Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата11.02.2020
өлшемі3,87 Mb.
#57614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ИББ диссертация

» деп атауға болатын шығар. 
Педагогикадағы  гуманистік  технологияның  негізін  құраған  педагог 
ғалымдардың пікірлерін талдай отырып, оның өзіндік ерекшелігі – мұғалімдер 
мен  оқушылардың,  оқытушылар  мен  студенттердіңбілім  беру-білім  алу 
үдерісінде  бір-біріне  жатсынбай,  оқу-танымдық  үдерістің  айрылмас  екі 
жағының  біртұтастығы  болуында.  Гуманистік  технология  педагогиканың  екі 
маңызды  құраушысы  болып  табылатын  –  мұғалім  мен  оқушының  жеке 
тұлғаларына  өзара  құрметпен    қарауға,  өзара  түсіністік  пен  сенім  және  терең 
тамырлы  сыйластық  болуын  қалайды  және  соған  қалыптастырады. 

43 
 
Педагогикалық үдерістің құраушы компоненттері болып табылатын   - мұғалім 
мен оқушы тұлғалары өзара сыйластыққа келер тұсы  - оқу-танымдық үдерістің 
нәтижелі өтуі үшін жасалынатын жағдайға да тікелей байланысты. 
Бұл жерде тек инклюзивті оқытудағы тұлға  - тек мүмкіндігі шектеулі бала 
ғана  емес,  оған  білім  беруші  мұғалімнің  де  дүниетанымдық,  гуманистік 
көзқарасы  мен  білім  беру/тәрбиелеу  қабілеттерінің  кәсіби  тұрғыдан  жетіле 
беруі  және  оған  да  мүмкіндігінше  жайлы  жағдайлар  жасалуы  керек  екендігі 
айқындалады. 
Инклюзивтік оқытудың негізі болып табылатын гуманистік технологияның 
бір параметрі мұғалім тұлғасының да осы жүйеге сәйкес келуімен байланысты 
айқындалады. 
Осылай, инклюзивтік білім берудің мәдени-гуманистік функциясы жүзеге 
асырылады.  Ол  жүзеге  асатын  кеңістік    әлеуметтік-мәдени  кеңістік  болып 
табылады.  Сол  арқылы  инклюзивтік  білім  беру  барысы  –  гуманистік 
идеялардың 
нәрлі 
тамырынан 
сусындайтын, 
демократтық 
сипатта 
ұйымдастырылған,  интенсивті/қарқынды  білім  беру  үдерісі  түрінде  іске 
асырылады.  Бұл  жерде  «интенсивті/қарқынды»  дегенді  беріліп  жатқан 
ақпаратты барлық сезім каналдары параллельді жолмен бірден  қабылдау және 
эмоциялық тәжірибеге сүйенетін білім беру формасы деп түсінген дұрыс.                                                                                                                                                                                                                                              
Гуманистік  идеяға  сүйенген  инклюзивті  білім  беру  үдерісінің  өзегі    - 
«балалардың барлығының да өз мүмкіншіліктеріне сәйкес, гармониялық, өзара 
үйлесімді даму деңгейінде оқып, өзі өмір сүретін қоршаған әлемді танып-білуі 
және  өзінің  өмірінде  оны  қажетіне  жарата  алатын  қабілетке  ие  болуына 
қамқорлық  жасауы  тиіс»  деген  идеяға  негізделеді.  Бірақ  арнайы  атап  кететін 
мәселе    -  жалпы  білім  беру  үдерісі  де  гуманизмге  негізделуі  тиіс.  Ал 
инклюзивтік  білім  беру  үдерісі  тек  гуманизмнен  туындап,  гуманистік  ой-
идеяны  тұғыр  етуі  керек.  Өйткені  дәстүрлі  педагогикалық  теория  мен 
практикада  бел  алып  тұрған  технократтық  оқыту  жүйесін  инклюзивтік  білім 
беру  жүйесіне  жай  «көшіріп  әкеле  салуға»  болмайды.  Ондай  жағдайда, 
инклюзивтік білім берудің түп табиғаты дұрыс бағытта қала алмауы мүмкін. 
Бұл  ретте,  Ш.А.Амонашвилидің  гуманистік  педагогикалық  жүйесінің 
болмысын 
ғалымның 
еңбектерінде 
және«Гуманистік 
педагогиканың 
Манифестінің»  негізі  қаланған  қабылдау  –  түсіну  –  көмектесу  –  сүю  – 
тілектестік білдіру»   формуласын негізге аламыз[123]. 
Инклюзивті білім берудің кең таралуы, ол жүйедегі әрбір пәнді оқытудың 
инклюзивтік  әдістемелерінің  қалыптасуыинклюзивті  педагогиканың  тереңдей 
қалыптасуына  ықпал  етуде.  Гуманистік  идеямен,  руханилықпен,  әлеуметтік 
әділдікпен 
біртұтастықта 
қарастырылатынинклюзивті 
білім 
беру 
– 
қазақстандық қоғам үшін игі істің ең зоры, игіліктің бастауы ретінде танылуы 
керек.  Өйткені  инклюзивті  білім  арқылы  ғана  барлық  адамға  «білім»  деп 
аталатын  адамзат  жинақтап  мирас  еткен  әлеуметтік  құндылыққа,  мұраға 
қолжетімді болуында бірдей мүмкіндік беріледі. 
Қазақстандық  инклюзивті  білім  беру  барысын  ұйымдастырудың  өзіндік 
ерекшеліктері  мол. 
Оның  ішінде  инклюзивті  білім  беру  үдерісін  және  оның 

44 
 
басты  тұлғасының  бірі    -  мұғалімді  даярлау  үдерісін  гуманизм  идеяларына 
сүйеніп  модельдеуді  атай  аламыз;  сонымен  бірге  арнайы  білім  алу 
қажеттіліктері  бар  балалармен  жасалатын  жұмыстарды  ұйымдастыру  мен 
уақытылы  диагностикалауды  айтамыз;  әрбір  баланың  жан-жақты  үйлесімді 
дамуына  қажетті  жағдайларды  жасау  үшін  мұғалімдердің  балалармен,  ата-
аналармен және өзара ынтымақтастық құруын атауға болады
.  
Білім  берудегі  педагог  тұлғасы  –  білім  алушыларына  тек  білім  мен 
шеберлік 
беріп 
қоймай, 
оқушылардың 
адамгершілік 
тұлғасын 
қалыптастыратын,  санасында  адамдық  құндылықты  тәрбиелейтін  тұлға. 
Педагог  тұлғасы  инклюзивті  білім  берудің  басты  мәселесі  болып  танылады. 
Педагог жоғары мәдениетке, рухани тұрақтылыққа және кәсіби біліктілікке ие 
болуы  тиіс.  Педагог  тұлғасы  мен  оның  басқару  стилінің  икемділігіне  білім 
алушы  топтардың  ішіндегі  психоэмоционалды  атмосфера  тәуелді,  оқыту 
ортасы  құрылып,  қолайлы  коммуникация,  серіктестік  пен  ынтымақтастық 
ұстанымдары  жүзеге  асырылады.  Инклюзия  идеологиясын  ендіре  отырып 
оқытушы  жоғары  рухани  ұстанымдарды  басшылыққа  алып  отыруы  керек.  Ол 
адамгершілік 
қасиеттерін, 
толеранттылық, 
мейірімділік, 
жақсылық, 
инабаттылық, сабыр мен «қалыпты емес» адамдарға деген сыйластық танытуы 
қажет. 
Инклюзивті  топ  педагогы  білім  алушыларының  дене,  интеллектуалды, 
эмоционалды  және  рухани  денсаулығына  жауапты  екендігін  ұмытпауы  тиіс. 
Сондықтан  педагог  әртүрлі  білім  алу  үшін  қолайлы  микроклиматты  тудыра 
алады.  Ол  –  әділ  болуы  тиіс,  білім  алушыларды  бөліп-жармай  барлығына 
бірдей  қарап,  олардың  өз  күшіне  деген  сенімі  мен  өзіне  деген  құрметін 
нығайтып, күш-жігерлерін жетілдіруге мүмкіндік жасауы тиіс[124]. 
Мұндай  қасиеттердің  бірлігі  мұғалімге  өзінің  басты  миссиясын  атқаруға 
көмектеседі:  үшінші  мыңжылдық  адамының  интеллектуалды  және  рухани 
әлемін  қалыптастыру.  Жол  нұсқаушы  және  «саналы,  мәңгілік  пен  жақсылық» 
жаршысы  болған  мұғалімнің  мұндай  жоғары  миссиясын  тек  өзінің 
адамгершілігі жоғары әрі саналы азамат қана орындай алмақ. 
Фантаст  Герберт  Уэллс  басып  алушылар  да,  мемлекетте  көпшіліктің 
болмысын  өзгерте  алмайды,  тек  мұғалім  ғана  жаңа  идеялар  тудырып, 
адамзаттың жасырын күштерін аша алатынын айтады. 
Біз,  педагог  ғылым  мен  білім  беру,  мәдени  және  философиялық 
дүниетанымды толық бейнелеуі керек деп есептейміз. «Интеллект – даналыққа 
апаратын есік» деген тұжырымдаманы қолдай отырып, біз даналық дегеніміз  – 
толыққандылық, біртұтастық пен синтез екендігін баса атап өтеміз.  
Ұлы диадактиканы дүниеге алып келген Я.А.Коменскийдің айтуынша, өсіп 
келе  жатқан  бала  тек  мейірімді  жан  бар  ортада  ғана  білім  алып,  тәрбиеленуі 
тиіс  екендегін  атап  көрсете  келе,    «Кім  ғылымда  табысқа  жетіп,  бірақ  жақсы 
қасиеттерде  артта  қалған  болса,  ол  табысты  емес,  керісінше,  артта 
қалушылыққа алып келеді» – деп жазғаны белгілі.  
Адам 
баласының 
табиғаты 
болмысында 
мейірімді, 
сондықтан, 
Я.А.Коменскийге сүйеніп, адамға сырттан ештеңені қосудың керегі жоқ, бірақ 

45 
 
өзінің  бойындағы  қасиетті  дамытып,  анықтауы  қажет  деген  пікірді  қостаймыз 
осы бағытты дамыту керек деп санаймыз[125]. 
Я.А.Коменскийдің  педагогикалық  мұрасында  даналық  -  адам  бойында 
мықты  негіздері  қаланған қасиет  екенін,  ол  қасиеттің  негізінде  бала  кезден-ақ 
адам  білім  алуға,  қиындықты  жеңуге,  тіпті  қиыншылыққа  ұмтылуға  деген 
ұмтылдырып  тұратынын  айтады.  «Ұлы  дидактиканың»  авторы  әрбір  адамның 
ішкі жан-дүниесі – жаққан шамдай екенін баса назар қойып айтады. Ең басты 
мақсат та, міндет те - оқушыны өзгелердің пікір-ойларын қолдануға ғана емес, 
өзінің  ішкі  жарығын  жағуға  да  көмектесу  керек.  Осы  ретте  Абайдың  «Ішінде 
кімнің оты бар, қар жауса да сөнер ме» деген даналығының үйлесіммен үндесіп 
жатқанын көреміз.  
Қазақстанның тұңғыш мұғалімдерін даярлауға үлес қосқан Ы.Алтынсарин 
педагог-мұғалімнің  рөлін  аса  бағалаған.  Баланы  жақсы  көрген  ұстаз  олардың 
болашағына  мейірімділікпен,  аса  қамқорлықпен  қарайды  дей  келе,  мұғалім  өз 
шәкірттерінің сеніміне ене отырып, жақсылыққа, адамгершілікке ұмтылдыруды 
көздейді.  Ол  «Мұғалім  балалармен  істес  болады:  егер  олар  бір  нәрсені 
түсінбесе, 
онда 
мұғалім 
оқушыларға 
ашуланбай, 
күйгелектенбей, 
сабырлылықпен  сөйлеп,  шұбалаңқы  сөздер  мен  керексіз  терминдерді 
қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек» [126]. 
Яғни  оның  пікірінше  мұғалім  өзінің  ісін  сүйіспеншілікпен,  бар  ынтасымен 
жасауы  қажет  деп  айта  келе,  балалардың  өзін-өзі  дамытуына,  өзін-өзі 
жетілдіруіне көп мән береді.  
Гуманизациялаудың  педагогикалық  аспектісі  адамның  бастапқы  рухани 
мәнін  түсінуге,  оның  ерекшелігі  мен  өзін-өзі  бағалауын  мойындауына 
байланысты.  Сонымен  қатар,  бұл  аспект  жүзеге  асырудың  қажетті  шартының 
аспектісі ретінде инклюзивті білім беруде жүзеге асыруы тиіс. 
Инклюзивті  білім  беру  мәселелерімен  айналысатын  ғалымдар,  қалыпты 
балалар,  әдетте,  ересектердің  көмегінсіз  топтың,  үйірме  немесе  сыныптың 
ажырамас  мүшесі  мен  қатысушысы  кез  келген  ерекше  қажеттіліктері  бар 
құрбы-құрдастарына қуана көмектесетінін айтып көрсетеді. 
Инклюзивті  білім  беру  мекемелеріне  баратын  балалардың  ата-аналары 
олардың  (балаларының)  «өзге»  балалармен  оқып  жүргенін  тіптен  сезбейтінін 
айтады. Балалар ата-аналарына сыныбында ым-ишаратпен (мылқаулар тілінде) 
немесе суреттер (суреттердің көмегімен қарым-қатынас жасау жүйесі) сөйлесе 
алатын  балалардың  бар  екенін  айтқанмен,  мұндай  балалардың  дамуда  артта 
қалып келе жатқанын бірде-бір рет айтпаған.  
Инклюзивті  педагогика  –  түпнегізінде  адамгершілік  педагогикасы. 
Инклюзивті  мектептердің  болуы  тек  мүгедек  балаларға  ғана  емес,  қалыпты 
дамып келе жатқан балаларға да оң ықпал ететінін айта кету керек. Мүмкіндігі 
шектеулі құрбыларына көмектесе отырып, қалыпты дамып келе жатқан балалар 
білім  беру  және  әлеуметтік  іс-әрекеттерге  белсенді  қатысып  қоймай, 
адамгершіліктің  өмірлік  сабақтарын  да  алып  отырады.  Бұл  оң  тәжірибе 
әлеуметтік саналылықтың, адамдар арасында айырмашылықтың болмауы, өзін-

46 
 
өзі  құрметтеу  мен  өзін-өзі  бағалау,  өз  ұстанымдарын  қалыптастыру,  ең 
соңғысы, шынайы достық пен қамқорлықтың өсуінен көрінеді[124]. 
Инклюзивті  білім  берудің  құқықтық  және  гуманистік  негіздерімен  тығыз 
байланысты тағы бір қыры   - инклюзивті білім беру жүйесінің аксиологиялық 
негіздері болып табылады. 
Қазақстандық  инклюзивті  білім  беру  жүйесінде  заманауи  талаптар 
негізінде  көптеген  өзгерістер  болып  жатқаны  белгілі.  Ол  өзгерістер 
өркениеттің, 
жалпыадамзаттық 
даму 
талаптарының, 
еліміздің 
даму 
бағдарларының ұстанымдарына сәйкес жүргізілуде. Бірақ олардың барлығы да 
инклюзивтік білім беру жүйесінің тамырланып, кең тарала дамуының бастауы 
ғана  болып  табылатыны  анық.  Нақтырақ  айтқанда,  олардың  барлығы 
инклюзивті  білім  берудің  аксиологиялық  іргетасын  қалайтын  құндылықтар 
ғана.  Ал  заманауи  қазақстандық  инклюзивті  білім  берудің  теориялық 
негіздемесі  мен  әдіснамасын  қалыптастыруда  аксиологиялық  тұғырдың 
гуманистік  педагогикамен  тығыз  байланыстылығын  назардан  тыс  қалдыруға 
болмайтыны белгілі. 
Еліміздің әлеуметтік дамуының басты ұстанатын бағдары  - еліміздің әрбір 
азаматының  өз  жаратылысындағы  қабілетін  жетілдіріп,  мүмкіндігін  жүзеге 
асыруға  ұмтылуға  қолайлы  жағдай  жасау.  Инклюзивтік  білім  берудің  қандай 
ұстанымы болса да, олардың әрбірін аксиологиялық құндылықтың көрінісі деп 
қабылдау  керек.  Өйткені  адамның,  оның  өмірінің  құндылығын  оның  қабілеті 
мен  қол  жеткен  табыстарымен  ғана  өлшенбеуі  керек.  Өйткені  әрбір  жарық 
дүниеге  келген  адам  өмірдің,  мына  жаратылыстың  тыныс  жүйесімен  біртұтас 
тіршілік жүйесіне еніп, сезінуге, ойлауға қабілетті. Сезім мен ой берілген әрбір 
адам өзінің ой қызметі арқылы туындаған мәсмелелерді келесі адамға білдіргісі, 
айтқысы келеді. Ол адам баласы ретінде сол ойын басқаға білдіруге және оны 
тыңдауын  талап  етуге  құқы  бар.  «Адамның  күні  адаммен»  дегендей,  адам 
болып өмірге келген соң, адамдар өзара біріне-бірі мұқтаж. Өмірді тану үшін, 
білім  алу  үшін,  тек  басқа  адамдарммен  қарым-қатынас  орнатып  қана  білім 
алуын жүзеге асыра алады. Адам баласының табиғаты достыққа, жолдастыққа 
әрдайым ұмтылыста болады.  
Ғылым  мен  білімнің,  әлеуметтік  табыстардың  нәтижелері,  өркениеттің 
даму  нәтижелері  –  білім  алушы  балалардың  барлығына  бірдей  қолынан 
келетіндей мүмкіндіктерді жасауы керек.  
Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  инклюзивті  білім  беруде 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдануын  зерттеу,  практикалық 
тиімділігін дәлелдеу, қолдану арқылы инклюзивті білім берудің аксиологиялық 
құндылығы  да  айқындалады.  Өйткені,  педагогикалық  аксиология  тұрғысынан 
қарастыратын болсақ, педагогика саласындағы жақсы жаңалықтардың барлығы  
- педагогикалық құндылық болып саналады.  
«Аксиология» терминін ғылыми қолданысқа ең алғаш1908 жылы енгізген 
француз философы А.Лапи болатын.                                                                                                                                                                                      

47 
 
Аксиология  –  құндылықтар  туралы  ғылым  саласы.  Басты  ұғымы    -                                                                                                                                                                                                                                                    
құндылық,  ол  қарым-қатынасқа  түсірілген  шынайы  өмір  құбылыстарының 
әлеуметтік-мәдени маңызын сипаттайды.   
Қазақстандық  инклюзивтік  білім  беру  жүйесінің  аксиологиялық 
аспектілері  осы  кезге  дейін  терең  және  жан-жақты  зерттелмей  келеді. 
Балалардың  сәби  кезінен-ақ  жақсы  мен  жаманды,  қайырымдылық  пен 
зұлымдықты,  шындық  пен  адасушыларды    және  басқалай  да  адамзатқа  тән 
жақсы  немесе  жат  нәрселерді  айыра  білу  дағдылары  қалыптасуы  тиіс.  Оған 
кедергі  келтіретін  нәрсенің  барлығы    –  аксиологиялық,  гуманистік  бағдарға 
қарсы келуді білдіреді. 
Педагогикалық аксиологиялық құндылықтар жүйесі дегеніміз – әлеуметтік 
жүйенің бір бөлшегі. Сондықтан Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін 
тап  та,  бар,  қалан»,  -  деп  айтқанындай,  мүгедек  балаларды  да  әлеуметтік 
ортаның  бір  кірпішіне  айналуына  мүмкіндіктерді  ғылыми  тұрғыдан  да, 
практикалық  тұрғыдан  да  зерттеу,  тану,  оқу  үдерісіне  енгізуді  қарқындату 
керек.  
Абай  үшін  әлемнің  ең  басты  құндылығы  –  рухани  кемелденген  «толық 
адам». Адамзат тарихы мен өркениетінде: білім, ғылым, иман, әлеп, өнер және 
адами 
қасиеттер: 
мейірімділік, 
жомарттық, 
әділеттілік, 
адалдық, 
қарапайымдылық, 
кеңпейілділік, 
кішіпейілділік, 
сыйластық, 
іскерлік, 
тапқырлық т.б. сияқты қасиеттерді бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – 
Абай сипаттаған «толық адам» концепциясына сай келеді [127, б.61]. 
Ол  үшін  инклюзивті  білім  беретін  болашақ  мұғалімдер  жоғары  оқу 
орындарында 
ақпараттық-технология 
қолдануға 
үйренуі 
барысында                                                                                                                                                                                
аксиологиялық  құндылық  туралы  білім  алып  пайдалану  керек.    Осымен  де 
байланысты,  аксиологиялық  негіздерді  ұстану  тұтас  мектептің  педагогикалық 
және  ғылыми-педагогикалық  бағыттағы  барлық  іс-әрекетінің  құндылығы 
арттыра түседі.  
 
1.2Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммуникациялықтехнологияларды 
қолдануға даярлаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 
Инклюзияның  интеграциядан  негізгі  айырмашылығы  ретінде  қоғамның  
ерекше бейімделу қажеттіліктері бар балаларға деген қарым-қатынасы аталады. 
Инклюзивті  білім  беру  үдерісінде  ізгілендірудің  рөлі  күшейіп,  тәрбиелік 
аспектісінің орны зорая түседі.  
Психологиялық  тұрғыдан  инклюзия  мен  интеграцияланған  оқыту  туралы 
алғашқы  идеяларды  Л.С.Выготский  айтқаны  белгілі.  Ол  арнайы  білім  беру 
мектептерінің барлық жетістіктерімен қатар оның ең негізгі кемшілігі  – өзінің 
тәрбиеленушісін  оқшауландыратынында,  көзі  көрмейтін,  құлағы  естімейтін, 
ақыл  есі  кем  балалардың  ұжымыоқшауланған  әлемді  қалыптастырып,  ол  орта 
баланың  тек  ауытқужағдайына  қарай  жасалынғандықтан,  баланың  назарын 
өзінің  бойындағы  кемшілігіне  бағдарланатынын  және  оны  шынайы  өмірге 

48 
 
ендірмей  тастайтынын  атап  көрсетіп,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қоғамға 
кіріктіру қажеттілігі туралы мәселе қозғаған[15]. 
Л.С.Выготскийдің пікірінше, дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеудегі 
басты  міндет–  оны  шынайы  өмірге  ендіру  және  оның  кемшілігін  басқа 
жолдармен  толықтыру.  Сол  толықтыруларды  Л.С.Выготский  биологиялық 
тұрғыдан  емес,  әлеуметтік  тұрғыдан  түсіндірді.  Дамуында  ауытқуы  бар 
балалармен  жұмыс  жасау  барысында  педагог  оқушының  бойында  көрініс 
беретін тек биологиялақ деректермен емес, түрліше әлеуметтік себептермен де 
кездеседі.«Кемшіліктері  бар  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  -  әлеуметтік 
тәрбиенің  мәселесі  ретінде  қарастырылу  керек.  Негізінен,  физиологиялық 
тұрғыдан толыққанды дамыған балалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды 
тәрбиелеуде және психологиялық тұлғасын қалыптастыруда олардың арасында  
ешқандай  айырмашылық  жоқ»,  -    деп  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қоғамға 
кіріктіру мәселесін көтерді [15]. 
Л.С.Выготскийдің  идеяларын  дамыта  отырып,  дамуында  ауытқуы  бар 
балалар  мен  дамуы  қалыпты  балаларды  біріктіре  интеграциялық  оқытуда 
рухани  және  тұлғалық  даму  мүмкіндігін,  әр  түрлі  жасында  орындайтын  іс-
әрекетінің  әлеуметтік  тәжірибе  ретінде  қалыптасатыны  туралы  айтады. 
Л.С.Выготский  білім  беру  жүйесіндегі  арнайы  мектептерді  толық  жоққа 
шығармайды.  Оның  айтуынша,  ондай  мектептер  баланы  өмірге  үйретуде 
қолдау  жасап,  көмек  көрсетуі  қажет,  өйткені  баланың  өсіп-жетілуіне  оның 
айналасындағы ортасы шешуші рөл атқарады.  
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлаудың  психологиялық  негіздерінің  мазмұны  студенттерде  оқытуды 
ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері мен оұу үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолданудың 
психологиялық 
ерекшеліктерін  қарастырға  еңбектерді  талдау  және  түйінді  ойлар  жасаудан 
тұрғады. 
Студенттерге  арнайы  курс  ұйымдастырылып,  онда  жоғарыдағы 
тармақшаларда  қарастырылған  «инклюзивті    білім  беру»  ұғымына  берілген 
анықтамаларға  сүйене  отырып,  әлемдегі,  қазақстандық  білім  беру  жүйесіндегі 
инклюзивтік білім беру саласы туралы білім жинақтайды.  
Студенттер  қалыпты  оқушылар  мен  ауытқуы  бар,  мүмкіндіктері 
толыққанды  емес  балаларды  біріктіре  отырып  білім  беруде  психологиялық 
білімі  кең  әрі  терең  болуы  міндетті.  Сонымен  бірге,  мұғалім  мұндай 
сыныптарда  жұмыс  жасаудың  ауыртпалығын  да  ескере  отырып,  өзінің  де 
физиологиялық,  психологиялық,  моралдық  денсаулығының  қуатты  болуына 
әрдайым назар аударып отыруы міндетті. 
Негізінде, «адам» мен «компьютердің» өзара әрекеттері күн артқан сайын 
қарқындап келе жатқан осы заманда инклюзивті білім беру саласында да АКТ 
орны ерекше болатыны сөзсіз. 
Психология  ілімі  болашақ  бастауыш  сынып  мұғаліміне,  қазіргі  студентке 
бірнеше қырдан психологиялық негіздеме жасауға жеткілікті болып табылады. 

49 
 
Күрделі мәселе  - түрлі бағыттағы психологиялық ілімдерді бір арнаға бағыттау 
екені белгілі. 
Сондықтан,  тақырыпқа  сай  болу  үшін  бастауыш  сыныпта  инклюзивті 
білімі  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолданудың 
психологиялық негіздерін былайша модельдеуге болады деп ойлаймыз. 
Бұл психологиялық негіздеменің күрделігі – оның бірнеше аспекті тұрғысынан 
қарастырылатыны  екенін  атап  өттік.  Бірінші  аспекті    -  «бастауыш  мектеп 
оқушысының  психологиясы»,  екіншісі    -  «инклюзивті  білім  берудің 
психологиялық ерекшеліктері», үшіншісі   -     «ақпараттық-коммуникаицялық 
технологияларды  қолданудың  психологиялық  ерекшеліктері»,  төртіншісі    -   
«инклюзивті  білімі  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 
қолданудың психологиялық ерекшеліктері» (4-сурет).     
 
 
 
Сурет 4 - Бастауыш сыныпта инклюзивті білімі беруде ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолданудың психологиялық негіздері 
 
Дәл  осы  модельдің  бүгінгі  күн  үшін  өзектілігіне  еш  дау  жоқ.    Бастауыш 
сынып  оқушысының  психологиялық  ерекшеліктері  оқу-танымдық  үдеріске 
қатысуы  арқылы  анықталады.    Ал  қалыпты  балалардың  да  инклюзивті  білім 
беру  жүйесіне  қатысушы  ретіндегі  психологиялық  ерекшеліктері  болашақ 
мұғалімге танымал болады.  
Сондықтан  инклюзивті  білім  берудің  психологиялық  қыры  жан-жақты 
ашылуы  тис.    Оның  үстіне  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 
бастауыш  мектепте  инклюзивтік  білім  беруде  қолданудың  да  танылуы  тиіс 
өзіндік  ерекшеліктері  де  мол  болары  белгілі.  Енді  осы  психологиялық  негізді 
құраушыларды қарастырайық. 
•«инклюзивті 
білімі беруде 
АКТ-ды 
қолданудың 
психологиялы
қ 
ерекшеліктері»
•«АКТ-ны 
қолданудың 
психологиялық 
ерекшеліктері»
•«
инклюзивті 
білім берудің 
психологиялық 
ерекшеліктері»
• «
бастауыш 
мектеп 
оқушысының 
психологиясы»
бастауыш 
сыныпта
инклюзивті 
білім беруде     
психологиялы
қ негіздері 
ақпараттық-
коммуникаци
ялық 
технологиян
ы
қолданудың

50 
 
Бастауыш  сыныпта  оқушылардың  танымдық  үдерістері  ерен  қарқынмен 
жұмыс жасайтыны белгілі. Олардың қабылдау, зейін, қиылдау, ес пен эадысы, 
ойлауы,  сөйлеуі  –  оқушылардың    оқу  әрекетіндегі  маңызды  компоненттері 
болып табылады.  
Бастауыш  сынып  оқушылары  өздерінің  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау 
қажеттілігін,  ойнау  қажеттілігін,  оқу  және  еңбек  ету  қажеттілігін 
қанағаттандыруы  үшін  ол  өзін  қоршаған  дүниені  қабылдап  үйрнеуі  керек, 
өзінің оқу не танымдық әрекеттеріндегі қандай да бір сәттерге байыппен назар 
аударып,  зейін  қойып  дағдылануы  керек.  Сонымен  бірге,  не  істеу  керектігі 
туралы, нені есінде сақтау керектігін, не жөнінде ойлану керектігін, не туралы 
сөйлеу керектігін алдын ала елестетіп барып жүзеге асыруға дағдылануы тиіс. 
Бастауыш  сынып  оқушысы  үшін  оқу-танымдық  үдеріс  қоршаған  дүниеге 
басқаша  есік  ашып,  ішкі  жан-дүниесінде  жаңа  әлем  қалыптастыратын 
ерекшелікке толы үдеріс болып табылады. Онымен қоса, күн сайын бастауыш 
сынып  оқушысында  бұл  үдеріс  күшейе  түседі,  дами  береді.  Солай  етіп,  ол 
танымдық үдерістердің әрқайсысы баланың тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік 
ерекше үлес қоса беретін болады.  
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық үдерісінің психологиялық 
құрылымын  білуі  арқылы  болашақ  мұғалімдер,  студенттер  инклюзивті  білім 
берудің  тиімді  әдістері  мен  амалдарын  таңдауда,  оның  ішінде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  қолданудың  да  жекелеген  ерекшеліктерін 
тануға қалыптасады. 
Оқу-танымдық  үдерістің  зерттелуі  мен  дамуына  үлкен  үлдес  қосқан 
ғалымдардың  ішінде  Л.С.Выготскийдің,  А.Н.Леонтьевтің,  Л.С.Сахаровтың, 
Ж.Пиаженің,  С.Л.Рубинштейннің,  басқа  да  көрнекті  ғалымдардың  есімдері 
белгілі. 
Жоғарыдағы модельде көрсетілген «Инклюзивті білімі беруде ақпараттық-
коммуникациялық  технологияны  қолданудың  психологиялық  ерекшеліктерін» 
одан  әрі  терең  тану  –  келешектің  міндеті.  Өйткені  инклюзивті  білім  берудің 
психологиялық  негіздері  әлі  де  болса  көптеген  мәселелердің  түйіні 
шешілмегені  себепті  бір  ортақ  жүйеге  түсірілмеген.  Ол  міндетті,  біздің 
ойымызша, арнайы қарастыру керек.  
Жалпы білім беретін мектепте қалыпты балалармен бірге оқитын мүгедек 
балалардың  білім  алуын  ұйымдастыру  үшін,  оның  ішінде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияны  қолдана  отырып  оқытудың  психологиялық 
негізін  білу  үшін,  қолда  бар  психологиялық  зерттеулердің  алдағы  уақытта 
мынадай  компоненттерден  тұратын  жүйеге  түсірілуі  керектігі  анықталды  (5-
сурет). 
 

51 
 
 
 
 
Сурет 5 - Инклюзивті білімі беруде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолданудың психологиялық ерекшеліктері 
 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолданудың  психологиялық 
ерекшеліктері  адамның  көру  және  есту  анализаторларының  мүмкіндіктерін 
қалай және қалай тиімді пайдалануды танытады.  
Бастауыш сынып оқушыларының білім алу үдерісінің алғашқы кезеңінде – 
сезіну  мен  қабылдауына  әсер  етіп,  сезім  органдары  арқылы  қабылданатын 
сигналдарды  дұрыс  өңдеуіне,  сөйтіп  дерексіз  ойлау  аясына  түсуіне  АКТ  игі 
әсер  ете  алады.  Осы  үдерістің  нәтижесінде  оқушыда  белгілі  бір  нәрсе  туралы 
қарапайым болса да байымдау және түйін ой қалыптасады.  
Компьютердің  есту  мен  көруді  бір  мезетте  оқушыға  жеткізе  алатын 
мүмкіндігі  оқушының  беріліп  жатқан  білімдік  ақпаратты  шамасы  жеткенше 
саналы  түрде  қабылдауына  мүмкіндік  береді.  Саналы  түрде  қабылдау 
барысында оқушының көрнекілікті қолдануы  – ұғымдар мен ой қалыптасуына 
негіз қалайды. 
Сонда  аудиобейнелі  оқу  құралдары  саналы  ойлауға  алып  келетін  ойлау 
үдерісі үшін қажетті шарттар пайда болуына әсер ететінін көруге болады. 
Инклюзивті  білім  беруде  бастауыш  сынып  оқушыларына  берілетін  білім 
мазмұнының  ұғынылуына  және  бекітілуіне  санасында  жарқын  сәттердің 
орнығуы  арқылы  тірек  болады.  Сондықтан  мұғалім  оқушыларға  оқу 
ақпаратының эмоциялық әсермен жеткізілуіне назар аударуы керек. Бұл жерде 
жағымды эмоциялық әсер ету туралы сөз болып тұрғаны белгілі.  
Сонымен  қатар,  түрлі-түсті  бояулы  бейне,  сурет,  тартымды  әуен, 
әріптердің  жазылуы,  нақты  да  айқын  естілетін  диктордың  дауысы  –  барлығы 
берілетін ақпараттың қабылдануы үшін аса маңызды болып табылады. 
Инклюзивті  
оқытудың 
психологиялық 
ерекшеліктері
қалыпты 
балалар 
психологиясы
естуі  бұзылған 
балалар 
психологиясы
көруі бұзылған 
балалар 
психологиясы
сөйлеуі 
бұзылған 
балалар 
психологиясы
қозғалысы 
бұзылған 
балалар 
психологиясы
эмоциялық-еркі 
бұзылған 
балалар 
психологиясы
психикалық 
дамуы тежелген 
балалар 
психологиясы

52 
 
АКТ-ны  қолдануда  мұғалім  мен  оқушының  өзара  бірігіп  орындайтын 
әрекетінің нәтижелі болуы, көп жағдайда, оқушылардың ақпаратты қабылдауға 
зейінін  қоюға  және  соны  біраз  уақыт  ұстап  тұруға  байланысты  болып  келеді. 
АКТ қолданып, оқушылардың зейінін сақтап ұстаудың бірнеше жолы ретінде – 
әсерленуді  күшейтуді,  зейін  қоюды  тікелей  талап  етуді,  енжарлық  пен 
алаңғасарлықты  жоюға  қарсы  әрекет  жасау,  сабақты  қызғылықты 
ұйымдастырылуы.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдана  отырып  сабақ 
беруде  оқушылардың  зейінінің  мынадай  психологиялық  ерекшеліктерін 
ескеріп,  реттеп  отыру  керек.  Оқушының  зейінін  қадап  отыруы,  тұрақтылығы, 
зейінінің  дұрыс  бөлініп  отыруы,  зейінін  басқаға  ауыстыруы.  Осындай 
амалдарды  қолданып,  оқушылардың  сабақ  барысында  талдау,  салыстыру, 
қорытындылар жасау, соның арқасында сабақ оқуға деген жағымды мотивация 
қалыптастыру мүмкін болады. 
Қазіргі уақытта білім беру үрдісінде мұғалімдердің әр түрлі компьютерлік 
технологияларды қолдану мүмкіндігі төмен екендігін айқындадық, бұл жағдай 
олардың  АКТ  құралдарын  қолдануда  кәсіби  дайындықтан  өтпегендігін 
білдіртеді,  осы  фактор  оларды  АКТ  технологиялардың  қолдану  мүмкіндігінде 
қиындық  туғызғандықтан,  белгілі  бір  ішкі  үрей    пайда  болатыны  белгілі. 
Осыдан  кейін  мынадай  мәселе  туындайды:  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдеріне  инклюзивті  білім  беру  аясында  жұмыс  жасау  дағдыларына 
үйрету, білімдер беру мен технологияларды қолдану негіздеріне оқыту мен оқу 
үдерісіне оларды тиімді интеграциялау  және қолжетімді технологиялар арқылы 
жетістікке  жету  қажеттілігін  қанағаттандыру  болып  табылады.  Қазіргі 
заманның  жоғарғы  оқу  орны  түлектері,  өзінің  алдындағы  бітірушілерінен 
қарағанда компьютерлік технологияларды қолдануы құзіреттілігі жоғары десек 
қателеспейміз.    
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуетін  тиімді  ашу  үшін  білім  беру 
үдерісінің  дәстүрлі  тәжірибеге  сәйкес  сандық  технологияларды  ұтымды 
қолдануға  болады.  Бұл  үдерісте  жеке  рөл  оқытушыға  беріледі:  ол  белгілі  бір 
балаға  психологиялық  дамуы  мен  коммуникативтік  дағдылар  қалыптастыру 
бойынша қандай құралдар пайдаланатынын және оң әсер беретінін анық білуі 
тиіс. 
Ғылыми-зерттеудің талдауы бойынша [128, р.49; 129, с.301], оқытушының 
міндетіне  дәстүрлі оқыту  үдерісімен  кезектесіп  АКТ дұрыс  таңдауы  да  кіреді. 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  АКТ-ды  қолдануда  болашақ  мұғалімдер 
инклюзивтік  құзыреттіліктің  пайда  болуына  төмендегідей  құзіреттіліктер 
негізгі болып табылады: 
1.  Психологиялық  құзыреттілік.  Ол  мектеп  кеңістігінде  жұмыс  істеу 
мақсатын,  өзін-өзі  дамыту  мен  өз  білімдерін  жетілдіру  қажеттілігін, 
педагогикалық  қызметті  өз  бетінше  және  жауапкершілікпен  жүзеге  асыруды, 
оқушының психикалық дамуына көмектесуді, ұдайы өз-өзімен, ойлау және тану 
қабілетімен жұмыс істеуді көздейді.  

53 
 
2.  Ғылыми-теориялық  құзыреттілік.  Ол  педагогикалық  ғылымды  дамыту 
тұжырымдамасын  білумен,  тұлғаны  дамыту  схемасын  үлгілеу  шеберлігімен 
және т.б. теңдестіріледі.  
3. Тәжірибелік құзыреттілік. Бұл – педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге 
асыруға мүмкіндік беретін тәжірибелік білімдер мен дағдылардың жиынтығы.  
4.  Психофизиологиялық  құзыреттілік.  Ол  тұлғалық  қасиеттер  мен 
балалармен педагогикалық жұмысты іске асыруға мүмкіндік беретін белгілі бір 
білімдердің үйлесімінен тұрады.   
5.  Физиологиялық  құзыреттілік.  Бұл  –  педагогтың  физиологиялық  және 
психикалық денсаулығының кәсіпке қойылатын талаптарға сәйкестігі.  
Құзыреттілікті  әдетте  тұлғаның  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырады. 
Құзыреттілік,  педагогтың  қасиеті  ретінде,  психикалық  уәждемелермен 
шарттасады.  Оның  дамуы  болашақ  кәсібімен  танысудан  басталады.  Одан  әрі 
жеке  тұлға  педагогикалық  қызметін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  белгілі 
бір  білімдер  мен  дағдыларды  игереді.  Таңдап  алған  мамандығына  деген  оң 
көзқарасы  бекіген  сайын  өзіне  сын  көзбен  қараушылығы  мен  өз-өзіне 
талапшылдығы  арта  түседі.  Шын  мәнінде,  құзыреттілік  уақыт  өте  келе 
педагогтың  жеке  тұлғалық  қасиетіне  айналады.  Педагогикалық  білім  беру 
мекемелерінде  бұл  көрсеткішті  студенттің  дамудың  әр  кезеңінде  өзінің  кәсіби 
міндеттерін сапалы орындау мүмкіндігі негізінде есептейді.  
Болашақ педагогтардың өз кәсіби қызметтерін орындаудағы құзыреттілігі 
мәселесі  психологиялық-педагогикалық  ғылымда  айрықша  орын  алады.  Оған 
Ресейде де, шетелде де көптеген зерттеулер арналған. Оған Ресей мен шетелде  
көптеген зерттеулер арналған. Бірқатар ғалымдардың зерттеулерін талдау[130, 
131] бітірушілердің құзыреттілігі –бұл төмендегі құрамдастардан тұратын тұтас 
білім деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Олар: 
–педагогикалық қызметті таңдау себептері (уәждемелік); 
–болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиеттері (тұлғалық); 
–балалармен жұмыс істеуге икемділік (еріктік); 
–игерілген білімдер, біліктер және дағдылар (когнитивті). 
Осыған  ұқсас  тәсілдер  педагогтардың  оқыту  үдерісінде  АКТ-ны 
пайдалануға кәсіби құзыреттілігі мәселесі бойынша зерттеулерді талдау кезінде 
де  кездеседі.  Айталық,  Г.А.Кручинина  өзінің  жұмысында  болашақ 
мұғалімдердің  АКТ-ны  пайдалану  бойынша  құзыреттілігінің  мәнін  анықтауға 
әрекет жасаған және құзыреттіліктің құраушыларын бөліп көрсеткен 
– психологиялық (кәсіби қызметінде техникалық құралдарды пайдалануға 
бағыттанушылық,  компьютерлік  технологиялар  саласындағы  өз  білімдерін 
жетілдіру ниеті, осы салада өз бетінше білім алу қажеттілігі); 
–ғылыми-теориялық  (ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 
педагогикалық үдеріске және оқушылардың мектеп бағдарламаларын игеруіне 
оң ықпалы туралы белгілі бір теориялық білімнің болуы); 
–тәжірибелік 
(компьютерлік 
технологиялармен 
жұмыс 
істеудің 
тәжірибелік машықтарының болуы); 

54 
 
– психофизиологиялық (болашақ педагогтың физиологиялық және рухани 
денсаулығының кәсіпке қойылатын стандартты талаптарға сәйкестігі). 
Егер  осы  тізімді  инклюзивті  білім  беру  ортасына  қолданса,  онда  әмбебап 
та, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған мамандандырылған да АКТ 
құралдарын пайдалану бойынша когнитивті құзыреттілік те болуы тиіс.  
Жоғарыда 
айтылған 
факторларды 
негізге 
ала 
отырып, 
Г.А.Кручининастуденттердің  педагогикалық  іс-әрекетте  АКТ-ны  пайдалануға 
дайындығына  анықтама  береді.  Бұл  құбылысты  зерттеуші  оқу  үдерісіне  АКТ-
ны  ендірудің  тұрақты  мотивациясы,  АКТ  саласындағы  ауқымды  теориялық 
білімдердің  болуы  және  оқу  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  ерік-жігер 
қасиеттерінің көрінуі деп түсінеді [132, б.25]. 
Осыған  ұқсас  ұстанымды  М.А.Ермағанбетова  да  ұстанады.  Оқыту  және 
дамыту  құралы  ретінде  АКТ-ны  пайдалану  бойынша  құзыреттіліктің  негізгі 
элементтері ретінде ол мыналарды атайды: 
–  мотивациялық  (АКТ-мен  жұмыс  істеуге  қызығушылық,  осы  салада 
белгілі бір табыстарға қол жеткізу); 
–танымдық (оқыту үдерісінде, соның ішінде гуманитарлық пәндерге АКТ-
ны пайдаланудың маңызын бағалау); 
–  эмоционалды-еріктік  (білім  берудегі  бәсекелестік  артықшылықтарды 
арттыру үшін АКТ-ны пайдалану қажеттілігін жете түсіну) [133, б.23]. 
I.Siraj-Blatchford өзінің еңбегінде ақпараттық-компьютерлік құзыреттілікті 
2  қырынан  қарастырады:  дәстүрлі  ақпараттық  технологияларды  шебер 
пайдалану  ретінде  және  білім  беру  нарығында  бәсекелестік  басымдыққа  ие 
болуға мүмкіндік беретін заманауи компьютерлік құралдарды сауатты қолдану 
ретінде[134]. 
Айта  кету  керек,  зерттеушілердің  көпшілігі  [135,  136,  137]  болашақ 
педагогтардың  бойында  инклюзивті  білім  беруді  қалыптастырудың  дәл  соңғы 
құрамдастағы  мәселелерін  бөліп  қарастырады.  Яғни  ЖОО  бітірушілерінің 
санасында  АКТ-ны  қолдану  XXI  ғасырдың  негізгі  технологиясы  деген  ереже 
қалыптасуы  тиіс.  Бұл  оқыту  мен  өз  бетінше  білім  алудың  тиімділігін 
арттырудың ұтымды әдісі, себебі оларды пайдаланған жағдайда мұғалімдердің 
де,  оқушылардың  да  өнімділігі  жақсарады.  Болашақ  педагогтар  АКТ-ны 
пайдалану  –  білім  беру  үшін  қалыпты  нәрсе  екенін  түсінуі  тиіс,  сондықтан 
оларда  білім  беру  ортасындағы  осы  құрамдасты  пайдалануға  деген  жағымды 
уәждемелік-құндылықты көзқарас болуы қажет.  
Тәжірибеде құзыретті педагог мыналарды білуі керек: 
–АКТ-ны пайдаланған жағдайда оқу үдерісін жоспарлау; 
–АКТ-мен жұмыс істеудің жеке және ұжымдық әдістерін ұйымдастыру; 
–АКТ-ны пайдалану жөніндегі өзінің теориялық білімдері мен тәжірибелік 
дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру [138, б.30]. 
Осылайша,  инклюзивті  білім  беру  ортасында  АКТ-ны  пайдалану 
педагогтан  үнемі  өз  құзыреттілігін  дамытып  отыруды  талап  етеді,  себебі 
мұндай  технологияларға  ұдайы  жаңғырту  мен  инновациялардың  пайда  болуы 
тән.  Бұл  ретте,  егер  жаңа  және  жақсартылған  АКТ  оқушылар  үшін  оқу 

55 
 
үдерісінің  қолайлылығы  мен  тиімділігін  арттырса,  онда  олар  жұмыс  уақытын 
пайдаланудың тиімділігіне әсер етпеуі мүмкін немесе кері әсер етпейді.  
Осыған  байланысты,  бұл  мәселенің  күрделілігінің  себебі,  оқытудың  озық 
сипаты төмендегі ережелер негізінде тұрғызылуы қажет деп есептейміз: 
–оқу  үдерісін  жаңғырту  мұғалімнің  және  жалпы  білім  беру  циклының 
педагогикалық  іс-әрекетені  жиі  өзгерістер  енгізіп  отыру  жолымен  жүзеге 
асырылуы керек; 
–оқытушы,  оқу  үдерісінің  негізгі  буыны  ретінде,  үнемі,  көбіне  жұмыстан 
тыс  уақытта  өз  бетінше  білім  алу  жолымен  АКТ-ны  қолдану  жөніндегі 
білімдері мен дағдыларын жетілдіріп отыруы тиіс.  
Кез-келген  технологиядағыдай,  АКТ-да  басты  рөл  коммуникацияларға 
беріледі.  Біздің  ойымызша,  компьютерді  осы  мақсаттарда  инклюзивті  оқу 
үдерісінде  пайдалану  оқушылардың,  соның  ішінде  дамуында  ерекшелігі  бар 
балалардың ауызша қызметін үш жақтан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: 
1.  Оқушылардың  оқудан  бос  уақыттарында  техникалық  құрал  – 
компьютердің  көмегімен  электронды  пошта  немесе  әлеуметтік  желі  арқылы 
қарым-қатынас жасауы. 
2.  Оқушының  компьютермен  интерактивті  өзара  әрекеттестігі  (сұраулар 
жасау,  ақпаратты  өңдеу,  электронды  мәліметтер  базасымен  жұмыс  істеу).  Бұл 
жағдайда компьютер қолданушының серіктесі ретінде қарастырылады.  
3. Сынып ұжымының үшжақты қарым-қатынасы: оқушылар, мұғалім және 
компьютер. Бұл – оқу қызметіндегі коммуникация тәсілдерінің бірі.  
Яғни, 
АКТ 
пайдалану 
ХХІ 
ғасырдың 
негізгі 
технологиясы 
ұстанымыжоғарғы  оқу  орындағы  түлектердің  санасында  қалыптасуы  тиіс 
болады.Оларды  пайдалану  оқытушылар  мен  оқушылардың  өнімділігін 
жақсартады,  солсебептен  оқыту  мен  оқудың  тиімділігін  арттыру  үшін  бқл 
ұтымды жол болып табылады.АКТ  пайдалану – білім беру үшін норма болуы 
тиіс,  сондықтан  осы  компонентті  білім  беру  ортасында  пайдалануболашақ 
мұғалімдер  үшін  мәндік  және  мотивация  тарапынан  оң  көзқараста  болуын 
қажетсінеді [139]. 
Іс жүзіндемұғалім мынадай біліктіліктерге ие болу қажет: 
– оқу үдерісін жоспарлау кезеңінде АКТ-ды пайдалану жолдарына; 
– жеке жұмыс және ұжымдық жолдарын ұйымдастыру үдерісінде АКТ-ны 
қолдану мүмкіндіктеріне; 
–  үздіксіз  АКТ  пайдалану,  олардың  теориялық  білімі  мен  практикалық 
дағдыларын 
жетілдіру 
іскерліктеріне. 
Ол 
инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайындаАКТ-дықолдану  технологиясы  үздіксіз  жаңғыртылыптұрады  және 
түрлі инновацияларға тән пайда болған өзгерістерге ие болады, себебі мұғалім, 
құзыреті дамытуда жалғастыруды талап ететінін  атап өткен жөн. 
Зерттеуші  Chai  Ching  ғаламтор  кеңістігінде:  форумдарда,  электронды 
пошта  арқылы,  чаттарда,  пікірлерде  қолданушылардың  қарым-қатынас  жасау 
ережелерін  құрылымдауды  жүргізген[140].  Біздің  ойымызша,  мұнда  тағы  да 
өзара  әрекеттестіктің  ойындық  нысандарын  да  қосу  керек  (оқытушы  ойындар 
болған жағдайда). 

56 
 
Профессор  Ю.Подгурецки  атап  көрсеткендей,  коммуникация  егер  оның 
мәні  барлық  тарапқа  түсінікті  болса  және  оған  деген  жақсы  қызығушылық 
қалыптасса ғана тиімді болады [141]. Бұл өлшемдерді АКТ-мен жұмыс істеуге 
көшіру  оларды  болашақ  мұғалімдердің  құзыреттілігін  қалыптастыру  үдерісіне 
ендірудің табыстылығының бастапқы факторларын жасауға мүмкіндік береді: 
–студентте  компьютер  мен  арнайы  құралдар  және  олардың  қызметтері 
туралы жеңіл-желпі білімдердің болуы
–студенттердің  білім  алу  мен  кәсіби  дайындық,  сондай-ақ  қарым-қатынас 
үшін АКТ-мен жұмыс істеудің маңыздылығын жете түсінуі. 
Табыстылықтың  бірінші  факторын  қолданушыларға  компьютерлік 
бағдарламалық  жасақтаманың  ежелерін  үйрету  жолымен  қалыптастыруға 
болады.  Екінші  фактор  оқытушының  студенттің  бойында  компьютерлік 
техникаға  деген  бейімділік  пен  ықыласты  қаншалықты  қалыптастыра 
алатындығына  байланысты.  Дер  кезінде  психологиялық  кедергіні  жою 
маңызды, әйтпесе АКТ тек жеккөрушілік туғызады.  
Жоғарыда  баяндалған  жайларды  ескере  отырып,  оқу  үдерісінде  АКТ-ны 
пайдалану  бойынша  құзыреттіліктің  дамуы  техника  мен  бағдарламалық 
өнімдерді  игеруден  басталып,  олардың  білім  беру  саласында  іске  асырылуын 
жете түсінумен аяқталатындықтан, шиыршықталған сипатқа ие деген тұжырым 
жасауға болады. 
Осылайша, оқу үдерісінде АКТ-ны пайдаланудың 3 түрін бөліп көрсетуге 
болады,  олар:  базалық,  функционалдық  және  кәсіби.  Олардың  алдында 
құзыреттілікке жатпайтын компьютерлік түсінік (қолданушы) деңгейі бар. Бұл 
ретте  бір  сатыдан  екіншісіне  өту  диалектикалық  терістеуді  көздемейді. 
Мысалы: базалық құзыреттілікке теориялық білімдердің белгілі бір жиынтығы 
тән. Одан әрі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде теория басқаша 
түсіндіріледі.  Сосын  тереңдетілген  білімдер  мен  тәжірибелік  дағдылар  оқу 
үдерісіне  АКТ-ны  ендірудің  жаңа  механизмдерін  жасауға  мүмкіндік  беретін 
бұдан  да  жоғары  таным  құрылымдарына  жинақталады.  Педагогтың  осы 
саладағы кәсіби  құзыреттілігіне ойлаудың белгілі бір  түрі  –  ақпараттық ойлау 
тән.  Оның  мәні  оқыту  мен  әдістемелік  материалдарды  жасау  үшін  АКТ 
құралдарын икемді және еркін қолдану болып табылады.  
Көбінесе  педагогикалық  оқу  орындары  бітірушілерінің  және  кейбір 
педагогтардың  білімдері  базалық  құзыреттілік  деңгейінде  жобаланғаннан 
төмен.  Осыған  байланысты  АКТ  саласындағы  бастапқы  хабардарлықты 
сипаттайтын,  «нөлдік»  деп  аталатын  тағы  бір  деңгейді бөліп  қарастыру  қажет 
деп есептейміз.  
Түрлі зерттеушілердің ұқсас бағдарлар бойынша ұстанымдарымен таныса 
келе  [54,  142,  143]  біз  әр  деңгейдің  сипаттамасын  жасадық.  Нәтижелері  6 
кестеде келтірілген. 
Сосын  тереңдетілген  білімдер  мен  тәжірибелік  дағдылар  оқу  үдерісіне 
АКТ-ны  ендірудің  жаңа  механизмдерін  жасауға  мүмкіндік  беретін  бұдан  да 
жоғары таным құрылымдарына жинақталады (6-кесте) 
 

57 
 
Кесте  6  –  Инклюзивті  білім  беру  саласында  АКТ-ны  қолдану  бойынша 
құзыреттілік деңгейінің сипаттамасы 
 
Педагог құзыреттілігінің 
деңгейі 
Сипаттамасы 
 Қарапайым 
(Компьютерлік түсінік 
деңгейі) 
Педагог білім беру үдерісін ақпараттандырудың 
маңыздылығын  түсінеді  және  информатика 
жөнінде 
азғана 
көлемдегі 
білімге 
ие. 
Тәжірибелік  дағдылары  бірнеше  стандартты 
бағдарламаларды игерген.  
АКТ 
саласы 
бойынша 
функционалды 
сауаттылықтың жеткілікті деңгейі болуы. 
Базалық 
Педагог  өзін  ақпараттық  қызмет  субъектісі 
ретінде  қабылдайды.  Ол  ең  қарапайым 
бағдарламалармен 
танысады 
және 
алған 
білімдерін 
тәжірибеде 
қолданады 
(факультативтерде, үйірмелерде және т.б.) 
Әрекетшілдік 
(Функционалдық) 
Педагог  оқу  үдерісіне  АКТ-ны  ендірудің 
стратегиялық және тактикалық міндеттерін жете 
түсінеді.  Ол  дамуында  ерекшеліктері  бар 
балаларға 
ақпаратты 
қолжетімді 
етуге 
мүмкіндік  беретін  бағдарламалардың  барлық 
қызметтерін 
сенімді 
қолдана 
отырып, 
графикалық  редакторларды,  кестелерді  және 
электронды  мәліметтер  базаларын  пайдалана 
алады.Барлық машықтар оқу-тәрбие қызметінде 
белсенді пайдаланылады.  
АКТ-ны  кәсіби,  әлеуметтік,  және  жеке 
міндеттерін  шешуде  тиімді  және  негізді 
қолдануы. 
Кәсіби (Жүйелілік) 
АКТ-ның 
көмегімен 
жаттығу 
барлық 
оқушылардың  толыққанды  жұмыс  істеу  сәтіне 
айналады. 
Педагог 
оқытуды 
ақпараттандырудың  терең  тұлғалық  мағынасын 
жете түсінеді, оқушылардың бойында жағымды 
көңіл-күй  қалыптастырады.  АКТ-ны  пайдалану 
дамуында 
ерекшеліктері 
бар 
балалар 
психологиялық  және  физикалық  жайсыздықты 
сезінбейтін күнделікті іс-шараға айналады.  
 
Педагогтің  инклюзивті  білім  беру  саласында  АКТ  пайдалану  бойынша 
кәсіби  құзыреттілігінің  деңгейіне  барлық  алдыңғы  деңгейлер  кіреді  және  егер 
педагогтің  осы  саладағы  базалық  құзыреттілік  деңгейі  қандай  да  бір  білім, 
білік,  іскерліктер  жиынтығы  болып  саналса,  онда  кәсіби  деңгей  бұған 

58 
 
тұлғалық-эмоционалдық  саланы  қосады.  Бұл  дәл  осы  педагогикалық  қызмет 
үшін  өте  маңызды,  себебі  ол  субъект-субъектілік  сала  болып  табылады,  және 
педагогтың  сезім  күйлерінің  аясы  мен  оқытушылық  пәнге  және 
пайдаланылатын  құралдарға  деген  жеке  көзқарасы  оқушылардың  оқу 
ақпаратын қабылдауы мен игеруінің тиімділігін айқындайды. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақапараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлауда  маңызды  орын  алатын  психологиялық  ерекшеліктері  деңгейлеп 
ұлғайып, біртіндеп мазмұн жағынан толығып отырады. Оны төмендегі кестеден 
көруге болады (7-кесте).  
 
Кесте  7–  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің АКТ-ны қолдануға даярлаудың психологиялық ерекшеліктері. 
 
Болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімінің 
инклюзивті  білім  беру 
жағдайында 
кәсібидаярлықмәселесі 
Болашақ  бастауыш 
сынып 
мұғалімінің 
ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануғадаярлау 
мәселесі 
Инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға 
даярлау мәселесі 
Психологиялық 
дайындығы  (эмпатия, 
мотивация,  адаптация, 
оптимизм, 
толеранттылық) 
Ақпараттық 
сауаттылығы 
(ақпараттық 
мәдениет,  ақпараттық 
қауіпсіздік 
ақпарат 
көздерін 
қолдануда 
этикалық-
эстетикалық  
аспектілері  (ақпарат 
дереккөздерін, 
сілтемелерін 
дұрыс 
қолдану). 
 
 
Инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында болашақ бастауыш 
сынып  мұғалімінің  АКТ-ны 
қолдану  барысында  ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар 
балаларға 
рухани-
адамгершілік,  толеранттылық, 
оптимистік, 
ынталандырушылық  сипатына 
ие  қарым-қатынас  жасау,  АКТ 
құралдарымен  жұмыс  жасау 
барысындағы 
ақпарат 
сауаттылық, 
мәдениет, 
қауіпсіздік 
 
этикалық-
эстетикалық  шарттарын  сақтау 
іскерліктері. 
 
Кестеде көрсетілгендей, 
болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инклюзивті 
білім  беру  жағдайында  кәсіби  даярлауда  эмпатия,  мотивация,  адаптация, 
оптимизм, толеранттылықты қалыптастырудың маңыздылығы алдыңғы орында 
болады 
Эмпатия  –  педагогикалық  маңызды  құбылыс  ретінде  көптеген  өзіндік 
ерекшеліктерге  ие.  Мұғалімдерде  де,  оқушыларда  да  эмпатияның  дамуына 

59 
 
тежеу  беретін  -    адамдармен  көп  араласпауды  қалайтын,  басқаның  жан 
күйзелісіне  бейжай  қарай  алатын  ішкі  ойдың  туындысы.  Мұғалім  оқушыға 
өзінің  эмпатиялық  қарым-қатынасын  көрсетуде  өзінің  ғана  көзқарасын 
міндеттейтін  болса,    эмпатияоқушының  ішкі  жан-дүниесінің  тура  көрсете 
алмайды. Бала есейе келе эмпатиялық қасиеті де азайып, тіпті, жойылып кетуі 
мүмкін.  Сондықтан  бастауыш  сыныптағы  әр  сабақта  мұғалім  оқушының 
шығармашыл тұлға ретінде дамуына керекті бағытты көрсетіп отыруы керек. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлаудың  педагогикалық  негіздері    өзіндік  ерекше  дидактикалық  жүйенің 
болмысын, 
құраушы 
компоненттерін, 
қызмет 
ету 
ерекшеліктерін, 
қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдерін,  оқыту  мен  тәрбиелеу  формаларын 
қарастырады. 
Зерттеу  нысанасы  болып  отырған  бастауыш  мектеп  мұғалімдерін 
инклюзивті  білім  беруге  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  саласына  қатысты, 
осы  мәселеге  байланысты  ғылыми  зерттеулер  мен  арнайы  еңбектерді,  жоғары 
оқу  орындарындағы  білім  беру  формаларын,  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын,  әдістемелік  материалдарды  шолу  және  талдау  барысында 
инклюзивті  білім  беретін  педагогтің  профессиограммасы  әзірленбегені, 
болашақ  педагогтерді  жаңа  кәсіби  қызметке  даярлаудың  тиімді  түрлері  мен 
мерзімдерінің  әлі  де  нақтыланбағанын,  педагогтерді  инклюзивті  білім  беруге, 
оның  ішінде  атап  айтар  болсақ,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны 
пайдалануға 
дайындаудың 
мазмұны 
мен 
арнайы 
оқу-әдістемелік 
материалдарының әзірленбегені анықталды.  
Ал  ҚР  МЖББС  «Бастауышта  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі» 
мамандық  түлектеріне  қойылатын  талаптарға  коммуникативтік,  ақпараттық; 
ғылыми-шығармашылық;  рефлексивтік,  диагностикалық;  жобаларды  жүзеге 
асыру мен модельдеу; жағдаяттарды шешу мен анықтау, өзін-өзі жүзеге асыру; 
өзін-өзі  жетілдіру  мен  өзін-өзі  дамыту  интегративті  құзіреттері  кәсіби 
құзіреттердің  қалыптасуына кіріктірілген. 
Көріп  тұрғанымыздай  бұл  мамандықтың  өзіндік  күрделілігі  мен  өзіндік 
ерекшелігі  болып  бастауыш  сынып  мұғалімі  тек  мұғалім  ретінде  ғана  емес, 
сонымен  қатар  педагог-кеңесші,  педагог-ақпарат  жіберуші  мен  қабылдаушы 
педагог-ғалым, 
педагог-жетекші, 
әдіскер-зерттеуші 
т.б. 
қызметтерін 
біріктіретінін көрсетті. Сонымен қатар бітіруші түлектер нақты педагогикалық 
іс-әрекеттегі  жағдаятты  және  кәсіби  міндеттерді  шығармашылықпен  шешу 
біліктіліктерінің дамытуын  қажет  етеді.  Осыған  байланысты  инклюзивті  білім 
беру  ортасында  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  педагогикалық 
даярлығының ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр[144]. 
Осы  күнге  дейінгі  бұл  бағытта,  көп  жағдайда,  көп  ретте,  қана  ерекшелігі 
бар  балалар  мен  дамуында  ауытқуы  бар  балалар  туралы  білім  беру  және 
педагогикалық 
үдерісте 
ол 
ерекшеліктерді 
ескерумен 
ғана 
байланыстымәселелер ғана қарастырылып келген.  Ал қолда бар зерттеулер мен 
еңбектерді  талдауда  теориялық  және  практикалық  негіздері  арнайы 

60 
 
жүйеленбесе  де,  қарастырылып  отырған  мәселенің  түрлі  қырлары 
қарастырылған. 
Кадирбаева  Р.І.  болашақ  мұғалімді  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін  дамытуға  кәсіби  даярлау  дегеніміз  білім  беру  үдерісінің  аясында 
студенттердің 
кәсіби-педагогикалық 
қызметке 
бағдарлануына 
және 
педагогикалық 
шығармашылық 
шешімдер 
қабылдауына, 
оқушылар 
тұлғасының  өзіндік  және  шығармашылық  шешімдер  қабылдауына  қол 
жеткізуде  ұйымдастырушылық  формаларды  құру  дағдыларын  меңгерулеріне 
жағдай  жасайтын  оқу  үдерісінің  барлық  құрылымдық  компоненттерінің  өзара 
ықпалдастық  байланысын  құруды  көздейтін    күрделі  үдеріс  деп  өзінің 
анықтамасын  ұсынады.  М.Сұлтанбек  жоғары  оқу  орнын  бітірген 
мамандардыңкәсіби  дайындығында  бірнеше  тенденцияны  бөліп  көрсетеді:–
жеке 
тұлғаның 
кәсіби 
әлеуеті 
және 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың  мүмкіндігін  өзінің  тұлғалық  сапаларын  жүзеге  асыруға 
жалпыадамзаттық құндылықтарды, болашақ мамандар  өзінің дамуы үшін білім 
саласында  жаңа  ізденістер,  жолдарды  гуманизациялық  тұрғыда  қарастырады; 
болашақ  мамандар  даярлауға  қойылатын  талаптар    оның  кәсіби  білімі    мен 
жалпы дайындық деңгейіне ғана емес, оның шығармашылық қабілетінің дамуы 
мен  интеллектуалдық  әлеуетіне  де  байланысты;  нарықтық  экономика 
жағдайында  адам  еңбек  нарығын    еркін  таңдауға  ие  болып,  өмірде  үлкен 
сұранымға ие болады; нарықтық экономика жағдайында  адам үнемі өзгерістегі 
жағдаяттарға байланысты кей жағдайда қысқа мерзім ішінде жаңа мамандықты 
меңгереді;  басқа  мамандықтарға  қарағанда  ақпараттандыру  аясындағы 
мамандар  саны  күн  сайын  өсіп  келеді  [145].Ғалымболашақ  мамандардың 
ізгіліктік жолдары арқылы бүкіл адамзатқа тән құндылықтардың мәнісін түсінуі 
мен  шығармашылықпен  өзін-өзі  жетілдіре  отырып,  ақпарат  қоғамындағы 
болашақ педагогтың кейпін сипаттап берді. 
Л.Ташимованың  пікірінше  болашақ  мұғалімді  кәсіби  даярлауда  жаңа 
сатыға  көтеру,  жетілдіру  үшін  тек  білім  мазмұны  мен  оқыту  әдістерін  ғана 
емес,  ақпараттық-компьютерлік    технологияларды  кеңінен  пайдалану  арқылы 
оқытуды  ұймдастыру  формаларын  жетілдіру  керек.  Бұл  мәселе  болса  өз 
кезегінде  оқу  үрдісін  дербестендіру  (бұл  нақты  көмпьютерлік  бағдарлама 
арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін);  нақты  іс-әрекетке  негізделгенкері 
байланысты қамтамасыз ету (компьютердің көмегімен білі алушы өзінің білімін 
бақылауға,  тексеруге  мүмкіндік  алады);  материалды  меңгеру  жылдамдығын 
арттыру сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі[146]. 
С.Т.Сиргебаева  өзінің  зерттеу  жұмысында  жоғары  оқу  орындарындағы 
студент  білім  алу  үдерісінде  заманауи  бағдарламалық-техникалық  оқу 
құралдарын  үйлесімді  қолдана  отырып,  оқу  материалын  дәл,  нақты  баяндап 
бере  алуы  керек.  Сонымен  бірге,  білім  беру  технологияларын  қолдануға 
бейімділігіі  болып,  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда    және  өз  білімін  тексеруде  
және  бақылауда  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  алатын  дағдысы 
болуы  керек.  Болашақ  мұғалім  ретінде  студент  алынған  нәтижелерді  талдап 
және  өңдеп,  ғылыми  және  педагогикалық    эксперименттер  жүргізе  алуды 

61 
 
үйреніп,  өзін  қызықтырған  ақпараттарды    жүйелі  түрде  жинақтап,  өңдеп  іс-
тәжірибесінде    орнымен  пайдалана  алатындай  болуы  тиіс.  Оған  қоса,  ол  өз 
әрекетін  жоспарлап,  бағдарлама  жасап,  жобалай  отырып,  бағдарлама  арқылы 
тиісті  эксперименттер  жасай  алуға  дағдылануы  тиіс.  Ғалым  басшылыққа 
алынған  талаптарды  жоғары  оқу  орындарының  әлемдік  кеңістігіне  кірігуінің 
алғышарты болып табылады дейді[147]. 
В.В.Хитрюктің  пікіріне  сүйене  отырып,  инклюзивті  білім  беру  шарттары 
педагогтің  кәсіби  дайындығының  мазмұнын  анықтайды  және  оның 
функцияларын өзгертеді: педагог әрекеттерінің  көпнұсқалы және көпвекторлы 
болуы,  көпсубъектілігімен  детерминденген  инклюзивтік  білім  беру  кеңістігі 
және шешілуі тиіс педагогикалық міндеттердің көпфункционалды болып келуі; 
коммуникативтік  құзірет  шегінің  кеңеюі;  білім  беру  нәтижесінің  сараланған 
көпдеңгейлі  анықтамасы  және  нақтылануы;  балалар  ұжымын  сан  түрлі 
айырмашылықтар  мен    «өзгешліктерге»  деген  төзімділікке,  сыйластыққа 
тәрбиелеуге  дайындау.    Осы  ерекшеліктерді  қабылдау  тек  арнайы  даярланған 
мұғалімдердің  ұйымдасқан  әрекетінің  негізінде  ғана  жүзеге  асырылады  деген 
ойды қостау керек.  
Бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлау  мәселелері  М.И.Дьяченко,  Л.А. 
Кандыбович, 
С.И.Волкова, 
Г.М.Коджаспирова, 
Ш.А.Амонашвили, 
В.В.Давыдов,  Л.В.Занков  еңбектерінде  зерделенсе,  қазақстандық  ғалымдардан 
бастауыш білім берудің әдіснамалық, дидактикалық, әдістемелік мәселелерімен 
Қ.А.Аймағамбетова,  С.Р.Рахметова,  Ә.С.Әмірова,  Ә.Е.Жұмабаева  және 
т.б.,ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
аясында 
болашақ 
мұғалімдерді  кәсіби  дайындаудың  жетілдіру  мәселелерін  Б.Т.Барсай, 
А.К.Мынбаева, 
Л.В.Нефедова, 
Г.А.Абдулкаримова, 
Н.Е.Исабек 
С.К.Абдибекова, К.Т.Мулдабекова, А.Қ.Мошқалов, Э.Уайдуллақызыжәне тағы 
басқа  зерттеулер  бастауыш  мектеп  мұғалімдерін  даярлау  сапасын  арттыруға 
қосылған үлес болып табылады. 
Сонымен,  инклюзивті  білім  беруге  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 
мұғалімдерді дайындау туралыжалпы түрде мынадай пікірге келуге болады.  
Болашақта  бастауыш  сыныпта  инклюзивті  білім  беруге  дайындалатын 
педагог өзінің кәсібіи-құндылық бағдарын келесідей жүйеде құруды үйренеді: 
- баланың  жеке  тұлғасының  қаншалықты  дәрежеде  ақауланғанына 
қарамастан, оны құндылық ретінде мойындауды; 
- балаға  тек  білім  беріп  қана  қоюды  емес,  денсаулығының  ақаулығына 
қарамастан,  толық дамытуға бағдар ұстануды; 
- адамзат  жинақтаған  білім  мен  мәдени  қазынаны  денсаулығында  ақауы 
бар балаларға жеткізуші ретінде де, сол қазынаның иесі ретінде де өзінің үлкен 
жауапкершілікте болатынын сезінуді
- осы салада жұмыс істейтін педагог қызметінің шығармашылық мәнін, көп 
рухани  күші  менбойындағы  қуатын  жұмсауды  қажет  ететін  болғандықтан, 
денсаулығының мәнін айқын түсінуді үйренеді. 
Ендігі  ретте  бастауыш  сыныпта  және  осы  деңгейде  инклюзивті  білім 
беруде  жаңа  педагогикалық  технологияларды,  оның  ішінде,  атап  айтқанда, 

62 
 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану  туралы  зерттеулер  мен 
еңбектерге тоқталайық.  
Осыдан  біраз  жылдар  бұрын  «оқыту  технологиясы»  термині  белсенді 
қолданылды.  Оның  мәні  білім  беру  үдерісінде  барынша  көп  техникалық 
құралдарды  пайдалану  болып  табылады.  Оларды  ендіру  тиісті  әдістемелік 
тәсілдерді  қажет  етті.  Нәтижесінде,  «техникалық  оқыту  құралдары  –  оқыту 
технологиясы»  тізбегі  пайда  болды.  Техникалық  құралдарды  оқу  үдерісіне 
ендіру  әрқашан  оқытушылық  құрамды  қайта  даярлаумен  және  оқыту 
бағдарламасын өзгертумен қатар жүрген.  
Оқыту 
технологиясын 
А.И.Тажигулова 
барынша 
егжей-тегжейлі 
қарастырған.  Ғалым  бұл  терминді  әр  оқушының  үйлесімді  дамуы  үшін  оқу 
үдерісін  ұйымдастыру  туралы  білімдер  мен  машықтардың  жиынтығы  деп 
түсінеді [148, б.47]. 
Оқыту технологиялары әрдайым ақпараттық болған, себебі ол ақпараттық 
ресурстарды  жүйелендіру,  сақтау  және  берумен  байланысты.Көрнекілік  үшін 
оқыту технологиясының даму кезеңділігін белгілеуге болады: 
–ауызекі және жазба тіл кезеңі; 
–бейнелерді суреттерге өткізу жолымен қоршаған әлемді үлгілеу кезеңі; 
– компьютерлік оқыту кезеңі.  
Е.С.Полат  АКТ  құралдары  төмендегідей  мүмкіндіктерге  жол  ашады  деп 
санады:  
–әр түрлі аймақтарда немесе әр түрлі елдердегі мектептердің педагогтары 
мен білім алушыларына арналған бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; 
–  ғылыми-әдістемелік  орталықтарының  кең  шеңбер  аясында  білім  алып 
жүрген адамдарға оқушыларға  кеңестік көмек ұйымдастыру
–педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қашықтықтан оқыту 
желісін ұйымдастыру; 
–өзінің  мәдени  деңгейін  арттыру  мен  дүниетанымын  жоғарылату 
мақсатында  қатысушылардың  қызығушылықтарына  сәйкес  бірлескен  жобалар 
аясындағы  сұрақтармен,  тақырыптармен,  түрлі  ақпараттармен,  идеялармен, 
жоспарлармен  алмасуын  ұйымдастыру  және  т.б.  мүмкіндіктерге  жол  ашады 
деді. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны 
бастауыш 
сыныпта 
инклюзивті  білім  беруде  қолданудың  педагогикалық  негіздері  ақпараттық-
коммуникациялық  технологиялардың  қай  түрлерін  бастауышта  инклюзивті 
білім  беру  үдерісінде  қолдануға  болатынын  және  қандай  дидактикалық 
талаптарды орындау арқылы оған қол жеткізуге болатынын қарастырады.  
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны 
бастауыш 
сыныпта 
инклюзивті білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияның басты үш 
қызмет орындайтыны белгілі. Атап айтқанда: 
1.Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны 
бастауыш 
сыныпта 
инклюзивті  білім  берудің  өтімділігі.Инклюзивті  білім  беру  үдерісінде 
оқушыларға  оқу  мен  жазуды  үйренуді  және  әрдайым  жеңіл  де  оңтайлы  ету 
мақсатында қолдануда техникалық қолдау болуын көздейді. 

63 
 
2.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  бастауыш  сыныпта 
инклюзивті 
білім 
берудің 
дидактикалық 
тұрғыдан 
атқаратын 
қызметі.Инклюзивті  білім  беру  барысында  қалыпты  балалардан  айырмай-ақ, 
денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін  лайықты  оқу  ортасын  құру 
мүмкіндігі үшін қолданылады. 
3.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  бастауыш  сыныпта 
инклюзивті  білім  берудің  коммуникациялық  (қарым-қатынас  жасау) 
қызметі.Оқушылардың  оқу    барысындағы  өзара  танымдық  әрекеттеріне  
ұйымдастыруға  қолдау  көрсетеді,  қалыпты  қоғамдағы  өмірдің  табиғи 
коммуникациялық дағдыларын меңгеруге  үйрету тиімділігі зор[149, б.201]. 
Негізінде,  дамуында  ерекшеліктері  бар  балаларды  оқыту  үшін  білім  беру 
үдерісінде пайдаланылатын құралдардың негізгі түрлері мыналар:  
–классикалық  технологиялар,  мысалы,даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім 
алушыларға арналған қызметтері ішіне орнатылған компьютерлер; 
–қолжетімді  ақпарат  үлгілері,  атап  айтсақ,сөйлейтін  кітаптар,  Брайль 
жүйесі, тағы басқалар; 
–білім алушылардың оқу әрекеттерін орындау мүмкіндіктерін жақсартуды 
көздейтін  қосымша  технологиялар  -  бағдарламалық,  техникалық  және 
аппараттық  құралдар  болып  келетін.Қосымша  технологияларға  сондай-ақ 
қозғалыс  қондырғылары,  қосымша  жабдықтар,  арнайы  пернетақталар  да 
жатқызылады.  
Инклюзивті білім беруде қолданылатын негізгі құралдар қатарында  оқуға 
арналған  бағдарламалық  жасақтама  және  виртуалды  орта  да  бар.  Оларды 
барлық  оқушылар  қолдана  білуі  тиіс.  Осы  мәселе  инклюзивті  білім  беру 
үдерісіндегі  барлық  оқушылар  үшін  пайдаланылатын  технологиялардың 
бірыңғай дизайнын жасаудың маңыздылығы туралы қорытынды шығады.  
Тірек-қимыл  аппаратында  бұзылыстары  болуынан  мүмкіндігі  шектеулі 
оқушылар  үйрену,  ғаламтор  арқылы  қарым-қатынас  жасау  үшін  қарапайым 
дербес  компьютерді  пайдаланады.  Ғаламтордағы  балаларға  арнайы  әзірленген 
ақпараттық  ресурстар  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  оқу-танымдық 
тұрғыдан үлкен мүмкіндіктерін ашады. Олар ғаламтор арқылы қарым-қатынас 
жасау  аясын  кеңейтіп,  сабақ  бойынша немесе  жеке    қызығушылығы  бойынша 
ақпарат іздеуге, қашықтан білім алуға және компьютер мен ғаламтордың тағы 
басқа  толып  жатқан  мүмкіндіктерін  оқу-танымдық  қажеттіліктеріне  сай 
жаһандық желіні қолданады.  
Көп жағдайда АКТ-ның пайдаланылуы тек бір ғана – оқушылардың білім 
мен  ақпарат  алуын  сипаттайтын  ақпараттық  қырымен  ғана  қабылданады.  Бұл 
мағынасының бұрмалануын тудырады, себебі АКТ «білімдерді құру, жасауды» 
білдіретін  сындарлы  қырынан  да  қарастырылуы  тиіс.Осының  нәтижесінде 
көптеген  зерттеушілер  [150,  б.134;  151,  б.170;  152,  б.25]  АКТ-ны  «цифрлық 
технологиялар»  синонимімен  ауыстырып,  мұны  ақпараттық  және  сындарлы 
құраушылардың арасында теңгерім болуы керектігімен дәйектейді. Ақпараттық 
ресурстарды  пайдалану  дағдылары  сондай-ақ  ауқымды  мағынада  да 

64 
 
қарастырылады.  Мұны  әр  оқушының  оқу  және  тану  үдерісінде  сандық 
технологияларды пайдалана білуі деп түсінуге болады. 
Білім 
беру 
саласында 
пайдаланылатын 
барлық 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  2  үлкен  топқа  бөлуге  болады, 
олар:классикалық технология және қолданбалы технология. 
Классикалық  немесе  технологиялық  АКТ  жабдықтар  мен  бағдарламалық 
қамтамасыздандырудан  тұрады.  Бұл  топқа  компьютерлер,  интерактивті 
құрылғылар, ақпаратты оқуға арналған құрылғылар және тағы басқалар кіреді. 
Бағдарламалық қамтамасыздандыруға келсек, ол жалпы да, мамандандырылған 
да  бола  алады,  мысалы:  дамуында  белгілі  бір  психофизикалық  қиындықтары 
бар  балаларға  арналған  немесе  инклюзивті  құзыреттілігі  бар  педагогтарға 
арналған. 
Қолданбалы  АКТ  мүмкіндігі  шектеулі  балалардағы  ауытқушылықтарды 
анықтау және түзету үшін пайдаланылады. Оларға бақылау құралдары, рөлдік 
ойындарға арналған заттар, коммуникациялық құралдар және т.б. жатады. Білім 
беру мекемесінде дамуында ерекшеліктері бар баланың барлық мүмкін болған 
құзыреттіліктердің бәрін алуынакөмектесу үшін классикалық та, қолданбалы да 
АКТ-ны пайдалану маңызды.  
Ғалымдар[153, 154, 155]мектеп аясында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың дамуына сандық технологиялардың тигізетін ықпалын зерттеулерін 
талдау    барысы,  оларды  бірқатар  тұжырымдар  аясына  жинақтауға  болатыны 
анықталды: 
–сандық  технологияларды  пайдалану  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балалардың дамуына елеулі ықпал етеді; 
–заманауиАКТ барлық балаларға бірдей қолжетімді емес; 
–мүмкіндігі шектеулі баласын арнайы АКТ-мен қамтамасыз етуге барлық 
отбасының бірдей мүмкіндігі жоқ; 
–денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  АКТ-ны  мектептен  гөрі үйде 
көбірек пайдаланады; 
–  педагогтердің  АКТ-ны  қолдану  жөніндегі  білімдері  жұтаң,  сондықтан 
бұл аспаптарды оқу үдерісіне енгізуге асықпайды
–мектеп  мекемелерінің  заманауи  АКТ-мен  жабдықталу  деңгейі 
айтарлықтай төмен, бұл елімізде инклюзивті білім беруді енгізуді тежеп отыр. 
Әрине, АКТ тұлғаның психикалық дамуына тек оң ықпалын ғана емес, кері 
әсерін  де  тигізе  алады.  АКТ-ны  қолданудың  зиянды  жақтарына  мыналарды 
жатқызуға болады: 
–қауіпті  байланыс  мүмкіндігі  (АКТ-ны  дұрыс  қолданбаған,  ескі 
монитормен  жұмыс  істеген,  қауіпсіздік  ережелерін  бұзған  және  т.б. 
жағдайларда); 
–компьютерді  ұзақ  пайдалану  әсерінен  баланың  физиологиялық 
денсаулығына кері әсері (көздің шаршауы, қапырық бөлмеде жұмыс істеу және 
т.б.); 
–құрастыру, қолөнер, рөлдік ойындар тәрізді тіршілік әрекеттерінің басқа 
да түрлерін елемеу; 

65 
 
–баланың таным қабілетіне кері ықпал етуі [156]. 
Инклюзивті  білім  берудің  тиімділігін арттырудағы болашағы  бар бағыт  – 
стереоскопиялық дидактикалық оқыту құралдарын жасау болуы мүмкін.  
Сонымен  қатар,  И.В.Роберт  өзінің  еңбектерінде  білім  беру  үдерісіндегі 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  құралдарын  пайдаланудың 
негіздерін айқындады. Олар:  
1.  Ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  оқыту  үдерісінің  барлық 
деңгейінде  жетілдіру,  яғни  оқыту  үдерісі  мен  сапасын,  танымдық  іс-әрекетін 
жоғарылату,  пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асыру,  қажет  ақпараттарды 
іздеу мен дер кезінде табу, тиімділігін көтеру.  
2 Білім алушының жеке тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғам жағдайында 
өмір  сүре  алу  икемділігі,  яғни  әр  түрлі  ойлау  қабілеттерінің  пайда  болуы  мен 
дамуы,  қиын  және  күрделі  жағдаяттардан  туындаған  мәслелерден  шығу 
жолдарын  табу,  мультимедия  технологияларында  пайдалана  алу  іскерліктерін 
дамыту,ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. 
3. 
Қоғамның  тапсырыстарын  орындау  іскерліктері,  яғни  ақпаратты 
талдау мен жинақтау, саралау мен ажыратуда сауатты тұлғаны дайындау; білім 
алушының  компьютерді  тек  білім  құралы  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар 
басқа  да  ішкі  жан  дүниесінің  қабілеттіліктірінің  әлеуетін  ашу  құралы  ретінде 
тану т.б.  
Көріп  тұрғанымыздай  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 
тиімділігі  жан-жақты  зерттелген[157].  Ендігі  мәселе  -  бастауыш  сыныпта 
инклюзивті  білім  берудегі  мұғалімнің  АКТ  қолдануының    өзіндік 
ерекшеліктерін қарастыру.  
Оқыту  үдерісінде  компьютерлік  технология  мен  техниканы  қолданудың 
негізгі  педагогикалық-психологиялық  мәселелерімен  айналысқан  ғалымдар, 
білім 
беруді 
ақпараттандыру 
саласында 
зерттеушілер 
Ж.А.Қараев, 
И.И.Антипов,  Е.Ы.Бидайбеков,  К.М.Беркімбаев,  С.С.Үсенов,  С.М.Кеңесбаев  
және  т.б.  өз  еңбектерінде    ақпараттық  технология  құралдарын  қолданудың  іс-
тәжірибесі,  танымдық  әрекеттерді  басқару  үдерісі,  оқу  орындарындағы  
пәндерінің  мазмұны,  әдістері,  құралдары,  оқыту  түрлері  мен  оның  нәтижесін 
бақылау  жаңа  дидактикалық  шарттарға  негізделіп  және  жаңа  құрылым, 
ұйымдастыру  қызметі,  орындалу  нәтижесі,  көп  ізденуді  қажет  ету  керектігін, 
педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. 
Ғылыми  еңбектерге  талдау  жүргізе  келе,  біз,  мұғалімнің  компьютерлік 
технологиялармен жұмысына мына функциялар кіретінін анықтадық: 
–  оқу  үдерісін  сыныптың  және  пәннің  өзіндік  деңгейіне  қарай 
ұйымдастыру (оқу үдерісінің кестесі, бақылау, қорытынды бақылау); 
–  жұмыс  орындарын  реттеу,  сыныпты  ұйымдастыру,  нұсқаулық  жүргізу, 
сынып ішілік желілерді басқару т.б.; 
–  оқушыларға  жеке  бақылау  жасау,  жеке  көмек  беру,  баламен  жеке 
«адами» байланыс орнату; 
–  ақпараттық 
ортаның 
компоненттерін 
даярлау 
(әртүрлі 
оқу, 
демонстрациялық құралдар, бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу-көрнекі 

66 
 
құралдар  т.б.),  олардың  белгілі  бір  оқу  курсының  мазмұнымен  пәндік 
байланысы.  АКТ-ны  сабақтың  әрбір  кезеңдерінде  мақсатына  байланысты 
қолдануға болады. 
Сонымен қатар сабақтың оқу үдерісін талдай келе, сабақта қолданысқа ие 
дәстүрлі және инновациялық құралдардың сәйкестік кестесі құрастырылды (8-
кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет