Орал қаласының білім беру бөлімі Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» әдістеме құралы



бет9/38
Дата29.01.2017
өлшемі10,39 Mb.
#8258
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

Тапсырма-4. Суретте дөңгелек көп пе,тіктөртбұрыш көп пе? Сана. Жауабыңды тексер. Дөңгелектерді көк түспен боя, оларды санап жаз. Содан соң тіктөртбұрышты қызыл түске боя, санап жаз.



Көзге арналған жаттығулар.«көзді жыпылықтату». Көз ауруларының барлық түріне пайдалы.Дем алып, дем шығарған сайын көзіңді жыпылықтат.

Тапсырма-5. 1) Себетте алмұрттар жатыр еді. Сәния, Әлия және Майра 2 алмұрттан алды. Себетте алмұрт қалған жоқ. Себетте қанша алмұрт болған еді? Жауабын айналдыра сыз. Жауабы: 3 5 2 6

Жауабы: себетте барлығы 6 алмұрт болды.

2) Алма ағашында 10 алма өсіп тұр. Балалар әрқайсысы бір алмадан алды. Ағашта 6 алма қалды. Неше бала алма алды? Жауабын айналдырып сыз.Жауабы: 1 10 6 4



Жауабы: 4 бала алма алды.

3) Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі? Жауабы: 1минут 4 минут 6 минут 5 минут



Жауабы: бір жұмыртқа 5 минутта піседі.

Сабақты қорытындылау. Біз не үйрендік?

2-сабақ 2 сынып.

Балалардың даму деңгейін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы.

Ми гимнастикасы.

Ширату.

  1. Бір жылда неше ай бар? (Бір жылда 12 айбар)

  2. Екінші және жетінші айды ата.(Екінші ай – ақпан, жетінші ай - шілде)

  3. Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш (Тік төртбұрыш)

  4. Метр қандай өлшем бірлігі? (Ұзындық бірлігі)

  5. Сағат ше? (Уақыт бірлігі)

  6. Киллограмм ше? (Масса бірлігі)

  7. Ойнайтын балалардың бір бөлігі (Топ)

Тапсырма – 1. Суретті мұқият қара. Фигурада қанша үшбұрыш бар. Санын торкөзге жаз.

Жауабы: 24 үшбұрыш

Тапсырма – 2. Суретті мұқият қара. Ең жоғарғы ұшып келе жатқан ұшақты – көк, ал ең төмен ұшып келе жатқан ұшақты жасыл қарындашпен боя. Ұшақтардың кеңістіктегі орналасуын түсіндіріп бер.

Жауабы: жоғарыдағы көк түсті,ортада үш ұшақ төменде жасыл түсті ұшақтың суреті салынған. Ортаңғы қатардағы ұшақтардың біреуі ең алдында және екеуі ең соңында ұшып келеді.

Көңілді үзіліс. Музыка ырғағымен би қозғалысын жасауды ұсынуға болады.

Тапсырма – 3. Сәйкес сөзді тап. Оны айналдыра сыз. Түсіндіріп бер.

Жомарт -сараң

Ащы-? (тәтті,дәмді,тұщы, қышқыл)

Тұңғыйық-тайыз

Көп-? (артық, кем, аз,кіші,үлкен)

Биік-аласа

Қыс -? (жаңбыр, көктем,жаз,шана)

Жауабы: тұщы, аз, жаз.
Тапсырма – 4. Серіктің бойы Беріктен биік, Дарханнан аласа, ал Берік Дарханнан аласа. Балалардың атын жаз.

Жауабы:Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Тапсырма – 5.Графикалық диктант.

Бастапқы нүктеден 1 тор жоғары,1 тор жоғары солға қиялап,1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары,1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор жоғары,1 тор оңға,1 тор төмен,1 тор оңға,1 жоғары,1 оңға,1 төмен, 1тор төмен қиялап солға,1 тор төмен.



Жауабы: хан сарайы.

Сабақты қорытындылау.

3 – сабақ 2 сынып.

Зейінді шоғырландыру.

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы.

Ширату.

1.Дауысты дыбыстарды ата.(а,ә,е,ё,и,о,ө,у,ұ,ү,ы,і,э,ю,я)

2.Қосудың құрамдас бөлігін ата.(Қосылғыштар мен қосынды).

3.Аулада қаздар жүр.Олардың аяқтарының саны – 8. Аулада қанша қаз жүр?(Аулада төрт қаз жүр)

4.Циркте ең күлкілі әртіс кім? (Сайқымазақ)

5.Ең үлкен бір таңбалы санды ата? (Тоғыз)

6.Шөл далада келе жатқан түйелер тізбегі. (Керуен)

7. Құстар ұшатын әуе кеңістігі. (Аспан)



Тапсырма – 1.Цифрдың қандай әріппен сызық арқылы байланысқанын көзбен анықта.Жасырын сөзді жаз.

Жауабы:а) 1 – к,2 – ө,3 –р,4 – к, 5 – е,6 – м, көркем.

ә) 1 –қ,2 –ұ,3 –р,4 –б,5 – ы,6 – м,құрбым.



Тапсырма – 2.Жұмбақты мұқият оқы. Бұл не? Шешуінің суретін сал.

Ортасында шегесі,

Жіп – жіңішке денесі,

Жауабы: оқушылар қарындаштың суретін салуы мүмкін

Көңілді үзіліс.

Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау ұсынылады.



Тапсырма – 3. Жазулар дұрыс болатындай етіп суреттерді толықтыр.

Жауабы: а) балалар суреттерді қызыл түске бояйды да, тағы қызыл түсті болатын заттардың суретін салады.

ә) балалар пішіні дөңгелек болатын заттардың суретін салады.



Тапсырма- 4. Жиындардың аттарын жаз.



Каталог: uploads -> doc -> 07ae
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07ae -> Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар (ел аузынан)
07ae -> Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау
07ae -> Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет