Сурет 13 - Мамандардың бойында кәсіби іс-әрекетте АКТ-ны пайдалану
дағдылары мен қызығушылығын қалыптастыру үлгісі
Тұлғалық-бағдарлық тұғырды талдаудың басым мақсаты– болашақ
мұғалімдердің АКТ-ды пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Бұл мақсат 3 санаттан тұрады:
1.
Аксиологиялық.
Ол
студенттердің
бойында
білім
беруді
ақпараттандырудың маңызды қатысушылары ретіндегі ұстанымды, инклюзивті
оқу үдерісіндегі АКТ-ның рөлін түсінуді қалыптастыруды көздейді.
2. Когнитивтік. ЖОО-да студенттер ақпараттық құралдармен жұмыс
істеуді үйренуі және оларды дамуында ерекшеліктері бар оқушыларға қандай
да бір қиындық туғызған педагогикалық жағдайларда қолданудың дұрыстығын
түсінуі тиіс.
3. Тұлғалық. Болашақ педагог заманауи ақпараттық құралдарды кәсіби
қызметте белсенді пайдалануы, шығармашылық тұрғыда ойлауы және
рефлексивтік қабілеттерін дамытуы тиіс.
Қалыптасқан дидактикалық жүйе тек егер оны құру мақсаттары
студенттердің ішкі және сыртқы ортаның факторларынан туындаған
қажеттіліктерімен қиысқан жағдайда ғана тиімді болатынын түсіну маңызды.
Егер оқушының АКТ-мен жұмыс істеуді үйрену ниеті болмаса, бірде-бір
теориялық сабақ пайда әкелмейді.
Ма
қс
аты
:
АКТ
-н
ы п
ай
да
ла
ну
да
ғдыла
ры
м
ен
қыз
ығушы
лығы
н
қа
лып
тас
тыру
Пе
да
гоги
ка
лық
ша
ртт
ар
:
біл
ім бе
руді
ком
пь
ю
тер
ле
ндір
у,
арн
ай
ы п
ән
де
рді және м
ақ
са
тт
ы
тәжіри
бе
ле
рді ен
гіз
у
С
туд
ен
тт
ерді АК
Т
-м
ен
жұм
ыс
істе
уг
е да
йын
да
у
үде
рісін
ің
н
егі
згі қ
ұра
ушыла
ры
Базалық
деңгей:информатикан
ы оқып-үйрену
Ғылыми-
педагогикалық деңгей:
психологияны,педагог
иканы, АКТ бойынша
арнайы пәнді оқып-
үйрену
Зерттеушілік деңгей:
курстық, дипломдық,
ғылыми
жұмыстар,
инклюзивті мектептің
сараланған сыныбына
алынған
біліммен
дағдыларды жобалау
С
туд
ен
тт
ерді АК
Т
-м
ен
жұм
ыс
істе
уг
е да
йын
да
у
нә
ти
же
ле
рі
Компьютерлік түсінік
Элементарлық
құзіреттілік
Функционалдық
құзыреттілік
122
АКТ-ны пайдалану мақсатының сипаттамалық құраушысы 3 өзара
байланысты компоненттерден тұрады.
1 компонент– жүйенің өзегі. Бұл – информатика, педагогика, психология
мен басқа да тар шеңберде мамандандырылған пәндер бойынша іргелі білімдер.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы да осында кіреді.
Теориялық бөлігінен басқа, оған инклюзивті оқу үдерісінің нақты жағдайларын
талдау да кіруі керек. Студентті әрбір жағдайды шығармашылық тұрғыда, АКТ-
ны қолдана отырып шешуге үйрету маңызды.
2 компонент – студенттердің педагогикалық тәжірибесі. Оған болашақ
педагогтардың кәсіби қызметпен танысуы және оларға арнайы мектептерде
АКТ-ны қолдану саласында белгілі бір жетістіктерге жеткен жетекші
мұғалімдердің тәлімгер болуы кіреді.
3 компонент – студенттердің өздері алған теориялық білімдері мен
тәжірибелік дағдыларын бастауыш мектептің үлгілік инклюзивті сыныбын
жобалауға бағыттаған өзіндік зерттеулері.
Басты мақсатқа жету нәтижесі – студенттердің деңгейлер бойынша:
компьютерлік түсініктен білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалануға
функционалдық бейімділікке дейін кезең-кезеңімен өтуі.
2.2 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға
даярлау әдістемесін тәжірибеден өткізу
Кез-келген технологияны кіріктірудің алдында педагогикалық тұрғыда
дамыған тұлғаның қалыптасуына негіз болатын білім беру ортасын үлгілеу
үдерісі жүреді. Ақпараттық білім беру ортасы дегеніміз – білім алушы мен
педагогтың АКТ-ның көмегімен өзара әрекеттесуі үшін қолайлы жағдайлардың
жасалуы. Өз кезегінде, мұндай оған оқушылар, білім беру үдерісінің мақсатты
оқыту бағдарламасы мен әдістері, тәлімгерлер және ақпараттық құралдар
тәрізді өзара байланысты элементтер тән.
Бұдан бұрын алынған қорытындылардың негізінде біз «Бастауышта оқыту
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша «Бастауыш білім беруде
АКТ-ны қолдану» арнайы курс бағдарламасының тұжырымдамалық үлгісін
жасадық.
Оқу бағдарламасы дегеніміз – нақты пәнді өту барысында белгілі бір
мамандық студенттерінің игеруі тиіс білімдері мен тәжірибелік дағдыларының
ең төменгі мөлшері мен оқыту жоспарын айқындайтын нормативтік құжат
[214].
Оқу бағдарламасына мынадай негізгі бөлімдер кіреді:
- пәнді оқыту мақсаттары;
- теориялық және тәжірибелік міндеттерден тұратын оқу жоспары;
- пән бойынша қосымша оқыту;
- оқыту барысында пайдаланылатын негізгі әдістердің сипаттамасы;
- студенттердің артта қалушылығы немесе пәнді жеткілікті игере алмауы
кезіндегі түзетуші іс-шаралардың сипаттамасы.
123
Нормативтік құжатқа әрдайым оқыту бағдарламасынан көрінетін белгілі
бір талаптар қойылады [215]. Олардың негізгілері: пәннің мақсаттары, оқыту
пәнінің мазмұны, оқытуға арналған материалды таңдап алу қағидалары,
сабақтарды уақыты және күнтізбе бойынша жоспарлау, типтік тапсырмалар,
материалдарды бекіту үшін өз бетінше білім алуға арналған тапсырмалар,
терминология, білім алушылардың алған білімдерін бағалау әдістері, әдебиет
көздерінің тізімі, оқыту бағдарламасынан күтілетін нәтиже.
Студенттерді АКТ-мен жұмыс істеуге оқыту жөніндегі арнайы курстарды
құру үш бірыңғай мақсатты көздейді:
- таныстыру – ақпараттық ағындарды жоспарлау;
- психологиялық – тұлғаны педагогикалық дамыту, АКТ-мен жұмыс істеу
мақсатын қалыптастыру;
- ұйымдастырушылық – ақпараттық құралдардың көмегімен білім
алушылардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің тиімді схемасын құру.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы бойынша оқу
бағдарламасын жасау кезінде оның негізгі оқыту мақсаттарына қайшы келмеуі,
әмбебап және икемді болуы тәрізді стандартты талаптарға жауап беруі
маңызды[216
].
Оқу бағдарламасын жасау кезінде мынадай факторлар ескерілуі тиіс:
а) оқу үдерісін алдын-ала құру және оны нақты бір оқу орны аясында
сынақтан өткізу;
ә) курс аясында АКТ-мен жұмыс істеуге үйретудің мақсаттарын дәл
қалыптастыру;
б) оқу курсының өзекті мазмұнын қалыптастыру (бағдарламаға заманауи,
ескірмеген ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге бағытталған тәжірибелік
сабақтарды енгізу);
в) оқу үдерісінің тұтастығы, яғни ақпараттық құралдармен жұмыс істеу
жөніндегі теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жүйелі түрде беру.
Жоғарыда сипатталған факторлардың негізінде біз «Бастауыш білім беруде
АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері» арнайы урсы бойынша оқыту бағдарламасын
қалыптастыру алгоритмін жасап шығардық. Оны жан-жақты қарастырайық.
1. Нормативтік құжаттың мақсаттарын қалыптастыру. Басым мақсаты —
студенттердің бойында өз кәсіби қызметінде АКТ-мен жұмыс істеу мақсаты
мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету төмендегі
міндеттерді жүйелі түрде шешуді талап етеді:
– студенттерге дидактикалық материалдар негізінде АКТ-мен жұмыс
істеудің тәжірибелік дағдыларын оқыту;
– болашақ педагогтарды инклюзивті білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізуге
байланысты міндеттерді өз бетінше шешуге дайындау;
– білім алушылардың нақты бір оқу орнында және жалпы білім беру
саласында
білім
беру
үдерісін
ақпараттандыруға
дайындығын
қалыптастыру[217
].
Бұл міндеттерді шешу студенттердің алуан түрлі іс-әрекет нысандарын
пайдалануын талап етеді:
124
1. Репродуктивті. Ол оқу материалын қайталауды және бекітуді көздейді.
2. Репродуктивті-шығармашылық. Бұл – білім беру үдерісінде
пайдаланылатын материалды талдау, оны басқа құбылыстарға ауыстыру,
ақпараттық құралдарды тек қалыпты балалармен ғана емес, дамуында
ерекшеліктері бар балалармен де жұмыс істеу кезінде қолдануға деген
қажеттілікті қалыптастыру.
3. Шығармашылық. АКТ-ны нақты жағдайларды үлгілеуге және типтік
және типтік емес міндеттерді шешуге белсенді пайдалану.
Репродуктивті, репродуктивті-шығармашылық және шығармашылық
қызметтердің үйлесімі тұлғаның тәжірибелік міндеттерді шешу үшін АКТ-ны
пайдалануға кешенді бағытталуына көмектеседі. Сондай-ақ кешенділік әсерінің
арқасында студент оған педагогикалық стратегиялардың ұдайы өзгеріп
отыратындығын ескере отырып, кәсіби іс-әрекетте ақпараттық құралдарды
жемісті пайдалануға мүмкіндік беретін білімдерді игереді.
Осылайша, АКТ-ны пайдалану дағдыларын оқытатын арнайы пәнді
енгізудің мақсаты педагогикалық іс-әрекетте ақпараттық құралдарды
қолданудың өзекті теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын алу болып
табылады. Мұнда АКТ-ны қолданатын қандай да бір оқыту әдісін жобалық
үлгілеу мен оның табыстылығын жаңылыс есептеуге айрықша көңіл бөлінеді.
2. «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдау» арнайы курсының теориялық
бөлігі үшін материал жинау студенттердің заманауи ақпараттық-
коммуникациялық құралдар туралы жалпы білім алуына мүмкіндік беретін
әмбебап пән болып табылады. АКТ-ны пайдалану мақсатын қалыптастыру
үдерісі кезең-кезеңімен жүруі қажет болғандықтан, теорияның 3 модулін бөліп
қарастыруға болады[218, б.349
]
:
1 модуль – ақпараттық-коммуникациялық құралдар туралы жалпы түсінік.
Сабақ барысында АКТ терминологиясы, жіктелімі келтіріледі, ақпараттық
құралдардың инклюзивті білім беру үдерісіндегі рөлі туралы әңгімеленеді.
Инклюзивті білім берудің дамуы мен қалыптасуы тарихы. ҚР болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің инклюзивті білім беру жағдайында әсіби
дайындық мәселесі. Инклюзивті білім беру жағдайында АКТ-ны қолданудың
халықаралық тжірибесі. Заманауи АКТ-ны, олардың арнайы қызметтерін және
олардың нақты тәжірибеде қолданылуын талдауға айрықша көңіл бөлінеді.
2 модуль – Бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық құзіреттілігі. АКТ
қолдана отырып білім беру үдерісінің ерекшелігі қарастырылады. Оқыту
бағдарламасының бұл бөлігі білім алушылардың АКТ-ны қолдану кезіндегі
өзара әрекеттестік нысанын сипаттайды. Нақтыпән мен ақпараттық құралдарды
қолданудың әмбебап әдістемесінің үйлесуіне бөлек көңіл бөлінеді. 14 кестеде
арнайы пәннің бейіндік пәндермен негізгі өзара байланысы көрсетілген (14-
кесте).
Кесте 14 - Арнайы курс аясында алынған теориялық білімдердің жалпы
педагогикалық құндылықтармен және стандарттармен байланысының үлгісі
125
Курс тақырыбы
«Бастауыш білім беруде
АКТ-ны қолдану»
Байланыстырушы
буындар
Арнайы курстардың
тақырыптарын
қарастыратын бейіндік
пәндер
АКТ ұғымы: пайда болу
тарихы, жіктелуі,
құрамдас бөліктері
«Педагогикалық
технология», «Оқыту
технологиясы»,
«инклюзивті білім
берудің құраушы
технологиялары»
ұғымдары
Педагогика
Материалды беру
сапасын арттыру үшін
оқу үдерісін АКТ-ны
қолдана отырып
ұйымдастыру
Оқыту үдерісін
ұйымдастыру нысаны,
сабақтың құрылымы
Педагогика
АКТ-ны білім
алушылардың сабақтан
тыс қызметінде
пайдалану
Сыныптан тыс
сабақтарды
ұйымдастыру, сыныптан
тыс сабақтардың
құрылымы
Тәрбиелеу теориясы мен
әдістемесі
АКТ-ны ғылыми-зерттеу
қызметіне пайдалану
Ақпараттық құралдарды
ғылыми-зерттеу
қызметіне пайдалану,
білім алушылардың
білімдерін тексеруге
арналған жұмыс түрлері
(рефераттар, курстық,
тәжірибелік жұмыстар)
Студенттердің оқу-
зерттеу жұмысы
3 модуль–АКТ-ны сабақта қолданудың әдіс-тәсілдері. Интербелсенді
тапсырмаларды құруға арналған бағдарлмаларды қолдану негіздері. арнайы
пәндерді оқыту кезіндегі АКТ. Ақпараттық құралдарды пайдалану оқушыларға
оларды қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану кезіндегі психологиялық
кедергіні жеңуге мүмкіндік береді. АКТ оқуға, жазуға, сөйлеуге үйрету,
лексика, грамматика, фонетика, т.б. оқыту кезінде қажет. Қажетті нормативтік
құжаттар мен әдістемелік әдебиетке қолжетімді ететін телекоммуникациялық
құралдарды пайдалануға көп уақыт бөлінуі тиіс. Пәнді өту барысында алынған
білімдердің нәтижелілігін бағалау кезеңінде студенттердің зерттеушілік және
әдістемелік қызметтер барысында АКТ-мен жұмыс істей білу шеберлігіне
талдау жасалады.
3. Оқу пәнінің тәжірибелік бөлігін қалыптастыру. Пәннің дәл ақпараттық
құралдармен жасалатын дене жұмысына көп уақыт бөлуді қажет ететін
тәжірибелік бағытын атап өткен жөн. Тәжірибелік бөлік студенттерге екі бағыт
126
бойынша берілуі тиіс дәрістік материалды игеруді көздейді, олар: стандартты
оқытудағы ақпараттық құралдар және дамуында ерекшеліктері бар балаларды
оқыту кезіндегі ақпараттық құралдар. Тәжірибелік бөлім оқу орнының арнайы
ақпараттық құралдармен жабдықталуы ескеріле отырып, теориялық бөліктің
негізінде жасалады.
4. Теориялық және тәжірибелік сабақтарды күнтізбе мен уақыт бойынша
жоспарлау. Пәннің қандай да бір блогының маңыздылығы негізінде қандай да
бір сұраққа берілетін сағаттар саны көрсетіле отырып, оқу жоспары жасалады.
5. Терминология. «Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы
төмендегі ұғымдар мен терминдерге негізделген:
- инклюзивті білім беруді ақпараттандыру;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- бағдарламалық-әдістемелік курс;
- педагогикалық жүйені үлгілеу;
- оқыту сценариі.
Ұғымдар бүкіл оқу курсының бойында теориялық және тәжірибелік
сабақтарды тиімді меңгеру үшін кезең-кезеңімен енгізіледі.
6. Студенттердің білімін бақылау. Студенттердің әртүрлі материалдарды
игеру деңгейін бағалау үшін алуантүрлі әдістер қолданылады. Оқу курсының
соңында қорытынды білім қиығы жүргізіледі. Оның нысандары: реферат жазу
немесе инклюзивті білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалануға қатысты
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Зерттеу жүргізуден бөлек, студенттер өз
жобасын қорғауы қажет. Бұл теориялық білімдері мен дағдыларын жақсырақ
бекітуге мүмкіндік береді. Қорытынды жұмыстың негізінде болашақ
педагогтардың өз кәсіби қызметінде АКТ-ны қолдану саласында алған
құзыреттілігінің деңгейін пайымдауға болады. Шығармашылық жұмыстар
барысында студенттерде тек оқуда ғана емес, күнделікті өмірде де қандай да
бір мақсатқа жету үшін ақпараттық құралдарды жүйелі түрде пайдалануға
бейімділік қалыптасады.
Арнайы курс бойынша бағдарлама педагогикалық мамандықтардың
студенттерін кәсіби қызметте АКТ-ны пайдалануға жүйелі және үздіксіз оқыту
қағидасына, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің студенттерімен жұмысы барысындағы жеке тәжірибесіне сай
болуы керек.
Оқыту бағдарламасы «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен
әдістемесі» мамандығына бейімделген. Ол бітірушілер оқу орнын бітіргенде
алуы тиіс білімдер мен дағдылардың ең төменгі мөлшерінен тұрады.
Стандартты тақырыптық оқыту жоспары 15 кестеде көрсетілген (15-кесте).
Кесте 15 - Арнайы курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ Тақырыптар
Сағат саны
127
дә
рі
с
семи
на
р
СО
Ө
Ж
СӨ
Ж
1.
АКТ: инклюзивті білім беруге енгізудегі қиындықтар
мен мүмкіндіктер
1
1
3
3
2.
Бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде АКТ-ны
пайдаланудың маңыздылығы
1
1
3
3
3.
«Ғаламтор желісі: оқу және кәсіби іс-әрекетүшін
артықшылықтары, мүмкіндіктері, болашағы».
1
1
2
2
4.
Ғаламтор арқылы ақпаратық іздеу стратегиясы,
жаһандық желінің стандартты сервистерімен танысу
1
1
2
2
5.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде
АКТ-ны пайдалану кезіндегі психологиялық кедергіні
жою
1
1
2
2
6.
АКТ мен дамуында ерекшеліктері бар балаларға
арналған арнайы құралдардың көмегімен оқу, сөйлеу,
лексика, фонетика дағдыларын жетілдіру
1
1
2
2
7.
«АКТ-ны қолдана отырып жекелеген пәндерді оқыту
бағытындағы өзіндік және ұжымдық жұмыстарды
ұйымдастырудың
ұйымдастырушылық
және
психологиялық қырлары»
1
1
2
2
8.
Ақпараттық құралдарды пайдалана отырып оқытуды
ұйымдастыру
1
1
3
3
9.
Тілдік пәндерді оқыту кезіндегі АКТ
1
1
2
2
10.
Тілдік емес пәндерді оқыту кезіндегі АКТ
1
1
2
2
11.
Фонетиканы жетілдіру кезіндегі АКТ
1
1
2
2
12.
Лексиканы оқыту үшін АКТ-ны пайдалану
1
1
2
2
13.
Грамматиканы оқыту кезінде АКТ-ны қолдану
1
1
1
1
14 «Педагогикалық басқару саласы мен мұғалімнің
шығармашылық қызметіндегі АКТ-ның рөлі».
1
1
1
1
15 «Инклюзивті мектептің бастауыш сыныптарында
тілдік пәндердегі оқытудағы АКТ-ның рөлі
1
1
1
1
Барлығы
15 15 30 30
Кестеде көрсетілгендей, арнайы курс көлемі – 90 сағатқа (3 кредит)
есептелген, оның 15 сағаты дәріс, 15 сағаты семинар сабағы, ал 30 сағаты
СОӨЖ, 30 сағаты СӨЖ-ге арналған.
Пәннің тақырыптық жоспарын жасау кезінде біз D.Kleinжүргізген
зерттеудің нәтижесіне сүйендік. Оқу жоспары студент оқу барысында 3
кезеңнен өтетіндей етіп жасалған, олар: лекцияда теориялық білім алу –
алынған материалды тәжірибелік сабақта бекіту – алынған білімдерді
128
шығармашылық барысында іске асыру (семинарлар, тақырыптық ойын,
конференция). Материалды берудің бұл үлгісінің тиімділігі Кембридж
университетінің білім беруді ұйымдастыру тәжірибесінде дәлелденген.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы бойынша
теорияны ұсыну кезінде дәрістер мен тәжірибелік сабақтар пайдаланылады.
Олар студенттердің АКТ және оның білім беруді ақпараттандыру үдерісіндегі
рөлі туралы түсінігін қалыптастыруға, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды
қалыптастыру кезіндегі табысты арттыруға бағытталған.
Пәннің тәжірибелік бөлігі әдістемелік ойындар, ғаламтор желісіндегі
жұмыс, ғаламтор-конференциялар, АКТ-ның арнайы құралдарымен танысу
үшін арнайы (түзетуші) мектептерге бару арқылы жүзеге асырылады. Ол
болашақ педагогтардың бойында кәсіби іс-әрекетте АКТ-ны пайдалануға
жүйелі дайындықты қалыптастырады. АКТ-мен жұмыс істеуге үйрету
үдерісінің табыстылығы таңдап алынған әдістердің сайма-сайлығына
байланысты. Пәннің тақырыптық жоспарын қалыптастыру кезінде біз күрделі
жағдайлар, рөлдік ойындар, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау тәрізді оқыту
нысандарын пайдаландық. Тәжірибелік бөлімде біз студенттерге өз кәсіби іс-
әрекетінде АКТ-ны пайдаланудың артықшылығын көрнекі түрде көруге
мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасындағы педагогикалық үдеріске
ұқсатуға маңызды орын береміз.
«Бастауыш білім беруде АКТ-ны қолдану» арнайы курсы біріктірілген
болып табылады. Ол АКТ-ны пайдалана отырып нақты пәндерді оқытудың
әртүрлі салалары мен әдістемелерінен алынған білімдерді біріктіреді.
Оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеп алу басым міндеттердің бірі болып
табылады.
Арнайы курстың аясында оқыту нысандары дәрістен бастап ғылыми-
шығармашылық зерттеулерге дейін – әртүрлі болуы мүмкін. Соның негізгілерін
қарастырайық.
Дәрістер оқытудың негізгі нысаны болып табылады, себебі ол үлкен
дидактикалық материалдан тұрады. Теориялық мәліметтерді беру үшін
көбінесе компьютерлік таныстырылымдар пайдаланылады. Олар білімдерді
бекітудің табыстылығын арттырады, себебі байланыстың көзбен көру арнасын
пайдаланады. Мысалы: Ғаламтор желісінің оқушыларға «Дүниетану» пәнін
оқыту әдістемесіндегі рөлін айқындау кезінде студенттер үшін жақсы
әдістемелік
құраушысы
бар,
көмекші
сайттармен
(https://iqsha.ru/uprazhneniya/okruzhajuschij-mir/,
http://pedsovet.su/load/241,
http://сезоны-года.рф/окружающий%20мир.htmlжәне т.б.) танысу сабағын
өткізуге болады. АКТ-ны пайдалану әдістерін қарастыру кезінде нақты бір
мектеп сабағында дамуында ерекшеліктері бар бірнеше баламен ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды қолдануды үлгілендіру жөніндегі тәжірибелік
сабақтарды өткізуге болады. Бұл көзі нашар көретіндерге арналған мониторда
берілетін материалдың көлемін ұлғайту қызметін пайдалану, құлағы нашар
еститіндерге арналған арнайы құлаққаптарды пайдалану және т.б. болуы
мүмкін. Білім беру үдерісін ақпараттандырудың ұйымдастырушылық
129
мәселелерін шешу кезінде факультатив сабақтарда, белгілі бір үйірмелерде
және сабақтың жекелеген құрылымдық бөлімдерінде АКТ-ны қолданудың
пайдасын көрсету маңызды.
Тәжірибелік сабақтар СОӨЖ, СӨЖ, семинарлар мен жаттығулардан
тұрады. Біз олар пәнді бекітуге қажет деген Е.Д.Лидің [219] ұстанымын
қолдаймыз. Тәжірибелік сабақтар барысында кәсіби қызметте АКТ-ны
пайдалану дағдылары мен жүйелі тәсілдері қалыптасады. Тәжірибелік
сабақтардың басты мақсаты – дәріс барысында алынған АКТ туралы білімді
тереңдету және талдап тексеру.
Семинар – бұл студенттердің оқытушымен бірге өтетін топтық сабақтары.
Олар білім алушылардың қандай да бір жағдайда өз бетінше шешім
қабылдауына бағытталған. Семинар АКТ эволюциясы мен пайдаланылуын
зерттеу жөніндегі сабақтан тыс жұмыстың деңгейін көрсетеді. Оқытудың бұл
нысаны инклюзивті білім беру үдерісіндегі АКТ мүмкіндіктері жөніндегі
ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдауды көздейді. Аудиториялық сағат
барысында оқушылардың рефераттары тыңдалады, сосын оларға талдау
жасалады. 16 кестеде компьютерді пайдалану негіздерін оқыту жөніндегі
семинарлардың негізгі тақырыптары көрсетілген (16-кесте).
Кесте 16 - Білім беруді компьютерлендіру мәселесі жөніндегі семинар
тақырыптары
Тақырыбы
Аудиториялық сағаттар
Бағдарламалық
жасақтаманың,
ақпараттық
бағдарламалардың арнайы құралдарының және
іс-әрекеттерінің жіктелуі
1
Инклюзивті
оқу-педагогикалық
үдеріске
арналған
бағдарламалық
жасақтаманың
ерекшеліктері
1
Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі АКТ
1
АТК-ның
көмегімен
инклюзивті
мектеп
оқушыларының
үлгерімін
бақылау
ерекшеліктері
1
АКТ-ның көмегімен әртүрлі оқушылармен
дәрістік
және
сабақтан
тыс
жұмысты
ұйымдастыру
1
Жаттығу ойындарының негізгі бағыты микрооқыту болып табылады. Ол
АКТ-ны қолдана отырып педагогикалық және тәжірибелік міндеттерді шешу
дегенді білдіреді. Сабақтардың негізгі мақсаты – студенттерге ақпараттық-
коммуникациялық құралдарды әдеттен тыс жағдайларда пайдалануға және
пәнді өту барысында алынған білімдерді бекітуге үйрету.
Шығармашылық жобаның жеке немесе ұжымдық дайындығы – АКТ-ны
пайдалануға оқытудың тағы бір нысаны. Жұмыс барысында студенттер жобаны
130
жасаумен айналысады, сосын оны қорғайды. Бұл ақпараттық құралды таңдау
туралы шешімді қабылдау кезіндегі дербестікті қалыптастырады. Қорғау
барысында оқушылар әрдайым пікір таластырады.
Пікірталас әрқайсысының қарастырылып отырған тақырыпқа деген
көзқарасын анықтауға және тренингте өтетін нәрсе мен нақты білім беру
үдерісінің арасында жарыспа ендік құруға мүмкіндік береді. «Бастауыш білім
беруде АКТ-ны қолдану» пәні аясындағы ең кең таралған пікірталас тақырыбы
– әрбір бала оқу үдерісіне қосылуы үшін АКТ-ны белсенді қолдана отырып
қандай сабақ тақырыптарын оқытқан дұрыс?
Шығармашылық топтардағы жұмыс – бұрын берілген өлшемдер бойынша
белгілі бір жобаны құру дегенді білдіреді. Оқытудың бұл нысаны тек нақты бір
студенттің ғана емес, жалпы шығармашылық ұжымның да кәсіби
құзыреттілігін арттыруға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар барысында
педагогикалық болжаушылық – алуантүрлі педагогикалық міндеттерді шешу
қабілеті қалыптасады. Арнайы пәннің аясындағы педагогикалық міндеттерге
мыналарды жатқызуға болады:
- артта қалған студенттер үшін түзету іс-шараларын жасау;
- арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға үйрету үшін
студенттермен жеке-дара кездесу;
- ғаламтор арқылы жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Курстық жұмыс дегеніміз – студенттің өзіндік жұмысы, оны әзірлеу
барысында ғылыми ойлау, талдай білу, үлкен көлемдегі ақпараттан негізгі
идеяны таңдап алу, алынған нәтижелерді жүйелендіру қабілеттері қалыптасады.
Курстық жұмыстар шығармашылық бастамашылдықты арттыруға мүмкіндік
береді. Өзіндік жұмыс кезеңінде студенттер өздері курстық жұмысты жазу
кезінде бетпе-бет келген мәселелерді талқылау үшін арнайы мектеп
педагогтарының арасынан таңдаған тәлімгерлерінен жиі кеңес алып отырады.
Білімді тексерудің тағы бір нысаны – дипломдық жұмыс. Ол белгілі бір
тақырып бойынша талдаудан тұрады. Оның теориялық бөлігінде лекциялар,
конспектілер мен сабақан тыс дәрістерден алынған ақпараттар пайдаланылуы
мүмкін. Дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеуді өңдеу құралы ретінде
компьютерге айрықша орын беріледі.
Курстық жұмыстардың тақырыптары нақты оқу орны мен мамандығына
бейімделген болуы тиіс. Мысалы, «5В010200-Бастауышта оқыту пеагогикасы
мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне төмендегі тақырыптарды
ұсынуға болады:
1.Тілдік пәндерді оқыту сабақтарында АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктері.
2.Ғаламтор коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру құралы
ретінде.
3.Грамматика, фонетика, лексика бойынша іс-шаралардың нәтижелілігін
арттыру үшін ғаламторды пайдалану.
4.АКТ инклюзивті білім беру үдерісінде: мотивациялық және
коммуникациялық құраушылар.
131
5.«5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
студенттерінің бойында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы ғаламтор
ресурстарының рөлі.
Студенттермен жеке-дара өткізілетін кеңестер кері байланысқа қол
жеткізіп, қосымша жұмыс істеуді қажет ететін тұстарын анықтауға мүмкіндік
береді. Олардың барысында нақты бір компьютерлік бағдарламалармен танысу,
құжатты мәтіндік редакторда түзу, таныстырылымдармен және есептеу
сервистерімен жұмыс жүзеге асырылады.
Студенттердің
өзінің
кәсіби
іс-әрекетінде
кәсіби-педагогикалық
дайындығының маңызды буыны педагогикалық тәжірибе болып табылады.
Оған студенттердің өз мамандандырылуына сай белгіленген жұмыстарды
орындауы кіреді. Сабақтар әрбір келесі сабақты өткен сайын күрделене түсуі
тиіс, бұл студенттердің білім деңгейін бағалап қана қоймай, оларды әдеттен тыс
жағдайларда жедел әрекет етуге үйретуге де мүмкіндік береді. Мысалы: 2
курстың студенті үшін біз төмендегідей тәжірибеге арналған міндеттерді
әзірледік:
а) арнайы (түзетуші) мектеппен (мектеп әкімшілігімен және педагогикалық
құрамымен оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалануына қатысты) танысу;
ә) оқыту бағдарламасымен және оқу жоспарымен танысу, сабақта және
сабақтан тыс уақытта АКТ-ны пайдалануға қатысты құжаттамаларды талдау;
б)оқушылардың компьютерде орындалған шығармашылық жұмыстарымен
танысу;
в) компьютерлік сыныптың жұмыс кестесімен танысу;
г) оқушылармен мектепте және үйде АКТ-ны пайдалануы туралы сөйлесу;
ғ)мұғалімнің материалды ұсыну үдерісінде АКТ-ны пайдалануына
қатысты бірнеше сабақы талдау;
д) инклюзивті білім беру үдерісіне АКТ-ны енгізу мүмкіндіктеріне
байланысты сабақтан тыс дәрістерді дайындау.
Педагогикалық тәжірибе барысында 3 курс студенттері арнайы мектеп
аясында төмендегі міндеттерді шешуі қажет:
сабақ барысын АКТ-ны қолдана отырып дайындау;
АКТ-ның көмегімен материалды ұсынуға қатысты оқу және
әдістемелік әдебиетке талдау жүргізу;
оқушылардың ақпараттық құралдармен өз бетінше жұмыс істеуін
ұйымдастыру;
оқушылардың тәжірибелік немесе шығармашылық қызметтері
барысында АКТ-ны пайдалануының табыстылығын бақылап отыру;
мұғалімнің сабаққа дайындалу және мәліметтерді беру үшін
ғаламтордан алынған материалды пайдалануының дұрыстығын анықтау.
Барлық нәтижелер есепке енгізілуі тиіс. Педагогикалық тәжірибе – бұл
студенттердің бойында өз кәсіби қызметінде АКТ-ны пайдалануға бейімділігін
қалыптастырудың ең жақсы әдістерінің бірі.
Тәжірибеден өту кезінде студенттер мектеп оқушыларымен АКТ-ны
пайдалану есебінен оқу материалының көрнекілігін арттыру және оны меңгеру
132
сапасын жақсартуға қатысты сабақта және сабақтан тыс іс-шаралар өткізу,
сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды іске асыруы және курстық (дипломдық)
жұмыстарды жазумен айналысуы қажет. Студенттердің тәжірибедегі міндетті
іс-шараларының тізімі 14 суретте көрсетілген
Сурет 14 - Студенттердің педагогикалық тәжірибе аясындағы қызмет
түрлері
Сабақ кезіндегі іс-әрекет дамуында ерекшеліктері бар балалардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында АКТ-ны қолдана отырып
материалды ұсынудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Көп жағдайда
ұсынылатын ақпараттың көрнекілігі үшін (кезек-кезек, сау балалардың көру
қабілетін ескере отырып) мәтінді ұлғайтқыш/кішірейткіш, дыбыс өткізгіш,
зейіні шашыраңқы балалар үшін ақпаратты ұсыну уақытын реттегіш және т.б.
қызметтері бар компьютер, проектор қолданылады. Компьютерлік құралдарды
қолдану оқытуды қарқындатуға және оқытудың эстетикалық, эмоционалдық,
Тә
жіри
бе
де
гі і
с-
ша
ра
ла
р
Дәріс
АКТ
қолданылатын
сабақтар
Компьютерлерд
е тестілеу
Үй тапсырмаларын
электронды
поштаға жіберу
Сабақтан тыс іс-әрекет
Ғаламторлық
жобаларға
қатысу
Оқушыларға
кеңес беру
АКТ қолдана
отырып сыныптық
сағат ұйымдастыру
Әдістемелік іс-әрекет
Дидактикалық
материалды
дайындау
Қолда бар
бағдарламалық
жасақтаманы
талдау
Бағдарламалық
жасақтаманы
түзету
Зерттеушілік іс-әрекет
Курстық жұмыс
үшін материал
жинау
Зерттеу
жүргізу
Инклюзивті білім берудегі
АКТ-ның рөліне қатысты
конференцияға дайындық
133
ғылыми сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Компьютер қолданылатын
барлық сабақтар оқушылар үшін жарқын және ұмытылмастай болып өтеді.
Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, үй жұмысын орындайтын
тапсырмаларды беруге болады. Мұндай тапсырманы оқушының өзінің еркімен,
қалауымен жасалуы тиіс, пайдаланылатын дереккөздер мен сілтемелердің саны
шектелмеген, негізгі шарт болып үй тапсырмасын білім алушы сыыптың
алдында қорғап шығуы тиіс, сонымен қатар үй тапсырмасы көрнекі
материалдарымен ерекшеленетін, және жаңашылдығымен көзге түсу керек.
Берілетін ақпарат көлемі ауқымды болмауы тиіс және тапсырма қорғаушыға
сынып тарапынан сұрақ қою мен оған жауап беру маңызды болып табылады.
Осылайша, біз, бастауыш сыныпта оқитын кіші мектеп жасындағы
балаларға білім мазмұнын АҚТ құралдарын қолдана отырып, сабақтың
тиімділігін артатынын байқадық. Ерекше назар аударарлық жағдай бұл
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тым көп қолданылмауы,
сабақтың әрбір кезеңінде компьютерлік технологияларды қолдануға болмайды
және қажет емес. Сабақты жоспарлау алдын оқу іс-әрекеттеріне мен оқу
мақсаттарына сәйкес электронды оқу материалдарын қолданған жөн дегіміз
келеді[220, б. 228].
АКТ-ны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдану барысында мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқыту барысында бірқатар ерекшеліктер болатынын ескеру
керек. Сабақты, сабақ жоспарларын ұйымдастыру мен бірқатар әдістемелік
тәсілдерді жүзеге асыру барысында назарға алынатын әртүрлі психологиялық
және педагогикалық аспектілер болады. Олар:
– сабақты ұйымдастыру барысында балалардың білім беру әрекетіне
араласуын ескеру керек;
– толеранттылық немесе жоғары ұйымдастырылған шыдамдылық
әртүрлі мүмкіндігі бар балаларға білім беру барысында өте маңызды факт
болып табылады;
– жеке тұлғалық қасиеті мен баланың тұлғасына құрметпен қарау;
– оқушылардың мүмкіндіктері, қызығушылықтары мен қабілеттерін
ескеру.
АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабаққа немесе сыныптан тыс
сабақтарға дайындық барысында мұғалім мына алгоритмдерді ұстанады.
1. Мемлекеттік стандарт талаптары мен бағдарламаларын зерттеу,
сабақтың мақсаты мен міндетін қалыптастыру;
2. Оқулық пен қосымша оқу құралдарының материалдарын зерттеу;
3. Техникалық мүмкіндікті бағалау (құралдардың болуы, кабинеттердің
жұмыс жасау тәртібі, компьютер мен олардың бағдарламаларының жай-күйі);
4. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып,
компьютердің арнайы және жалпы мүмкіндіктерін қолдану;
5. Қолданыстағы компьютерлік бағдарламаларды сабақтың мақсаты мен
міндеттеріне сәйкес таңдау;
134
6. Қажет болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жеке
тапсырмалар мен жаттығуларды құрастыру, ол үшін мамандар мен
оқытушыларды қатыстыру;
7. Сабаққа дейін таңдалған материалды қарап, оқып шығып, сабақтың
сценарийін жасау керек.
Ең бастысы – сабақ барысында АКТ құралдарын пайдалана отырып,
мұғалім сабақтың АКТ құралдарымен шектен тыс жүктелуі жұмыс уақытын
тиімді еместей етіп бөлуге, оқушылардың белсенділігі мен оқытудың
тиімділігін төмендетуге алып келетіні туралы жайттың маңызы зор.
Сабақты жүргізу барысында нәтижесі оң болған бірқатар аспектілерді
байқадық. Айталық, АКТ-ны қолдану сабақтарды жүргізуге сеп болады: баланы
таным үдерістерінің жалпы дамуында алға бастайды; қиындықтарды жеңуге
көмектеседі; баланың өміріне жақсылық пен қуаныш әкеледі (мәселен, АКТ-ны
ойында пайдаланғанда); оқытуды жақын даму аймағына жетуге көмектеседі;
оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсіністікті жақсарту үшін қолайлы
жағдайлар жасайды; сабақты жоғары эстетикалық және эмоционалды деңгейде
жүргізуге көмектеседі; жоғары көрнекілікті қамтамасыз етеді (егер сыныпта
саңырау балалар болса); дидактикалық материалдардың санын көбейтеді;
сабақта
орындалған
жұмыстардың
көлемін
көбейтеді;
оқытуды
дифференциялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді (мүмкіндігі шектеулі
балалармен әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды, мысалы жеңілдетілген түрдегі
тапсырмаларды қолдана отырып, жеке жұмыс істеу).
Мүмкіндігі шектеулі балаларда оқуға деген мотивация төмен болады.
Бүгінгі таңда бұл мәселені шешу үшін Microsoft Office PowerPoint, Windows
Movie Maker ортасында орындалатын презентациялар қолданылады. Экрандағы
дыбыс, қозғалыс және түс – баланың назарын сақтап тұрғатын, оқыту үдерісін
әлдеқайда саналы ететіндей факторлар.
Сабақты жүргізіп, АКТ-ны қолданғаннан кейін біз бірқатар оң нәтижелерді
байқадық. Міне, солардың бірқатары: сабақ эмоционалды түрде бай және
толыққанды, көрнекті болды; оқушылардың білімін бақылау мен тексеру үшін
бөлінетін уақыт қысқарды; ойлау әрекетінің тәсілдері қалыптасты, оқушылар
бақылау мен өзін өзі бақылау дағдыларына үйренеді; оқулықтың шекарасы
кеңейеді; сабаққа деген қызығушылық байқалады (сүйкімділігі мен көрнекілік
есебінен, мәселен презентацияны көрсеткенде т.б.).
Көріп отырғанымыздай, сабақтың барлық кезеңдерінде АКТ-ны
қолданғаннан кейін бірнеше оң жағдайлар көп. Сабақ үстінде АКТ құралдарын
қолдану барысында балалардың денсаулығына ерекше назар аударылады.
Сабақ жоспарына физикалық және динамикалық кідірістер, көзге арналған
жаттығулар, денсаулық сақтау технология элементтерін қолдану секілді
элементтер кіреді.
Білім алушылардың сабақ барысында оқу жетістіктерін бағалау
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған бағалау
критерийлеріне сүйене отырып жасауға болады. Олар: 2016-2017 оқу жылында
1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын
135
жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады.
Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу
жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім
алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір
білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде
олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және
олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың
жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру,
есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере
отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда
бағалануы керек:
−
арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру
бұзылыстары бар балалардың Л.Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс
баспалы шрифтпен жазу мен оқу;
− білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша
коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу;
математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың
өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;
− әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай
алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс
заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің
болатынын және болмайтынын түсіну.
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар
түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында
бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген
түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
АКТ құралдарын қолдану оқыту үдерісін белгілі бір деңгейде жақсартуға
септігін тигізеді. Бастауыш мектепте ойын әрекеттің ең басты әрі маңызды түрі
саналады. Ойнай отырып, оқушылар қиын ұғымдарды, дағдылар мен
шеберлікті еріксіз меңгеріп, есте сақтайды. Мультимедиялық бағдарламаларды
оқыту барысында қолдану мына мәселелерді шешуге септігін тигізеді:
– оқуға деген ынталанушылығын жоғарылату;
– жекелеп оқытуға қол жеткізу;
– үй тапсырмалары мен басқа да тапсырмаларды тексеруге берілген
уақытты қысқарту;
– сабаққа деген шынайы қызығушылық.
– танымдық және оқу белсенділігіне қызығыушылығын жоғарылату;
– жекелеп оқытуды жүзеге асыру, көлемін, қиындық деңгейін,
материалды беру темпін, оның динамикасын бақылау;
– материалды кезеңмен беруді үздіксіз бақылауда жүргізу
136
– білім алушылардың өзіндік жұмыстарын белсендіру, өзін-өзі бақылау
дағдыларын дамыту;
– жаттығуларды шексіз түрлендіру ету мүмкіндігі
– үй және тағы да басқа тапсырмаларды тексеру уақытын үнемдеу;
– материалды басқа түрде беру арқылы сабаққа деген қызығушылығын
арттыру
Бірқатар
авторлық
ұжыммен
бірлесе
отырып
(С.М.Кеңесбаев,
А.К.Оралбекова, Н.Т.Сартаева, М.А.Данабаева) 2017-2018 оқу жылына
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» оқу-әдістемелік кешені
(байқау нұсқасы) пилоттық білім беру ұйымдарына ендірілді[221]. Оқу-
әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім беру
деңгейінің 3-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық коммуникациялық
технологиялар (АКТ)»оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына[222]
сәйкес әзірленді. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына – оқулық, оқушы дәптері,
оқу әдістемелік нұсқаулық енген. «АКТ» пәніне оқытудың мақсаты
оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін, қазіргі
ақпараттық технологияларының негізгі білімімен, жұмыс жасау дағдылары
және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. «АКТ» оқу-әдістемелік
кешені саралау тәсілінің тұғыры негізінде жасалған. Саралау тәсілі –
оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін
белсенді дамытуға, оқуға ынталандырудың басқа әдіс-тәсілдерін табуға,
мүмкіндік береді, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына көмектеседі.
Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, мұғалімге де,
оқушыларға да әртүрлі білім беруші және көрнекі бағдарламалар, үлгілер мен
ойындарды құру керектігі – маңызды фактінің бірі. Мұндай тиімді
нұсқаулықтар оқушылардың оқуға деген оң қарым-қатынасын қалыптастырып,
оқушыларға білім берудің қарқынын таңдауға мүмкіндік береді. Айталық, Hot
Potatoes құралдық бағдарламасын қолдануға болады. Бұл бағдарлама
оқытушыларға бағдарлау тілін меңгермей-ақ немесе бағдарлау мамандарын
қатыстырмай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін интерактивті тапсырмалар
мен бақылау үшін тесттерді өз бетімен жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның көмегімен мәтіндік, графикалық, аудио және бейне-
ақпараттарды пайдалана отырып, әртүрлі пәндер бойынша жаттығулар мен
тесттердің 10 типін құруға болады. Бағдарламаның ерекшелігі – осы
құрастырылған тапсырмалар веб-беттің стандартты форматында сақталады
(айталық, Internet Explorer). Оқушыларға Hot Potatoesбағдарламасы керек емес:
ол оқытушыларға жаттығуларды құрастыру және редакциялау үшін ғана керек.
Бағдарлама бүкіл әлемде кез келген пәндерді меңгеру арналған тапсырмаларды
құрастыру үшін кең қолданылады. Бағдарлама 1997-2003 жылдар аралығында
Виктория (Канада) университетінің гуманитарлы білім берудің ақпараттық
технологиялар орталығында жасалды (http://web.uvic.ca/hcmc). Бағдарлама
авторлары: Stewart Arneil – HTML, JavaScript,Macintosh, Martin Holmes –
137
HTML, JavaScript үшін бағдарлау, Windows (http://www.mholmes.com) үшін
бағдарлау, Hilary Street («Interdesign Media» компаниясы) – графика.
Martin Holmes соңғы 6-шы нұсқасының, 2003 жылы қазан айында шыққан
бағдарламаның
авторы.
Интернет
дереккөздерінде
бар
басқа
да
бағдарламаларды қолдануға да болады.
Көпшілік мұғалімдер әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады. Мәселен,
дамытушы тәсілдер мен әдістер: талдау тәсілі; салыстыру тәсілі: жалпылау
тәсілі; жіктеу тәсілі: ұғымдарды түсіндіру; әрекеттердің ішкі жоспары.
Осылайша, АКТ құралдарының көмегімен таным әрекетін басқаруға
жұмсалған еңбек барлық жағынан алғанда өзін өзі ақтап шыға алады.
Компьютерлік құралдарды қолдану балаларды оқытуға қажетті
компоненттерден тұрады. Бұл теледидарлық бейнелер, анимациялар, графика.
Мұндай сабақтарды талдау таным уәждемесі көбейіп, күрделі материалдарды
игеруді жеңілдетеді. Мектептен бастап балаларға компьютерде жұмыс істеудің
гигиеналық нормаларын үйретіп, көзге жаттығуларды жасатып, жеңіл
жаттығулар жасату керектігін ұмытпау керек (қосымшаны көріңіз).
Компьютер – ойындар мен қызығушылық үшін арналған (біздің
балаларымыз дәл осылай ойлайды), сонымен қатар әрбірінің өзін өзі
шығармашылық көрсетудің құралы екендігіне көз жеткізу керек. Барлық
балаларға оқытудың бастапқы кезеңдерінде ең қызықты әрі қолжетімді іс-
әрекет түрі – сурет салу. Қазіргі заманғы ғалымдардың пікірінше, саусақпен
жұмыс жасау сөйлеуді дамытады. Суретте ойды жеткізу әлдеқайда оңай әрі
жеңіл. Сурет балаларға өзін өзі көрсетуге, өзін өзі біреулерге мойындатуға
септігін тигізіп, көрнекі ойлауды және қиялдауды дамытады.
Балалар тінтуірмен қарапайым қозғалыстарды орындай отырып, сенсорлық
жадысын дамытып, әріптерді шапшаң жазуды үйренетіні ғылыми түрде
дәлелденген әрі негізделген. Мүмкін графикалық редактордың мүмкіндіктері
кең шығар. Графикалық редакторлар бейнелер мен дайын бейнелерді жинақтап
«сурет етіп салу» үдерісіне бейімделген. Бала құралдар жинағынан әртүрлі
формадағы қылқаламдарды, әртүрлі түстерді қолдана алады. Сонымен қатар,
балалар мәтіндердің ішіне және бояу үшін суреттерді пайдалана алады. Оқыту
қызықты ойынға айналады, бала бұл қызықты ойынды өз қолымен
жасайды[223].
АКТ-ны қолдану балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады.
Себебі презентация тәсілі қолданылады. Бұл «фасциация», яғни «сүйкімділік»
деп аталатын ұстанымды білдіреді. Презентация көмегімен балалар әдетте,
сабақ барысында жоғары белсенділігімен ерекшеленіп, өзінің ойы мен пікірін
айтуда белсенділік танытады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісінде психологтар адамның
маңызды сенсорлық жүйесін, әсіресе кинестетикалық жүйені қолдануды
ұсынады. Себебі бұл жүйелер моторлы жадымен байланысты әрі баланың
автоматизациялау дағдыларын қалыптастыруға, яғни сананың деңгейіне
жеткізуге септігін тигізеді.
138
Мұғалімнің арсеналында интерактивті тақта, дәстүрлі құралдарды
интерактивті құралдармен үйлесімді біріктіру балаларды оқытуда туындайтын
көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізеді.
Интерактивті тақтамен бір рет болса да, жұмыс істеген мүмкіндігі
шектеулі көптеген балалар сабаққа қатысуға басқаларға қарағанда, әлдеқайда
қызығушылық танытады. Олар сабақта өздерін еркін ұстап, басқа адамдар
алдындағы қорқынышын жеңіп, қарым-қатынасқа оңай түсе бастайды.
Интерактивті тақта мүмкіндігі шектеулі балаларға өзін өзі көрсетуге және
мойындатуға септігін тигізіп, жалпы және шағын моториканы дамытады.
Себебі тақтада маркерлермен ғана емес, қолмен де, тіпті саусақпен де жұмыс
істеуге болады. Мұндай технологиялардағы ең үлкен артықшылық –
балалардың өздері құрастырған: электронды күнделіктер (оқушылардың
бағаларды белгілеу тәсілі. Балалар оны кәдімгі күнделік орнына пайдаланып,
жеке жазбалар, бақылау мен талдау т.б. мәселелерді жазу үшін де қолданады);
элетронды жазу дәптерлері (баспа түрінде жаттығу орындау (жұмыс дәптері);
бақылау жүргізу; үй тапсырмаларын жазып алу; және маңыздысы – жазбаларды
«шимайлап» түсіру); электронды портфолио (шығармашылық жұмыстарды
таңдау, оқушылардың жетістіктерінің куәліктері, электронды тасығыштарға
сақтау). Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде мүмкіндіктердің шеңбері өте зор.
Оқу үдерісіне АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімнің рөлі өзгермейтінін атап
өткен жөн. Ол бұрынғысынша білімнің басты көзі болып қала береді, ал
ақпараттық құралдар тек ұсынылатын материалды көзбен шолуды жақсартады.
Дәрістік қызметте студенттер оқушыларға материалды көзбен шолудың әртүрлі
әдістері туралы әңгімелеуі, АКТ-ны қолдануды қажет ететін жағдайларды
тудыруы, және ақпараттық құралдармен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде
көрсетуі тиіс. Сабақ біткен соң мүмкіндігінше материалды бекітудің
табыстылығын бағалау үшін тестілеуден өткен дұрыс.
Сондай-ақ, ақпараттық құралдардың әрбір оқушының өз экраны болған
жағдайда жеке-дара оқытуда айтарлықтай рөлі барлығын да түсіну маңызды.
Жеке-дара компьютерлік оқыту психологиялық тұрғыдан да үлкен әлеуетке ие.
Бұл материалды игеру барысында оқушының өзін-өзі бағалауы қысым
көрмейтінімен байланысты, себебі ол компьютерде жаттығудан құпия түрде
өтеді. Оқушы тапсырманы орындау жылдамдығын, әріптің көлемін, дыбыс
деңгейін, экранның қалпын және т.б. өз бетінше реттей алады. Мұғалімнің
міндеті тек оқу үдерісін АКТ-ны қолдана отырып ұйымдастыруға келіп саяды.
Тәжірибедегі студенттің маңызды міндеті — сабақтарға арналған
бағдарламалық жасақтаманы таңдап алу. АКТ туралы бастауыш деңгейдегі
білімі немесе «компьютерлік түсінігі» болған жағдайда мектепке арналған
бағдарламалық жасақтама пайдаланылады. Білімі жоғары деңгейдегі студенттер
бағдарламалық сценарийді өз бетінше жасайды. Тарату материалдарына келсек,
онда оларды дайындау үшін де компьютер мен ғаламтор пайдаланылады.
Сабақтан тыс іс-әрекеттегі ең кең таралған іс-шара – орындалуы үшін
ғаламтор ресурстары қажет болатын оқушыларға арналған тапсырмаларды
жасау болып табылады. Мысалы: студенттерге 3 сынып оқушыларына арналған
139
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәніне байланысты Блум
таксономиясының деңгейлік тапсырмаларын жасау тапсырмасы берілді.
Тапсырмалар жинақталып, талданып, ұтымды нұсқалары өңделіп, сол
тапсырмалар жинағын біз, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
оқулығына енгіздік. Оқу-әдістемелік кешенінің тапсырмалары әр деңгейге сай
белгілі бір етістіктер арқылы тапсырмалар жиынын ұсынамыз: есте
сақтаңдар, қайталаңдар анықтаңдар(14-сурет).Мысалы:
Сурет 14 – Білу деңгейінің тапсырмасы
Түсіну деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмалар: түсіндір, талқыла, басқаша
айт(15-сурет).
Сурет 15 –Түсіну деңгейінің тапсырмалары
Білімді қолдануға арналған тапсырмалар: қолдану, көрсету, орындау(16-сурет).
140
Сурет 16 –Жинақтау деңгейінің тапсырмалары
Жинақтау деңгейіндегі тапсырманың негізіндегі тірек сөздер құр, жаса
байланыстыр, жинақта. Бағалау деңгейі: қорытынды жасау, бағалау т.б.
сынды етістіктермен сипатталатын деңгейлік тапсырмалар жинақталған. Бұл
тапсырмалар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негіз бола алады[221].
Сонымен қатар, болашақ мамандар дайындық барысында олар жаңа
ақпарат көздерімен және материалдармен танысады. Тәжірибедегі студенттің
міндеті – тапсырманың алынған нәтижеге сәйкестігін және кері байланысты
бағалау.
Ақпараттық құралдар туралы теориялық білімдер сапалы мультимедиялық
жобаны жасауға мүмкіндік бермейді. Оның табысты болуы үшін мазмұнына
айрықша назар аудару керек. Тапсырманы орындау үшін жұмыс тобы құрылып,
оның құрамына оқушылар, студенттер және нақты пәндер бойынша мұғалімдер
кіреді.
Телекоммуникациялық қызмет ғылыми-зерттеу жұмысы нысандарының
бірі болып табылады. Оның барысында ақпараттық құзыреттілік қалыптасады,
алынған білімдер бекітіледі және шығармашылық үдерістің барлық
қатысушыларының арасында айрықша орта құрылады.
АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларын түзету педагогикалық тәжірибе кезінде
ғана емес, арнайы мектептердегі жекелеген пәндік сабақтарда да жүзеге
асырылады. Осылайша, педагогикалық тәжірибе студенттердің өз кәсіби
қызметінде АКТ-ны пайдалану құзыреттілігін қалыптастырудың қорытынды
кезеңі болып табылады.
Оқыту әдістерін таңдап алу оқу курсын дайындау барысында үлкен рөлге
ие болады. Оқыту әдістері дегенді білім беру мақсаттарына қол жеткізу үшін
мұғалім мен оқушылардың арасындағы кешенді өзара әрекеттестік үдерісі деп
түсіну керек [224].
141
Э.Т.Адылбекова оқыту әдістерін тәлімгердің оқушының танымдық
қызметіне ықпал ету тәсілдері ретінде қарастырады [225]. Бірақ, біздің
ойымызша, оқыту әдістері дегенде оқушының белгілі бір білім, дағдыларын
үйренуі үшін оның танымдық және шығармашылық қызметін басқару үдерісін
айтқан дұрыс.
Педагогикада заманауи оқыту әдістері айтарлықтай көп, сондықтан оларға
әртүрлі белгілері: білім беру үдерісінің үлгісі бойынша, танымдық қызметтің
түрі бойынша, ұсыну әдісі бойынша және т.б. жіктеу жүргізіледі. Оқыту
құрылымын ұйымдастырудың айтарлықтай көптеген өзекті тәсілдері бар.
Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастырайық.
Оқытудың репродуктивті түрі алгоритмдік сипатымен сипатталады. Оқу
үдерісінің барысында оқушылар мұғалімнің түсіндірмелерін мұқият тыңдайды,
оқулықтар бойынша оқу материалымен танысады және нұсқаулар, ережелер
және кеңестер бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындайды (осыған ұқсас
жағдайда қалай әрекет етуге болатынын көрсетеді) [226].
Материалды бұдан да табысты игеру және ойлауды қалыптастыру үшін
танымдық қызметтің құрылымын өзгерткен жөн. Ол үшін оқу материалын өз
сөзімен айтып беру, оқу бағдарламасына әдеттен тыс жағдайларды, қандай да
бір мәселе бойынша пікірталастарды енгізу қажет. Оқытудың бұл түрінде
оқушылар рефераттарды жиі жазып, баяндамалар жасайды, тақырыптық
конференцияларға немесе оқу-әдістемелік ойындарға қатысады.
Материалды ең терең меңгеру эвристикалық немесе іздеу қызметімен
сипатталады. Оның барысында белсенді түрде танымдық міндеттердің шешімін
іздеу ұйымдастырылады. Мұнда оқытудың негізгі нысандары: үдерісті
үлгілендіру, күрделі міндеттерді шешу, іскерлік ойындар, жеке және ұжымдық
зерттеулер болып табылады. Олардың барысында ойлау үдерісін іске асыру
өнімді сипатқа ие болады.
Танымдық қызметті сипаты бойынша жіктеуді И.Я.Лернер ұсынған [227].
Оның негізгі идеясы оқыту әдістерін оқушылардың оқыту үдерісінде
материалды өз бетінше меңгеру дәрежесіне қарай қалыптастыру болып
табылады.
Педагогикалық ғылымда [228, 229, 230] көп жағдайда оқыту әдістері
стандартты және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі емес әдіске АКТ-ны
қолдана отырып оқыту (соның ішінде компьютерлік оқыту) әдістері мен
жобалар әдісі жатады. Жобалау әдісі – бұл оқу үдерісін мақсатты түрде өз
бетінше оқуға айналдыру. Педагогика ғылымдарының докторы Е.С.Полат [231]
атап көрсеткендей, жоба әдісінің негізіне білім алушы үшін маңызды нақты
мәселе қаланған. Оқушының міндеті – оның шешімін өз бетінше оқу
барысында алған білімдері немесе мәліметтерінің көмегімен табу.
Міндетті орындау үшін алуантүрлі әдістердің жиынтығын, сондай-ақ
әртүрлі ғылымдар мен салалардан алып, біріктірілген білімдер мен
шеберліктерді пайдалану маңызды. Жобалау әдісінің негізіне оқушының
өзіндік: дербес немесе ұжымдық жұмысы қаланған.
142
Жобалау әдісін пайдалану кезіндегі оқыту үдерісі оқушының жеке
қабілеттеріне және оның қарауына берілетін компьютерлік құралдар мен
ақпараттық мәліметтер базасының болуына бейімделген.
Оқыту үдерісінің мынадай деңгейлері бар:
1.Ақпараттық ресурстармен танысу, қажетті мәліметтерді іздеу.
2.Түсіну. Қандай да бір жағдайдағы дұрыс кешенді әрекеттерді
қалыптастыруды көздейді.
3.Стандартты міндеттерді шешу. Типтік жағдайлардың шешімін бұрын
ұсынылған нұсқаулық бойынша немесе мұғалім қарастырған алгоритм
бойынша іздеуді білдіреді.
4.Типтік емес міндеттерді шешу. Бұл – жаңа мәселенің жаңа композитті
шешімін іздеу шеберлігі.
5.Әртүрлі пәндік саладан алынған білімдерді топтау. Бұл – нақты бір
міндетті шешу үшін әртүрлі пәндерден алынған білімдерді пайдалану.
Жобалау әдісінің ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
- оқушының жеке мүмкіндіктеріне бағдар алу;
- оқу үдерісін басқарудың жанама әдістері (өз бетінше шешім іздеу,
шығармашылық жобалармен жұмыс істеу және т.б.);
- ұдайы белсенді танымдық қызмет (дәстүрлі оқыту кезінде оқушылар
сабақың көп бөлігінде енжар болып табылады);
- оқытудың әрбір кезеңіндегі кері байланыс (дәстүрлі оқыту кезінде ол тек
қорытынды бақылау кезінде ғана жүзеге асырылады).
Бұл тәсіл білім беру үдерісінде АКТ-ны пайдалану мәселелерімен
айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс
тапқан.
Айталық,
А.П.Орешко
[232]
жобалау
әдісі
оны
телекоммуникациялармен үйлестіргенде барынша жоғары тиімділікке қол
жеткізуге мүмкіндік береді деген тұжырымға келген. Басқа қалалар мен
елдердегі оқушылармен өзара әрекеттескен жағдайда мотивациялық құраушы
ұлғая түседі. Бұл жағдайда оқыту компьютер арқылы жүзеге асырылады, бұл
білім алушылардың белсенділігі мен дербестігін арттырады, сондай-ақ
ұжымдық рухты қалыптастырады.
Жобалау әдісі педагогтарға да ықпал етеді. Олар оқытуға инновациялық
технологияларды енгізу, оқушыларға арналған ұжымдық және жеке
тапсырмаларды қалыптастыруға, оқу үдерісін біріктіруге және оқушылардың
ойлау деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.
Жобалау әдісін пайдалану кезінде ғаламтордағы ақпараттық ресурстарды
кеңінен пайдалануға бірден-бір мүмкіндік туады. Бұл қарым-қатынас кезіндегі
коммуникациялық дағдыларды арттыруға мүмкіндік береді және әртүрлі
мақсаттағы ақпаратты қолжетімді етеді.
Отандық педагогикада жобалар әдісі тек енді ғана енгізіле бастады. Бұл
үдеріс негізінен информатиканы оқытуға қатысты.
Жобалау әдісі арнайы пәнді өту барысында басқа пәндер аясында алынған
білімдерді бекітуге мүмкіндік береді. Жобалау әдісін енгізу білім беру саласын
143
уақыт талап етіп отырған нақты бір жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді.
Нәтижелері 17 кестеде көрсетілген (17-кесте).
Кесте 17 – Ақпараттық-коммуникациялық жобаларды болашақ педагогтердің
білім беру үдерісінде қолдану
Кезеңнің
сипаттамасы
Оқытуды ұйымдастыру
нысаны
Табыс өлшемдері
1 кезең–
компьютерлік
сауаттылық
Қашықтықтан оқыту және
арнайы курстарда
компьютерде жұмыс істеу
дағдыларын меңгеру
Ғаламтор ресурстарымен
өз бетінше жұмыс істеу
2 кезең– онлайн
режимінде
жобаларға қатысу
Ғаламтор жобасына
қатысу
Ғаламтор жобасының
құрылымы және жұмыс
схемасы ұғымы
3 кезең–ғаламтор
жобаларының ең
маңызды
тақырыптарын
таңдай білу
Ғаламтор жобасы
аясындағы жеке жұмысын
таныстыру, басқа
қатысушыларға көмек
көрсету
Оқу орны аясындағы
нақты бір жоба бойынша
жергілікті
қауымдастықты құру
4 кезең–ғаламтор
қауымдастықтарына
белсенді қатысу
Чаттардағы пікірталастар,
форумдарда
тақырыптарды талқылау
Тұлғаның өзін-өзі
дамытуы
5 кезең–нақты бір
оқу материалы
бойынша жобалық
ой идеясын
қалыптастыру
Жобаның мақсаттары мен
міндеттерін бөліп көрсету,
телекоммуникациялық
құралдарды таңдап алу
Өз жобасын жасау, оқу
орнынан тыс серіктес
іздеу
6 кезең –жобаның
тиімділігін
қамтамасыз ету
Жобаның жоспары мен
бағдарламасын түзу
Жобалық қызмет
Г.А.Кручинина [233] білім беруді ақпараттандыруды арттыру үшін квест-
жоба тәрізді белсенді оқыту әдісін пайдалануды ұсынады. Олар жеке жұмыста
да, ұжымдық жұмыста да пайдаланылуы мүмкін.
Квест-жобалар белгілі бір мақсатқа жетуді көздейтін компьютерлік
ойыннан тұрады. Оқушылар өздері жұмыс істегісі келетін әдеттен тыс
жағдайды өздері таңдап, өздері үшін оңтайлы жұмыс қарқынын, бағытын және
көлемін белгілей алады.
Квест-жоба дегеніміз – тек оқыту әдісі ғана емес, сонымен қатар оқушылар
өзара әрекеттесетін белгілі бір орта екендігін де түсіну қажет. Ойыннан өту
барысында олар дербестік, ойлау икемділігі, типтік және әдеттен тыс
жағдайларды шеше білу шеберлігі, әртүрлі салалардан, соның ішінде Ғаламтор
144
арқылы алған білімдерін қолдану және т.б. дағдылары мен жеке қасиеттерге ие
болады.
Педагогтарға арналған квест-жобалар мотивацияны қалыптастыруға,
материалдың меңгерілу дейгейін арттыруға, ақпараттық іс-әрекет дағдыларын
дамытуға, танымдық іс-әрекетке деген оң көзқарасты қалыптастыруға, нақты
мәселелерді шешу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.
Заманауи білім беру өз бетінше шешім қабылдайтын жаңа буынды
тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Квесттер тәжірибелік құраушысы бар пәндерді
оқыту кезіндегі ең жоғары тиімділікті көрсетуде.
Г.И.Муратова [234] білім беруді ақпараттандырудың негізгі әдісі ретінде
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін бөліп қарастырады. Ол жобаның тақырыбын
таңдаудан бастап тәжірибеде алынған нәтижелерді сынақтан өткізуге дейін
қатаң түрде белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылады. Білім алушы өз
қызығушылығына қарай, болашақ мамандығының зерттеу тақырыбын өз
бетінше айқындай алады.
Жобалық жұмыстардың тақырыптарының таңдалуын талдау кезінде
педагогикалық оқу орны студенттерінің қызығушылықтарының санқырлылығы
байқалды. Мысалы: «Инклюзивті білім беру мектебінің қызметін
бағдарламалық жасақтау», «Әлемдегі инклюзивті білім беруде АКТ-ны
пайдалану мәселелері», «АКТ-ның көмегімен оқушылармен қарым-қатынас
жасаудағы қиындықтарды жою жолдары» және т.б.
Ғылыми-зерттеу жобасының құрылымы классикалық алгоритм бойынша
қалыптасады. Жұмыс аяқталған соң, студенттер оны қорғау үшін клип,
таныстырылым дайындайды және веб-сайт жасайды. Зерттеу жұмыстары
барысында үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу мен талдау жүзеге асырылады,
АКТ-ны пайдалану тәсілі қалыптасады және т.б. Жұмыс аяқталған соң, қоғам
үшін құнды еңбек пайда болады. Зерттеушілік және шығармашылық қызмет
педагогикалық мамандықтар студенттерінің бойында оларға кәсіби қызметінде
пайдасы тиетін дағдыларды қалыптастырады.
Арнайы пәнді жобалау үшін біз оқыту әдістерін білім алушылардың
танымдық қызмет түрлері бойынша бөлуді пайдаландық. Бұл нұсқа кездейсоқ
таңдап алынған жоқ – білім беруді ақпараттандыру аясында педагогтарға
қойылатын талаптарға дәл осы жіктелім жауап береді. Осыған ұқсас ұстаным И.
В. Роберттің еңбектерінде де кездеседі.
И.В.Роберт [141] қоғамды және оқу үдерісін ақпараттандыруға
байланысты білім беру құрылымын өзгерту туралы алғашқылардың бірі болып
сөз қозғаған. Білім алудың белсенді әдістері бейтарап әдістерді ығыстырып
шығаруда, бұл білім берудің өз бетінше оқуға бағытталуы туралы пайымдауға
мүмкіндік береді.
А.К.Мынбаева [56] да білім берудің оқытудың белсенді әдістерін
пайдалануға өтуін атап көрсетеді. Әдісті таңдау кезінде оның тәжірибеде іске
асыру кезіндегі табыстылығын оқу үдерісінің нақты мақсаттарымен
салыстырған жөн. Олар нақты бір пән материалының ерекшелігін ескеруі және
145
таңдап алынған оқу орнындағы үдерістің ортақ ерекшеліктеріне сәйкес келуі
керек.
Инклюзивті білім беруде АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктері бойынша
арнайы пән тәжірибелік сипатқа ие, сондықтан оны іске асыру үшін
зертханалық, ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, іскерлік ойындар, чат-конференциялар
және т.б. белсенді әдістерді таңдау қажет. Т.А.Минькович [235] тиімділікті
арттыру үшін студенттерге АКТ-мен шешуге болатын нақты педагогикалық
міндеттерді көрсету керектігін атап көрсеткен. Мысалы: «АКТ нысандары және
оның инклюзивті оқу үдерісіндегі рөлі» тақырыбы бойынша материалды бекіту
үшін студенттерге ақпараттық құралдарды қолдана отырып өтетін сабақың
немесе сабақан тыс дәрістің сценариін өз бетінше жасау ұсынылады. Оларды
жасау кезінде бұрын тәжірибеде алынған білімдерді пайдалануға мүмкіндік
беретін пәнаралық байланысқа айрықша көңіл бөлінеді.
Педагог материалды игеру үшін ең тиімді болып табылатын оқыту
әдістерін белгілеуі қажет. Пәннің кәсіби бағыты әрдайым студентердің
қызығушылығын тудырады. Технологияны дұрыс таңдау – бұл күрделі міндет,
себебі қолда бар оқыту нысандарын нақты бір пәннің ерекшеліктеріне
бейімдеуді талап етеді. Арнайы пәнді оқыту барысында оқу үдерісін
ұйымдастырудың тәжірибелік әдістерін таңдаған дұрыс, себебі ақпараттық
құралдармен жұмыс істеу мақсаты мен қолданбалы дағдыларын дәл солар
қалыптастырады.
Осылайша, «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы бойынша білім алушыларға арналған «Бастауыш білім беруде АКТ-
ны қолдану» арнайы курсының бағдарлама үлгісінің тұжырымдамасы болашақ
педагогтарды АКТ-ның көмегімен сараланған сыныппен тиімді жұмыс істеудің
теориялық-тәжірибелік мәселелеріне кезең-кезеңімен, үздіксіз оқытуға
негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |