Орал қаласы №1кл физика-информатика пәнінің оқытушысы


Интерактивті тақтада графиктермен жəне мəтінмен жұмыс



бет4/5
Дата25.01.2022
өлшемі277,56 Kb.
#114336
1   2   3   4   5
Байланысты:
актив студио

Интерактивті тақтада графиктермен жəне мəтінмен жұмыс

Графиктің суретін салу

«Кітапхананы» ашып торға басыңыз, эскиздер панелінен торды таңдап оны флипчарттың басты бетіне апарыңыз. Кітапхананы жабыңыз. Қаламды басты менюдегі «Қалам» құралына апарыңыз, ACTIVpen бұрышында қызғылт батырма бар. Осы батырманы «Қалам» сөзіне тигізбей басыңыз. Бұл аспаптардың жаңа кешені ашылуына əкеледі.

Қызыл түс пен сызудың негізгі енін таңдаңыз. Модификатор тізімінен – көлденең сызықты құралын таңдаңыз. Бұл құралдың көмегімен сіз біздің графиктің абциссасының осін сыза аласыз:

1. Сіздің сызығыңыз басталатын жерді басыңыз.

2. Қаламды тақта үстінде ұстай отырып, сіздің сызығыңыз бітетін жерге апарыңыз.

3. Аяқтау үшін қаламды жіберіңіз.

4. Енді “Тік сызық” құралына басыңыз жəне сіздің графигіңіздің ординатының осін сызыңыз.

5. «Тікбұрыш» құралын басыңыз. Осы құралды пайдаланып бағандық диаграмма салуға болады.

6. Көлденең жəне тігінен қиылысатын нүктені басыңыз.

7. Диаграмманың бағанын салу үшін қаламды тақтада ұстай отырып, оны жоғары көтеріңіз. Көшіру кезінде бағанды көруге болады. Сіз қалаған баған болмайынша қаламды жібермеңіз.

8. Сіз кез-келген уақытта ұнамаған əрекеттеріңізді болдыртпауыңызға болады, ол үшін мына - құралды қолданады.

9. Жоғарыда көрсетілгендей, өзіңіздің диаграммаңызға тағы үш баған қосыңыз.

10. Барлық əрекеттерден кейін қаламның модификаторлар терімін жабыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет