Орал қаласы №1кл физика-информатика пәнінің оқытушысы


«Флипчарт» себетін пайдалану



бет5/5
Дата25.01.2022
өлшемі277,56 Kb.
#114336
1   2   3   4   5
Байланысты:
актив студио

«Флипчарт» себетін пайдалану

Ості алып тастаудың жақсы тəсілі, флипчарт себетін пайдалану.

1. Басты панелде орналасқан белгілеу құралын басыңыз.

2. Оны белгілеу үшін тігінен сызықты екі рет басыңыз.

3. Сызыққа қайта басыңыз, “ACTIVpen” - ді тақтада ұстай отырып, флипчарт себетіне апарыңыз. Сіз оған курсормен себетке жеткен кезде, флипчарт себеті ашылады.

4. “ACTIVpen” - ді жіберген кезде сурет парақ бетінен жоғалады.

«Құю» құралын пайдалану

Таңдалған фигураны белгілі бір түспен бояу үшін құю құралы пайдаланылады.

1. «Құю» батырмасын басыңыз. Қызғылт түсті таңдаңыз, бірінші бағанның ішінде басыңыз. Ол қызғылт түске боялады.

2. Басқа түстерді таңдап, қалған түстерді бояңыз.



«Power tools» терімін таныстыру

Басты панелдегі «Power tools» батырмасын басыңыз. Көптеген жаңа құрылғылар кешені шығады. Əзірше, біз экрандық пернетақта құрылғысын қолданамыз , оның көмегімен мəтінді терудің басқа тəсілін көрсету үшін.



«Мəтін» құралы

1. «Мəтін (текст)» құрылғысын таңдаңыз, парақ бетінің сол жақ бос аумағын 1 рет шертіңіз. Флипчартта жаңа мəтін редакторы пайда болады, олардың көмегімен сіз өзіңізге керекті стильді таңдай аласыз. Мəтін редакторының бірінші жолы шрифт атынан тұрады, сіз оны осы уақытта қолданасыз.



2. Шрифт атауының қасында «төмен» бағыттауышын басыңыз. Түсуші меню (мəзір) пайда болады.

3. Барлық шрифтерді көру үшін айналу бағыттауышын қолданыңыз. Arial – ды (немесе басқа шрифт), ACTIVpen көмегімен басып таңдаңыз.

4. Сол əдісті қолдана отырып шрифт өлшемін 20-ға дейін өзгертіңіз.

5. Енді егер қасыңызда пернетақта болса, 1 санын теріңіз. Оны қайда қоямын деп, əзірше уайымдамаңыз.

Егер қасыңызда компьютерге қосылған пернетақта болмаса, мазаланбаңыз, келесі тарауларда сипатталған тəсілді пайдаланып, санды басып шығарыңыз.

6. Мəтін (Текст) редактілеу терімін жабу үшін батырмасын басыңыз.

Экранды пернетақта

Басты панелде орналасқан «Текст» белгісін басыңыз, содан кейін сіз мəтінді орналастыруыңыз келген флипчарт бетін ашыңыз.

Мəтінді редактілеу терімі тағы пайда болады. «2» санын экранды пернетақтада басу үшін “ACTIVpen” қолдаңыңыз. Бұны аяқтаған соң басқа парақты ашып, оған «3» санын теріңіз. Егер қаласаңыз, қосымша сандарды қосқан сайын, əртүрлі беттерге басыңыз. Олардың қайда орналасатынына мазаланбаңыз, кейін біз оны керекті жерге орналастырамыз.

Экранды пернетақтаны, мəтінді редактілеу терімін жəне «Power Tools» терімін жабыңыз.



Парақ бетіне орналастыру

1. Белгілеу құралына басыңыз. Сандарды графиктің керекті жерлеріне орналастырыңыз.

2. Басты панелдің ең жоғарғы батырмасы «Басты меню»-ді басыңыз, меню пайда болады. «Флипчарт» сөзін басыңыз, содан кейін басқа меню пайда болады. Одан «Сақтау», содан кейін «Менің флипчарттым» менюін таңдаңыз. Барлық флипчарттарды бір жерде сақтау, бұл жақсы ой, оларды кейін тез тауып алуға көмектеседі.

3. «Флипчартты сақтау» терезесі шығады. Файлдың атын теріңіз де «Сақтау» батырмасын басыңыз.

4. Осы басшылықтың көмегімен сіздің шығарған беттеріңізді көру үшін «Алдыңғы бет» батырмасын басыңыз.

5. “ACTIV studio” жабу үшін: басты меню - шығуды таңдаңыз.



Ескерту: Егер сіз флипчартты қайта ашқыңыз келсе, ACTIVstudio-ны іске қосыңыз, содан кейін “Меню – Флипчарт – Ашу – Менің флипчарттарым” жолын таңдаңыз. Жаңа терезе пайда болады. Сіздің атыңызбен сақталған флипчартты таңдап, «Ашу» батырмасын басыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет