Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ИББ диссертация


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
ӘОЖ: 378.016:004                                                    Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
ОРАЛБЕКОВА АЛИЯ КУРБАНОВНА 
 
 
 
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға 
даярлау 
 
 
 
 
6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
 
Философия докторы (PhD)  
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
 
Ғылыми кеңесші 
п.ғ.д., профессор Кеңесбаев С.М. 
 
Шет елдік кеңесші 
п.ғ.д., профессор Дмитриев Ю.А. 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2017 
 


 
МАЗМҰНЫ 
 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 
АНЫҚТАМАЛАР 

 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 

 
КІРІСПЕ 


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға даярлау мәселесінің қазіргі жәйі 
19 
1.2 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануға 
даярлаудың 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері 
47 
1.3  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
91 
 
1 тарау бойынша тұжырым 
106 

ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ  БЕРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  БОЛАШАҚ 
БАСТАУЫШ  СЫНЫП  МҰҒАЛІМДЕРІН  АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
2.1  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануға даярлау әдістемесінің мазмұны 
108 
2.2  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерді  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануға даярлау әдістемесін тәжірибеден өткізу 
122 
2.3  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
қолдануға даярлау әдістемесінің нәтижелерін тексеру 
145 
 
2 тарау бойынша тұжырым 
181 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
183 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
187 
 
ҚОСЫМШАЛАР 
204 
 
 
 
 
 
 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007ж., №319-III 
ҚРЗ. Астана. Ақорда.  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  (Ата  Заны).  Астана.  30  –
тамыз, 1995.  
Қазақстан  Республикасының  «Ғылым  туралы»  Заңы,  Астана.  18  акпан, 
№407-IV, 2011. 
ҚР "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы туралы" Заңы, Астана, 2002. 
ҚР  "Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  туралы" 
Заңы", Астана, 2005. 
ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», 
- Астана, 2008. -18б. 
ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», 
- Астана, 2011. -17б. 
Жоғары білім  берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  Қаулысымен 
бекітілген.  
Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. –Алматы, 2008.   
ҚР  МЖМБС  6.08.012-2009  «5B010200  –  Бастауыш  оқыту  педагогикасы 
мен әдістемесі» мамандығы ҚР МЖМБС. Астана, 2009.  
ҚР  МЖМБС  6.08.059-2010  «5B010200  –  Бастауыш  оқыту  педагогикасы 
мен әдістемесі»мамандығы ҚР МЖМБС. Астана, 2010.  
ҚР  МЖМБС  6.08.012-2009  «5B010200  –  Бастауыш  оқыту  педагогикасы 
мен әдістемесі» мамандығы ҚР МЖМБС. Астана, 2012.  
Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарты. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2008. 
Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі білім берудің дамытудың 
тұжырымдамасы. –Астана, 2004. 
Қазақстан  Республикасының  білім  берудің  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту  туралы  (2014.12.08 
берілген өзгерістер мен толықтырулармен).  
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016.  
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Инклюзивті  білім  беру  -  жалпы  білім  берудің  даму  үдерісіндегі  барлық 
адамдарды  оқыту,  сонымен  қатар  әр  түрлі  қажеттіліктерге  ие  балаларға  қарай 
бейімдеу  арқылы  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  білім  алуына  қол 
жеткізу. 
Инклюзивті  білім  беру  ортасы  –дамуында  ерекшелігі  бар  балалардың 
әлеуметтенуге  және  білім,  біліктер  мен  дағдыларды  игеруге  деген  дербес 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  құрылатын  құндылықты-бағдарланған 
орта. 
Интеграция–бұл  негізгі  мақсаты  біріктіру,  қалпына  келтіру,  қосу,  яғни 
тұтастық болып табылатын үдеріс немесе іс-шаралар кешені. 
Білім 
беруді 
ақпараттандыру
бұл 
мақсатқа 
бағдарланып 
ұйымдастырылған  білім  беру  сферасын  әдіснамалық,  технологиялық 
жәнеғылыми-педагогикалық,  оқу-әдістемелік  бағдарламалық-технологиялық 
әзірлемелерді 
дайындау 
барысында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  бағытталған  тәжірибесін 
тиімді пайдалану үшін  қамтамасыздандырылған үдеріс 
Ақпараттық  технология  -  ақпаратты  жинау,  өңдеу,  сақтау,  таратудағы 
техникалық  құралдар  мен  әдістердің  жиынтығы,  яғни  әлеуметтік    және 
техникалық басқару мүмкіндігін жетілдіру және адамдардың білімін кеңейтуде 
ақпаратты ұсыну. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 

қазіргі 
оқыту 
технологиясын  интерактивті  бағдарламалық-әдістемелік    қамтамасыз  ететін 
компьютерлік  техника,  телекоммуникациялық  байланыс  құралдары  мен 
әдістерінің жиынтығы 
Ақпараттық құзіреттілік - ақпараттарды анықтауда  индивидуумға қажет 
қабілеттердің жиынтығы, яғни түрлі ақпараттарды тиімді қолдану мен бағалау, 
оларды таңдау қабілеттілігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР МЖМБС –  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты  
ЖОО – 
жоғары оқу орны  
БОПӘ – 
бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі  
АКТ – 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
БҰҰБҒжМҰ 
(ЮНЕСКО) – 
Бірікктен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет 
жөніндегі Ұйымы  
ҚРЗ – 
Қазақстан Республикасының Заңы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  көкейкестілігі.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев:  «Болашаққа  бағдар  –  рухани  жаңғыру»  мақаласында    «Бәсекелік 
қабілет  дегеніміз  –  ұлттың  аймақтық  немесе  жаһандық  нарықта  бағасы,  я 
болмаса  сапасы  жөнінен  өзгелерден  ұтымды  дүние  ұсына  алуы.  Бұл 
материалдық  өнім  ғана  емес,  сонымен  бірге,  білім,  қызмет,  зияткерлік  өнім 
немесе  сапалы  еңбек  ресурстары  болуы  мүмкін.  Болашақта  ұлттың  табысты 
болуы  оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 
айқындалады.  Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ 
ғасырға  лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек.  Мысалы,   компьютерлік 
сауаттылық,  шет  тілдерін  білу,  мәдени  ашықтық  сияқты  факторлар  әркімнің 
алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы 
Қазақстан»,  «Үш  тілде  білім  беру»,  «Мәдени  және  конфессияаралық  келісім» 
сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ 
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», -  деп көрсетті [1].  
«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»    инклюзивті  білім  беруді 
дамытудың  алғышарттары жасалынды [2].  
Елімізде  бәсекеге  қабілетті  білім  беруді  жоғарылату  үшін  сапалы  білім 
беру 
арқылы 
адам 
капиталын 
дамытуға 
бағытталған 
Қазақстан 
Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Әлем  жаһандық  сын-тегеуріндер 
кезеңінде  өмір  сүруде.  Бұл  жаңа  технологиялық  жетістіктер  мен 
инновацияларды  енгізу,  IT-технологиялардың  қарқынды  дамуы  және  адам 
ресурстарының  ұтқырлығы.  Осы  жағдайда  білім  және  ғылым  өзгерістердің 
алдыңғы қатарында тұруы тиіс... Адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру ұлт 
жетістігінің факторы болып табылады, сондықтан әр қазақстандықта заманауи 
технологиялар  кезеңінде  және  жаңа  мамандықтардың  талаптарына  қажет  
функционалдық,  ІТ  сауаттылық,  ағылшын  тілін  білу,  адамгершілігі  мол  тұлға 
сынды қасиеттер мен құзыреті болуы керек», - деп көрсетілген [3]. 
Мемлекеттік  бағдарламада  арнайы  және  инклюзивті  білім  беру 
стратегиясын әзірлеу және оны енгізу қарастырылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, 
инклюзивті  білім  беруге  жағдай  жасайтын  мектептердің  үлесін  жалпы  мектеп 
санынан  70%-ға  дейін  арттыру  (қазіргі  уақытта  38%),  мүгедек-балалар  үшін 
«кедергісіз  қол  жетімділікті»  құрайтын  мектептердің  үлесін  жалпы  мектеп 
санынан  20%-ға  арттыру,  инклюзивті  білім  берумен  қамтылған  балалардың 
үлесін,  дамуында  арнайы  қажеттілігі  бар  балалардың  жалпы  санынан  50%-ға 
арттыру  қарастырылған. 
Осындай келелі міндеттер аясында инклюзивті білім берудің даму мәселесі 
жүйелі тұрғыдан нақты және жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Гуманистік 
білім  берудің  тұжырымдарына  сүйенсек,  ондағы  балалардың  қандайы 
болмасын,  қай-қайсысы  болмасын  дамудың  шексіз  мүмкіндіктері  бар  тіршілік 
иесі екендігіне сену және сол бағытта жұмыс жасау керектігі айқын танылады. 


 
Педагог қызметінің мақсаты мен міндеттері де соған бағдарланып, сол мақсатқа 
лайық  жұмыс  жасалуы  тиіс.  Баланың  бойындағы  сансыз  мүмкіншіліктерді 
танып,  тауып,  ашып,  дамытудың  әдістері  мен  тәсілдерін,  жұмыс  формаларын 
практикалық жолмен де, теориялық  жолмен де зерттеу керек.  
Инклюзивті білім беру - гуманизмге, руханилылыққа, әлеуметтік әділдікке 
жетелейтін  әрі  солардан  бастау  алатын,  өзіндік  ерекшелігі  мол  сала.  Адам 
құқықтары  саласындағы  халықаралық  стандарттары  әрбір  адамның  қоғамдық 
өмірге  теңдікпен  және  дискриминациясыз  араласуы  керек  деген  идеяға 
негізделетіні  белгілі.  Сондықтан  да  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  соңғы 
жылдары  жаңашыл  идеялар  көптеп  енгізіліп,  олардың  діңін  ЮНЕСКО-ның 
«Білім  барлығы  үшін»  бағдарламасы  қалап  келеді.  Оқыту  мекемелеріне 
инклюзивтік  білім  беруді  енгізу  үдерісі  –  уақыттың  талабы.  Дегенмен,  бұл 
қадам – білім беру жүйесіндегі гуманизмнің қарқынды даму нәтижесі екенін де 
атап өту керек.  
Инклюзивті  практика  білім  алуға  барлық  балалардың  бірдей  қолы  жетуі 
тиіс  деген  идеяны  іске  асырады.  Бұл  жерде  балалардың  жеке  басының 
ерекшеліктері, оқудағы жетістіктері, ана тілі, мәдениеті, психикалық және дене 
мүмкіншіліктері    білім  алу  жолында  кедергі  болмауы  керек  екендігі  басты 
мәселе болып табылады.  
Инклюзивті  білім  беру  жүйесі  қазіргі  кезде  өзінің  ғылыми  негіздері  мен 
әдіснамасын  жетілдіруге  ұмтылуда.  Ол  әдіснаманың  басты  ерекшелігі  сонда, 
бұл  сала  бойынша  бала  -  оқытуды  қажет  ететін,  бірақ  түрлі  қажеттілік 
деңгейлері бар жеке тұлға. Инклюзивтік білім беру түрлі деңгейде оқи алатын 
түрлі  ерекшеліктері  бар  балаларды  қанағаттандыруға  икемді  болып  келетін 
тәсілді зерттеуде. 
Осымен  де  байланысты,  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев:  «...Бесіншіден,  мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  көбірек 
көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде 
аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам 
алдындағы  біздің  парызымыз.  Бүкіл  әлем  осымен  айналысады.  Мүмкіндігі 
шектеулі  адамдар  тұрмыстық  қызмет  көрсету,  тағам  өнеркәсібі,  ауыл 
шаруашылығы  кәсіпорындарында  жұмыс  істей  алады»,  -  деп  мүмкіндігі 
шектеулі  жандарға  қолдау  көрсетіп,  олардың  оқып-білім  алуына,  еңбек  етуіне 
мүмкіндік туғызу керек екендігіне баса назар аударды [4].  
Арнайы  білім  беруді  қажет  ететін  балалар  туралы  мәселесі  күні  бүгінге 
дейін қазақстандық білім беру жүйесінде ауқымды түрде талқыланып, арнайы 
зерттеу пәні ретінде қарастырылмай келеді. Ерекше топқа жататын балалардың 
жалпы  білім  беру  ортасына  кіріктіру  туралы  ғылыми  зерттеулер  жеткіліксіз 
немесе  жоқтың  қасы.  Сонымен  қатар,  жалпы  білім  беру  ұйымдарындағы 
ерекше  оқытуды  қажет  ететін  балалар  туралы  мәліметтер  қорын  жасау 
мәселесіде қажетті дәрежеде қарастырылмай келеді. 
Осы  ретте,  инклюзивтік  білім  беру  жүйесін  ұйымдастырып,  оның 
міндеттерін  жүзеге  асыратын  оқушымен  бірге  маңызды  орын  алатын  тұлға  - 
мұғалімді жан-жақты даярлау мәселесі де өзектілікпен күн тәртібіне қойылады. 


 
Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беру  мен  осы  жүйеде  қызмет 
ететін педагогтерді арнайы даярлау – әлі де болса толыққанды игерілмеген тың 
сала.  Осы  саланың  тұжырымдамалық  негіздерін  және  оны  іске  асырудың 
білімдік,  ғылыми,  оқу-әдістемелік,  практикалық  және  ағартушылық  тетіктерін 
зерттеу  - қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе.  
Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  балалардың  құқығын  қорғау 
құжаттарының  негіздемесі  болып  «тең  құқылы  білім»  қағидасы  бекітілген. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  ерекше  білім  беруді  қажет 
ететін  тұлғалардың  білім  алуына  берілетін  кепілдіктер,  ҚР  "Қазақстан 
Республикасындағы бала құқығы туралы" Заңында, ҚР "Білім туралы" Заңында, 
ҚР  "Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы  туралы"  Заңында,  ҚР  "Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді 
әлеуметтік  қорғау  туралы"  Заңында,  ҚР  "Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 
туралы" Заңында бекітілген  [5-9]. 
Аталған  Заңдар  мен  «Балалар  мен  жасөспірімдерді  тәрбиелеу  мен  білім 
берудің 
объектілеріне 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптарын», 
«Мүгедектердің  өмір  сапасын  жақсарту  бойынша  Ұлттық  жоспарды», 
«Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын (бастауыш, негізгі 
орта,  жалпы  орта  білім)»  атты  нормативтік  құжаттар  мен  Актілерді  және 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру саласында арнайы әлеуметтік 
қызмет  көрсету  стандартын  бекіту  туралы»  Қаулысын  талдай  келе,  барлық 
балалардың  білім  алуға  деген  құқықтарының  кепілдіктері  осы  нормативтік-
құқықтық Актілерде бекітілгенін және елімізде инклюзивті білім беруді дамыту 
бойынша  жұмысты  жетілдіруге  мүмкіндік  жасалып  отығанына  көз  жеткіземіз 
[10-12]. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  білім  алушыларды  жалпы  білім 
беруге  қосу  нысандары  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17 
мамырдағы  №499  қаулысымен  бекітілген  «Жалпы  білім  беру  ұйымдары 
(бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта)  қызметінiң  үлгілік  қағидаларында»  
баяндалған.  Құжаттың мазмұнында арнайы және инклюзивті білім беру барлық 
оқушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арналған 
психологиялық,  медициналық  және  педагогикалық  кеңес  беру  ұсынымдарын 
ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар 
арқылы жүзеге асырылатыны айқын көрсетілген [11]. 
Бастауыш  мектепте  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  оқушылар 
психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңесінің  қорытындысына  сәйкес 
ҚР  Білім  және  ғалым  Министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393 
бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқып келеді.  
«Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
тұжырымдамалық  тәсілдерінде»  білім  беруге  ерекше  қажеттіліктері  бар  білім 
алушыларға мына санаттағы балалар жататыны белгіленген:  
-    мүмкіндіктері шектеулі балалар;  
-  мигранттардың,  оралмандардың,  босқындардың,  саны  аз  ұлттар 
отбасыларынан шыққан балалар;  


 
-  қоғамда  әлеуметтік  бейімделуде  қиындықтары  бар  балалар  (жетім 
балалар,  виктимді  балалар,  девиантты  мінез-құлықты  балалар,  әлеуметтік- 
экономикалық  және  әлеуметтік-психологиялық  деңгейі  төмен  отбасынан 
шыққан балалар) [13]. 
Бұл  санаттағы  балалар  -  өмірде  түрлі  қиын  жағдайларға  душар  болған, 
қиындықтарға  тап  болған  балалар  екені  белгілі.  Осыны  ескере  отырып, 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қоғамға  ерте  бастан  кіріктірілуі,  олардың 
болашақта толыққанды қоғам мүшесі болуына мүмкіндік жасалуда.  
Білім  беруді  гуманизациялау  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісінде  баланың 
жеке  басы,  танымдық  қызығушылығы,  тұлғалық  қасиеттері  дамуын  тиімді 
ететін  оқыту  мен  тәрбие  әдістері  мен  формаларын  қолдануын  қажет  етеді  әрі 
талап етеді. Қоғамдық дамудың басты ұстанымдары әрбір адамның өзінің білім 
алу  қажеттілігін  қанағаттандыру  құқығы  мен  сапалы  базалық  білім  алуы 
құқығынқамтамасыз ету болып табылады. 
Осы ретте, мүмкіндігі шектеулі балалардың заманауи талаптарға сай білім 
мазмұнын  меңгеруін  қамтамасыз  ету  үшін,  оқыту  барысын  дәстүрлі 
ұйымдастыру модельдеріне беймдемей, керісінше, қалыпты дамып келе жатқан, 
дамуы баяу, дарынды, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтан тұратын оқушылардың 
әрқайсысына бейімделе аалатын оқыту жүйесін құру ьетбұрыс жасалуы керек. 
Балалардың, жалпы, адамдардың өзара айырмашылықтары болуы  - табиғи 
құбылыс  болғандықтан,  оқу-тәрбие  үдерісі  қоғамдағы  әр  адамның  білім  алу 
құқығын  құрметтеп,  қоғамның  әр  мүшесіне  лайықты  етіп  құрылған  болуы 
керек.  Тек  сондай  оқу-тәрбие  үдерісі  ғана  гуманистік,  демократиялық 
ұстанымдарды басшылыққа алған болып табылады.  
Бұл ретте оқушылардың заманауи технологияларды қолдана отырып білім 
алу әдістерін меңгеруі де аса өзектілікпен айқындалады. 
Білім  беру  туралы  ЮНЕСКО  ұйымдастырған  48  Халықаралық 
конференциясында    (Женева,  2008  ж.)  116  мемлекет  өздерінің  еліндегі  білім 
беру жағдайлары туралы  Ұлттық есептер берді. Бұл есептер, бір жағынан, білім 
беру  үдерісінің  бірқалыпты  екенін  көрсетсе,  екінші  жағынан,  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологияларды инклюзивті білім беру жағдайында қолдану 
мүмкіндігі  туралы  қызықты  жаңашыл  шешімдер  қабылданды.  Дегенмен, 
қарастырылған  есептерде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 
(бұдан  кейін  АКТ)  тиімділігі  туралы  азқарастырылған.  Осыған  орай,АКТ-ны 
қолдану  -  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру  ортасына 
кіріктірудің тиімді әдісі ретінде  мемлекеттердің стратегиялық маңызды міндеті 
ретінде  қарастырылмағанын  атап  көрсету  керек.ЮНЕСКО  конференциясында 
мына мәселелер барлық мемлекеттерге тән екендігі анықталған:  
–АКТбағасының 
қымбат 
болуынемесе 
олардыңбарлығына 
бірдей 
қолжетімді  болмауы;  бұл  тұста  ерекше  атап  кететін  мәселе  -  қосымша 
технологияларды  көптеп  қажет  ететін  жабдықтарды,  атап  айтсақ,  білім 
алушының тілінде экраннан оқуға болатын құрал-жабдықтардың болмауы; 

10 
 
–қосымша  технологияларды  қолдану  мүмкіндігін  пайдалана  алмау  және 
одан  бас  тарту;  әсіресе,  мұндай  мәселе  қосымша  технологияларды  пайдалану 
білімінің таяздығы немесе оны мүлдем білмейтіндігінен туындайды;  
–оқытушылар  тарапынан  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  АКТ-ны 
қолдану әлеуетінің өз деңгейінде дұрыс бағаланбауы  және оларда ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын    қолдануға  деген  жағымсыз  ой-пікірдің 
қалыптасуы; 
–оқытушылар  мен  оқушылар  тарапынан  қолдаудың    жеткіліксіздігі  бұл 
АКТ-ны  тек  дәстүрлі  оқыту  әдістерге  қосымша  ретінде  емес,    АКТ-ны  негізгі 
педагогикалық  құралдардың  бірі  ретінде  қарастыру  мүмкіндігін  жоққа 
шығаруы [14].                  
Аталған  мәселені  қарастырған  ғылыми  және  зерттеу  еңбектерге  талдау 
жасау  барысында,бұл  мәселенің  жан-жақтылығын  отандық  ғалымдардың, 
жақын  және  алыс  шетелдік  зерттеулерде    инклюзивті  білім  беру,  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологиялар 
мен 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің  даярлық  мәселелерін  түрлі  бағыттарда  қарастырылғаны 
анықталды. Оларды төмендегіше жіктеп қарастырдық: 
–инклюзияның  даму  тарихы  мен  кіріктіре  (интегарциялық)  оқытудың 
маңыздылығы  Л.С.Выготский  [15],  С.Л.Рубинштейн  [16],  В.В.Лебединский 
[17], Н.Н.Малофеев [18] және т.б.; 
–  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  мұғалімдердің  кәсіби  даярлық 
негіздеріЕ.Г.Самарцева 
[19], 
И.Н.Хафизуллина[20], 
К.Р.Кузьмов[21], 
О.С.Кузьмина[22], 
Ю.В. 
Шумиловская 
[23], 
В.В.Хитрюк[24], 
С.А.Черкасова[25]  және  отандық  зерттеушілерден  Р.А.Сулейменова  [26],З.А. 
Мовкебаева [27],И.Оралканова[28]және т.б.; 
–ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалана  отырып 
білім  беру,  оқыту  үдерістерін  жетілдіру,  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  
білімдерін,  дағдыларын  қалыптастыру  мәселелері  Н.ФТалызина  [29], 
М.Ә.Құдайқұлов [30],Н.В. Кузьмина [31], және т.б.; 
–кәсіби  даярлықтағы  құзіреттілік  тұғырмәселесі  мен  бастауыш  сынып 
мұғалімінің  ақпараттық-коммуникациялық    құзіреттілігінің  мәселелері  
И.А.Зимняя [32], Г.М.Коджаспирова [33], И.А.Колесникова [34], Дж.Равен [35], 
В.Хутмахер[36],  А.В.Хуторской  [37]  С.Л.Мищенко  [38],  С.А.Зайцева  [39], 
Ю.А.Дмитриев [40] және т.б.; 
–болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  жетілдіру  негіздері,  шарттары, 
мәселелеріВ.И.Земцова  [41],  В.И.Тесленко  [42],  Н.Д.Хмель  [43],  М.А. 
Құдайқұлов  [44],  К.М.Дурай-Новакова  [45],  С.Т.Жарбулова  [46],  Ғ.Қ.Ералина 
[47], М.З.Джанбубекова [48]; 
–болашақ  мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастырудың  негіздеріА.Е.Карымсакова  
[49], С.М.Кеңесбаев [50], Л.П. Әбішева [51], Г.Ж.Ниязова [52], А.М.Жұмабаева 
[53], Д.Н.Исабаева  [54],Б.Т.Барсай [55], А.К.Мынбаева [56], Л.В.Нефедова [57], 
Г.А.Абдулкаримова 
[58], 
Н.Е.Исабек 
[59], 
С.К.Абдибекова 
[60], 
К.Т.Мулдабекова [61], А.Мошқалов [62], Э.Уайдуллақызы [63], Е.А.Богатырева  

11 
 
[64],  Н.А.Ершова[65],  С.А.Быков[66], О.П.Осипова  [67],  А.А.Шамшурина  [68], 
Л.Д.Ситникова [69], С.А.Зайцева [70]және т.б; 
–бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  іс-әрекеттерін  ақпараттық 
технология арқылы дамытудың негіздері Б.Т.Абыканова[71]және т.б.; 
–оқушыларға  математика  пәнін  оқытуда  компьютерді  пайдаланудың 
негіздерін зерттеген С.С.Дайырбеков [72], С.О.Жетпісбаева [73] және т.б. 
 
–ақпараттық-коммуникациялық,  компьютерлік  технологияларды  қолдану 
арқылы  ерекше  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту 
мәселелеріП.Р.Егоров[74], 
О.И.Кукушкина[75], 
Е.Н.Норкина[76], 
Э.П.Трифонова[77]. 
Сонымен  бұл  зерттеу  жұмыстарының  ішінде  ерекше  білім  беру 
қажеттіліктері  бар  оқушыларды  ақпараттық-коммуникациялық,  компьютерлік 
технологияларды қолдана отыры оқытуға байланысты арнайы зерттеу жасаған 
О.И.Кукушкина, 
Е.Н.Норкинаның 
ғылыми-әдістемелік 
ұсыныстары, 
тұжырымдары  мен    ғылыми  қорытындылардың    инклюзивті  білім  беру  мен 
бастауыш  сынып  мұғалімдердің  даярлығы  және  АКТ  аясындағы  мәселелерді 
қарастыруда ерекше болып табылады.  
Дегенмен  педагогикалық  ЖОО-ның  түлектері  және  жұмыс  жасап  жатқан 
мұғалімдердің АКТ-ны қолдану жайы мен осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді 
талдау барысында қазіргі болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы  инклюзивті 
білім  беру  үдерісіндегі  дидактикалық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру 
мүмкіндігінің  төмен  екендігін  көрсетіп  отыр.  Нақтырақ  айтқанда,    қазіргі 
жоғары  оқу  орындарында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану  дағдылары  жағынан 
дайындық деңгейі заманауи мектеп талаптарына толық сай келеді деу өте қиын. 
Осынысымен  де  бұл  тақырып  күн  тәртібінде  тұрған    өте  өзекті  мәселе  болып 
табылады. 
Осымен  байланысты,  қазіргі  заманғы инклюзивті  білім беру  саласындағы 
өзгерістер  жағдайында,  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімінің  оқу-тәрбие 
үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану мүмкіндігін 
жоғарылатудың 
өзектілігі 
мынадай 
қарама-қайшылықтар 
негізінде 
айқындалады : 
–қоғамның 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиянықолдану 
даярлығына  ие  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  деген  сұранысы  мен 
бұл  мәселенің  теориялық-әдістемелік  негіздерінің  жеткілікті  дәрежеде 
қарастырылмауы арасында; 
–инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін 
пайдалана  алмау  мен  оларды  жоғары  оқу  орнында  қолданудың  жеткіліксіздігі 
арасындақарама-қайшылықтар анық байқалады.  
Бұл  мәселенің  бастауыш  білім  беру  аясында  зерттелінуі  ғылым,  тәжірибе 
үшін де  өте қажет екендігін айқын дәлелдейді. Көрсетілген мәселенің өзектілігі 
мен  жеткілікті  деңгейде  зерттелмегендігін  анықтау  барысы  диссертациялық 
жұмысымыздың  тақырыбын  «Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ 

12 
 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  қолдануға  даярлау»деп  алуға  негіз  болды.  Анықталған 
қарама-қайшылықтар осы бағыттағы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына 
шолу  жасау  мен    талдау,  арнайы  педагогикалық  тәжірибе  жүргізу  арқылы 
болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  кәсіби  тұрғыдан  дайындауда 
инклюзивті 
білім 
беруде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиянықолдануының  теориялық  тұғырларын  және  практикалық 
ұсыныстарын біртұтас жүйе ретінде ұсынуға негіз болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет