6 – сабақ 2 сынып.
Назар аударуды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі:
Ми гимнастикасы.
Ширату.
Оқымысты; ғұлама – ( ғалым).
Адамды тамақтандырады бірақ өзі ештеме жемейді.
Ол – не ? – ( қасық).
Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн? – ( сәрсенбі ).
Тіл алғыш бала. – ( елгезек ).
Екі ұл бала есікалдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді?- ( 7 жастағы. Екі жастағы бала енді ғана жүріп жүр).
Тапсырма- 1. Ыдыстың сынығын тап.Оны ыдыспен бірдей етіп боя.
Жауабы:бірінші
Тапсырма – 2. Әр қатардағы заңдылықты анықтап,ары қарай жалғастыр
Көңілді үзіліс.
Балалар өздерін толқында жайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Көздерін жұмып толқында шайқалып тұрғандай қозғалыс жасайды.
Тапсырма – 3Еңбекке баулу сабағында бұйымдар жасау үшін әр түсті 2-бет қағаз қажет. Қағаздарды цифрмен белгіле.
Тапсырма – 4. Әріптермен цифрларды пайдаланып, сөздерді жасыр.
А у к т н р ы л д
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жауабы: дуал – 9218 тау - 412
Анар – 1516 қуат - 3214
Дана – 9151 дауыл – 91278
Көзге арналған жаттығулар.
Жақтың жоғарғы жағынан самайға қарай уқалау. Самайдан жақтың жоғарғы жағына қарай уқалау.
Тапсырма – 5 Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Оларды бес ( сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл ) түске боя.
Жауабы: тізбектегі дөңгелектердің көлемі мен түсінің заңдылығы сақталады.
Cабақты қорытындылау.
3-сынып 1-сабақ
Балалардың даму деңгейін анықтау
Сабақтың мақсаты:
1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату
2.Қиялдау,елестетуді дамыту
3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Ми гимнастикасы
"Басты шайқау "Ойлау қабілетін жақсартады.Терең дем ал,иығыңды бос ұста, басыңды алға таста.Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын әрі- бері айналдыр.Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел.Осылай 30 секунд жаттығу жаса.
" Жалқау сегіздіктер "
Ауада сегіз санын сал,әр қолыңмен 3 рет қайтала.
Жаңа сабақ
Ширату
Бір бағытқа қарап тұрған ағайын -(көз)
Балдан тәтті-(бала)
Қалпағы бар,басы жоқ-(саңырауқұлақ)
Күндіз бар,түнде жоқ-(күн)
Бір шатырдың астында төрт батыр-(үстел)
Тапсырма№1 Үстел үстінде бір қатарға 6 саптыаяқ қойылған.Олар мынадай ретпен орналастырылған: қара,ақ,қара,ақ,қара,ақ.
Саптыаяқтарды баодлық ақтары сол жақта, қаралары солардан кейін болатындай етіп орналастыру қажет. Бос орынға тек қатар тұрған екі саптыаяқты орналастыруға рұқсат етілген.Бірақ олардың орналасқан тәртібін өзгертуге болмайды: Саптыаяқтарды жылжытуға немесе жақындатуға рұқсат жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |