен өлшенеді. Нарықтың кәсіби қатысушылары оның үздіксіз жұмыс істеуін және оны одан әрі жетілдіру мен дамыту процесін қамтамасыз етеді.


Бағалы қағаздардың негізгі түрлері және олардың қор нарығындағы айналымы
Қор нарығында қолданылатын құралдар бағалы қағаздар түрлерімен анықталады. Жалпы бағалы қағаздардың анықтамасына келетін болсақ, оны екі тұрғыдан қарауға болады. Біріншісі, ҚР Азаматтық кодексінде берілген заңды анықтамасы: «Формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады». Екіншісі, экономикалық мағынасы: «бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі – оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал)».
Бағалы қағаздар – бағалы қағаздар нарығының айналысында болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі – оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сатусатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды:
- экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай қаражатты (капиталды) қайта бөледі;
- өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;
- капиталдан табыс алуды және (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибеде бағалы қағаздар екі үлкен санатқа бөлінеді. Олар негізгі және туынды бағалы қағаздар.
Негізгі бағалы кағаз – олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы кағаз – бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

  • Түсіретін кірісіне қарай:

Борыштық бағалы қағаз – қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалык куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Үлестік бағалы қағаз – кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.

  • Меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша:

Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
Ордерлік бағалы қағаздар — ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
Ұсынбалы бағалы қағаз — осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.

  • Бағалы қағаздың бар болу формасына байланысты:

Құжаттандырылған — қағазбен тасымалдаушыға эмитеттеледі.
Құжаттандырылмаған — шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.

  • Қолдану типіне байланысты:

Нарықтық бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.

  • Шығару формасына байланысты: эмиссиялық, эмиссиялық емес

  • Меншік формасына байланысты: мемлекеттік, мемлекеттік емес

  • Ұлттық нысанына байланысты: отандық және шетелдік

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- акциялар;
- облигациялар;
- коносаменттер;
- ипотекалық куәліктер;
- туынды бағалы қағаздар;
- жай қоймалық куәліктер;
- қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік);
- ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
- Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.
Бағалы қағаздардың Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын былайша көрсетуге болады:

  • Акциялар нарығы

  • Облигациялар нарығы

  • Депозиттік сертификаттар нарығы

  • Туынды бағалы қағаздар нарығы

  • Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет