2 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ
БАСТАУЫШ
СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІН
АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУҒА
ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлау әдістемесінің мазмұны
Оқыту үдерісіне информатика мен заманауи ақпараттық технологиялардың
жаңа әдістерін енгізу үдерісі елдегі білім беруді ақпараттандыру стратегиясына
сәйкес жүзеге асырылуда. Оқу орындарын компьютерлік техникамен
қамтамасыз
ету
бағытында
белсенді
жұмыстар
жүргізілуде.
Оқу
аудиторияларының (сыныптардың жалпы санының 68%-ға жуығы) сапалық
жағынан ескіруі ақпараттандыруға кедергі болып отыр. Бұл білім беру
үдерісінде заманауи техникалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануға
мүмкіндік бермейді. Біздің Алматы қаласындағы 32 жалпы білім беру
мектептерінің ақпараттық құжаттарына (кездейсоқ таңдау әдісімен) жүргізген
талдауымыздың барысында оқу орындарының басым көпшілігі штаттық
информатика анықталды. Оқыту бағдарламаларының көпшілігінде дамуында
ерекшеліктері бар балалардың ақпараттық ресурстардың құрылғыларын,
әдістері мен алгоритмдерін пайдалануына тиісті рөл берілмейді (информатика
аясында да, басқа пәндер аясында да).
Оқу үдерісінің АКТ-мен жеткілікті қамтылмауының негізгі себептері 8
суретте көрсетілген (8-сурет).
Сурет 8 - АКТ-ны оқу үдерісіне жаппай енгізуді тежейтін негізгі себептер
Оқу үдерісінде АКТ-ны пайдаланудағы қиындықтарды анықтау
мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
52%
12%
11%
1%
15%
6%
3%
компьютерлік техниканың
сапалық жағынан ескіруі
компьютерлік бағдарламалар
сапасының төмендігі
оқушылардың компьютермен
жұмыс істеуге дайындығының
жеткіліксіздігі
оқытушылардың компьютерлік
технологиялар саласындағы
дайындығының жеткіліксіздігі
оқытушылардың АКТ-ны оқу
үдерісіне енгізуге
қызығушылығының болмауы
компьютерлік техникаға
қолжетімділіктің жеткіліксіздігі
компьютерлік бағдарламалардың
кемшіліктері
109
студенттерінің арасында сауалнама жүргізілген. Оған 60-тан астам болашақ
бастауыш сынып мұғалімдері (соңғы курс) қатысқан. Зерттеу барысында
студенттер «Отбасы және компьютерлік технологиялар» сауалнамасының
сұрақтарына жауап берді.
Сауалнама алынғандардың 75%-ында жеке дербес компьютері болуына
қарамастан, сауалнама нәтижелері педагогикалық ЖОО студенттерінің
арасындағы ақпараттандыру айтарлықтай төмен деңгейде екенін көрсетті.
Сауалнама алынғандардың көпшілігі (58,2%) өздерінің АКТ туралы білімді
мектепте алғандарын көрсеткен.
Тек 33%-ы ғана педагогика саласында компьютермен жұмыс жасай
алатынын және информатика негіздері бойынша ең төменгі білімге ие
екендіктерін айтқан. Қалған 48% респондент компьютерді тек өздері үшін білім
беру Ғаламторлық ортаға шығу үшін ғана қолданатынын атап көрсеткен.
Студенттердің 12%-ы компьютерді пайдаланбайды, оның орнына оқу
мақсатына ұялы құрылғылардағы ғаламтор желісін қолданғанды дұрыс көреді,
ал 7%-ы - педагогикалық қызметті оқып, үйрену мақсатында компьютерді де,
басқа құрылғыларды да пайдаланбайды, оның орнына қағаз әдебиетті қолайлы
көреді (сурет-9). Инклюзивті білім беру жағдайында компьютерді қалай
пайдалану керектігін бірде-бір студент білмейді. Сөйте тұра студенттердің
басым көпшілігі (75,6%) АКТ-ны педагогикалық үдеріске енгізу оның
тиімділігін арттырады деп есептейді (9-сурет).
Сурет 9 - Болашақ педагогтардың компьютерді педагогикалық
құзыреттілігін арттыру мақсатына пайдалануы
Респонденттердің 81,5%-ы оқу орнында оқу барысында АКТ-ны
пайдаланатын пәндерді көбірек енгізу қажет деп мәлімдеді. Бұл білім беру
33%
48%
12%
7%
кеңінен пайдаланады
тек ғаламтор үшін
пайдаланады
пайдаланбайды, оның
орнына цифрлық
құрылғылары қолданады
мүлдем пайдаланбайды
110
үдерісінде ақпаратты өңдеу мен ұсыну құралдарын, әдістері мен тәсілдерін
пайдалану мүмкіндіктерін арттырады.
Дербес компьютерде жұмыс істеу білімі, шеберлігі мен дағдыларына деген
қажеттілік 13,5%-ында сақталған. Сауалнама алынғандардың көпшілігі
өздерінің компьютерлік техникамен жұмыс істеу білімі мен білігі өте аз деп
есептейді.
84 сауалнамаға қатысушы инклюзивті білім беруді ақпараттық қамтамасыз
ету саласында білім, білік, дағдылардықажет ететінін атап көрсеткен.
Студенттер компьютерлендіру мен заманауи АКТ-ның жетістіктерін табысты
пайдалану заманауи білімді адамның қажетті ерекшелігі екенін түсінеді.
Сауалнама алынғандардың 62%-ы білім беру үдерісіндегі компьютерлік
технологиялар баланың дамуында оң нәтижелерге және тіпті оның тұлғалық
өсуіне алып келеді деген ортақ пікірге келген. Алайда, барлық дерлік
респонденттер (82%) педагогтар мен ата-аналар баланың дербес компьютердегі
жұмыс барысын ұдайы қадағалап отыруы керектігін атап көрсеткен.
Алынған нәтижелер негізінде студенттер материалды жеткізу кезінде АКТ-
ны пайдаланудың бар маңыздылығын түсінеді деп тұжырымдауға болады.
Олардың көпшілігі ақпараттық құралдарды оқыту үдерісіне енгізу білім берудің
тиімділігін арттыра алады деп есептейді.
Болашақ мұғалімдердің «ақпараттық құзыреттілік» ұғымын түсіндіруі бір-
бірінен қатты ерекшеленеді. Бұл аталған терминнің айтарлықтай кең мағыналы
екендігімен байланысты. 10 суретте осы мәселе бойынша сауалнама нәтижелері
көрсетілген (10-сурет).
Сурет 10 - Болашақ педагогтардың «Педагогтің ақпараттық құзыреттілігі»
ұғымын түсіндіру нәтижелері (педагогикалық қызметте АКТ-ның пайдалану
құзыреттілігі), %-бен
Алынған нәтижелер болашақ педагогтердің қатарында «ақпараттық
құзыреттілік» терминінің бірыңғай түсінігі жоқтығын көрсетеді. Сауалнама
26.1
22
38
4.2
1.1
8.6
ақпараттандыру туралы білім қорының
көп болуы
ақпараттық ресурстарды пайдалану
шеберлігі
практикалық ақпараттық міндеттерді
шешуге бағытталған қажетті теориялық
білімдердің үлкен қоры
ақпараттық қарым-қатынасты
ұйымдастыру шеберлігі
бұл ақпараттық жаңалықтардан хабардар
болу мүмкіндігі
басқа пікірлер
111
алынғандардың басым бөлігі оны кәсіби іс-әрекетбарысында тәжірибелік
міндеттерді шешуге қажетті теориялық білімдердің қомақты көлемімен
теңдестіруге болады деген қорытындыға келген.
Оқу үдерісін ақпараттандыру кезінде жұмыс істеп тұрған оқытушылық
құрамды қайта даярлау қажет етіледі. ҚР білім беру жүйесіндегі басшы және
ғылыми-техникалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық
институттың мәліметтері бойынша, оларға бағдарламалық және компьютерлік
құралдардың қыр-сырын оқытуға жұмсалатын шығындар оқу орындарын АКТ-
мен
жабықтау
бюджетімен
бірдей[198].
Педагог
компьютер
мен
мультимедиялық жабдықты меңгеріп қана қоймай, оның негізінде өз білім беру
бағдарламаларын жасауы, оқу үдерісі мен оқушылардың АКТ-ға деген
көзқарасын өзгертуі тиіс. Болашақ педагогтарға сонау педагогикалық білім алу
деңгейінде білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық құралдарды
пайдаланудың
ерекшеліктерін
оқытпайынша
оқыту
үдерісін
толық
ақпараттандыру мүмкін емес.
Педагогикалық білім алу барысындағы мамандардың ақпараттық
құзыреттілігі екі негізгі бағыт бойынша қалыптасуы тиіс:
1. Ғылыми-педагогикалық. Ол болашақ педагогтардың білім беру саласы
қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай теориялық білімдер мен
дағдыларды игеруін көздейді. Оқу орнындағы білім беру еңбек қызметін іске
асырудың шынайы жағдайларына барынша жақындатылған болуы маңызды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттың негізгі құндылықтары мыналар:
- басым ақпараттық-педагогикалық міндеттердің нысаналы мақсатта
шешілуі;
- өз ғылыми-педагогикалық міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру,
АКТ-ны пайдалана отырып, басымдықтарды орындау кезінде оларды дұрыс
орналастыра білу;
- ақпараттық міндеттерді саралау және басым міндеттерді бөліп алу
кезінде көп мөлшердегі өлшемдерді талдауды пайдалану;
- стандартты немесе біртекті міндеттерді шешудің бағдарламалық тәсілдері
мен әдістерін меңгеру;
- педагогикалық үдерісте ақпараттық ресурстарды өңдеу мен жүйелендіру
әдістерін таңдаудың негізгі өлшемдерін қалыптастыру.
Яғни әңгіме оқу үдерісінде АКТ-ны оқу үдерісінің және оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырудың тиімді құралы ретінде пайдалану
мақсатын қалыптастыру туралы болып отыр. Еңбек қызметі тиімді болуы үшін
педагогтан, атап айтқанда, дамуында ерекшеліктері бар балаларға көмектесетін
арнайы қызметтері бар АКТ саласындағы жаңа білімдерін үнемі дамытып,
толықтырып отыру талап етіледі.
2. Кәсіби-шығармашылық. Оған мыналар кіреді:
– АКТ-ны жедел меңгеру және игерілген дағдыларды инклюзивті білім
беру үдерісіне енгізу арқылы көрінетін педагогикалық іскерлікті қалыптастыру;
– педагогикалық іс-әрекеттерді табысты іске асыруға қажетті теориялық
білімдер мен тәжірибелік дағдылардың деңгейін ұдайы арттырып отыру;
112
– дамуында ерекшеліктері бар балалар пайда болған жағдайда шұғыл
педагогикалық міндеттерді шешу үшін тез қайта бейімделе білу;
– ақпаратты өңдеу, оны талдау мен жүйелендірудің әралуан әдістерін
үйрену және белсенді пайдалану;
– педагогикалық мақсаттарды қалыптастырып, мектепке және басқа да оқу
орындарына ақпаратты мәдениетті енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар
дайындай білу;
– оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудегі күрделі аймақтарды анықтау
мақсатында педагогикалық үдерістегі зерттеу қызметінің әдістемелерін
белсенді пайдалану.
Педагогикалық ЖОО студенттерінде АКТ пайдалануға деген қажеттілікті
мақсатты түрде қалыптастыру біздің алдыңғы шағын бөлімде ұсынған
ақпараттық құзыреттілік деңгейлеріне сәйкес келетін бірнеше кезеңдерде
жүзеге асырады (11-сурет).
Сурет 11 - Педагогикалық үдерісте АКТ пайдалануға кезең-кезеңімен
дайындалу
Компьютерлік түсінік:
- компьютер, ғаламтор және т.б. АКТ туралы
негізгі түсініктерінің ғана болуы;
- БҚ жіктеуді білу;
- қоғамдағы АКТ-ны пайдаланудың болашақ
мүмкіндіктерін білу
Қарапайым дайындық:
- АКТ құрылымы туралы кешенді білімінің
болуы;
- педагогикалық үдерісте АКТ-ны қолданудың
рөлін түсіну;
- жекелеген дәрістерге арнап АКТ-мен бірге
педагогикалық сценарийлер жасай білу
Функционалдық дайындық:
- АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларының болуы;
- оқу үдерісінде компьютерді белсенді
пайдалану
Жүйелілік дайындық:
- АКТ-ның сан алуан түрінің арасында бағдар ала білу;
- инклюзивті білім беруді ақпараттандыру стратегиясы
мен тактикасын білу;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың
қажеттіліктерін қанаттағаттандыру үшін АКТ
мүмкіндіктері саласындағы білімдерін үнемі жетілдіріп
отыру
113
Оқу үдерісіндегі заманауи АКТ саласында студенттердің құзыреттілігін
қалыптастыру шиыршықталған күйде келеді. Ол компьютер мен ғаламтор
туралы қарапайым білім алудан басталып, ақпараттық кеңістікте еркін бағдар
алумен және ерекше міндеттерді шешуге арналған оңтайлы АКТ таңдау
мүмкіндігімен аяқталады. Компьютерлік хабардарлық деңгейінде алынған
білімдердің жоғалмайтынын білу маңызды. Олар АКТ пайдалануға дайын
болудың бұрынғыдан сапалы деңгейіне өтуге негіз болып табылады. Әр деңгей
үшін инновациялық АКТ-мен жұмыс істеудің өз шеберліктері мен дағдылары
бар (12-сурет).
114
Сурет 12 - Студенттердің АКТ қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілігінің
құраушылары
Гностикалық
АКТ-ны
пайдаланған дұрыс
болатын пәндерді
анықтау үшін оқу
жоспарын талдау
АКТ-ны пайдалана
отырып өткізілетін
дәрістерді талдау
Инклюзивті
педагогикалық
үдерісте
АКТ-ны
қолданудағы
озат
тәжірибе бойынша
арнайы
әдебиеттерді талдау
Бағдарламалық
құралдардың дәріс
мақсаттары
мен
оқушылардың
мүмкіндіктеріне сай
пайдаланылуын
талдау
Жобалық
Заманауи
АКТ-ны
пайдалана отырып
дәрістерді
жоспарлау
АКТ-ны пайдалана отырып
педагогикалық
үдерісті
жүргізудің
өз
әдістерін
жобалау
Инклюзивті білім беру
ортасында
АКТ-ны
пайдалану
білімі
мен
машықтарын
үнемі
жетілдіріп отыру
Конструктивтік
өз
бағдарламалық
құралдарын жасау
Дәрістерде
АКТ-ны
пайдалану
мақсатын
анықтау
және
даму
ерекшеліктері
бар
балаларға
арналған
құралдарды
немесе
бағдарлама қызметтерін
іріктеп алу
АКТ-мен өтетін
дәрістерде барлық
оқушылардың жеке
қызметі мен
белсенділігін
жоспарлау
Оқушылардың АКТ-
мен жұмыс істеу
кезіндегі
қиындықтарын жою
шаралары жүйесін
қалыптастыру
Коммуникативтік
Барлық
оқушылардың АКТ-
ның
көмегімен
шынайы
уақыт
режимінде
еркін
қарым-қатынас
жасауы
Оқушылар
мен
компьютердің
арасында
интерактивті өзара
әрекеттестікті
қалыптастыру
АКТ-мен
жұмыс
істеу
барысында
барлық
оқушылармен
жемісті диалог құру
Ұйымдастырушылық
Сабақ
барысында
барлық
оқушылардың АКТ-
мен жемісті жұмыс
істеуін
ұйымдастыру
Оқушылардың АКТ-
мен
өз
бетінше
жұмыс
істеуін
ұйымдастыру
АКТ-ны
қолдана
отырып
оқытуды
жүргізу
үшін
бағдарламалық
және
әдістемелік база құру
115
Біз АКТ-ны пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттіліктің әр деңгейіне
арналған мақсаттарды қалыптастырдық.
1. Компьютерлік түсінік деңгейінің мақсаттары:
- «Информатика» пәні бойынша базалық деңгейде білім алу;
- АКТ-мен жұмыс істеу кезінде психологиялық кедергіні жеңу;
- компьютерде жұмыс істеу кезінде қарапайым тәжірибелік дағдыларды
қалыптастыру.
2. Қарапайым деңгейдің мақсаттары:
- АКТ бойынша білімін жетілдіру және оның педагогикалық үдерістегі
рөлі туралы хабардарлықты арттыру;
- компьютерде жұмыс істеудің стандартты тәжірибелік дағдыларын
үйрету;
- білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізу жөніндегі шығармашалық бастаманы
қалыптастыру.
3. Функционалдық деңгейдің мақсаттары:
- педагогикалық іс-әрекетте АКТ-ны саналы түрде пайдалану;
-
жобалау қызметінің білімдері мен дағдыларын балалардың
мүмкіндіктерін ескере отырып, жекелеген сабақтарды АКТ-ны пайдалана
ұйымдастыруға енгізу;
4. Жүйелілік деңгейдің мақсаттары:
- бала үшін қиынға соғатын кез-келген жағдайға арналған ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды пайдаланудың шығармашылық тәсілі;
- сабақтың әдеттегі үлгісін барлық оқушыға қолжетімді, ақпараттық үлгіге
ауыстыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін үлгілеу кезінде
оқу үдерісін құраушы: мақсаттық, мотивациялық, жедел және нәтижелік[199]
тұжырымдама пайдаланылды.
АКТ-мен жұмыс істеу жөніндегі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру ұзақ
уақыт алады, себебі теориялық білім алу мен психологиялық кедергіні жеңуді
ғана емес, тәжірибелік жұмыс дағдыларынжинақтауды да талап етеді. АКТ-ны
болашақ педагогтарды оқытуға енгізу оларды өздері үшін жаңа инклюзивті
ортада инновациялық құралдарды пайдалануға икемдеуді арттыруға мүмкіндік
береді.
АКТ-ны пайдалану мәселелері бойынша студенттердің құзыреттілігін
арттыру олардың мамандандырылуы мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен
айқындалады.
Көптеген зерттеушілер [200, 201, 202] болашақ педагогтардың кәсіби
құзыреттілігінің қалыптасуына негіз болатын қандай да бір үлгі-нұсқаны
ұсынатын маман үлгісіндегі ортақ белгілерді атап көрсетеді.
Маман үлгісін талдау негізінде біз педагогтың АКТ-ны инклюзивті білім
беру кеңістігінде пайдалануға деген кәсіби құзыреттілігінің 4 құраушысын
бөліп көрсетеміз:
- АКТ және оның қызметтері туралы теориялық білім;
- АКТ-мен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдылары;
116
- АКТ-ны оқушылар арасында кеңінен таратуға мүмкіндік беретін жеке
қасиеттер;
- дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған АКТ-лық арнайы
қызметтерді пайдалануда психологиялық кедергінің болмауы.
Мұндай үлгідегі маманды қалыптастыру үдерісі жүйелі түрде жүруі тиіс.
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінің жүйелілік тұғырды талдай
отырып,» педагогикалық жүйе» дегеннің не екенін атап өтпеуге болмайды.
Біздің ойымызша, В.П.Беспалько ұсынған анықтама «педагогикалық жүйені»
айқын көрсете алады. «Педагогикалық жүйе» дегенді ол стандартты
құрамдастарға тән емес жаңа сапалардың түзілуіне ықпал ететін әлеуметтік-
педагогикалық
факторлардың
жиынтығы
деп
түсіндіреді.
Жүйе
құраушылардың арасында ішкі байланыстың болуы жүйенің тұтастығын
айқындайды. Педагогикалық жүйенің ішкі ерекшеліктері әмбебап жүйедегідей
өлшемдермен, атап айтқанда: құрамымен, құрылымымен, оның бірлігін
қамтамасыз ететін факторлармен сипатталады[203].
В.К.Беспалько мен басқа да бірқатар ғалымдар тиімді оқу-танымдық
үдеріске және ақпаратты жинау мен топтаудың замануи әдістерін таңдауға
бағытталған педагогикалық жүйе дидактикаға жатқызылуы мүмкіндігін атап
көрсеткен.
Кез-келген педагогикалық жүйенің құрамдастар арқылы көрінетін тиісті
құрамы бар. Құрамдастар дегеніміз – жүйенің сапалық сипаттамасына ықпал
ететін бөліктері. Көбіне бұл – шағын жүйелер мен элементтер. «Элемент»
термині аяқталған, бөлінбейтін нәрсені білдіреді. Ол жүйенің ең кіші
құрамдасы болып табылады. Жүйенің реттілігі оның құрылымымен
сипатталады[204].
Е.М. Горенков педагогикалық жүйе дегенде білім беру үдерісі мен оның
жұмыс істеу шарттарының негізгі құраушыларын көрсететін серпінді білім
беруді айтады[205]. Құрылымдық талдау дегенді педагогикалық жүйенің ішкі
және сыртқы байланыстарын бағалау деп түсіну керек. Сыртқы байланысқа –
басқа жүйелермен өзара әрекеттестік ағыны, ал ішкі байланысқа – талданатын
жүйенің элементтері арасындағы байланыстар жатады.
Төмендегі құраушылар кез-келген, соның ішінде педагогикалық жүйеге де
тән екендігі жалпыға белгілі:
- оқыту мақсаты;
- педагогтер;
- оқушылар;
- оқыту бағдарламасының мазмұны;
- оқыту құралдары;
- оқу-тәрбие жұмыстары.
Барлық дерлік авторлар педагогикалық жүйе белгілі бір өлшемдер
жиынтығы бойынша құрылуы керек деген ортақ пікірде. Айталық,
С.М.Бахишева педагогикалық жүйені құрудың негізгі өлшемдері ретінде
төмендегілерді бөліп көрсетеді:
а) құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланыстылығы;
117
б) жаңғыртылу (қандай да бір өлшемді беру кезінде тұрақты жүйеге үлкен
өзгерістер жасалмайды);
в) болжамды педагогикалық үлгіні шынайы деректер негізінде өзгерту;
г) әділдік (жүйеге тым көп өлшемдерді қосуға болмайды, себебі бұл бүкіл
зерттеу үдерісін қиындатады) [206].
Жоғарыда баяндалған жайларға сүйенсек, кез-келген педагогикалық
жүйенің жұмыс істеуінің мотивациялық мақсаты, ішкі және сыртқы ортаның
құрамдастарымен өзара байланысы, сондай-ақ сатылы мен жинақы боулы
керек.
Жүйеқұраушы бастама ретінде қарастырылатын мақсат педагогикалық
жүйені құрудың негізі болып табылады. Жүйені құрудың негіздемесі оның
білім беру үдерісі үшін маңыздылығы болып табылады. С.К.Исламгулова білім
берудің мақсаттарын өзгерту әрдайым оқу бағдарламасы мен жалпы оқыту
үдерісін қайта құруға алып келетінін бәрінен дәлірек аңғарған. Алайда, бұл тек
оқыту әдістері мен құралдарын жаңартқаннан кейін ғана мүмкін болмақ.
В.И.Писаренко [207] алғашқылардың бірі болып педагогикалық жүйені
компьютерлендірудің құрылымдық және функционалдық құрамдастарының
өзара байланысына талдау жасады. Үдерістің құрылымдық құраушысы ретінде
ол жүйені құру мақсатын, оқу үдерісінің мазмұнын және оған қатысушыларды
(педагогтар мен оқушыларды) бөліп қарады. Функционалдық құраушылар
педагог қызметінің коммуникациялық, сындарлы, гностикалық және
ұйымдастырушылық тәрізді алуан түрлерімен байланысты. Автор жүйелілік
тұғырды төмендегі міндеттерді шешудің негізінде құрылады деп санайды:
- білімді жүйенің табиғатын құру;
- жүйенің ішкі және сыртқы үдерістерін дәл сипаттайтын талдамаға
арналған оңтайлы өлшемдерді таңдау;
- нәтижеге ықпал ететін қосымша факторларды анықтау;
- жүйенің қызметін түзету.
Шын мәнінде кез-келген дидактикалық жүйе нақты мақсатты іске асыруға
бағытталған атқарымдық құрылымнан тұрады. Ол оқыту мақсаттарын,
бағдарламасын және технологияларын біріктіретін тәрбие-педагогикалық жүйе
бөліктерінің бірі болып табылады.
Оқу-педагогикалық әдебиетті талдау [208, 209, 210] қазіргі таңда қоғамда
дидактикалық жүйені үлгілеудің көмегімен педагогикалық үдеріске АКТ-ның
енгізудің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылары жеткілікті екендігін
көрсетті.
Педагогикалық жүйенің аясында мыналар жүзеге асырылады:
- білімдер мен тәжірибелік дағдыларды беру арқылы тәлімгердің үлгісі
туралы түсінік қалыптастыру;
- АКТ-мен жұмыс істеу үлгісімен танысу (педагогтың тәжірибелік жұмыс
дағдыларына айрықша назар аударылады);
- маманның үлгісімен ортақ ерекшеліктерді анықтау (инклюзивті оқытуда
АКТ-ны пайдалану кезінде педагогикалық үдерістің күшті жақтарын анықтай
білу; АКТ-ны қолдана отырып оқыту үдерісін талдау және педагогикалық
118
деректерді салыстыру қабілеті; АКТ-ны пайдаланудың жаңа тәсілдерін жасау;
педагогты АКТ-ны пайдалануға тұлғалық ынталандыру).
АКТ-ны пайдалана отырып педагогикалық жүйені үлгілендіру кезіндегі
сәйкестендіру 2 нұсқада қарастырылады:
а) мақсаттарды, жаңа инклюзивті қоғамның құндылықтарын негізгі деп
қабылдау ретінде;
б) өзін оқушыларды ақпараттық білім әлеміне бастап апарушы деп
қабылдау ретінде.
Екі анықтама да педагогтың қатаң кәсіби шеңберден шығып, ақпаратты
берудің жаңа әдістерін енгізе отырып еркін дамуына мүмкіндік береді.
Дидактикалық жүйе басқа жүйелердегідей қасиеттермен (тұтастық,
тұрақтылық, құрылымының болуы, әділдік) сипатталады. Оның 3 негізгі
құрамдасы бар, олар: мотивациялық, толтырмалы және құрылымдық [211].
Болашақ педагогтарды кәсіби оқыту кезеңінде білім беру үдерісінде
ақпараттық технологияны пайдалану мәселелерін талдау бұл жобаның табысты
болуы үшін бірқатар факторларды сақтау қажет болатынын көрсетті. Оған
мыналар жатады:
- оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалану ниетін ынталандыратын мотивациялық
жағдайларды жасау;
- балалардың игеру мүмкіндіктерін ескере отырып, білім мен дағдыларды
беру үдерісінде студенттерді АКТ-ны пайдалануға кезең-кезеңімен тарту;
- студенттерді кәсіби тәжірибеге тарту үшін оларға оқытудың ерте
кезеңінен бастап АКТ-ны пайдаланудың педагогикалық міндеттерін үлестіру;
- үдеріске барлық оқушыларды қосуға мүмкіндік беретін АКТ-мен
жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық теориясы мен тәжірибесін үйрену;
- кәсіби қызметтің ақпараттық-педагогикалық ерекшелігіне дайындықты
дамыту;
- студенттердің инклюзивті педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдалануға
дайындығын сипаттайтын дидактикалық үлгіні жасау.
Дидактикалық жүйе нақты шарттарды сақтаған жағдайда ғана табысты
жұмыс істей алады. Айталық, Г.И.Муратова [212] өзінің зерттеуін
педагогикалық
оқу
орындары
студенттерінің
оқыту
үдерісін
компьютерлендіруге құзыреттілігін арттыру жағдайларын талдауға бағыттаған.
Оның пікірінше, студенттер компьютерлік техниканы өз кәсіби қызметінде
сәтті қолдануы үшін төмендегідей шарттарды сақтауы қажет:
а) педагогикалық міндеттерден басымдарын бөліп ала білу, олардың
негізінде студенттердің қажеттіліктері мен эмоционалдық саласын ескере
отырып үлгілер құру;
б) ақпараттық технологияны өз бетінше іздеп тауып, оны одан әрі
компьютерлік құралдардың көмегімен іске асыру.
Біз педагогикалық оқу орындары студенттерінің өз кәсіби қызметінде
АКТ-ны пайдалануы мәселесіндегі құзыреттігін арттыру үшін сақталуы тиіс
бірқатар педагогикалық шарттарды бөліп қарастырдық. Шын мәнінде, бұл
шарттар оқу орнының ақпараттық-білім беру ортасының эволюциясы мен оқу
119
жұмысының дамуы негізінде құрылған кешеннен тұрады. Ол студенттерге
кезең-кезеңімен бір деңгейден екіншісіне өтуге мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша, оған мыналар жатады:
- білім беру циклінің барлық пәндерінің ақпараттық құралдарды пайдалану
мүмкіндігі әлеуетін талдау;
- студенттің арнайы (түзетуші) мектептердегі арнайы АКТ-ны қолдану
саласында теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды кешенді
пайдалануынан көрінетін оқу-танымдық және тәжірибелік қызметінің бірін-бірі
толықтырушылығы;
- оқу жоспарына қосымша «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану»
пәнін енгізу.
Студенттердің бойында педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдалану
мақсатын қалыптастырудың дидактикалық жүйесін жасау барысында біз
В.И.Загвязинскийдің ұсыныстарына сүйендік. Еңбегі сіңген психолог және
педагогтың
пікірінше, болашақ педагог
құзыреттілігінің
кез-келген
дидактикалық жүйесі мынадай құраушылардан түзілуі тиіс:
а) педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешуді
ынталандыру;
б) АКТ-ны пайдалану жөніндегі ауқымды теориялық білімдердің болуы;
в) кез-келген педагогикалық міндетті шығармашылық тұрғыда шешуді
ынталандыратын қабілеттерді дамыту (бағдарламалау, болжау, талдау
негіздері);
г) педагогикалық міндеттерді шешу әдістемелерін еркін меңгеру (қандай
да бір жағдайға сай келетін әдістемелерді ұтымды таңдап алу) [213].
Жоғарыда баяндалған жайлардың негізінде, мыналарды ұсынамыз:
1. Студенттердің педагогикалық үдерісте АКТ-ны пайдаланудың рөлі мен
осы бағыттың инклюзивті білім берудегі даму мүмкіндіктері туралы білім
деңгейін көтеру.
2. Студенттердің бойында әртүрлі міндеттерді шешу үшін АКТ-ны
пайдалануға деген тұлғалық мақсатты қалыптастыру.
3. Студенттерді білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдаланатын арнайы
мектептердің озық тәжірибелі педагогтарымен таныстыру.
4. Студенттерге оқу үдерісіне барлық балаларды қатыстыруды қамтамасыз
ететін АКТ қасиеттерін пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын үйрету.
Бұл үшін біз бірнеше блоктарды бөліп қарастырдық:
1. Болашақ мұғалімдердің стандартты (базалық) даярлығы. Оған
студенттерге ең қарапайым АКТ-мен жұмыс істеу кезінде информатика мен
қолданбалы математика негіздерін оқыту кіреді. Оқыту үдерісінің студенттер
оқу орнын бітірген соң бетпе-бет келетін инклюзивті педагогикалық қызметке
бейімделген болуы маңызды.
2. Ғылыми-педагогикалық даярлық. Оған мынадай бөлімдер кіреді:
а) мектеп кеңістігін ақпараттандыруға арналған жалпы курстар;
ә) «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы. Оның негізгі
мақсаты — заманауи ақпараттық құралдар және олардың арнайы қызметтері
120
туралы білімді тереңдету және олармен кәсіби іс-әрекет барысында жұмысты
жоспарлауды үйрену.
Арнайы пәнді енгізу 3 міндетті шешуге мүмкіндік береді:
танысу – ақпараттық ағындарды жоспарлау;
психологиялық – оқытушының оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалануға
психологиялық дайындығын қалыптастыру;
ұйымдастырушылық – АКТ-ны пайдалану барысында оқу үдерісін
басқару жүйесін қалыптастыру.
Арнайы пәнді енгізудің мақсаты студенттердің бойында өз кәсіби
қызметінде АКТ-ны пайдалану мақсатын қалыптастыру болып табылады.
Болашақ педагогтардың ұйымдастыру нысандары мыналар: лекциялар,
семинарлар, тәжірибелік сабақар, оқу тренингтері, конференциялар, ғаламтор
арқылы желілік іс-шаралар және т.б.
б) Компьютерлік техникамен жабдықталған арнайы оқу орындарында
АКТ-мен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын игеру. Іс-шараның негізгі
мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар оқушыларға материалды бұрынғыдан
тиімдірек және көрнекілеу етіп беру үшін компьютерлік құралдармен жұмыс
істеудің тәжірибелік негіздерін қалыптастыру.
в) Нақты пәнді АКТ-ны пайдалана отырып оқыту дағдыларын көзбен көріп
үйрену.
Педагогикалық мамандықтардың басым бөлігінде кәсіби іс-әрекет
барысында АКТ-ны қолдану әмбебап сипатқа ие. Болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің бойында әртүрлі пәндерді оқыту мектептерінің бастауыш
сыныптарында АКТ-ны пайдалану жөніндегі білім үшін заманауи ақпараттық
құралдарды пайдаланудың икемді саясатын қалыптастыру маңызды.
3. Студенттердің білім беру кеңістігінде арнайы АКТ-ны пайдалану
мәселелері бойынша зерттеу қызметі. Оған оқытуды ұйымдастырудың:
берілген мәселебойынша рефераттар, курстық жұмыстар, диссертациялар,
зерттеу жұмыстарын жазу тәрізді нысандары кіреді. Мұнда студенттің өз
зерттеуіне тек ерекше балалармен ғана емес, жалпы алуантүрлі инклюзивті
оқушылар ұжымымен жұмыс жасау қырынан да көрсетуі маңызды.
Отандық тәжірибеде инклюзивті білім берудің сараланған сыныптарында
оқыту әдістемесі жоқтығына байланысты, студенттерге өздерінің әдеттегі және
арнайы жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сыныптарында АКТ-ны
пайдалану жөніндегі білім, білік, мәселебойынша рефераттар, курстық
жұмыстар, диссертациялар, зерттеу жұмыстарын жазу тәрізді дағдыларды
біріктіріп, өздерінің диплом жұмыстарында осындай жобалық сыныпты үлгілеу
міндеті тапсырылады.
Педагогикалық оқу орындары студенттерінің бойында АКТ-ны пайдалану
дағдыларын қалыптастыру стратегиясының негізгі идеясы – ақпаратты
құралдармен танысудың кешенділігі және осы үдерістің үздіксіздігі. Оған
мотивациялық, сипаттамалық және нәтижелік – 3 құраушының негізінде
жасалатын үлгінің көмегімен қол жеткізуге болады (13-сурет).
121
Достарыңызбен бөлісу: |