Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
Б 78
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Бөкей Оралхан.
Б 78 
Шығармалары

Повестер
.

Оралхан Бөкей. 
– алматы: «Ел-
шежіре», – 2013. 
Т. 3. –384 б. 
ISBN 978-601-7317-49-2
Әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған жазушы Оралхан Бөкей 
тұтас ұрпақты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа іңкәр етіп тәрбиелеген-ді. 
Ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың 
оқырман қауымның айырылыспас жансерігіне айналып, бағыт-бағдаршысы 
болып кетті. ғұмыры ерте үзілген аса талантты жазушының бұл томына қазақ 
әдебиетінің тарихынан ойып орын алатын бірегей повестері, қазіргі тілмен 
айтсақ – хикаяттары топтастырылып беріліп отыр.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-44
ISBN 978-601-7317-49-2
 
© Исаканова Г., 2013
ISBN 978-601-7317-46-1
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013


3
САЙТАН КӨПІР
«Өмірдің қандай қиын-қыстау
кездері, қандай ауыр минуттары
басқа түссе де, менің жүрегім:
«Жасай бер, адам!» – деген
гимнді шырқаудан танған емес».
М. Горький
айқай – жаңғырық.
айқай – жаңғырыққа тең. ал жаңғырықтан біздер, біздің іс-
әрекетіміз, ой-мақсатымыз, тіпті бүкіл дүние, күллі адамзаттың 
барлық тіршілігі, өмірінің мән-мағынасы жаратылғандай. 
«Жұмыр жердің бетін төрт миллиардтан астам адамның аяғы 
таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Тек жердің 
астындағыларда үн жоқ. Егер Құдайдың құдіретімен сол өлілер 
қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз, жым-жырт өтуді 
тірілерге үйретер ме еді, қайтер еді... бір-біріне қатты сөз айтпай, 
бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, 
бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер аруақтар 
зәуде қайтып оралса... (шіркін-ай, қайтып оралса) дүниедегі 
сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, БІЗДЕр ұяттың отына 
өртеніп кетер едік-ау... амал қайсы, Олар ешқашан да, ешқашан 
да қайтып келмейді. Сондықтан да кеңірдегіміз жыртылғанша 
аЙҚаЙлаЙыҚ! Өйткені, аЙҚаЙСыЗ дүние тұл.
айқайлау дегеніміз – өмір сүру.
Әлі есімде: Өзімнің бала кезімде болар, ауыл іргесінен 
суыртпақтала басталып, қалың орманға сіңіп кетер жалғызаяқ 
жолмен іңір сапарына шығатынмын. Сонда: күн алтын ұясына 
қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын дүр сілкіндіріп аса 
қатты ЖаҢғырыҚ жарып өтетін; ол кезде әлгі ЖаҢғырыҚТы 
– Күн мен Түн екі арасындағы бейуақ сәттің тым келте кесілетін 
хабаршы үні деп ойлаушы едім; мынау жұмыр жердегі тіршілік 
атаулының осынау айдай әлемге ие екеніне куәлік іспеттес, 


4
көрсеткен сесі шығар деп ойлаушы едім, немесе кіндік қаны 
тамған туған жер, өскен елге арнап, ардақты ұлының еркелеп 
айтар әніне жорушы едім, немесе мал қайырған тау қазағының 
құрып кетпей есен-сау жер басып жүргенін дүние-көкке паш етер 
ең алғашқы әрі ең ақырғы аЙҚаЙы шығар-ау деп сүйсінуші 
едім; кешкі жаңғырық ызыңдап барып тарап кеткен соң, мақшар 
сәтіндей – жұмбақты сәт, бірсін-бірсін ұйиды да, қызыл күрең 
тау, сары ала орман-тоғай мақпал түннің құмарпаз құшағында 
тұншығатын; күн ұясына қонған намаздыгер-намазшам арасында 
тек асқар алтайдың құзар шыңында ғана әлгі сәтте көз жұмған 
Күннің алтын алауы көпке дейін тарқамай, ал батыс көкжиек 
жалғызынан айрылған Жер-ананың жылай-жылай қанталап 
кеткен жанары сықылданатын; анау қарабарқынданып жатқан 
жер жарықтық қисапсыз үміт-мақсатын, бақыты мен байлығын 
қапияда тонатып алғандай, соншалықты аянышты кейіпте 
сыңсып, жоқтау айтқандай қасіретті сезілуші еді.
Әлі есімде: ирелеңдеген көрбілте жол орманға кіре бергенде 
екіге айрылып, бір саласы шұғыл оңға бұрылатын. Оңға 
бұрылатын соқпаққа түссеңіз, тұп-тура өлілер мекені – қалың 
қорым бейітке жетелеп алып баратын-ды. Сонда, өзім де сезіп, 
біле бермейтін белгісіз бір тылсым күш қолымнан тартып, сол 
төңкерілген астаудай, итжонданып жатқан молаларға қарай 
ымдап шақырып, құлағыма әлденені сыбырлап, жүр-жүрлейтін. 
(ауыл шетіндегі аруақтар патшалығына ат басын бұрғандары-
ңыз бар ма? Жоқ... бекер жасайсыздар, түптің-түбінде мекен-
жайыңызға айналар ордаға оқта-текте тәуәп етіп, тәубаға келіп 
тұрғанның артығы жоқ). ал өзім болсам: таудан аққан бұлақтай 
бұлқынған жүрегімнің дүрсілі құлағыма естіліп, кеудемде мың-
миллион құлын құлдырай шауып барады-ай; буын-буыным жаңа 
аяқтанған ботақанның тірсегіндей қалтырап, тәй-тәй басып 
жақындағанымда... тәңірім-ау, бірі-бірімен сыбырласқан, бәлкім, 
сырласқан сансыз үнді естіп едім-ау, иә-иә, естігенмін. аруақтар 
күбір-күбір әңгіме шертіп жатқан. Үлкендер, яғни ақсақалдар 
айтушы еді: пенденің өзі өлгенмен жаны өлмей, құс секілді әлемді 
шарлап ұшып жүреді деп; моладан шыққан сиқырлы сыбыр, сол 
әуелеп ұшып жүрген ҚҰСЖаННыҢ ымырт жабыла өз ұясына 
оралып, күні бойына жер бетінен – тіршіліктен не көріп, не естіп 
білгендерін әңгімелеп жатқандай еді. Сонда... сол молалардың ең 
шетінде басына қайың құрықтан сайғақ шаншыған шағын ғана 
төмпешік жатушы еді. Басқа мүрдеханалардан ерекшелігі де сол – 


сырты қоршалмай, жермен, жер басып, тірі жүргендер мен өлілер 
арасындағы хабаршыдай емін-еркін-тін. Сонда... әлгі, аспанды 
нұсқаған құрық саусағы бар төмпешікті орындық қып, міз бақпай 
жалаң бас жайғасқан аДам – қара санынан төменгі жағы өзі 
отырған қара жердің астында жатқан аДам – қарсы алдында 
делдиіп тұрған баланы – мені көзіне де ілмей, немесе көрмей, 
батқан күнге жүз беріп, жаназа оқығандай әлденені күбірлеп, 
тас Құдайдай қасқаятын жарықтық. Сонда... құлағыма еміс-еміс 
естілгені: «мен кісінің басынан емес, аяғынан қорқамын».
ал біз ше?.. – ештеңеден де...Жер мен көкті дір еткізген 
аЙҚаЙ тағы да естілді. Бірақ Тасқұдай қозғалған жоқ.
айқай, дүние-ай!..Биыл қыс жұмсақ басталды да, арты 
толассыз жауған қарға ұласты. Әсіресе жаңа жылдың алдындағы 
үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар, сол шаш етектен 
жауған қарға мелдеген ел мен жер – ұлы тыныштықтың құшағына 
тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай – жым-жырт. Осындайда 
кісінің бойын бойкүйездік билеп, ес-ақылдан айрылып, басыңды 
тұмшалап алып ұйықтай бергің келеді. Далаға шықсаң болды, өз-
өзіңнен жиіркеніп, үйіңе қайта кіруге асығар едің.
Тау қойнауында отырған ауылдың қазіргі кеспірі албасты 
басқандай, аянышты-ақ еді. Күні кеше ғана сап түзеп тұрған 
ағаш үйлер ақ ұлпаның астында қалған. Сол үйілген мақтадай 
томпайып-томпайып жатқан үйлердің төбесінен жұлындай болып 
түтін көтеріледі, көтеріле беріп мың-миллион қар-көбелектер 
қаптаған бозамық аспанға сіңіп жоқ болады. Қыбыр еткен жан 
көрінбейді. Батыс қайсы, шығыс қайсы айырып болмайтын 
дөңгеленген беймәлім тіршіліктің ортасында қалың сарбазынан 
айрылып, ұрыс даласында жалғыз қалған қолбасшыдай, делдиіп 
тұрған аман (Бөлімше басқарушысы)– аспанға қарап есінеді де: 
«Осының арты боранға ұласпасын»,– деп күбірледі. Кірпігіне 
ілінген қарды үрлеп ұшырып жіберді. Үсті-басын қаққылай 
үйге қайта кіргенде, әкесі де басын көтеріп, төсегінде шошайып 
отыр екен. Басқа қыбыр етіп тұрған адам көрінбейді. Даладағы 
тыныштықтың үйіне де ұялап, жындандырып жіберер қаперсіздік 
жүйкесін созғылай бастаған соң шыдамады білем, әйеліне:– Қара 
басты ма, тұрсай!– деп жекіріп қалып еді, өз бөлмесінен терезеден 
тысқа қарап отырған әкесі тыржың етті – құлқын сәріден апшысы 
қуырылып, Құдайдың құбылмалы күніне бола, әйеліне ақырған 
ұлының мінезін жақтырмағаны. аядай үйді басына көтеріп, 
салдыр-гүлдір теңселіп жүрген аманға енді бұл дауыстаған.


– Әй, аман, бері келші,– деді. арғы бөлмеден аттап-бұттап 
жеткен, жігіт ағасы болып қалған қара бұжыр жігіт, «Е, не айтайын 
деп едің», – деген сыңайда, ләм деместен әкесіне бағына қарады.
– Отыр, – деп, аяқ жағын нұсқады аспан шал. Шал деуге 
келмейтін қара мұртты, үлкен ала көзді шомбал кісінің қызыл 
шырайлы бетінде жалғыз сызық жоқ. Темір төсекті солқ еткізіп, 
сықырлата отырған баласына тесіле қарап, аз-кем үнсіз отырды. 
Содан соң:– Бала-шағаңды бидайдай қуыратындай не көрінді 
саған. Оразаңды ашпай тұрып, одыраңдайсың кеп. Бар, пешке от 
жақ, ермек таба алмай, ерігіп жүрсең, – деп зекіп еді, анау қарсы 
жауап қайырмады. Қалбалақтай орнынан қайта тұрып, ауызғы 
бөлмеге шыға жөнелді. Басы төбеге тиген еңгезердей ұлының жас 
балаша жаутаңдап, пештің күлін алып, от тамызған тіл алғышты-
ғы аспанды риза көңілге бөледі. Қырыққа келген, бес баланың 
әкесі атанған, жаман-жақсы болса да бір ауылдың бастығы – аман-
ды, көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім, жар деген-
дегі жалғызым демей, күні бүгінге дейін бір шыбықпен айдап 
жұмсайтын қаттылығы қанына сіңді қадеті емес, өзімсінген 
әкелік еркелігі еді. Сол... төсекте отырған қалпы, жастығының 
астынан сипалап темекі тауып алды. Қағаз қораптың жартысы 
босап, жартысын бүктеген «Приманың» бірін суырып, әбден 
тозған, тістей-тістей кесіктеген мүндіштікке тықты. Сіріңке 
іздеп еді, таппады. Күнде осылай. Өз сіріңкелерін әрқайсысы 
бір ұстап көрінген жерге тастап жоғалтады да, кезек-кезек келіп 
аталарінікіне жармасады. Олардың осы бір қырсыздықтарынан 
әбден зәтте болған аспан шал най тұтататын шақпағын төсегінің 
іргесіне сүңгітіп-ақ жіберуші еді. міне, сипалап-сипалап таба 
алмаған соң, тағы да шаптыға шаңқ етті.
– Әй, аман, бармысың? – ас бөлмеден «бармын» деген 
ұлының үні естілді.
– Бар болсаң сіріңкемді әкеліп бер. – Әкесінен сөз естіп 
қалмаудың қамымен елбек қағып,қорапты қолына ұстата берді.
– Әлгі ұлдар ғой алып кеткен.
– Осы үйді өртеп жіберсе де дүкеннен бір жәшігін әкеліп 
тасташы, әкеңді ұрайынның, – деп, темекісін тұтатты. – Суың 
жылыса әкел, беті-қолымды жуайын.
Әкесінің бүгінгі жаман түс көргендей бас терісі келіспей 
отырғанына таң қалған аман, шәугім-шылапшынды дайындаған, 
сүлгіні мойнына салып, әрбір әмірін орындаумен жүр. аман 
аспан шалдың жалғыз ұлы болғанымен, жалғыз баласы емес, екі 


аяқтан бірдей айрылған жылдан бері әйелі екі қыз көтерді. Ол 
екі қыздын бірі оныншы бітірген соң, осы ауылда кітапханашы 
болып жүр де, екіншісі – биыл тоғызыншы класта оқиды. 
Тегінен балажанды кісі, ұлдан көрген үш немересінің үстінен 
құc ұшырмай, мойнына мінгізіп еркелетіп ұстаушы еді. Осы 
аманның да бетіне келіп, қолын қақпай өсірді. Тек атқа мініп, осы 
Еңбек аулының басқарушылығына тағайындалған үш жылдың 
беделінде оған деген мейірбан мінезін күрт өзгерткен де, әр ісінен 
ілік тауып, жоқтан өзгеге кейіп, қазымырланып отыратынды 
шығарды. Ондағы ойы – ептеп төрелікке жетіп, ел басқарған 
аманның кісіліктеніп, аяғының басын қайқайтып, менменсіп 
кетпеуі үшін жасаған айласы сынды. Осылайша, тәубасын есіне 
түсіріп, ықтырып алмасаң, әркімнің басына әңгір таяқ ойнатып, аз 
күндік дәулет, аз жылдық дәуреннің буына пісіп, кекейіп сөйлеп, 
кекіріп жейтін, кедіреңдеп жүретін, атақаз – бастық болып кетер 
деген қаупі, – аспан шалдың тек өзіндік тәрбиесі-тін.
Темекісін будақтатып, өзінің ширек ғасырдан бергі мекен-
жайына айналған шағын бөлмені көк ала түтінмен ыстап, қайта-
қайта қырау тұтып, мазасын ала беретін терезеден үлкен әлемге 
көз сата қарап отырған аспан шал, бүгін, шынында да, өз-өзінен 
алағызып, әлденеге көңілі көбеңсіп отыр еді. Желтоқсанның ұзын 
түнін жамбасына итмұрын төсегендей, әрі аунап, бері аунап, аса 
тынышсыз өткізді. Тауық шақырар кезде ғана, әбден талығып 
барып, көзі ілініп еді, тіпті жоруға келмейтін сұмдық түс көрді, 
кірпігі айқасқаны сол, осыдан отыз жыл бұрын, ауыл шетіндегі 
бейітке өз қолымен көмген екі аяғына жан бітіп, ат-шанамен отын 
әкеле жатқан мұны самбырлап сөйлеп, сартылдап қуады. алғашын-
да бұл ғажапқа қайран қалған аспан аңтарыла қарап тұрды да, кісісі 
жоқ, қара санынан төменгі сирақтардың ақша қарды сықырлата 
адымдап тура жүгіргенінде шыбын жаны шырқырап, тұмсығына 
сүңгі қатып сүлкиген торы биесін сауырлап еді. Торы бие қайбір 
ұшқыр жануар, құйрығын бұлғап көткеншектеп алып, орнынан 
қозғалғанша екпіндей қуған өзінің кос сирағы жан дәрменімен 
жетіп-ақ қалған. Ес-ақылдан айрылған аспан «алла-алла» – деп 
отын тиеген жайдақ шанаға құлап түсті. Құлап түскені сол еді, 
екі аяқ айқасып алды да, буындыра бастады. «Өлдім, – деді көзі 
ақиған аспан, – өлдім, өлтірді ойбай». Құдайдың құдіреті, мұндай 
да ғажап болады екен-ау, ағаш тездей сығымдаған екі аяғына тіл 
бітіп, адамша сайрап қоя бергені...
«Сен бізді ұмыттың», – деді.


8
«Екі аяқсыз-ақ өмір сүре алатын болған соң, көзіңе шел бітті», 
– деді.
«Бала-шағаң өсіп, бақытты ғұмыр кешкеніңе масаттандың», 
– деді.
«Екі аяғың бүтін кезінде істемегенің, бүлдірмегенің бар ма?» 
– дейді.
«Бізді тастап, өзің тірі жүргеніңнен өлгенің артық», – дейді.
Жаны мұрнының ұшына келіп, көгеріп-сазарған аспан: 
«Бәрібір жер басып жүргенім жоқ», – деп безектеп, өлім сапарына, 
бұдан отыз жыл бұрын екі аяғын өз қолынан аттандырып жіберген 
– жер асты әлеміне ыңғайлана бергені сол еді, ұлы аманның тұрып, 
тақтай еденді дүрсілдете басқан аяқ дүрсілі оятып-ақ жібергені. 
Бірақ албастыдай басқан қорқынышты түстен құтқарған ұлына 
рақмет айтқысы келмеді. Қайта, сол бұдан отыз жыл бұрын өз 
қолынан көміп тастаған екі аяғының соңынан еріп, еңбектеп кетіп 
қалмағанына өкінді-ақ. Ол күні бүгінге дейін өмір сүрсем, тірі 
жүрсем, өлмесем – деп арман қылған жоқ және осы адамзаттың 
ізгілікті ұрандары үшін, кез келген жұмыр басты пенде сынды, 
жан кештілік жасап, жанталаса күрескен де емес. Зәудеғалам 
тірі қалды,ендеше, тіпті де тірі қалғанын қанағат тұтып, тағы 
да талтаңдап, тамашаға ұмтылып күйкі тірліктің күйбеңіне түсе 
жөнелудің түкке қажеті жоғын сезді, сезді де екі аяқты арулап 
қойған соң, әрмен қарай жалғады да өзі үшін емес, өзгелер үшін 
өмір сүру керегін ұқты. Оның нақты ұққаны сол – екі аяқтың тек 
өзіне ғана керегі! Тәңірім-ау, аяқ-қолы балғадай кезінде кімге, 
қандай жақсылық жасапты. рас, жасағансымақ болатын, оның өзі 
шыр айналдырып келгенде «өзге» – дегенді желеу еткен өзінің 
қара басынан асқан жоқ. Қазір қандай рақат, қоқиып тірі отырған 
әр күнімен, жер басып, желігіп жүрген екі аяқтыларды, екі аяғынан 
айрылмауға, өмірді сүюге, өлмеуге үйретеді. Иә, аспанның 
тірлігі басқаға, басқаларға керек. Олардың төрт құбыласы тең, 
сауысқаннан сақ, сақадай сайланып жүруі үшін керек.
Сырттағы суық, үйдегі жылу жаңа ғана ерітіп тазалап қойған 
терезеге тағы, тағы да қаз табанданып әдемі өрнектер сала 
бастапты. аспан алақанын үрлеп-үрлеп алды да, шарбы қырауға 
басып, қабыршық мұздақты ерітті. арғы бөлмеден ұлының 
дүрсілдете басқаны естілді. Оқыс шыққаны соншама, әлгінде ғана 
өз ойымен отырған аспан селк ете түсті, Тіпті оған түнде түсінде 
сартылдап тұра қуған өзінің екі аяғы есіктен кіріп келе жатқандай 
сезіктеніп қалған.


– Шал, шайға келіңіз,– деді басын есіктің мандайшасына тіреп, 
серейіп тұрған аман.
– Құдай-ай, тағы да сен бе едің? Балалардың бірін жұмсасаң 
етті, зәремді алмай.
– Әке, бүгін сізге не көрінді? – Ұлы кейіп қалған секілді. 
Осыны сезген аспан даусын жұмсарта сөйледі.
– машақат түс көріп, бастырықтым ба-ау...
– Толассыз жауған қардың әсері де.
– Қарды жаңа көрді дейсің бе, бір зұлматты жүрек шіркіннің 
сезгені де...
– Қойыңызшы, қайдағыны айтпай. – Үні қаттырақ шықты. Осы 
кезде жүгіріп, ең ерке немересі келді «аталап». Жүгірген бойы, 
төсек үстінде тас құдайдай жүрелеп отырған атасының мойнына 
асылды. аспан «құлыным» деп, бауырына басып, маңдайынан 
мейірлене иіскеді.
Бөлімшенің кеңсесі. аман жападан-жалғыз отыр. ағаш үйдің 
шағын аласа терезесінен сыртқа қарап еді, бұлаңытып еш нәрсе 
көрінбейді. Бар болғаны, мың-миллион қар-көбелектер ұшып 
жүр. Бейне бір жер астындағы бүкіл аруақтар көбелекке айналып, 
сайран салып жүргендей. Кеңсе іші қара көлеңке. алтайдың қысы 
ұзақ әрі сықырлаған сары аязды болып келетіндіктен, үйлердің 
терезесін кішкене жасайтын. Қазір сол шағын әйнектен түскен 
болар-болмас жарық үлкен тіршіліктен әлсіз де болса хабар 
жеткізгендей ме-ау... Әшейінде сиыры мөңіреп, иті үріп, балалар 
шулап азан-қазан даңғазаға толып, тіршіліктің арбасын даңғыр-
дұңғыр сүйреп жүретін ауыл бір-ақ күнде жер жұтқандай – жым-
жырт. Осынау адамды бойкүйездік пен есінеген ессіздікке жете-
лер өлі тыныштық – жапалақтап жауған қар тыныштығы аса 
қызық, жүрек соғысын баяулатар мұң шақырады екен. Таңертеңгі 
әкесінің ажырая қараған көзі, сол алақандай төңкеріле қараған 
жанар «Ұлым, күн райы бұзылды, неғып қамсыз отырсың?» – 
деген ескертпе жасаған секілді еді... Дастарқан басындағы үнсіздік 
те осыны аңғартқан. арқасын аяздай қарып отырған да сол – әкесі 
айтпай ұқтырған шаруа қамы болатын. Оның үстіне аспан шал, 
қорадан торы биесін алдырып, ерттетіп қойды. Күннің түрі болса 
мынау, белшеден қар кешіп қайда бармақ?
Сағат тоғызға жақындап қалды. Тау қойнауындағы Еңбек 
аулы әлі де ұйқысынан ояна қоймағандай. ашық күндері кеңсені 
көк ала түтінге толтырып, әр нәрсені айтып, қалжыңдасып-
қарқылдасып отыратын бөлімшенің тамам мамандары жым-


10
жылас, шошаң етіп көрінген ешқайсысы жоқ. Тоса-тоса шы-
дамы таусылған аман тағы да сықсиған терезеден сыртқа 
үңілді. Қар-шыбындардың арасынан қалтақтап келе жатқан 
әлдекімнің сұлбасын болжаған. Оған да шүкіршілік, тәуекел 
жасап далаға шыққан біреу табылды-ау, әйтеуір. Есіктен зоотехник 
Ерік кірді. Үсті-басына қонған қарды қаққылап босаға жақта аз 
аялдады да, көзін сүзе қарады. Даладан келгендіктен кеңсе іші 
қараңғы тартып, еш нәрсе байқай алмай тұр білем.
– амансың ба, Ерік,– деген аманның сәлемін естігенде барып 
кірпігін жыпылықтата төрге озған.
– Саусыз ба? – деп, қолын берді. – Жалғыз отырсыз ғой.
– Омбы қарға үйелеп қалды ма, бірі жоқ. Құдай айдап сенің 
тірі келгеніңе қуанып отырмын.
– Шылымыңыз бар ма? – деді зоотехник қалтасынан алған 
қорапты шылдырлатып.
– апыр-ай, Ерік, сәлеміңнің басы темекі сұраудан басталады 
екен. Он сом ақша берейін, бір дорбасын сатып алып қойшы. 
Қашанғы алақаныңды жайып, саусағыңның басын үйкелеп 
жүресің.
– Ой, соны құнттамаймын, аға, – деп, аман ұсынған «Прима-
ның» бірін суырып алып, езуіне қыстырды. – Керісінше, сіз 
қалтаңызға сіріңке салып жүрмейсіз. – Тұтығын басқарушыға 
ұсынды.
– Бір жоқты, бір бар толтырады дейсің ғой.
Екеуі де темекілерін құшырлана сорып аз-кем үнсіз отырды. 
алагеуім бөлмеге түтін көрінбей сіңіп кетті.
– Жаңа осында келе жатып, сіздің үйдегі шалды көрдім. 
Тымағының бауын тас қып байлап, торы биенің үстінде мығым 
отыр.мені айғайлап шақырып алды да, дүкеннен бір қызыл арақ 
алды. Оны қайтесіз? – деп едім, мелисаға хабарлайын деп пе едің, 
ішем. мені тергегенше анау алатайдағы жылқыға барыңдар, 
құрыққа мініп қалып жүрерсіңдер, – деп, желе жөнелді.
– Бағыты қай жақ? – деді аман елеңдеп.
– мотының қабағын бетке алды.
– Түсінікті, – деді аман, – түнде бір жаман түс көрдім деп 
апшысы қуырылып отыр еді, екі аяғын көмген молаға құран оқуға 
кеткен екен ғой.
– Біздің шал алатайды бекер аузына алған жоқ, – деді бұдан 
соң Ерікке. – Бағана шай үстінде соңғы отыз жылда дәл осындай 
үш күн, үш түн бас алдырмай жауған қарды көрген емеспін деді. 


11
Әншейін сөздің сыралғысы ретінде айта салғанмен, көкейінде 
көп ой қамалғандай көрінген. анау алатай қыстауындағы екі жүз 
жабағы тігерге тұяқ болмай қырылып қала ма деп шошынамын. 
Жем-шөбі жетер жерде емес, әр үш-төрт шақырымға шоқайтып-
шоқайтып үйіп кеткен маялардың шетінен кертіп, ат-шанасымен 
тасымалдап алар жылдағы жайбарақат күн қош-қошын айтып 
тұр-ау. Кісі бойы жауған қарды бұзып шөп әкелетін күш қайда? 
Өздерінен бір хабар күтіп едім, тіпті бергі Тарбағатай қыстағында 
отырған жігіттер де міне үшінші күн ат ізін салмай тұр. Соған 
қарағанда, олар да қарға қамалып қалған секілді. Не істейміз, 
Ереке? – Темекісінің тұқылын мыжғылап сөндірді де, қолын 
артына ұстап, тақтай еденді сықырлатып әрі-бері теңселіп жүріп 
кетті.
– Бұл қауіп мені де меңдеп отыр, – деді Ерік. – Бір амалын 
қарастырған жөн.
– мұндайда қолдан келер жалғыз-ақ қайран бар, – деді аман 
жүрісін тоқтатып, енді терезеден тысқа қараған қалпы. – Бұл 
жақты Құдайға тапсырып екеуміз атқа қонуымыз керек.
– Қашан? – деді зоотехник басын шалт көтеріп.
– Дәл қазір. Бір сағат та кешіктіруге болмайды. Тарбағатай 
үстіндегі жігіттерді ертіп алып қар бұзып, алатайға жету керек. 
міне, – деді саусағымен әйнекті шерте көрсетіп, – кешеден 
бері ұрлана жауған қарыңыз ұлы боранға ұласа бастады, кісінің 
қоясын түсіретін лаң басталды деген сөз. Әкем осыны сезген екен 
ғой. Бұдан отыз жыл бұрын әкемді көшкін-қар құрсаулап тастаған 
қыста да осылайша орай да борай қар жауған екен. аттанайық! 
– Даусы саңқ етіп шықты. Шапшаң бұрылып, құлақшынын киді. 
Жағасын көтеріп, шолақ қара тонының түймесін асығыс сала 
бастады. – аттанайық!
– мен дайынмын, – деді Ерік орнынан тез көтеріліп. – Шаңғы 
ала шығамыз ба?
– Шаңғыны Тарбағатайдағы жылқышы жігіттерден алармыз.
– Үй ішімізге сау бол деп шығайық та... мені қойшы, жалғыз-
іліктімін, сізді айтамын.
– Өлімге кетіп бара жатқан жоқпыз, жүректерін күпті қылмай, 
жым-жырт аттанып кеткен дұрыс, – деп шығар есікке беттеді.
Қар бағанағыдай емес, қиғаш ұшып сабалап жауады. Жел 
көбендеген жұмсақ қарды сыпыра ұшырып, сиыр таңдайлап, 
әдемі сурет салып жатыр. Үйден шығуға қорынған жұрт, не болды 
екен дегендей есіктерін ашып, сығалай қарайды да, лезде жауып 


12
ала қояды. Тура желке тұста төніп тұратын алып тау мүлдем 
көрінбейді. Еңбек аулы тауға тым тақау орналасқаны соншалық, 
осы желтоқсаннан бастап үш ай күн түспей, сыпыра таудың ар 
жағымен өтіп кететін. Көлеңкеге орналасқан еңбектіктер анау 
Бұқтырманың арғы бетіндегі күнгейде қып-қызыл болып, күн 
нұрына шомып жатар өзге ауылдарға қызыға, қызғана қарайтын. 
Күннің көзі түспеген соң бұл қойнау өзге жерден гөрі салқындау 
да болушы еді. Дегенмен шілденің ыстығында жақсы. Қақтамада 
отырған арғы беттің мал-жаны пысылдап жүргенде түкпірдің 
саумал самалын емген еңбектіктер қоңыржай тыныштық, 
шыбынсыз жазға мамырлап сергуші еді. амал не, табиғаттың 
сыйы өлшеулі ғой, жаздың сол жайма-шуақ бейбіт күндерінде 
еркелеген жұрттың сазайын тарттырайын-ақ деп тұр.
Отыз жылды араға салып барып, төпелеп жауған албасты 
қар екі-үш тәуліктен бергі жуастықты талақ қылып, енді міне 
жесір әйелдің сыңсуындай ма, әлде алтайдың аш қасқырының 
ұлуындай ма – әлдебір, жұмбақ та жат үнді сарнап, әлдеқайдан, 
құбыла жақтан қақпақылдап жеткізе бастады. Қазақтардың тілсіз 
жау деп атар дүлей күші бар әлемнің билігін өз қолына алып, тісін 
ақсита тау-таудың сай-саласын қуалап, жемтік іздеп бұқпалап 
жүргендей. алтайдың аш қасқыры ғажап бір сиқырмен боранға 
айналып, адамдарға қарап аранын ашып, атылайын деп тұрғандай 
аса қорқынышты еді. Тау қойнауына боран аз соғады, ал зәуімен 
бір келіп қалған екен, ішін тартып, ышқынып, зәре-құтыңды ала 
ұрғылағанда қырық жылғыңды есіңе түсіреді. Әсіресе мұқым 
тау аңғары, қар теңдеген шоқы, шағылдар уілдеген шақта, аспан 
ойылып жерге түскендей, ұлы шуыл пайда болады.
алатайға аттанған екі жігіттен бұрынырақ атқа қонған аспан 
шал ауыл іргесіндегі мотының қабағына ілінгенде, осы қапелімде 
соққан боранға ұрынып еді. Бұл зауалдың боларын таңертең-ақ 
сезіп, сақадай сай шыққан ол қыңған жоқ. Етегін қымтап, бір 
қырындай отырды да, құтырық боранға қарсы жүрді. астындағы 
торы бие осалдық көрсетіп мойнын ішіне ала, жалт етіп кері 
бұрылмаққа әрекет жасамақ болып еді, қолындағы еліксап он 
екі өрім қамшысымен борбайлатып-борбайлатып, «ой мес неме» 
– деп қаттырақ шаужайлап қалды.
Бет қаратпай тура маңдайдан сабалаған боранды қақ жарып, 
қасарыса ілгері жылжыған аспан шал қойнынан кіріп, тұла бойын 
қуалаған суық қаншама сумаңдап мазақ еткенмен ырық бермеді. 
Талай-талай көрген құқайы. Әттең, тек торы биенің екі қапталында 


13
шолтаңдап келе жатқан жұп-жұмыр шолақ қара сан ғана мұздап 
сай-сүйегін сырқыратады. Қарға адым жер көрінбейді, батысы 
қайсы, шығысың қайсы – белгісіз, оң-солыңды ажыратып болмас 
ақ түтек. Сол ақ түтектің арасында адасқан айдай жортуылдап, 
мұзды тілгілеген алып кемедей, беймәлім дүниеге сапар шеккен 
жұдырықтай адам. Табиғаттың тентек тепкісі әлгі жұдырықтай 
ғана құдіретті адамға дарығанына қорлана ма, ышқынып келіп, 
айдаһарша ысқырып келіп алды-артын тұмшалап, үстіндегі 
киімін жұлмалайды. мұнысы бекер әурешілік қана. Жұдырықтай 
түйілген адам белін бүкпеді, беті қайтпады. Тек торы бие ғана 
сыр берді. мойнын ішіне алып, қарсыдан тұрған боранға шыдай 
алмай, қырын тарта жөнелді. Ондайда аспан шал сабалап-сабалап 
жолға салады.«Ей, алла, бейнетіңнен сақта», – деп күбірледі. Екі 
аяғы жоқ, домаланған мүгедек адам бұдан өткен қай бейнеттен 
сақтанатыны түсініксіз еді. Жағулы отқа жылынып, салулы 
төсектің үстінде шүкіршілік жасап отыра бермей, қандай сор 
айдап шықты десеңізші. ажал шығар, ажал-ау айдаған. Жо-жоқ, 
ажал мұны емес, бұл ажалды алдына салып айдап келе жатқан 
жоқ па...
алақаншықтана басталып, абалап үрген қарлы боранда қан 
түкіртерлік қатыгездік бар. Әлемдегі әр затты, әзірше болса да, 
жалмап жұтып, жоғалтып жіберген. айқай дүниенің бар билігі 
өзіне тиген, сол өзіне тиген аз сәттік билікке масаттанған қарлы 
боран мың-миллион қамшысын үйіріп, оң жамбасына келгеннің 
бәр-бәрін осқылап, көкайыл долылық қысып, өзгеше өкпелі қатыгез 
мінезбен осқырынады. Жолында кезіккеннің жон арқасынан таспа 
тіліп, табанына салып таптап, езуін айырып езгілеп тастамақ зіл 
зала ашуға мінген. мұны біз адам мен ажал айқасы, деп айта 
алмас едік. айта алмайтын себебіміз, дүниедегі ең асылын іздеп 
шыққан аспан шал табиғат иеміздің мынау ұлы сойқанынан тіпті 
де сескеніп келе жатпаған, қайта сол қанды сойқанды өзі іздеп, 
қане, қайсымыздың дәтіміз шыдап, қайсымыздың қайратымыз 
жетер екен деп, еркектік ерегеспен бәстесуге шыққан секілді. 
Әзірше екі жақтан да осалдық байқалмады. Боран – қордалы 
көрінеді, ұшы-қиыры жоқ, миллиардтаған қар ұшқындары бірінен 
соң бірі балалап, қаулаған өрттей қаптағайлайды.
Торы бие иесінің мінезіне сыралғы, есті жануар еді. Жануар 
екпіндей соққан боранға қарсы жүре алмай әрі-бері бұлталаңдап 
көрді де, қосқапталға темір құрсаудай жабысқан жұп-жұмыр сан 
өзінен де, мынау ұлыған бораннан да мықтырағын сезіп, тұяқ 


14
тайдырмай алға ұмтылған. мотының қабағына жетіп, қар басып 
томпайып қалған молаға тұмсық тіреді де, басқа ұрғандай табандап 
тұра қалды. Көзін ашып-жұмып, әлдебір ойдың жетегінде отырған 
иесі көкейлеген межеге келіп-ақ қалғанын қапелімде сезбеген-
ау, «шу, жануар, не көрінді», – деп тебініп, итіңдеп еді, торы 
бие мызғымады. Сонда ғана қарсы алдына қарап, ақ төмпешікке 
шаншылған құрыққа көзі түскен. «Жануар-ай, бекер жазғырған 
екенмін-ау», – деп сүйсіне күбірлеп, ерден жалғыз-ақ ырғалып 
домалап түсті. Қара саннан жоғары кеспелтек дене аппақ қардың 
үстіне топ ете қалғанда, ептеп қаймақши қасаттана бастаған қар 
ойылып, қазан шұңқырланған жерден аспан шалдың басы ғана 
қылтиып көрінді. Тері биялай киген қолымен таяна ұмтылып, 
құйрығымен қар сыза жорғалай жөнелгенде, артында осылып із 
қалды. Торы бие боранға бөксесін бере ықтап, жалы жалбырап 
сүлкиіп тұр байлаусыз. Омбы қардың бетімен жер таяна жылжу 
қиынның қиыны екен. алдымен алдындағы күпсекті тазартып, 
қар астынан күреңсе күлтеленгенде ғана қолын тіреп барып ілгері 
ыршып түседі. Балағын қайырып тігіп тастаған сырма шалбар 
қалың, әзірше сыз өте қойған жоқ. Жаздың күнінде аспан шал 
екі қолына таға-тақтай ұстайтын да таянып қалып, өз кеудесін 
өзі ілгері лақтыра жортқанда екі аяғы бүтін адамға ілесіп жүрер 
тәжірибесі бар еді. Қазіргі қарқыны мардымды емес, қарсы 
алдындағы қарды аршып алып, содан соң ғана жылжығансымақ 
болады. Оның бөрене сүйреп өткендей арналанып қалған жолын 
сусылдап соққан боран асығыс көміп жатыр. Құрық шаншылған 
төмпешікке өкпесі өшіп әрең жетті. Күн қанша суық болғанымен, 
маңдайынан шып-шып тер сорғалап, өне бойы малмандай су 
болды. Өртеніп отырғандай буы бұрқырап, ентігін баса алмай 
бүк түсіп жатып қалған. Сонда осыншалық құзарға өрмелегендей 
шаршап-шалдығып жүріп өткен жолы анау моланың басына 
шаншылған сайғақ құрықтың бойындай ғана қысқа.
Әлі есіңде: Екі аяғын кесіп тастаған соң бұған да протез 
жасап берген, алғашында аңқау көңілмен балаша мәз болып 
қуанған-ды. Қос балдақты қолтыққа қысып, қайқаңдап ауылдың 
кеңсесіне барған, пенсия қуып ауданға аттанған. Кәдімгі аяқтары 
бүтін адамдардай ешбір кемдігі жоқ, тіпті, олардан гөрі еңселілеу 
көрінген. Тұғырдағы қыран бүркіттей қомданып, шылымын 
будақтатып тұра қалғанында өзі емес анау адамдардың екі аяғы 
жоқ, жарымжан сезілуші еді. Құрдастары: «ағаш аяқ саған 
жарасады екен, бұрынғыдан әлдеқайда сом әрі тәкаппар болып 


15
кетіпсің», – деп әзілдеп те жүрді. Бірақ осы жасанды аяқ шіркін 
жан дүниесімен жараспай-ақ қойғаны, тіпті өзінің болмысынан 
тыс басқаша өмір сүріп жатқандай. Ең қорлығы қара жердің 
қадірін біле алмады: ылғи да қазықтың үстінен жүргендей қауіпті. 
Жерден бөлек желіп жүргеннің түкке қажеті жоғын бірте-бірте 
түсіне бастаған ол: «Көк шөптің үстіне отыра қалып, екі етігіңді 
сыпырып тастап, шұлғау кептіріп, башпайыңды желдетпеген соң, 
құр бекер шоқақтағанның атасын ұрайын», – деп, жалғыз-ақ күнде 
протезді лақтырып тастады да, құйрығымен торқалы топыраққа 
отыра кетті. міне, содан бергі уақытта айналайын жерден бір елі 
ажырамай келеді.
аспан шалдың мола басына жетуін күтіп тұрғандай аласұра 
соққан боранның өті қайтып, бірте-бірте жуаси бәсеңсіп барады. 
ақ түтек буған айнала айқындалып, әне, алтайдың алып пошымы 
көріністене бастады. Құйрығын жел бұтына қыстырып тастаған 
торы бие бір сирағынан бір сирағына салмақ сала тұрды да ішін 
тартты. «Тағы да қар жауады екен», – деді аспан шал қойнына 
қолын тығып. Бұл сөзді ол дауыстап айтты. Қатып қалған құрықты 
сипап, әрі-бері жұлқылап көрді, әлі мықты екен. Жастығының, 
мынау қар астында – жер астында көмулі жатқан екі аяғының куәсі 
болған құрықты бұдан дәл отыз жыл бұрын, алғаш рет жылқы 
бағуға шыққанда жас қайыңды аршып, сүмбедей ғып жасап еді. 
адам тимесе тік тұрған құрық ғасырға шыдар мықтылығы барын 
мүгедек жылқышы сол кезде-ақ білген, білген де ата кәсібімен 
қоштасқан күні әкеліп шанышқан. Бұнысы – дәрігерлер кесіп 
алып тастаған екі сирағын өз қолымен көмген соң өз денесінің 
марқұм болған жарымына шанышқан сайғағы сынды еді. Содан 
бері ширек ғасырдан асты. анда-санда, жаман түс көрген күні 
келіп тәуәп етіп қайтады жазған.
Боран, расында да, басылайын деді. аспаннан адасып келіп, 
қашып үлгермей қалған қар ұшқындары ғана еріншектене 
қылаулайды. Төңірек түгел көрініп, құлаққа Бұқтырманың сарыны 
талып жетті. Дүние, табиғаттағы бар зат дүр сілкіне серпіліп, 
азынаған пәледен құтылғанына қуанғандай жарқырап, аса бір асау 
сағынышпен жамырай табысып жатыр. ақ түтектің ар жағында 
тұтқында қор болып тұрған күн жарықтық боран салған лаңнан 
әлі де сауыға алмай бозамық аспандағы шаңытқан шарбы перденің 
атынан жасқана сығалайды. Ұзақ көкжөтелден ептеп сергіген 
алтай қарағай, самырсындарын арқалап алып, ол да бүлкілдеп, 
ұлы зұлпаттан тірі қалғанына масаттанғандай-ау...


16
Ұлы зұлпаттан тірі қалғанына, бүкіл табиғаттың барлық 
төлі – кісісі, аң-құсы, орман-тоғай, өзен-суы мәз-мейрам той 
жасап қуанады; тек аспан шал ғана селт еткен жоқ. Өйткені ол 
жүйке, жүрегі бар екі аяқты пендеден гөрі, анау табиғат-ананың 
тілсіз мүшелері – тоғай, тас, өзен іспетті, тек адам үшін ғана 
жаралған жансызға әлдеқашан айналып кеткен-ді. Оған ешкімнің, 
еш нәрсенің де қажеті жоқ, басқаның әжеті үшін жаралған 
жаратылыстың бір бөлшегі. Дүниеде керексіз жалғыз-ақ зат бар, ол 
– адам. Табиғат иеміздің бір-бірімен гармониялық сабақтастығын 
бүлдіріп, бұзатын да сол адам атты ақыл иелері еді. аспан жер 
үшін, жер су үшін, су жан-жануар, құрт-құмырсқа үшін, тіпті 
тоғай екеш тоғай да бармақтай торғай үшін жаратылған. Бірінсіз 
екіншісінің тіршілігі тоқталады, тіпті қанша ғайбаттанғанымызбен 
анау аппақ көрпесімен тау-тасты қымтап жатқан ақша қар да 
керек. ал адам ше? Екі аяқ, екі қолы бар ақылдың кені адам неге 
керек? Ештеңеге де, ештеңеге де... Табиғат адамсыз тіршілік құра 
алады, ал, адам табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтыны рас 
болса, неге ғана мына қар астындағы қара жер, анау жұлдызды 
аспан адам баласына табынуы керек. Неге?.. Бүгінде керексізге 
айналған өзінің керек екенін оқу-тоқусыз-ақ бағамдап, табиғат 
жаратылысының пайдалы тізбегіне қосылғанына қуанатын. 
Осынау тірі өлік күйі – әлдеқайда озық, өле қалса әлемнің түгіл, 
ауылдың да қылшығы қисаймайды. Жартысы жоқ денені оп-оңай 
көтереді де мынау өзі отырған өзінің моласындағы аяғына кеудесін 
жалғап жерлейді. Бұл көзін жұма қалса өтірік жылайтындар, шын 
қуанатындар өте аз болады. Өте аз болатын себебі, аспан шал 
отыз жылдан бері өлімнің киелі сапарына дайындалып, сақадай-
сай жүр, иә, отыз жыл бұрын шейіт болып, құйрығынан айрылған 
кесірткедей, көрге аяғын қалдырған, басы жер бауырлап жорғалап 
кеткен. Жер бетінен жоғалдыға жорып қойғанда, еңбектеп қайта 
шығу аяқ-қолы балғадай дені саулар үшін қандай қорқынышты 
еді. Бейне бір он екі мүшесі амандарды шошытуға көрден тұрып 
кеткен тірі аруақ – томаршадай аспан шал, әне, әлі тірі отыр. 
адамдық санаттан шығып қалған соң, шығарып тастаған соң, сол 
тізімге, онысыз да таласы, дау-дамайы көп, өте шағын тізімге екі 
аяғы жоқ, кесіртке-кісіні қайта жазуға қимай, қиналған.
Бұл кезде күн ашылып, бетті шымшылар аяз түсе бастаған-ды. 
Торы биеге де жан бітіп, күпсекті теуіп, шөбін аршып жеп жүр. 
Желке тұстағы беткейді қуалай өскен тал-теректің басына желдеп 
ұшқан торғайлар қонды. Көкті торлаған қардың ақ айран бұлты 


17
тараған жоқ, Тарбағатайдың иығына жиналып, енді не істейміз 
дегендей қоғамдаса ұйысқан; кейбірі етекте өскен қарағай 
басында мақтадай ілініп тұр. Екі аяғын көмген көрдің үстінде 
ақ тышқандай шоқайып, жападан-жалғыз – масқара-масқара 
жалғыз шарап ішіп отырған аспан шал, осы көріністің бәр-бәріне 
жерігендсй жан-жағына кәперсіздікпен немкетті қарап қояды. 
Бірақ бораннан зәтте болған тіршіліктің барлығы жылы ұясынан 
бас қылтита қойған жоқ еді...
алайда десек, аспан шалдың қарлы боранға қарамай қабір 
басына келіп, тоң топырақты томпайтып жатқан екі аяғын 
жалғызсыратпай, жаназа оқығандай жанында болуының түпкі 
бір себебі бар-ды. Түсінен шошып ояна сала есіне түскені – осы 
жер болды. Желе-жортып жеткенде де түсінде тұра қуған иесіз 
қос сирақтан қорқып-үркіп тасаттық жасағаны емес; еместігі – ол 
өз қара басының қауібін сылып тастап, ақ қар, көк мұзға қарамай 
алатайға аттанған жалғыз ұлының есен-амандығын тілеп еді. 
Тілегі үйінде отырса қабыл болмайтындай осында келді. Қу 
сүйекке айналған екі аяғына қосылып бір бүтін иманмен Құдайға, 
тағдырға мүнәжат тілеп жалбарыну.
рас, ұлы аса қиын сапарға аттанды. мұндай қауіпті сапарға 
осыдан отыз жыл бұрын, дәл осындай жұт хабаршысы қалың 
қар жауғанда өзі де аттанған. Екі аяғынан айрылып оралды. Егер 
сол тауқымет итің бүгінде аусылға айналып, ел жиі айта беретін 
тұқымды қуалай жөнелсе қайтер еді... Өз ойынан өзі шошып 
қалды. «Тәңірім, ондай жаманаттың бетін ары қылсын, – деп 
күбірледі. – ары қыла гөр».
– «Сайтан көпірден» қорықпай өтсе, аман оралар еді. – Бұл 
сөзді ол жанында біреу отырғандай самбырлап айтты. Тебіндеп 
жүрген торы бие басын тағы да оқыс көтеріп қалды. – Жайыла бер, 
жануарым, – деді дауыстап. – Сіз бен бізге күндіз-түні оттағаннан 
өзге не үзір қалыпты, аманның амандығын тілеймін. адамға 
адам тілекші болса, мен мына құсап, қос санымды құшақтап 
отырар ма едім. Ол шақта тілекшілер аз еді, ал менде ешкім жоқ 
болатын. Тардың үстіндегі «Сайтан көпірден» «бисмилланы» 
айтпай өтем деп, қар көшкіннің астында қалдым. Бір күн емес, 
бір жұма қалдым. Іздеушім де, тілекшім де аз еді... Қой, көки 
бермей орнымнан тұрайын. – Оқыс ұмтылып қалды да, жүруге 
талпынған жас сәбидей мешел екені есіне түсіп, өзін-өзі боқтап 
жіберді.– Әкеңнің аузын ұрайын, алжыған аспан отыз жылдан 
бері екі аяғың жоқ, қу томар екеніңді неғып қара басып, ұмыта 


18
қалдың... Дегенмен, мұның өзі ұлым қиямет жолында жүргенде 
жақсы ырым болды-ау, – деп әлсіз әрекетіне сүйсінді.
Қыста ақ жиекке айналған ел ұғымындағы көкжиек тағы да 
тақала түсті. аспанның қас-қабағы салбырап, алдындағы бар 
малынан айрылған жылқышыдай ашулы. Әлі түс мезгілі болмаса 
да, төңірекке ымырт үйіріліп, жаңа ғана жандана бастаған айнала 
жүдеу тартты. Тау қайтадан аласарып – кеудесін бұлт басқан 
сайын жабылғандай, бұлт сүзегін көтере алмай төсек тартып, 
ауырып жатып қалғандай. Етектегі қалың тоғайды қақ жарып, 
сылаңдап ағар алтайдың ару қызы – Бұқтырманың үні төркініне 
өкпелеген қалыңдықтай тұншыға естіледі, қысастана жылайды 
жазған... Жылағандар дәл қазір табиғатта көп-ақ...
аспан шал тымағының бауын қайта байлап, өңірін түймеледі, 
тері қолғапты нығарлай киді. «моқ-моқ» – деп торы биені 
шақырып еді, иесінің үніне әбден үйренген жануар аяңдап тура 
қасына келді, тіпті тізесін сәл бүгіп, аласарғандай болды. Бейіт-
төмпешікте отырған қалпы ілгері ұмсына түсіп, ердің қасына 
атылған аспанның қарулы қолы әбзелге тиюі сол екен, шолақ сан 
шолтаң етіп торы биенің арқасына қона кетті. Отыз жылдан бері 
атылып мініп әбден төселген тұқыл дене, енді қара жерді айналып 
шықса да, ер үстінен қайтып құламас қайсарлығына басқан.
– а, Құдай, ұлымды сақта! – деп бетін сипады да, торы биесін 
шаужайлап ауылға беттеді. артында ор болып қазылып қалған 
орны, екі аяғы көмілген монданақтай төмпешік, жел соққан сайын 
уілдеп, әлденендей бір белгісіз мұңды, белгісіз арманды, белгісіз 
сырды ыңылдап шертер мүгедек жылқышының сайғақ қылып 
шанышқан қатқан қайың құрығы қалды. аспан қайырылып 
қарамады. «Сайтан көпірден» өтетіндей «бисмилла», – деді де 
асығыс желе жөнелді.
Ұлы алатайда, үйіне тез жетіп, мал жайғау керек. Ертең – 
Жаңа жыл...
* * *
Ертең Жаңа жыл деген күннің таңында таудағы жылқышы-
ларға аттанған Еңбек бөлімшесінің басқарушысы аман аспанов 
Тарбағатай тауының алқымына ілінгенде, ат құлағы көрінбейтін 
қалың боран басталып еді. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде 
қолға түскен австро-венгриялық тұтқындар қашап салған ирек-
ирек тау жолымен заңғар биікке қарай ілби аяңдап, байқап басып, 
байырқалап қарап, сақ келеді. Бұл жергілікті халық «Ирек» деп 


19
атап кеткен алтайдан арғы бетке асар жалғыз асу болғандықтан, 
ойдағы-қырдағы мал баққан шаруаның мойнына бұршақ салып 
тілер жалғыз жолы. Сонау тұста салт кісі, онда да барлығы 
емес, тақымында мықты көлігі, жүрегінің түгі бар жігіттің жігіті 
ғана жүріп өтер жалғыз аяқ суыртпақ бар-ды. Ол сүрлеумен 
қыстың көзі қырауда тірі жан тәуекел жасап аса алмайды. ал 
бұлар келе жатқан «Ирекпен» жазда машина саулап жатады. 
Қар жауа тек атты адам ғана үн-түнсіз аяңдап өтетін. Үн-түнсіз 
дейтін себебіміз, қазба жолдың өр жағындағы құзда салба-салба 
самырсындарға сүйеніп, салбырап ілініп тұрған қалың қар нөпірі 
«әу» деп қалсаң, не болмаса қаттырақ жөтелсең, сау етіп көміп 
тастайды, яки таудан аққан қар көшкіні астындағы атыңмен бірге 
бүктеп апарып түу етекте жатқан терең шатқалға тыға салады. 
Жалғыз қауіпті жол «Ирек» емес, кереметі алда – алтайдың үстіне 
шығып қайтадан ойға құлдилап, алатай қыстағына апарар «Тар» 
деп аталар сүрлеуіне түскеніңде басталады. «Тар» – деген атауы 
білдіріп тұрған, осы жол Қаба деген өзенді қуалап, сол өзенді сан 
рет әрі-бері кесіп өтіп, мезі қылар ирек жасап, екі таудың ұңғыдай 
ғана ашамайын аралап, оңтүстікке қарай сұғына беретін. Әлгі екі 
жағында шаншыла бітіп, үстіңе құлап кетердей еңкейе орналасқан 
жақпар тасты құзардың ортасын тіле жетелеген суыртпақ соқпақ 
әсіресе, қыс мезгілінде тамұқтың қыл көпіріндей сұмдық қатерлі 
де, қаттырақ дем алуға дәтің жетпейтін аса қорқынышты. Оның 
үстіне екі метрдей қар жауып, білте жолдың өзін бітеп тастайды. 
Осы қауіп-қатерді жеңіп, марқакөл ауданына қарасты жайлауға 
жақындағаныңда алдыңнан алатайдың көркем көрінісі баста-
лады. Еңбек аулы жаздай осы алатай қыстағында қыстайтын 
бойдақ мал үшін мәрия, мықан-Жақан, Самырсын-бұлақ учас-
келерінен шөп дайындап, жылқышылардың өздері қыс бойы 
қораға тасымалдап,мал бағатын. Талшық етер азық-түлікті жер 
қара, күн жылыда жеткізіп алатын да, ініне кірген суырдай бейбіт 
күн кешер еді. Оқта-текте ауылға тек шаңғымен, ал қар жұқа 
жауған жылдары қар бұзғыш кеуделі азбандармен қатынайтын. 
міне осы ойдағы момын жұрт, қырдағы малшының жылдағы 
ыңғай ырғаққа көшкен қалыпты тірлігінің шырқын бұзған 
желтоқсанның аяғын ала жауған қалың қар, боздап соққан боран 
еді. ал мұндайлық жұт шақыра жауған қар мен қарғыс атқыр 
боран бұдан отыз жыл бұрын болғанын, оның садақасына аспан 
шал екі аяғын беріп құтылғанын ілгеріде ескерткенбіз. «Иректен» 
итеңдей аяңдап келе жатқан қос жолаушыны алда не күтіп тұр, 


20
алатай қыстағындағы жылқышыларға есен-сау жете ала ма, 
жеткеннің өзінде не қайран істемек, оны бір «алланың» өзі білер. 
Әйтеуір, аттарын сипай қамшылап, тепең қағады-ай...
Олар «Ирек» асуынан өтіп Тарбағатайдың үстіне шыққанда 
бағанадан бері азынап соққан боран сап басылып, әуеде қар 
ұшқындары ғана қалқи ұшып жүрген. алда, әне, қар басып 
Шарықты бұлақтың жазаңы жатыр көсіліп. Шығысы Қоңқайға, 
оңтүстігі алты қыз таушасына тірелетін далашықтың әп-әдемі 
төскейіне соқаның түрені тиіп, біраз жылдан бері сұлы егіп 
келе жатқан. Жазықтың нақ ортасында қыстау бар. Онда да 
көрші Шыңғыстай аулының қойшылары мен көрші ауданның 
«Пилорамасы» отыр. Тарбағатайдан олжа іздеген аңшылар да 
осында. Қос жолаушы аман мен Ерік оларға соқпай, тура жолмен 
алатайға тартты. Керегі өз малшылары еді. Бергі етекте «Тардың» 
аузындағы қыстаққа жеткенде көз байланып, қас қарайған. Сауын 
биені бағатын жылқышылар суыт келген бөлімше басшыларын 
мысық көрген торғайдай үрпиісіп қарсы алды. Күтпеген секілді. 
Сүмек болып терлеп, сауырына мұздақ қатқан аттарынан түсе-
түсе қалды да, бірден ағаш бөренеден қиып салған үйге беттеді. 
Шабалана үріп, етектеріне жармасқан қайқы құйрық иттерге 
қараған жоқ. арсылдай, азуын сала берген маң төбетті аман 
қамшысымен қақбастан тартып қалып еді, құйрығын бұтына 
қысып, қыңсылап тұра қашты. Жау шапқандай ересен екпінмен 
үйге кіргенде, карта ойнап қарқылдап күліп, темір пештің маздаған 
отына талтая қыздырынып жайбарақат отырған жылқышы 
жігіттер атып-атып тұрып: «ассалаумағалейкум», – деп қолдарын 
ала ұмтылды. аман олардың сәлеміне жауап қатқан жоқ, қатулы 
қалпымен сырт киімін тез шешіп, лақтырып тастады да, жүрелей 
отыра қалып, екі алақанын екі бүйірі қызарған темір пештің 
жалынына қақтады. Бастық ұстамаған қолды зоотехникке беріп 
еді, ол алды; асығыс алды да, ол да темір пешке міне түсті.Сәл 
үнсіздік орнап, екі жақ та жақ ашпай ошарылып қалған. алғашқы 
сөзді Әлкө бастады.
– Қымыз жылытайық. Жаурап қалдыңыздар-ау... – не істерін 
білмей состиып-состиып тұрған жігіттер жалма-жан сабаға 
жармасып, бірі толқыта пісіп, екіншісі қолына мескей ұстап, 
қалайы ыдысқа қымыз құйып, пештің үстіне қойды. Бастық сонда 
да жақ ашпаған. Ол үндемеген соң Ерік те тіл қышытпаған-ды.
– аман аға, ауылда тыныштық па? – деді ішіндегі ең өжеті 
Әлкө.


21
– ауылды жау алар дейсің бе?
Бұған да шүкіршілік дегендей жылқышылар қозғалақтасып, 
бір-бірлеп жүрелей бастады.
– Жұмақ елден бұрын сендерге орнаған ба? Бұл қай жайба-
рақаттықтарың. Ұрын түсуге келгендей кертіп қазы жеп, кекіріп 
қымыз ішіп, карта ойнап отыр ғой. – Пеш үстіндегі мескейді 
жұлып алып, шайқап-шайқап сыңғытып іше бастады.
– Жолдас упр, маған да бір ұрттам қалдырыңыз, – деп, Ерік 
әзілге шақырып еді, анау: – мә, қалғаны да жетер, – деп, аузын 
жеңімен сүртіп, ұсына берді.
– айтып өлтіріңізші, аға, – деп Әлкө тағы да батылдық 
жасады.
– Білмей отырған шығарсың, – деп кекеп тастады.
– рас, білмей отырмын, аға.
– Ендеше, тыңда, кеще болсаң да ұғарсың... Қар неше күннен 
бері жауып тұр?
– Үш күннен бері.
– Былтырғыдан қанша қалың түсті?
– Шамамен бір метрдей...
– Бұрынғы жылдарда, сен ес білгеннен бері дәл осындай қалың 
қар жауып, дәл осындай қатты боран соғып па еді?
– Жоқ, аға. мұндай жұтшылыққа куә болған емеспін.
– Ендеше... алатай қыстағындағы... – дей беріп еді, Әлкө 
санын бір-ақ салды.
– ар жағын айтпай-ақ қойыңыз, аға, түсіндім. атаңа нәлет 
мынау төпелеп жауған қар ес-ақылдан айырып жіберді ғой. 
Жігіттер, ет асыңдар, – деп орнынан тұра берді.
– Әуре болмаңдар. Ет жеп, тіс шұқып отырар уақыт жоқ. 
аттанамыз.
Қалай, қайтып аттанарларын білмей аңтарылып қалған 
жылқышылар, ләм деместен бастары салбырап сұлқ отыр. Ет 
асуға қамданып, қазан жуған жап-жас жігіт шайындыны төгуге 
далаға шығып еді, ит қабардай сып етіп қайта кірді.
– Боран қайта басталды, – деді сол қазан құшақтаған қалпы 
көзі алайып.
– Әкеңнің аузын ұрайын, қар борамақ түгіл, қан бораса да атқа 
қонам! – деді аман тісін қайрап.
– Басеке, – деді бағанадан от қызуына рақаттана сүйсініп, 
әңгімеге зауықсыз отырған зоотехник. Ол ешқашан да елден бұрын 
байбалам салып басын тоқпақтамайтын, әр нәрсеге өз кезінде ғана 


22
әрекет жасайтын орнықты жігіт еді. Бөлімше басқарушысына 
оның осы екі жастың біріне келмей пайда болған маңғаздығы 
ұнамайтын. Жас болған соң – жалындап тұру керек қой. «Көреміз, 
ойланамыз»,– деп кергиді де отырады.– Көзге түртсе көрінбейтін 
жеті қараңғы түнде қайда қаңғырамыз. алатайдағы төрт аяқты 
мал өлгенмен, санасы бар екі аяқтылар жан тапсыра қоймас, азық-
түліктері шүкіршілік жеткілікті. Не ары емес, не бері емес– екі 
ортада жолдан адасып, Қабанның суына ағып өлмейміз бе. Қар 
көшкінінің қаупі қай тұста екенін де білмейміз... мұнымыз жалған 
патриоттық, ессіз ерлік емес пе...
– Ерекеңдікі жөн сөз секілді, – деді жирен мұрт мосқал 
жылқышы.
– мен де солай ойлаймын, – деп қостады бала мұрт жігіт. – 
Түнеп шығып, ертең ерте аттанайық. Жаңа жылды осында, бізбен 
қарсы алыңыз, аға.
– Жаңа жылды қасіретпен қарсы алып жатқан алатайдағы 
азаматтардың тағдырын неге ойламайсың? Бағымдарындағы 200 
жабағы-тай, бір айыр шөп жоқ, бірінің терісін бірі кеміріп тұрғаны 
жаныңа батпай ма? Подумаешь... ертең жаңа жыл, оны тоймен 
қарсы алу керек... Жаңа жыл түгіл, жаңа ғасыр басталса да, дәл 
қазір жолға шығамыз. Жаңа жыл – еріккендердің ермегі!
– Е, жаңа жылды қасқырлармен қарсы алған да көңілді, – деді 
Ерік, өз сөзіне өзі тырқ етіп күлді.
– Былшылдама!– деп аман ағалық айғайға басты. – Отқа қыз-
дырынсаң болды ойының тасиды екен. Бізбен бірге ересің бе, 
жоқ болмаса осы қыстақта қымызға қызып қаласың ба, соны айт 
маған.
– «Қымызға қызып» дегеніңіз артық енді. Әлдеқалай күн туар, 
деп бір жарты арақ ала шыққанмын, – деп беті бүлк етпестен 
пимасының қолқылдақ қонышынан шөлмекті суырып алып, дүрс 
еткізіп пештің алдына қойды. Оттың сәулесі түсіп, жарқыраған 
шыныға, ішіндегі түбі ептеп қатыңқырап, қоймалжыңданған араққа 
жылқышылар ернін жалап, тамсана әрі тамашалай қарай қалған. 
Тіпті әбден су өтіп, суық өтіп шаршаған аман да алғашқы әсерін 
жасыруға шамасы жетпей қызыға ұмтылып барып, қаз мойнынан 
шеңгелдеп ұстай алды. Жанында қатарласа малдас құрып отырған 
Еріктің қою қасының астындағы көзі жылт ете күліп: – Ә, бәсе, 
солай ма екен, – дегенде ғана есін жинап, ұялған тек тұрмастың 
кебін жасады. Шөлмектің кеңірдегінен жуан түкті саусақтарымен 
бүрген қалпы, отқа қыздыра айналдыра ұстап, маңайын шола жан-


23
жағына қараған. Стақан іздеп отыр, деп түсінген бала мұрт жігіт 
оқтай атылып барып ыдыс-аяқ тұрған бұрыштан қалайы құлақбас 
тауып әкелді. аман шөлмектің қаңылтыр тығынын тістеп жұлып, 
пештің қақпағын асықпай ашып, отқа тастады. Содан соң... 
Бірі суық ет, екіншісі құрт ұсынып аманды қоршай алқа-қотан 
жайғаса бастаған жігіттер мәз-мейрам, өңдеріне қан жүгіріп, қарқ 
болды да қалды. Ерік өз ерлігіне дән риза көңілде. «мен жеңдім, 
упр жеңілді»,– деген жымсыма оймен қомдана отырып, бір кесіп 
ет ұстады қолына.
– Қане, бастық жолдас, реч толкай, – деді аманға жымсия 
қарап.
– Иә, бірдеме деп жібер, шырақ, – деп жирен мұрт жылқышы 
әдетінше зоотехникті қостады. Бұл топта, тек Әлкө ғана көңілсіз 
еді. Өз-өзінен жүрегі сазып, жылағысы келді. мұрнын уқалап-
уқалап жіберіп, кейін ысырыла жылыстап кеткен.
– Осы шындарың ба, жігіттер? – деді шөлмекті әлі де 
қызықтағандай айналдыра қарап, құя қоймаған аман. Даусы бір 
түрлі жарқаштанып бөтен шықты.
– Ойбай-ау, аман шырақ-ау, шынымыз емей, қалжыңдап отыр 
дейсің бе. – Жирен мұрт жылқышы сілекейі шұбырып, мінбелей 
түсті.
– ындынымызды кептірмей «бисмилла» деп құйыңыз енді, 
басеке,– деді зоотехник пештің отын көсеп.
– Ендеше, жігіттер, келе жатқан жаңа жылдарың құтты 
болсын! – деп, шөлмекті тоңқайтты да арақты сарылдатып еденге 
төге бастады. Зоотехник Ерік: – Басеке, деймін, мұныңыз не! – деп 
баж ете қолындағы қалайы құлақбасты тоса беріп еді, аман қағып 
жіберді. Басқалар ернін тістелеп, шарасыз отырып қалған. Ерлік 
жасаған жирен жылқышы болды, «Обал болды-ау, қайран дүние», 
– деп, ұмтылып келіп сорылдап аққан араққа қос уысын төсей 
қойып, ұрттап қалып, алақанындағы жұғындысымен бет-аузын 
сүртті.
– Жарықтықтың иісі-ай! – Бұл сөзді ол бар ділі, арақ деп 
аңсыраған шыншыл ниетпен айтып еді. Ерікте үн жоқ. Өрт 
сөндіргендей түтігіп, өз бармағын өзі шайнайды. Бала мұрт жігіт 
жылап жіберді – өксіп-өксіп, жер бауырлап еңіреді. Дәметкіш 
сезімнің ақ көбелегі отқа жанып әлі алдауға, алдануға үйренбеген 
жас жүрек қыстығып, сәбилік таза да аңқау босаң көңілмен 
жылады. Оған ешкім қой деген жоқ. Әлкө ғана «осылай боларын 
білгем», – дегендей бейғам. Өйткені ол ішімдік атаулыны әлі күнге 


24
аузына алып көрген жоқ. Бұл қорлыққа талағы тарс айрылып, ер-
тоқымын бауырына ала мөңкіп ашуланған Ерік қана. Бірақ тұлан 
тұтып, шарқая қатындарша бетін тырнап шаптықпай, сол міз 
бақпаған қалпында тісінің арасынан темір пешке шырт еткізіп 
түкірді; түкіріп алды да, тістене зілмен сөйледі.
– Нағыз адал азамат екенсіз, аға, – деді қарасы аз, аласы үлкен 
көзі қанталап. Оттың сәулесі түскен жанары шоқ болып жанып 
тұр екен, аман арбасуға шыдамады. – мен қарындасыңызды 
айттыра барғанда ықыласыңызды бермегеніңіз қандай ақыл 
болған. Әйтпесе осы сөзді сізге батылым жетіп айта алмай, 
күйеу балалық қарызымнан құтыла алмай алдыңызда жаутаң-
дай сызылып отырар едім. айтпайтын сөзді айтқыздыңыз-ау... 
аға, сіз оңбай қателестіңіз. Осы отырған ағайынның барлығы 
қазірден бастап сізді иттің етінен ары жек көреді. Сыйламайды. 
Сыйласа да қорыққанынан өтірік сыйлайды. ал, мен болсам, аға... 
айыпқа бұйырмаңыз, атарға оғым жоқ. Бірақ... бір нәрсе жолымды 
кесе береді, оны қазір айтуға ұят та...
– Оны баяғыдан білем, – деді аман шыдай алмай шиыршық 
атып. – «алты күн аш отырсаң да, ата жолын ұмытпа» деген 
бар емес пе еді. Қанша арсыз болсаң да, бір ұрттам араққа бола 
айылыңды ағытқаның не, жарқыным.
Өзінен бақандай он жас кіші жігіттің етіңнен өтіп, сүйегіңе 
жетер зілді сөзі шымбайына батты-ақ. Бетінен салып қалмаққа 
шынымен-ақ ойы кетіп, қолы қышиды. Болмайды... болмайды.
– Ол болмайды, бастық жолдас, – деді Ерік ойын оқып 
отырғандай. аман селк ете түсті. Бірақ зоотехниктің айтпағы 
басқа еді. – Болмайтын себебі сіз, аға, адам жанын түсінбейсіз. 
Дүниедегі ең қымбат, бақытты минуттар не екенін білесіз бе?
аман үндеген жоқ, саусағын сыртылдатып отыра берді.
– Білмесеңіз айтайын. мәселен сіздің әкеңіз... – дей беріп еді, 
аман дүңк ете қалды.
– Әкемде шаруаңыз болмасын. Бұл жерге кірістірмеңіз ол 
кісіні. Қызып сөйлесең де, қысып сөйле, бала. – Зоотехниктің 
сызылған сыпайылығы әсер етті ме, «сеннен» «сізге» қалай 
көшкенін өзі де аңғармады.
– Жоқ, әкеңізге тиісейін деп отырғаным жоқ, қайта бүкіл 
ауданның мақтанышына айналған аспан ақсақалды мақтайын 
деп отырмын. Сіз ол кісіге мүлдем тартып тумағансыз. мәселен, 
ол таңертең магазиннен бір шөлмек «Вермут» алды.Егер сол кісі 
шараптың аузын ашып, сүйсіне жұта берген кезінде қолынан 


25
қағып жіберіңізші, не болар екен... Не болары сол – мен түгіл, басқа 
түгіл, мына жалғыз ұлы сізді қолында мылтығы болса атып тастар 
еді. Көңіл, жүрек, қала берді, бүкіл организм, психология дейміз 
бе – бәр-бәрі ішуге дайындалып қойғанда... қағып жіберу... біле-
білсеңіз, қойнына өзі шақырып алып, қол сала бергеніңізде шап 
тұсыңызды ала теуіп жіберер зәнталақтықтан сынық сүйем кемдігі 
жоқ масқара қылық. Оны айтасыз, ішкіш адамның басы зеңіп, 
өлейін деп тұрғанда жазып беріңізші, жақсылығыңызды жалғанда 
ұмытпайды, ал басын жазбаққа соңғы тиынын санап, сатып алған 
бір стақан қызыл арағын шашып жіберіңізші, өлгенінше кешпейді. 
Біз маскүнемдер емеспіз, бірақ біз де кешпейміз. Үйткені сіз, 
дәметтіріп алып, дәмімізді төктіңіз. Емексітпей ертерек сындыру 
керек еді.
– мұншалықты шешен екеніңізді білсемші, – деді аман. 
– Бірақ барлық шаруаны осылайша үңгіп, қазбалап талдау жасай 
аласыз ба, күмәнім бар, інішек.
– Қауіптенбей-ақ қойыңыз, барлық мәселеге де осылайша 
терең, талдау жасай аламыз. Тек, күшік кезімізден бас-көзге 
ұрғылап, зәтте қылмай, мүмкіндік беріңіздер, ағалар... алатайға 
салғыласуға келмеген шығармыз, аттанайық. Қап тауын асам 
десеңіз де мен әзірмін. Балалықпен артық-ауыс кеткен жерім 
болса, кешіре алсаңыз – кешіріңіз. Жортқанда жолдасыңыз 
болуға дайынмын, – деп орнынан шапшаң тұрып, киіне бастады. 
Жылқышы жігіттер аң-таң. Неге аң-таң болып, әдемі бір әуенге 
берілгендей ұйып, есеңгіреп қалғандарын өздері де білмейді. 
Неге? Екі жылдан бері бұл ауылда зоотехник болып істейтін Ерік 
есімді, әлі үйленбеген бойдақ жігітті басқа қырынан, тым-тым 
биіктен көріп отыр. Ол биіктеген сайын Құдайдай санап келген 
алпамсадай аман аласара түскені қалай? Сол екі жылда мал-
дың санағын алып, амандығын ғана түгендеп, шаруа қамынан 
арыға бармайтын біртоға, тұйық жігіттің осыншалық мінез 
көрсетерін қайсысы күтіп еді. Екі жыл бойы елеусіз, ескерусіз 
жүруі не деген шыдамдылық... Жо-жоқ, бұл сау сиырдың боғы 
болмай шықты. Кірме деп бекер кінәлап келген екен.
Орнынан тапжылмай отырған аман жеңілдім, деп ойлады. 
Ендеше, мұны алатайға ертіп шығудың еш қисыны жоқ. Осы ойға 
тоқтаған басқарушы Ерікке: – Сен осында қаласың. маған Әлкө 
ереді, – деді.
– Жоқ, мен еремін сізге, Әлкөнің мұнда да малы бар, – деп 
қасарысты зоотехник.


26
– рас-ау.
– Әлкө бізге де керек,– деп шу ете қалды екі жылқышы. 
«Жеңілдім деген осы, барлығы Ерікті жақтап шықты, – деп ойлады 
аман.– Берілмеу керек, енді шегінер жер қалмады».
– Сен қаласың, інішек,– деп тағы да қадап айтты.
– Немене, сенбегеніңіз бе?
– Сенгендіктен қалдырып отырмын. Осындағы жылқышы, 
қоңсылас қойшыларды жинап, алатайға қарай қар бұза беріңдер. 
Егер біз аман-есен жетсек, қарсыдан қар бұзып, 200 тұяқ жабағы 
тайды ойға айдап әкелеміз. Басқа лаж жоқ. Жем-шөпті орынсыз 
рәсуалай бермей, үнемдеп жұмсандар. Жылдағыдай тамам малды 
маяның түбіне емін-еркін қоя берер молшылық жоқ. Күннің көзі 
ашылса биелерді тебінге шығарыңдар. Биылғы қыстан тұяқты ірі 
жылқыларды тебінмен асырауға қам жасамасақ, бойдақ малдың 
жайы қиын болмақ,– деп, бұл сөздерін жирен мұрт кексе еркекке 
бағыштай айтты.
– Жылқылардың тұмсығына әлден сауыстанып сүңгі қатып 
жатыр. ал танауында мұз найзасы бар тұяқты малдың аузы жерге 
жетпейтінін өзіңіз де білесіз. Бірыңғай тебінмен шығамыз, деп 
уәде бере алмаймыз,– деді әлі де нәумез көңілде тұрған жирен 
мұрт.
– Жылқы малы тұмсығымен қарды түрте-түрте бумен еріген 
қар танауына сүңгі болып қатып қаларын бұл өңірде еңбектеген 
баладан, еңкейген кәріге дейін біледі, ағасы. Оны несіне ежіктейсіз. 
Әр биенің танауын қолмен тазаласаңыз да тебінге шығарасыз. 
маған десе күрекпен аршыңыз тебінді, әйтеуір, бір бас шығын 
бермей көктемге іліндіресіздер. Талап та, міндет те – осы. – Әр сөзі 
жиналыста сөйлеп тұрғандай, нық әрі саңқылдап шықты. Өзінің 
осы бөлімшенің білдей басқарушысы екені есіне енді түскендей, 
тізе батыра айбармен айтқан. Жігіттер үндеген жоқ, келіскенін де, 
келіспегенін де білдірмей сіресіп тұр.
– ал, Әлкө, аттанайық, – деп тонын кие бастады. – астыңа 
мықты ат мін. алдыңа шаңғы өңгер. Көлікті жеткен жеріне 
қалдырып, ары қарай шаңғыға мініп барамыз.
– Жарайды, аға, – деп Әлкө қамдана бастап еді, оны Ерік 
тоқтатты.
– мұныңыз әділетсіздік, – деді аманға жалт бұрылып. – 
ауылдан ертіп шығып, жол ортаға тастап кетуіңіз, азаматтыққа 
жатпайды. Бұл сапар – менікі. Әлкө қыстақта қалады. Білем, 
маған деген ашуыңыз тарқамай, кек сақтап тұрсыз. Бір шөлмек 


27
араққа бола осыншалық сенімнен айрылам деп, ойлағаным жоқ-
ты. Қап, оны білгенде – «сіздікі жөн, аға» – деп мүләйімсіп, жалт 
етіп ық жағыңызға шығып кетер едім-ау. Ендігәрі сөйтем, бірақ 
қазір ақырғы тілегімді беріңіз. Бәлкім, соңғы сынағыңыз да осы 
болар...
«мына жігіт тағы да жүйелі сөз айтты-ау», – деп ойлады аман. 
Келіссе, жеңілейін деп тұр. Не істеу керек? Тығырықтан бала мұрт 
жігіт құтқарады.
– Бұл дауды шешетін жалғыз-ақ әділ қазы бар. маңдайлары-
нан көрсін, жеребе тастайық, – деді сәбилік аңқау ниетпен.
– Бұл да табылған ақыл, құда да тыныш, құдағи да тыныштың 
керін қылайық, – деп жирен мұрт пештің алдында бос жатқан 
арақтың шыны сауытына жармасты. – Екеуің қарама-қарсы 
жайғасыңдар, мен дәл ортаға шығамын да бөтелкені шиырып 
қалам, аузы кімге қарайды – сол барады. ал отыра қалыңдар.
– мұнымыз, балалық болды-ау,– деп, аман бүгіндікке алғаш 
рет күліп жіберді.– Сен қалай қарайсың, Әлкө?
– мен бұл шартқа келістім.
– мен де, – деп Ерік шапшаң жүрелей отыра қалды. – Әй, 
жігіттер-ай, – деген басқарушы теріс айналып кетті. Жирен мұрт 
жылқышының иіріп жіберген шөлмегі тақыр тақтайға төсеген 
киіздің үстінде еріншектене айналып барып, ешкімге де емес, есік 
жақты нұсқап тоқтады.
– Әкелші мен айналдырайын, – деп қызыға қараған болып 
жылқышы жабыса кетті. Ол иіріп қалған бос шөлмек шыр көбелек 
зырлап барып, Ерікті көрсете тоқтады. 
– Уһ, әлемде әділдік бар екен ғой, – деп мәз болып лақша 
секіріп тұрды. Әлкө желкесін қаси берді.
– Әділдік әлемде емес, бөтелкеде болып тұр ғой, – деді жас 
жігіт ырсия күліп.
Бұлар қауқылдасып есік алдына шыққанда, бағанағыдай 
қатты болмағанмен, жаяу борасындап тұр екен. аспанда ай бар, 
әттең, көрінбейді. Құрым киіздей тұтасқан қараңғылық жалмап 
жұтардай «келсең-келдеп» тұр. Бетке қар ұшқындары тиіп, 
ери ағады. Жылы үйден шыққан азаматтар... «Иш-ай» – десіп, 
кейбірінің іші қалтырап, тісі шақылдап әп-сәтте шоқ шайнаған 
бақсыға айналды. Үй бұрышында алыс жолдан келіп, аузы шөпке 
жетпей тықыршып тұрған қос ат иелері шыққан соң оқыранды. 
Зоотехниктің бұқпа қарасы шиыршық атып, ағаш үйдің бұрышын 
күрт-күрт кеміреді.


28
– мына екі аттың бірде-біреуі қар бұзуға жарамайды, – деп 
«данышпандық» сөз айтты жирен мұрт жылқышы. – Үйірден 
айғыр ұстап міну керек.
Қора жақтан жылқы кісінеді.
– Бұл бір елуден асқанда тауып айтқан ақылды сөзіңіз болды, 
аға, – деп Әлкө жирен мұрттың арқасынан қағып. – Жүріңіз, екі 
айғыр ұстап әкелейік.
– Бағанадан бері упрды қыжыртып едіңдер, азуды маған 
салдыңдар ма. Осы күннің жастары-ақ жағамызды тоздыра-
тын болды, – деп сылдырлата жүген ұстап жылқы қамаған жаппа 
қораға қарай аяңдай берді.
– мына екі аттың арқасына ыстық шығып кетпесін. алдына 
шөп салып, жабулап тастаңдар, қайтарға да мініс көлік керек, 
– деді аман.
– Шөп жабағы-тайларға қалсын, тебінге жіберсек кайтеді, 
– деп басқарушының өз сөзін қуырып берді бала жігіт.
– Бар, тілің мен жағыңа сүйенбей, аттардың ерін ал! – деді 
аман намыстанып. – Енді жетпегені сенің қиқар сөзің еді.
Жер тарпыған есік пен төрдей қос айғырды ер-тұрманын 
сайлап, алдарына көлденең тартқанда, екеуін де ерлікке аттанардай 
желікті сезім билеп еді. Әсіресе мынау аманға ұсынған айғыр 
тіпті таудай биік екен...
– Әлгінде кісінеген боз айғыр осы, аға, – деді Әлкө 
басқарушының қолтығынан демеп мінгізіп тұрып, – жануар ұзақ 
жүрісті сезген екен.
– Бұл шаңғыны өңгертпейді, сен ал,– деп табанына құлын-
ның терісін жапсырып, қолдан жасаған жалпақ шаңғыны ораулы 
күйінде Ерікке әперді. – аға, сіз мылтық асыныңыз.
– Оны керегі не? – деді аман.
– Сақтансаң ғана сақтаймын деген Құдай. «Сайтан көпір-
дің» маңайында жалаңдаған бір үйір қасқыр бар. анда-санда 
бізге де шабуыл жасап қояды. Әсіресе мынадай зауал күнде жол 
торығыш келеді.
– Әлкө айтты – біз көндік, әкел мылтығынды, – деді айғырдың 
үстінде аспандап тұрған аман. – Отыз екі ме, әлде мелкеш пе?
– Қос ауыз, аға.
– Оны қайдан алдың?
– Ұрлықтан емес, әйтеуір. монғолиядан мал айдаған қа-
лымчиктерден сатып алғанмын.


29
– Таптық айырмашылық қашан жойылар екен, – деп әзіл 
тастады зоотехник. – айғырдың күштісін упр мінеді, мойнына 
мылтық асынады, ал мен шаңғы өңгеріп, соңынан салпақтап 
отыруым керек.
– Қызыққаның боз айғыр болса, кел ауысып мінейік. астың-
дағы жирен қасқа жетеді маған.
– Байға тай мінсе де жарасады дегеніңіз бе бұл...
– Осыдан кейін қалай ғана сапарлас боламын сенімен. – аман 
кәдімгідей кейіп айтты.
– Боранды түнде қалжың да серік, ағасы. ал аттанайық. – 
Жирен қасқаны тебініп қалды.
– Жүйесін таппаған қалжың ол да бір омбы қар, – деді басқару-
шы боз айғырды шаужайлап. – ал, Әлкө, мұндағы жігіттерді 
жинап, алатайға қарай қар бұза беріңдер.
– Таңғы тірлік жол салудан басталады, аға, алаңдамаңыз! аман 
барып, сау қайтыңыздар. Тосамыз!
– Жолдарың болсын, – деді жирен мұрт жылқышы.
Қар бүріккен қараңғы түнге сіңіп, көзден әп-сәтте ғайып 
болған қос жолаушының сұлбалары көрінбесе де қыстақта қалған 
үш жылқышы арттарынан ұзақ қарады-ай. Әсіресе, Әлкөнің 
көңілі алай-дүлей еді. Қауіп пен қатерге басын тігіп, жолдың 
қиындығы, күннің суығына қарамай түн жамылып аттанып 
кеткен аман мен Еріктің қайсарлығына сүйсінді. Үйге кірген 
соң да, темір пештің маздап жанған отына тесіле қарап, ауыр 
ойдан арыла алмай үнсіз отырып қалған. Екі жолдасы бір-бір 
аяқ қымызды ішіп алды да, күпілеріне оранып алаңсыз ұйқтап 
қалған. Оттың жарығына сағатын төседі, тоғыз болып қалған 
екен. Енді үш сағаттан соң Жаңа жыл. адам баласына тағы бір 
жас қосылады, бір жылға қартаясың. Осы ағаш нарда жатып-
ақ қарттықты қарсы аламыз-ау, – деп ойлады. Өз-өзінен жүдеп, 
өне бойын мұң қуалады. Үлкен өмір, абыр-сабыр қала тірлігін 
сағынды. Сонау етектегі ауылда отырған бала-шағасымен бірге, 
бір дастарқанның басында отырып, жаңа жылды қарсы алмағалы 
қашан?.. Содан бері жылжып ғасыр өткендей. Жылқыға шыққан 
бес жылдың беделінде жалғыз рет те жаңа жылда жандарында 
болып, беттерінен сүймепті. Егер осылай қыл құйрықтың соңында 
түн қатып, түсі қашып жүре берсе, тау тағысы – бұғыға айналып 
кетпей ме. Жолы түсіп алматыға барғанда мұның мектепте бірге 
оқыған, қазір әжептәуір қызмет істейтін досы айтып еді: – міне үш 


30
күн болды балаларымның бетін көргем жоқ. Карта ойнап үйге кеш 
келемін, олар ұйқтап жатады. мен тұрғанда бірі – детсадқа, бірі 
сабағына кетіп қалады, – деп. Обал-ай! Пештің отын көсеп, жаңқа 
тастап үстеп қойды. Қабырғада ілулі тұрған отыз екінші мылтықты 
алды да, тысқа шықты. Әлгінде бетті сабалаған қар ұшқындары 
бәсеңсіп, айығуға бет түзегендей. Бірақ аспан қарабарқынданып 
тұр-ау. ай көрінбейді. Жылқылар қамалған бітеу қораға барып, 
құр бытыраланған мылтықты басып қалды. Қар жамылған тау-тас 
дүр сілкініп қоя берді. Жаңғырық басылған соң кісінің есін алып, 
жындандырып жіберер өлі тыныштық орнаған.
«Жаңа жылды жылқышылар тек қана осылай қарсы алады», 
– деп ойлады.
* * *
Бұл түнді аспан шал көрер таңды көзімен атқызып өткізді... 
Немерелері Жаңа жылдық елкаға кеткен. Кешкі асты кемпірі, 
келіні үшеуі үнсіз ішті де, әрқайсысы үй ішінің бәкін-шүкін 
шаруасына кірісті. ал үй шаруасы ауыл адамдары үшін бұл 
жалғанда таусылып көрген емес. Дастарқан басында кемпірі: 
– Әлгі біздің ұл алатайға шығып кетіпті ғой. Жөнін айтпай 
асығыс аттанғанына қарағанда, малы қырылып жатқан болар. Осы 
бір абыройсыз жұмысты қайдан тауып алды, – деп күңкілдеп еді, 
шалы мен келіні әңгімеге зауықсыздығын танытты. Шай ішкен 
кесесін асығыс төңкеріп, бетін сипаған аспан шал төсегіне қарғып 
шығып, темекісін тұтатқан. Екі қолы алдына сыймай, тықыршып 
мазасы болмаған соң, жемтірленіп қалған кітапқа көз жүгіртіп 
еді, әріптері бытысып еш нәрсе көре алмаған. Ол тағы да ұлын 
ойлады. Екі қолын тарақтап басына жастап, төбеге тесіліп жатып, 
бұдан отыз жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды. Онда да бүгінгідей 
қалың қар жауған.
– «Сайтан көпірден» қорықпай өтсе екен, – деп күбірледі.
– ата, маған бірдеңе дедіңіз бе? – ас үйде ыдыс-аяқ жуып 
жүрген келіні есіктен сығалады.
– Жоқ, айналайын, әншейін өзім ғой, – деп жауап берді.
– Иә, онда да дәл осындай қар жауған... Қандай ұқсастық 
еді. Тәңірім-ау, қандай ұқсастық... мүгедектік те тұқым қуалап 
жүрсе... И-и, еріккен адамның ойына қайдағы-жайдағы түседі 
екен. Ұйқтататын дәрі болса ғой, екеу-үшеуін таңдайға тастап 
жіберіп, тас бүркеніп жатып қалар еді.


31
– «Тәңірім-ау, қандай ұқсастық...» – Осы бір сөз қайта-қайта 
ойына оралып, арадай анталай берген соң, не болса да өткеніне 
шолу жасаған.
айқай, дүние-ай! Сол жылы да дәл осындай қалың қар 
жауған... алатай қыстағында жабағы-тай бағып үш жігіт жатты. 
Сықырлаған сары аязы бар қытымыр қыс жан алқымға жармасып 
тұрған. Жемшөптің қоры аз, баққан мал күн өткен сайын жүдеп, 
арық-тұрақтары көбейе берді. Совхоз басшылары: «Ең нашар 
деген елу шақты жабағыны Тарбағатай қыстағына жеткізсін», 
– деп хабар жіберіпті. Сол елу шақты жылқыны алдына салып, 
шұбырта айдап жолға шыққан. Қаба өзенін қуалап, Тардың тар 
жолымен құлдилап келе жатқан. Күн бұлтты болғанымен боран-
шашыны басылған тыныш шағы еді. Құмырсқаның ізіндей 
сілемді қуалап, бірінің артынан бірі ілби аяңдап шұбатылған 
жабағылардың жүрісі мардымсыз. аспан астындағы ауыздығымен 
алысқан азбанмен алға түсіп, әуелі қар бұзып, жол салады, содан 
сол ізбен жылқыны айдайды. Осылайша жүз метр сайын бір тоқтап 
арып-ашып «Сайтан көпірге» жеткен. Бұдан қырық жыл бұрын 
тұтқындар салған ағаш көпірден арық-тұрақтарды бір-бірлеп 
жетелеп өткізбесе, әбден кетеуі кете ескірген ағаш көпір көтере 
алмай сынып кетеді. Ол аттан түсіп, қасат қарға мелдеп тұрған 
жабағының мойнына шылбыр байлап кезек-кезек тасымалдай 
бастады. Терісіне ілініп, әбден көтерем болған жас малда мінез 
көрсетуге шама жоқ. аспанның ырқына оп-оңай көніп еді. Ең 
соңғы жабағыны арғы жағалау – Үлкен жерге жетектеп шығарып, 
атына енді міне берген кезде...
– Ей, аспан! – деген ұлы аЙҚаЙ естілді де, көкті күңі-
ренткен ұлан-асыр шуылға ұласты. Қапелімде не екенін біл-
мей, әуестікпен селтиіп тұрып қалған аспан, «мың-миллион 
жылқыны қиқу сала қуғандай құдіретті қуатпен дүрілдеген не?» – 
деп, артына жалт қарағанда, тура қыр желкесінде көкке шаншыла 
кірген жақпар тасты биік таудың тұла бойы шаңытып, айдаһарша 
ысқырып, өгіздей өкіріп, найзағай жарқылындай жылдамдықпен 
ағып келе жатқан жойқын көшкінді көрді. Көрген бойда 
«астапыралла» – деп азбанға қарғып мініп, қамшы басқан. Сатыр-
гүтір шапқылап «Сайтан көпірдің» ортан беліне іліккенде сұмдық 
шапшаңдықпен сусыған аппақ айдаһарлар қуып жетіп, үстінен 
басып-ақ қалғаны. Дүние: көпір, тау-тас, аспан, анау ілмиіп-
ілмиіп елеңдеп тұрған жабағылар – бәрі-бәрі қас қағым сәтте жоқ 
болды; өлім деген албастының осыншалық төтеден келерін кім 


32
білген, кім білген!.. Таудан құлаған қар селі аспанды қақпақылдай 
қағып алып, астындағы азбанмен бірге бүктеп апарып, Қабаның 
қар нығыздалған өзеніне лақтыра салды. Жентек-жентек қызыл 
суға бір сүңгіп, бір шығып қалқаң қағып, ағып бара жатқан иесіне 
жаутаңдай қарап, арғы бетте ілмиіп-ілмиіп жабағылар қалды. 
Секіріп билеп, секіріп билеп, санын сабалап, сақ-сақ күліп сайтан-
сағым жүрді тауды шарлап.
аЙҚаЙ әлі жаңғырығып тұр.
Көшкін! Бұл Еңбек елінің жеңе алмай келе жатқан жалғыз-
ақ апаты, тілсіз жауы. Сол атаңа нәлет көшкіннің құрбандығы 
болған адамның алды-арты аспан емес, талайдың көз жасына 
қалған.Бірақ осы қауіпті біле-сезе тұра алатайға қыстайтыны 
қалай, осы қауіпті біле-сезе тұра «Сайтан көпірден» өтетіндері 
қалай?.. мұның шешуін ешкім де, ешқашан да таба алмайды. 
Бәрібір, алатай мен ауылды жалғайтын жалғыз дәнекерші –
«Сайтан көпірдің» амандығын тілейді. Енді сол қасіретке толы 
жалғыз көпірден ол айрылды. Әне быт-шыт болып, қармен 
қоймалжыңданған Қаба өзенінің әр тұсында ағып барады. Тек 
қана, сорайып-сорайып ағаш бағандары ғана қалған. Енді кісі 
өлімі болмайды... амал не, өкінішке орай, жер жаннаты алатайға 
да өте алмайды. Бетоннан құйып жаңасын салып алар дейсіз ғой. 
Ол – «Сайтан көпір» емес, бірде-бір адам қорықпай, қарқ-қарқ 
күліп өте шығады да, алатай жайлауынан қадір-қасиет кетеді. 
адамдар бойынан қатерден сескену сезімі жоғалып, мүлдем 
құрып бітіп, есінетер ессіздік үстемдік алады. «Сайтан көпір» жер 
басып, желіп жүрген жүректілер үшін керек еді... Енді ондай көпір 
салына ма, салынбай ма...
Қар суына қақалып-шашалып ағып баратқан аспан тірі 
екенін сезіп келеді. Сығымдап жан-жағынан қаумалаған жен-
тек-жентек мұздақтар мұны су түбіне батырмай бетіне салып, 
тербеп, жалмап жұтып қоюға қимағандай асығыс ағызды-ай. Ол 
көзін енді бір ашқанда сонадай тұста итше шоңқайып ағып бара 
жатқан азбанды байқады. Өз халін ұмытып, «обал-ақ болды» 
деп ойлады. амал не, сол «обал-ақ болдыны» өзіне айтар тірі 
пенде жоқ, тек сансыз сайтандар сық-сық күліп ернін шығарып 
мазақтай еріп келеді. Дегенмен «Обал-ақ болдыны» бұдан 
былай қара жер қойнына алғанша естіп өтерін ол шақта аспан 
қайдан білсін жазған. лықсыған лайсаң су мұны тербете-тербете 
жағалауға жақындатты. Бұған да шүкіршілік. Әттең саусақтары 
анау өзенді бойлай біткен қалың тал-терекке бір ілінсе... Дүние 


33
жүзінде аспанның қолынан қарулы қол жоқ шығар, әй, жоқ-ау. 
Шу асауды құлағынан тұқыртып жүгендеп, құйрығынан басып 
тоқтатар алапат күштің құр бекер қор болып, су бетіндегі салынды 
ағаштай қауқарсыздықпен қалқып аққаны мынау. мықтылық 
дегеннің өзі шарттылық екен-ау. Өзіңнен зор шықса – екі көзің 
сонда шығады, деп халық бекер айтпаған. Батырып лақтырып, 
батырып лақтырып қалтқыдай ойпап ағызған топан су, Құдай-ау, 
шынында да жақындата түсті. міне, құрық тастам-ақ қалды. Суға 
ағып жүріп су ішпеу қайда, қар араласқан қоймалжың суды сан 
рет қақала жұтқан. Әне, қол созымда жағалау. Иә, сәт! Ұмтылмақ 
болды, тырп ете алмады. Табаны бір нәрсеге тигендей ме-ау... Жоқ, 
өтірік екен. Толқын бір рет лақтырғанда армандай болған жиекке 
соғылды, екпінімен соғылды... Екі тізесі қан қақсап қоя бергенде 
ғана шыр айналып өзін іздеп тапқан ақыл-есі быт-шыт болды да, 
талықсып кеткен. Таяқты судан емес, жерден жеген аспан бұдан 
әрі ештеңе білмейді, ештеңе. Жағалауға жапсарласқан жақпар тасқа 
оңбай ұрылған дене бірсін-бірсін жансызданып, арғы дүниенің 
дәм-тұзын татуға аз-ақ қалған. Өлді деген осы! азаптамай алған 
аллаға адамдардың не себептен алғыс жаудырары түсінікті болды. 
аспан жоқ! Елу шақты қыл құйрық жылқы аман қалды.
айқай, дүние-ай, кісіден ит жанды не бар бұл жалғанда!
аспан қыбырлап, есеңгіреген есін жинағанда Қаба өзеніне 
сұлай құлап, әлі де тамырынан айрылмай суға бас иген молақ 
қарағайға қыстырылып тұрғанын сезді. Өлмегеніне өкінсе де, 
тіршіліктің қылықты қыз-қызығы қытықтап көзін ашып еді, 
тәңірім-ай, жап-жарық әлемді көрді. анау, ұмытпаса – аспан, анау 
– тау, сонау тау баурайын жүндеген қалың ағаш – бәрі-бәрі өз 
орнында, мың жылдық мекенінде тапжылмай төніп тұр. Екі аяғы 
салбырап суда жатыр. Қозғай алмады. айналайын, екі қолы ғана 
толассыз жұмыс істеп, қарағайдың қабағын сығымдай бүркітше 
бүріп ұстаған. Басы да орнында, бүлкілдеп шала-шарпы болса да 
бір нәрсені ойлағансымақ. Саусақтарын қозғап еді, жан бар екен, 
қимылдады. Ендеше, бас бар, екі қолы сау болса, несіне қақпанға 
түскен қасқырдай бұралып жата береді. Әрекет жасау керек. 
Жағаға шығып, суын сығып, от жағып кептіріну керек. «атаңның 
басы» – дегендей еді сықылықтап күлген сайтандар. Қорыққанға 
қос көрінеді деген осы-ау. аспанға анау тау беткейіндегі қар 
жамылған самырсын, шыршаның барлығы ақ жынсайтандай 
елестеді. Сабалақ-сабалақ. Тегі, сайтан сайқалдың бұл дүниеде 
бары рас та. Әйтпесе анау сап түзеп сандалып жүрген салдақылар 


34
солар емей не? Періште ме? Су иесі Сүлейменнің сұлу қыздары 
ма? Қарашы, мұны мазақтап тілін шығарып ыржақтауын, ырғала 
сыңсып ән салуын, қарашы... «Бисмилла» – деп күбірлеп еді, 
әлгі сайтан болып елестеген аппақ сүлделер зым-зия жоғалып, 
оның орнында қозғалған ағаштар ғана қалды. Қозғалып тұрған 
ағаш емес, екі қара саннан төменгі жағын ағынды су жұлқылаған 
өзінің денесі екеніне көзі әрең жетті. «Уһ, аллам-ай!» – деп аһ 
ұра күрсінгенде, кеудесін өртеген жалын пештен қарғыған қара 
мысықтай атып шығып, ақылы орнына түсті. «Уһ, аллам-ай, – деп 
қайталады. – рас, бойымда жан бар екен». Үшінші рет: «Уһ, аллам-
ай», – деп ауырсына күрсінгенде, бұлайша сойған суырдай ілініп, 
аспаққа асылып тұра беруге болмасын, тірі адам тіршілігін жасау 
керегін саналады. Саналауы мұң екен, миы сартылдап жұмыс істей 
жөнелді. адамның қос қолы аман болсын де... адамның құдіретті 
қолдары аман болса... онда... аспандағы айды алуға қуаты жетеді. 
адамның құдіретті қолы аман болса... онда... жер шарын алақанға 
салып, әлдилеп тұруға шамасы жетер; егер адамның қолы аман 
болса... онда...аспан бар күш-қуатын жиып, қарағайдан қапсыра 
ұстады да, «әуп» – деп жер жаңғырықтыра айғайлап барып, қар 
суына малшынған өзінің алпамсадай денесін жұлып алды; жұлып 
алды да, ағашқа атша мініп отыра қалды. Оқыс жасаған ерлігіне 
сүйсініп-ақ еді. Енді молақтан ұстап жорғалап жағалауға жету 
ғана қалды. Ол үшін аз-кем аялдап, ақыл-есін бүтіндей жинап алу 
керек шығар. Ет қызумен «осы екі аяғым сау ма» – деп қозғап 
көріп еді, тізеден төмен сырқырап қоя бергенде, құлындаған даусы 
Құдайға жетіп, қарағайды қапсыра құшып жата кетті. Солқылдап 
миы шақты. Көз алдында миллиардтаған жап-жасыл ұшқындар 
қаптап, сай сүйегі сырқырады-ай. Жүрегі суырылып, түпсіз 
тереңге шым батып, құрдымға құлап бара жатқандай мең-зең хал 
кешті. ысынып, суып ұзақ жатты. Талықсып, талмауыр тартса да, 
қапсыра құшақтаған қарағайдан айрылған жоқ.
Бұл шақта күн екіндіге тақап, тау қойнауына көлеңке ұялай 
бастаған. Бағанағы қорғасын бұлттар ыдыраған, ірімшіктеле 
пышырап, көкпеңбек аспанның әр тұсы жалаңаштана бастап еді. 
Көшкіннің сесі бәсеңсіп, ашуы байырқалаған өзеннің қызыл суы 
қаймақшып қатқан. Қар кебінін айқара жамылып тау-тас, қарағай-
самырсындар тілсіз телміреді. Тырс еткен дыбыссыз. мұз құрсау 
киген өзеннің арылы сап болған. алатайдың ақырған аязы шым-
шымдап тарап, біртіндеп мұқым тау қойнауына уытын жаяды.


35
аспан көзін қайта ашқанда, тағы сабалақ-сабалақ сайтан-
дарды көрді. «аллам-ай» – деп ышқына тісін қайрағанда, әлгі 
ібілістер жоқ болып, тек қана ақ тонды орман қалды. Бойында 
шыбын жаны бар адамға еш әрекетсіз қарағайға жабысып жата 
беру өлімнен күшті қорлық еді. аспан енді сол етпеттеген қалпы 
сойдақ-сойдақ бұтақтардан ұстап, ілгері жылжыды. Екі аяқтан 
дәрмен кетіп, барлық күш, сенім, жауапкершілік екі қолға түскен 
соң, қайтсін байғұстар, аюдай денені сүйреп жағаға алып шықты. 
Жағаға тұяғы ілінген соң, не болса да тұрмаққа әрекет етіп көріп 
еді, қай-да-а-ан, өкіріп барып, кескен теректей құлап түсті омбы 
қарға. Осылайша – қыбыр етпестен бір сағат жатты қар құшып. 
Күн тау артына сүңгіп түсіп кеткен. Баспалап қараңғылық туа 
бастаған. Сонау бір ұшпа шоқының иығынан түн хабаршысы 
қойшы жұлдыз жымыңдады. Бетті шымшылап аяз келді. Дүние 
ауыр ұйқыға қам жасап, маңайды жуас тыныштық басқан.
Жылқышының қолынан келген бар қайраты етпетінен аунап, 
шалқалап жатты. Сонда ғана ал қара көк аспанды, сол аспанға 
тана болып қадалған жұлдыздарды, біртіндеп қарауытып қалғып 
тұрған қапсағай қарағайларды көрді. Көрді де, шыншыл көңілмен 
езу тарта қуанды. «Тәңірім-ау, тірі екенмін ғой!»
Дәм-тұзы әлі де таусыла қоймаған аспанның тірі, кеу-
десіндегі жұдырықтай жүрегі дүрсілдеп соғып тұрғаны рас еді. 
Саптама етігінің ішіндегі сирағы сынып, жансыздана бастағаны 
тағы рас-ты. Түн ортасына дейін осылайша көкке телміріп, сансыз 
жұлдыздардан сауға дәметкендей шалқалап жатты. Оның көк 
аязданған көңіліне сәуле жүгіріп, жанына жарылқаушы нұр болып 
тараған ай жарығы ғана, тек сол – аспан әлемінде сылана жүзген 
айды жаңа ғана көргендей сәбилік сезіммен таңырқай қарады. 
Осыншалық сұлу, осыншалық өне бойды балқытар ыстықтығын 
бұрын неғып байқамаған. Жоқ, бұл кешегі, былтырғы, тіпті бұдан 
жиырма-отыз жыл бұрынғы ай емес, басқа, мүлдем өзгеше 
көркем, кереметтей келісті ай! Шіркін-ау, сарайың сайрап, жаның 
маздап жатқанда екі аяғыңды қозғауға дәрменің жетпей мешел 
баладай бейшара күн кешу қандай азап еді... аЙҚаЙ, дүние деген 
сол... сол...
Қаңтардың қысқы түні өте ұзақ, ащы ішектей шұбатылып 
таусылып бітпейді. Оның ұзақтығы, басқа күндерден гөрі, әсіресе 
осылай азаптың астауында жатқанында қаттырақ сезіледі екен. 
Кеше ғана, иә, кешелер ғана ор текедей ойнақтап, қара жерді 
белшесінен алшаң-алшаң басып жүрген азамат енді міне, сол қар 


36
жамылған қара жерден сынық сүйем көтеріле алмай, өлім мен 
өмірдің арасында арпалысып жатқаны-ай. Жанарымен қуалай-
қуалай аспандағы айдан да айрылды. алатай тұстағы мұзбел 
деп аталатын таудың қуысына қашып кіріп кеткен. Әлгіндегі сүт 
әлем ымырттанып, бозамық та сұрғылт дүниеге ұласып, жылауық 
әсермен мұң-мұхитқа бастайды. Таң құлан иектенген мезетте 
жұлдыздар шаңытып, бірін-бірі жеп жоғалып, олар да таусылды. 
Ендігі үміт көп ұзамай шығар Күн ғана... Күн шықса орнынан атып 
тұрып кетердей сергек сезіммен асыға тосты. Қолынан бар келгені 
кеудесінен жоғары жағын қаттырақ қимылдатып, бет-аузын, екі 
құлағын дамылсыз уқалай береді. Жан-жағындағы күпсек қарды 
аюдың табанындай алақанымен күреп әкеліп, денесін көмген 
болады. Өзін-өзі қар кебінге орап, көсіліп жатқан аспанды жалғыз 
ғана ой мазалады. «мені іздеп, біреу келер ме екен».
аЙҚаЙ қайтып қайталанған жоқ. Тыныштық.
Көптен күткен күн де шықты-ау. Әлсіз сәулелері сай таба-
нындағы аспанға әбден зарықтырып әрең жеткен. Кірпігі діріл-
деп, алғашқы жарыққа көз қарыға ұялып, қарай алмады. Күн 
нұры ол жатқан терең шатқалдың аяққы айрығын қуалап түсіп 
тұр. Енді он-он бес минутта анау алып таулардың ар жағымен 
өтеді. Осыны сезген жігіт жалқы сәттік саулаған сәулені таусап, 
кеудесін көріктей керіп ақырғы ауаны жұтып жатқандай асыға 
дем алды. Жанарына тебен инедей қадалған істік-істік ұзынша 
сәулеге басын көтеріп бетін қақтады. Жазда шақырайған күнге 
алақаныңды тосқанда саусақ-саусағыңның арасы қызарып, 
алақаныңды тесіп өтуші еді, қазір олай емес, тым-тым әлсіз 
дүниенің толайымын әлсіздік билеген, мықтылардың барлығы 
аЙҚаЙДаН шошып аспанмен бірге мүгедек болып қалғандай. 
Тау аңғарынан сығалаған Күн леп-лез өте шықты. Жасырынбақ 
ойнаған Күнді қимаған аспан буыны дірілдеп алғаш рет кеудесін 
көтеріп еді, көп шыдауға дәрмен жоқ, қайтадан құлап түсті. «Осы 
менің омыртқам да омырылып қалған ба» – деген ұры ой ұялады. 
Тұрмаққа тағы да әрекет жасады. Ер кезегі үш дегенде ғана – басы 
қалқайып отыруға шамасы жеткен.
Осының өзі бақыт екен-ау.
Отырғанмен не пайда, тұра алмаған соң. Осы отырысы – 
мәңгілік отырыс екенін, енді мың жылда да екі аяғынан тік басып, 
адамша жүріп, адамша адымдап ғұмыр кешу мүмкін еместігін, 
әрине, сезген де білген жоқ. Екі аяғын және тексеріп көрді, 
қимылсыз. Тіпті не сыздап, не болмаса ашып ауырмайды. Бұдан 


37
еншісін бөліп алып, өзінше ғұмыр кешіп жатқандай жанға жат. 
Екі пима тоң болып қатып қалған. Күдер үзген соң еңкейіп барып, 
қармен қымтап жауып тастады. Тұңғыш рет ішегі шұрылдап, 
қарнының ашқанын сезді. Сонда ғана қалтасына малта салғаны 
есіне түсіп, қойнына қол жүгірткен. Бір уыс малта қолына 
іліккенде буы бұрқырап, алдына төре табақ жал-жая әкелгендей 
қуанған. Бірақ сартылдап жұмыс істей бастаған санасы сақтану 
керектігін ескертті, тек кішілеуін ғана аузына салды да, қалғанын 
қойнына тықты. Қыстың көзі қырауды қойып, жадыраған жазда 
жан аяғы баспайтын Тардың етегінен мұны кім іздеп, тауып 
ала қояр дейсің. Осылай ит-құстың жемі болып қалғаны да. 
Дегенмен үмітсіз сайтан, ел бар, жұрт бар,– біреу болмаса біреу 
іздеп шықпас деймісің. «Іздеп шығар кімім бар?» – деп қарап 
отырғанша санай бастады: – Біреу, екеу, үшеу – онға жеткізді-ау, 
әйтеуір. «Ой бауырымдап» аңырап келер ағайын, жоғын іздер 
жұрағат деген – жанашырлары осы ғана. Басқалары, бүгін дос, 
ертең қас, қас-қабағыңды аңдып, қашан қателесер деп аңдып 
жүрер ауылдастары. Жаңағы ұзынырғасы онға толған азары болса 
да, безері жоқ дейтін азғана ағайынның өзі аузындағы асын бөліп 
берер ет жақыны емес, аманы дүзу, бар кезде ғана базар боп кетер 
қарға тамырлар еді. ат жалын тартып мінгеннен бастап, әкеден 
ертерек айрылған аспан, сол ат төбеліндей аз ағайынға күнін 
салған жоқ, табиғаттың кішкене жәндігіндей өз ырзығын өзі тауып 
жеген. атадан ауысып келе жатқан жылқышылықты кәсіп етіп, 
есімі аудан, одан оза берді облысқа жайылған атақты ерттеп міне 
бастағанда, жете алмай жетімсіреп жүрген шағында құйрығын 
теріс салған жұрағаттары қайтадан шаң берді. Енді, ойлап жатса, 
он шақты туыстың өзі соңғы кезде аспанның көп-көп қаттылығына 
нәумез болып, тоң теріс кеткендері бар-ды. Бірі құлынымды тай 
ет дейді, енді бірі тайымды биеге ауыстырып бер дейді... Ежелден 
діні берік, адамның ала жібін аттамай турашыл болып өскен аспан 
олардың буынсыз жерге пышақ ұрар азғырындысына көнбеді. 
Қара қылды қақ жарар әділдігінен талай-талай таяқ жесе де, алған 
бетінен қайтпаған. Ендеше, қайта-қайта ойша санап, онға әрең-
пәрең толтырған он шақты ағайынның да мұны іздері, өлсе... иә, 
зәуде көзін мәңгілікке жұмса арулап қояры тым қораш-ау. Өлсе 
дегеннен шығады, алланың үйінде отырса да ажалдың құрығынан 
кім қашып құтылған, иен таудың арасында ит пен құсқа жем 
болмай, сүйегін тауып алса, солқылдап жылап, оң жаққа салып, 
жаназа оқып қояр нағыз туыс таусылғанына іштей иланды, 


38
дегенмен оған өкінген жоқ. Сонда кім мұның жоқшысы? Жалғыз 
ұлы ғана, тек сол аман ғана... ал ұлы жас, кәмелетке әлі толмаған, 
шикі өкпе, ши борбай. Ендеше, дәл осылай, жападан-жалғыз, терең 
құздың, ну орманның арасында арғы дүниеге аттанып кеткені 
иманды шығар. Төлеген сынды қайтқан қаздан сәлем жолдар 
мезгіл емес қазір. Қазір табиғат та, табиғаттың ерке құсы да 
өлген... баяғыда өлген. Қазір – қақаған қыс. ағаш сыбдырлағандай 
болды... рас, біреу ме, бірдеме ме, аң ба, адам ба қыбырлап жүр, 
әйтеуір. Елеңдеп, мойнын бұрып, жан-жағына қарап еді, ештеңе 
көрінбейді. Көз байланып қараңғы түскен мезгілде, қар жасырмай 
қалған әр қарайған зат үрей шақыра үңірейіп, ереуілдейді. ал 
аспанның бойындағы қорқынышты кеше көшкін ағызып әкеткен. 
Тағы да сыбдыр естілді, тіпті тура жанында жүргендей... аң ба, 
адам ба? «аң болса екен, – деп тіледі. – а, Құдай, аң болса екен, 
бүйтіп ит қорлығын тарттырғанша, жеп тынса екен! Қар үстінде 
қып-қызыл болып қаным ғана қалса екен. Қан көктем туа қармен 
бірге еріп кетеді. Сөйтіп, бұл жалғанда сүйегім де қалмай, жым-
жырт жоғаламын немесе сол – мені жеген аңға айналып, екінші 
ғұмыр бастаймын. Жалғыз ұлымның жанында шешесі бар, елде 
бардың ерні қимылдап ептеп күн көрер...» Оң жақ бүйірден қарды 
қақ жарып, малтып басып, алтайдың маймақ аюы шықты. Жалт 
қараған аспан есі шыға қуанды, естірте күлді. Ерсілеу болса 
да – «ассалаумағалейкум, аюым» деді. Содан соң қолын бұлғап 
шақырды. – Келе ғой, қорықпа, қаруым жоқ. Қыстың қытымыр 
күнінде сенің ұйқыңды бұзып, ініңнен айдап шыққан бағанағы 
көшкін шығар, бағанағы аЙҚаЙ шығар. Келе ғой, қарның ашып 
жүр-ау, армансыз бір сүйегімді жеші, жарқыным. Түк қарсылық 
көрсетпейін, қарбыта-қарбыта асашы. Жаныңа жаным қосылып, 
сайрандайық тау-тасты. рас айтамын, же мені, сенің еркіндігіңді, 
сенің қаперсіз миқұлалығыңды тәңірім маған берсін. Екеуміз тек 
осылай ғана бірігіп өмір сүре аламыз. адам аюға айналса дүниеде 
ешқандай аЙҚаЙ қорқыта алмас еді. Кел, маймағым, асап-асап 
же мені». Бұл ғажапты қайтесіз. Кісі жеп дәндемеген ақылды 
аю қарға батып, тұра алмай үйелеп жатқан бейшара пендеге 
тұмсығын шүйіре қарап-қарап тұрды да, теріс бұрылып кетті. 
«Ей, қайда барасың,– деп ышқына дауыстады аспан артынан.– 
Оңай олжаға тырнағыңды қандағың келмеді-ау. Еңбексіз, ерліксіз 
табылған тамаққа ортақ болуға арландың-ау, хайуаным. рас, бізден 
гөрі сенде ұят бар. Жоқ, енді мен мың жасайды екенмін. мешел 
күйімде не өліге, не тіріге пайдам жоқ, ғаріп күй кешерім сөзсіз 


39
болды, сөзсіз». Бұдан соң кісесін тінткілеп, қынын іздеді. мүйіз 
сап, сары мойын пышағы орнында екен, шапшаң суырып алды. 
Жарықтық-ай, шілденің ыстығында сұп-суық болып жатушы еді, 
қазір қандай ыстық... Осындай шеңгелдеп ұстағанда жып-жылы, 
тұла бойыңды қорқыныштың дірілі емес, қуанышты сезім билер 
сүйкімді пышақты кім көрген... Бармағымен дүзін басты, лыпып 
тұр. Оқтаңқырап сол жақ кеудесіне апарды. «Жоқ, тонымнан 
өтпей, жүрегіме жетпей қалуы мүмкін...» Түймесін ағытып, 
кеудесін ашты. «Ел-жұртым аман-бол, – деді күбірлеп.– Жалғыз 
ұлымды тәкаппар тауым, саған өзен-көл, саған, аң-құсым, саған, ей, 
қара көк аспан, саған, самалдап соққан жел, саған, қар жамылған 
қара жер, өзіңе – бәріңе-бәріңе аманаттадым. Қош, қош!» – деп, 
жүрегіне қорс еткізіп салып жібермек болып соншалықты ғажап 
қуатпен қолын жоғары көтерді. Көтеріп тұрып, дауыстап «иә, 
тәңірім» – дегенде, мына кереметті қараңыз, ыңырана көтеріле 
берген ай нұрына дүзі шағылыса жарқыраған пышақ өз-өзінен 
сусып, түсті де кетті. «Жо-жоқ, – деді сасқалақтап қалған аспан, 
– пышақты періште қағып жібереді. Бәрібір, бәрібір өлімтігімді 
сүйретіп мың жасайды екенмін».
«ажалың жетпесе, өлу қайда», – деп әлдекім құлағына сыбыр-
лағандай болды.
аЙҚаЙ естілмейді – өлі тыныштық.
аспандап шырқаған айға жүз беріп сұлық жатқан жылқышы 
алғаш рет жаурағанын, астынан шым-шымдап сыз өткенін сезді. 
Қалтасына қолын салып алып шыққан жұп-жұмыр малтаның 
бірін аузына тастап, малжаңдаған аспанның көзіне ұйқы тығылып, 
кәдімгі бейалаң кісілерше қалғыды. Тағы да таң атты. аспанда 
түні бойы той тойлаған сансыз жұлдыздардың тоз-тозын шығарып 
күн шықты. мұқым дүние дүр сілкініп, тіршіліктің таусылмайтын 
таңғажайып күйін шерте бастаған. Қанша қытымыр деп 
ғайбаттасақ та, қыстың өз ерекшелігі, өз сұлулығы бар ғой. Қар 
күпісін жамылып, тым-тырыс ұйқтап жатқан шоғыр-шоғыр тастар 
бейне ақ аю сынды әрі айбынды, әрі әдемі көрінеді. ал алатайдың 
теріскей беткейіндегі қалың ну орманы – самырсын, шыршалары 
алыстан қарағанда, сап түзеп таудан асып келе жатқан ақ шапанды 
сарбаздар секілді. Күні кешелер ғана айранданып тұрған аспан 
шымқай көк, төбеден алып тегенедей төңкеріліп барша адамзатқа 
ортақ махаббатпен аялай қарайды. Қарсы беткейде ағаш сирек, 
сонау бұжыр-бұжыр тастарды қақ жарып өскен шыршалар болмаса 
бірыңғай жалаңаш. Күнгейдің осы көселенген тұсына күн сәулесі 


40
түсіп айнадай жарқырайды, мың-миллион шыны ұнтағын сәндік 
үшін шашып тастағандай, көз ұялта жылт-жылт етеді; осынау 
қарсыдағы таудың жан біткендей нұрланған көрінісіне телміріп 
жатқан жылқышы жігіт тағы да таңдайына малта тастап, тамсана 
талмап оразасын ашты. Басы тиіп жатқан күліш етек самырсыннан 
саулап бетіне қар түсті, бұтақтан-бұтаққа секіріп билеп жүрген ақ 
тиін құлатқан қар. Тиінның мазақ ойынына ызасы келіп ашулан-
ған да, көз алартып қызғанған да жоқ; өзінің мүсәпір халіне 
өкінбеді де. Әйтеуір, біреу іздеп келеріне сенген. Дәм-тұзың 
таусылмай тұрып әншейін сеспей қатып марқұм бола салудың аса 
қиындығын тұңғыш рет сезініп, осы өзі ашқан жаңалықты 
жапанды жаңғырта, күллі адамзатқа жар салып айтқысы келді. 
Енді ол өлім сапарына бел буып, бекем кіріспейді, жанын қиюға 
пенделікпен әрекет жасамайды да. Су ішкілігің таусылмаса таспен 
ұрса да шыбын жаныңды үркіте алмасын бағамдаған. Қан тамыры, 
жүйке-жүрегі солқылдап, тіпті бұрынғыдан ары соға түскендей. 
Әттең-ай, бой мұздатар суықтың күшігі талап, жүйкесін кеміріп 
барады-ау; әйтпесе тырп етпей жүз жыл жатуға шыдар, шыдар... 
Көз алдында көлбеңдеген ғажайып бір елес бар. Ол – өмір елесі 
еді. аспан соған сенген және рухының аса мықтылығына өзі 
қайран қалған-ды.Суға тиіп, қазір көк сауыт болып қатып қалған 
мұз тонның ішінде жатқан аспанның санасы сау еді. Неге екені 
белгісіз, сол сайраған көңіл сарайына қаз бауырлана жүзген 
сағыныш бар; сарғайыңқы ма, жо-жоқ, атамаңыз, мұңның майда 
самалы желпіген үлпілдеген ұлпа сағыныш; жүрегін жұлқылап, 
саздырмаған саумал сағыныш. мұндайда адамның көңілі көбең 
тартып босамайды, қайта мүсәтір салған күмістей балқып, 
жанарынан өзі де біліп, сезбеген тап-таза – мөлдір таза шық – 
моншақ жас ағады: ол жанын қинамай қайнардай шымырлап 
шыққан шық-моншақ жасты сүртпейді, жылжып ағып ерніне 
жеткенде, қаңсытқан шөл – сағыныш шөлі кеберсіген ернін жалап, 
тамсана таусайды; кермек татымайды әсте, уыздай дәмді, балдай 
тәтті; мұндай зәмзәм жастың себепкері – көзінің қарашығындай 
көретін жалғыз ұлы – аманды ойлаудан, маңдайынан иіскеп, 
мауқын басып, мекіренуді көксеген көңілдің көбесі сөгілуден; 
бәлкім, өлу үшін туарын біле тұра өрсерпін өтер пенде шіркінді 
аяудан шығар-ау. Иә, адамнан сорлы не бар екен бұл жалғанда?! 
Оның сорлылығы – ақылдың кеніші деп мақтан етер жұмыр басы 
екен-ау. Екі аяқпен алшаңдап тік жүруді бекершілік, әншейін 
әуреге балаған аспан, төрт аяғымен теңселмей тең басатын аң 


41
екеш аңның күні әлдеқайда озық, деп тұжырымдады. Олар – 
өлетінін әсте де білмейді, сондықтан да бақытты. аспан енді 
бұдан былай аң іспетті, өзінің емес, өзегінің керегіне ғана 
жарайтын санасыз, яғни хайуандық адал ғұмыр кешпек. Түнде 
келген аюдың жаны өзіне ауысқанына қатты қуанды.Бесікке тас 
қылып бөлеп тастаған баладай тұяқ серпуге шамасы жоқ, шалқа-
лап жатқан аспан жаз жайлауда жылқы бағып жүрген әдемі бір 
сәттерін есіне алды. Шуаққа толы, қызығы мол сауық-сайранды 
жылдар адамның жүріп өткен жолында неғұрлым көп болса, 
басыңа қиыншылық орнап қысылған сәттеріңде солғұрлым өзіңді 
сергек сезінеді екенсің. Бұл жігіт осы жасына дейін қыңқыл-
сыңқылды білмей шоласыз ғұмыр кешті. ат жалын тартып мінген 
уақыттан бері ауру-сырқаудың не екенінен хабары жоқ, айға 
шапшыған шу асаудай арқырап, арпалысып келген. Енді міне, 
басын көтеруге зар болып, ажалмен арпалысып жатқан мүсәпір 
шағында, сол асыр салып, құлдыраңдаған жастық шағының көп-
көп әдемі кезеңдерін көз алдына елестетіп, ойша тағы бір 
қайталайды. мұндайда әлемдегі барлық затты мың есе артық 
сүйіп, баршасын құшағына алып аяғың келеді екен; мұндайда 
жамандық атаулы көңілден дүркірей қашып, өмірдің тек қана 
күнгей жағы қалады екен.Әлі есінде: әкесіне айтпай жылқыдан ат 
ұстап мініп, арғы бет – марқакөлге түн жамылып сан рет барып 
еді-ау. Сармөңке деп аталатын ауылда танысқан қызды кейін 
аНаУ алып қашып кетіп еді... алтай аруы – марқакөлдің 
жағасында отырып, жан дүниесі талай-талай ай нұрына семірген 
сырлы түндер күні кешегідей жадында: сондағы лаулата жаққан 
от, сондағы шырқата салған ән, сондағы ыстық-ыстық сүйістер, 
ынтыққан, бір-біріне саусақ жая ұмтылған жүректің асау толқынын 
сап-саппен әрең басқан үнсіз отырыстар... дүрбімен көргендей көз 
алдынан өтіп жатты. Жарықтық жайлаудың саумал самалын 
жұтып, бір тілек, бір үміттің қыл арқанына шырмалаған күйі сонау 
аспанда кәперсіз жүзген айға телміріп, сол айналайын аЙға 
«бізді бақытты ете гөр» – деп, әрқайсысы өз ішінен мінәжат 
айтқан. ай қос ғашықтың тілегін бермеді. Қыз «Сайтан көпірдің» 
ар жағында, жылқышы бозбала бер жағында қалды. аспан қыс 
ішінде бұл жаққа жете алмады. Уәделі уағында келгісі келді-ақ, 
амал не, онда да аЙҚаЙ естіліп Тарға көшкін түскен де, жалғыз 
жолды қар басып қалып еді. алатайда қалған қыздан күні бүгінге 
дейін хабарсыз, мәңгілікке жоғалтқан. Өзі қазіргі келіншегіне 
үйленіп, дүниеге аман атты ұл келді. Дүниеге ұл келген соң, ұлы 


42
махаббаты ұмытылғандай еді ғой. Қарашы, өлімнің есік алдында 
қыңсылап жатқанда аппақ сүлде болып қайтадан қылаң беруін.
адам өлімнің босағасында жан тапсырайын деп, арғы әлемге 
дайындалып жатқанында өмірдің бел-белестері алқабелге 
айналып, бейне бір кинодағыдай көз алдынан аса шапшаң елестеп 
өтеді екен-ау.аспан жылқышы азды-көпті ғұмырында тымағын 
алшысынан киіп, шаттықтың шанасына шалқайып мініп, тұнығын 
шайқамай, желдей есіп, желе жортып көрген жоқ. азабы мол 
еңбегінің жемісін теріп, қызығына масаймаса да, әйтеуір, бір 
айналып соқпай қоймайтын бақытты күннен күдерін үзген емес-
ау. рас, басы ауырып, балтыры сыздаған кездері көп-ақ, дегенмен 
қаншалықты қанжілік болып жүрсе де өкіметті де, Құдайды да 
қарғаған жоқ, өзінен, өзінің тайқылау біткен маңдайынан көретін. 
Бұл жалғанда әлін білмейтін әлектер аспансыз да жеткілікті, 
ендеше, аш отырып ас таңдайтын, жаяу жүріп ат таңдайтын 
кергіме мінез, басқаның талайына біткен қаспағына көз аларта 
қарайтын нәумездік сыбай атты жылқышы үшін мүлдем жат 
хадеттер еді. Тіпті бала жастан біртоға, бұйығы өсті. ауылды 
алатайдай бүлдіретін алаңғасар тентек ұлдардың тобына қосыл-
май, әкесінің қанжығасындағы жанторсығы секілді, таңды таңға 
ұрып, бір елі қалмай ере беретін. Қаршадай ғана ұлының 
балалықтың базарына елікпей, ерте есейгені үшін мың да бір 
шүкіршілік жасап, жалғызсыраған жанына жалау іспетті, көз 
қуанышы, көңіл медеті еді. Тұқымынан қаталдау, балаға онша-
мұнша бауыр еті елжіремейтін, әйтсе де, соңынан бір елі қалмай 
томпаңдап еріп, жылқы қайырысып, тыным таппай жүретін ұлын 
көргенде: «артымда қалар тұяғым, өмірімнің жалғасы, түтін 
шығарарым», – деп күбірлеп, әкелік қатал да қайырымды жүрекпен 
елжірей сүйетін. ал аспан болса әкесін жанындай жақсы көретін, 
әрі сол ала бөтен махаббатын жасқана жасыратын. ғұмыр жалған-
да да «құлыным» деп, маңдайынан сипап, бетінен сүймепті. 
алдына алып еркелетіп, әлдекімдердей әспенсітпепті. Әке мен 
бала арасындағы осына суықтау қарым-қатынас әсте де салқын 
сезім туғызған емес, қайта қажымас қайраттылыққа, өр серпіген 
өжеттілікке бастайтын. Бір-біріне иек сүйемей, әрқайсысы мынау 
жалпақ жапанды нық басып тұрарлық дара да оқшау бітіммен баз 
кешкен. Енді міне, өлім әлдилеп қар бесікте жатқан аспан 
жылқышы сол өмір бойы жылқы соңында жүріп, жан тапсырған 
сартақым әкеден мирас болып не қалды десе, алатайда сары жұрт 
қалды, сартаптана қатқан қайың құрық қалды. Өзінен кейінгі 


43
ұрпағына мұра жинау иісі қазақтың табиғатына өгейлеу болса, ал 
сіңірі шыққан қара сирақ кедейден теректен ойған келіден, шеті 
жырық астаудан өзге не қалушы еді. Бұл халық артына рухани 
байлықтан, ұлағатты сөз бен ұлттық дәстүрден өзге дүние жинауға 
салақ-ақ. Ой безбеніне салса аспанның да балиғатқа толмаған 
шикі өкпе ұлына аманаттары аз екен-ау. Тым болмағанда, сілбелеп 
жаңбыр жауса сорғалап су ағатын тоқал үйді де төбесін жауып, 
шатырлап бере алмапты. Қандай сорлылық... сорлылық емес-ау, 
осының барлығы да кәперсіздіктен туған салақтық емес пе? 
ағаштың ішінде отырып ағашқа жарымайтын ағайынға айттың 
не, айтпадың не, баяғы айдай – сол айдай, әлеулайы таусылса, 
бойдайталайына салып, сүзбебуаз күйінде күн кешеді. Иә... 
«ойхой, дүние серуен, адам бір көшкен керуен» – деп, торы 
шолағын сабалап, торсаң-торсаң желген ауылдастарым-ай, менің 
мүсәпір халім бастарыңа түскенше түңілмей, таңғы нәсіпті 
тәңірден дәметесіңдер-ау.аспан жылқышының тәтті елестерін 
тура қарсыдағы балапан шыршаға қонып, шықылықтаған сауысқан 
бөлді. «аузыңа май» – деп күбірледі. Әдетте қазақ үйдің бұрышына 
сауысқан қонып шықылықтаса алыстағы жолаушы ораладыға, не 
болмаса сыйлы қонақ келдіге жорып, осы сөзді айтатын. Өтірік, 
шынын қайдам, қысы-жазы адам жанынан ұзап шықпайтын 
сауысқан бекерден-бекер таңдайын қақпайды. Әлде, аспанның 
жемтігін аңдып жүр ме екен... Қыста құзғын болмайды. Қыста 
тек, құстың сағы – сауысқан, құстың қоры – қарғалар ғана қалады. 
Неге? мұның сырын жылқышы күні бүгінге дейін білген емес. 
Түн қатып, түсі қашып мал соңында жүргенде, жанынан 
жалбалақтап ұзап кетпейтін, осы қарапайым құстарды ел медет 
тұтушы еді. Тіпті, ақындар жырға қосатын бұлбұл, аққу-қаздан 
гөрі атағы ауызға іліне бермейтін қарапайым құсты анағұрлым 
жақсы көретін де, күз түсе өзін тастап, жылы жаққа ұшып кетер 
сұлтан құстарды ұнатпаушы еді. Қарға мен сауысқан, бұтаны 
қорғалаған шымшық аспандап та, басқа жаққа ауып та кетпейтін, 
туған жердің құсы, жер басып жүрген жаяу адамдардың өзі сынды. 
Қарабайыр құс пен қарапайым халық арасынан үлкен бір ұқсастық 
іздеуші еді. анау құйрығы шошаңдап, шықылықтап отырған 
сауысқанның келісін жақсылыққа жорып жатуы да содан болар. 
Бұл жердің тауында бүркіт те бар, пайда не одан... Табиғаттағы 
мықтылар мен әдемілер әңгіменің ғана арқауы, тек өздері үшін 
ғана жаратылған. ал өмірдегі мықтылар ше?.. Олар кімдер үшін 


44
жаратылған? аспан оның байыбына күні бүгінге дейін барған 
емес. адам баласы тек екі аяғы бар кезде ғана, құстар тек екі 
қанаты бар кезде ғана құдіретті екеніне тұңғыш рет көзі жетті. Иә, 
екі аяқ керек!
«Екі аяқ» дегеннен шығады-ау... Баяғыда, өзінің жас кезінде 
әкесі – Тәңір де осы Қабаның суына ағып өліп қала жаздапты. 
Сонда әкесі айтқан әңгіме күні бүгінге дейін есінде.
– Наурыз туып, күн жылына бастаған шақ еді, – деп еді Тәңір. 
– Таудың қары жылбысқылана еріп, көшкіннің қаупі азайған соң 
ойдағы елмен хабарласып, азық-түлік алып қайтайық деп атқа 
қондық. Жанымда көмекші жылқышы бар, көбіктеніп ақ айран 
болған жолмен ілби аяңдап келеміз. Таңертең тоңданып жатқан 
жер күн көтеріле жіпси бастаған. Сол жылы, неге екені белгісіз, 
көктем тым ерте шықты ғой. алатайдағы қыстақты артқа тастап, 
Қабаның суына қарай құладық. Өзен бетіндегі мұз әлі ерімеген, 
атты кісіні көтеретіндей қауқары барына күмәнданған жоқпыз. 
Сондықтан да көпір айланып жүргенше деп, сенімді түрде төтелей 
тарттық. Таудан терең сайға қарай ылдилаған аттардың тұяғы 
тағалы болса да, сүргектеп, әрең аяңдап келе жатыр. Қалың мұздың 
астында бұлқына аққан өзеннің күркіреген даусы жаздағыдай 
емес, құмығып әрең естіледі. Салба-салба самырсындардың бұта-
ғында ілініп тұрған қар ери тамшылап, діңіне дейін суланған, бейне 
бір ағаш қуаныштан жылап тұрғандайтын. Тау басына кешеу-
ілдеп әрең келетін көктемнің осы секілді кейбір нышандары 
көңілімізге ептеп жылу таратқандай еді. Былтыр осы мезгілде ұлып 
боран соғып, қиғаштап қар жауған. Табиғаттың биылғы төтенше 
пейіліне риза көңілмен үсті жіпсіңкіреп жатқан мұзға қарай 
бет қойдым. астымдағы ат алғашында түсе кетуден жасқанып 
шегіншектеп еді, шу-шулеп, тебініп едім, тағасын кірш-кірш 
қадап, тапырақтай жөнелді. Жолдасым мен арғы бетке аман-есен 
өткен соң ғана, тәуекел жасағысы келді ме, өзеннің шетінде дізгін 
тартып, аңтарыла қарап тұрған. мұзды кітірлете дәл орта шеніне 
жеткенде атты адамды көтере алмаған көксіреу сатыр-сұтыр 
ойылып-ақ кеткені. Көзді ашып-жұмғанша болған оқыс оқиға еш 
нәрсе ойлап үлгертпеді. ат күмп ете түскенде сасып қалған мен 
мұздың ернеуінен қапсыра ұстай алдым. Екі аяғымды су жұлқылап, 
уақыт өткен сайын қойнына тартады. ал ат болса мұздың астымен 
аға жөнелген. Жан дәрмен айғай салдым... Жолдасым менен ары 
қорықса керек, алғашында қызықтағандай делдие қарап тұрды 
да, енді бір рет жан ұшыра айғайлағанымда аттан домалап түсіп, 


45
қалбалақтай жүгірді. Екпіндей келіп екі қолыммен мұздың 
ернеуінен ұстаған мені осы жаңа ғана көргендей көзі бақырая 
қарады. Содан соң бүлдіргесі білегіме ілініп жатқан қамшыдан 
ұстап тартты. ал Қабаның асау өзені сирағымнан жұлқылап 
әурелейді. Ойылған мұздың астына жұтыла бастағанымды сезіп 
жатырмын. «арқан әкел» деп дауыстадым. Жолдасым білегімді 
қия шірене тартқан қамшыны тастай сала, атына ұмтылды. Ол 
қанжығадан қыл арқанды шешіп алып, қайта бұрылғанда, мен 
жым-жылас жоқ едім. мұздың ойылған тұсы үңірейіп бос жатқан... 
Иә, мені асау ағыс ала жөнелген: жалаңаш саусақтарыммен беті 
жіпсіген тайғақ мұздың ернеуін тырнағымның көбесі сөгілгенше 
тырмалағаныммен, асау толқын екпіндей келіп бір пергенде шыдай 
алмады, аяғым төмен, басым жоғары қараған қалпы салындыдай 
да қауқарым жоқ, қалқи ағып барамын. Есіме ең әуелі түскен сөз: 
«Өлдім-ау». Бірақ осыншалық тез, осыншалық қор болып өлемін 
деген ой үш ұйқтасам түсіме кіріп пе еді. Суға қақалып-шашалып 
бір батып, бір шығып ағып келе жатқанымда байқап қалғаным, 
қыста қысылып барып қатқан өзен кейін суы қайтқанда мұз 
екеуінің арасына, жүрелеп отырғаныңда төбең тиердей, бос қуыс 
пайда болған екен. мен сол өзен мен мұз арасындағы қуыста қалған 
ауамен анда-санда қарпи дем алып сусыдым. аяғым бір нәрсеге 
соғылғанда... жұлқи ағызған толқын сүйрелеп апарып белгісіз 
затқа мінгізді де тастады. Басымды көтеріп жан-жағыма қарадым. 
мұндай ғажайыпты кім көрген, менен бұрын ағып кеткен ат өзен 
табанындағы үлкен жартасқа ілініп қалған екен. мені де сол өлген 
аттың еріне мінгізіпті. Бойымда шыбын жаным барда әрекетсіз 
арам өлейін бе, есімді ептеп жиып, өз-өзіме келген соң төбедегі 
мұзды басыммен итеріп байқап едім, тіпті мизер емес. Белуардан 
су кешіп отырған қалпы арқамды сипалап едім, мойныма ілген 
мылтығым орнында екен, қуанышымда шек болмады. Жалма-жан 
сыпырып, аузын мұзға тірей шүріппесін басып едім, атылмады, 
оттығына су кеткен секілді, патронын жұлып алып, лақтырып 
жібердім. Енді не істеу керек? Су мен мұздың тұтқыны болып, 
еш әрекетсіз отыра беру – арам қатумен тең. Тісім-тісіме тимей 
сақылдап, масқара жаурадым. Бар даусыммен өңешімді жырта 
айғайладым: «Көмектесіңдер! Өлдім! Құтқарыңдар!» Жауап 
болмады, жым-жырт тыныштық, тек қана Қаба өзенінің өгіздей 
өкірген ұлы сарылы ғана құлақ тұндырады. Енді не істеу керек?! 
мылтықтың дүмімен төбедегі көксіреу мұзды бар пәрменіммен 
ұрғыладым. Қандай құдірет жебегенін кім білсін, әйтеуір, сол 


46
шақтағы күшім тау қопарарлық керемет еді. Жер астының көмірін 
үңгіген шахтерлердей-ақ, қойғыладым, суға малынып отырсам 
да порша-поршам шығып терледім білем. Әрең дегенде тесіп 
шықтым-ау. ал дегенде пайда болған алақандай тесіктен жоғары 
қарағанымда, көкпеңбек болып төңкеріліп тұрған, айналайын 
аспанды көрдім. Көзіме жас алып, өксіп-өксіп жыладым да. Сол 
алақандай тесікті ұрғылап кеңіткен сайын, айналайын аспаным да 
біртіндеп үлкейе берді, үлкейе берді, аспан үлкейген сайын, менің 
де үмітім ұлғайып, жұмыртқаны жарып шыққан балапандай өмірге 
талпындым. мен қайта туып, екінші рет жаратылғандай мұздың 
астынан атып шықтым да, артыма қайтып қайырылмастан, үсті-
басымның суын сорғалатқан қалпы жағаға қарай тайғанақтай 
жүгірдім. Бір минут кешіксем екі аяғымның астындағы мұз 
ойылып түсіп кететіндеймін. Сабындай жылпылдаған жылтыр 
мұздан табаным тайса да құлағаным жоқ, жаңа аяқтанған ботадай 
тәлтіректеп қар жамылған жағаға тұяғым ілінді-ау... ал қара 
қостан бірге шыққан жолдасым болса, қорыққанына көрінсін, 
маған қол ұшын бергеннің орнына қашып қарағайдың басына 
өрмелеп кетіпті. мұзды тесіп шығып, суым сорғалап тура жүгірген 
мені сайтанға баласа керек, адам секілді, адам болғанда да тірі 
қалған Тәңір екенімді дәлелдеп, жалынып жүріп ағаш басынан 
әрең түсіріп алғаным. От жағып, киімдерімді кептірдім. Әсіресе 
екі тіземнен төменгі жағы сырқырап, әрең жылынды. міне, сол 
күннен бастап аяғым қақсайтын болды. Бұл жалғанда табаныңнан 
сыз өтпесін де, ал зәуде бір өткізіп алдың ба, қырық жылдан кейін 
де, маңдайыңнан шыға келеді. Бұл пенделікті қойсаңшы, бой 
жылынып, жан шақырған соң қыл арқан мен ұзын сырғауыл алып, 
өзім бұзып шыққан мұзға қайта оралдым. Өлігі тасқа ілініп тұрған 
аттың арқасынан ер-тоқымымды сыпырып алдым... ақыры, сол 
екі аяқтың қақсауы мені де алып соқты ғой, – деп әкесі әңгімесін 
аяқтаған. Ойлап жатса, әкесі айтқан әңгіме әсте де аяқталмаған 
екен-ау... аспан жылқышы сол бір уақиғаны жалғастыру үшін қарға 
көміліп жатқаңдай... Қазақта «Көресіңді көрмей көрге кірмейсің» 
деген сөз бар; әкесі Тәңір ақсақал өзінен де жаман апатқа тап 
болса да аман қалған екен, суішкілігінің таусылмағаны ғой. 
Бірақ сол ата-бабасынан бермен итше сүмеңдеп еріп қалмай келе 
жатқан бейнеттен құлантаза арылар күн туа ма, жоқ па, өзі... Әлде 
баласының баласына жалғаса бере ме?.. рас, аслан анда-санда 
оқыстан «алла» деп айтып қалғаны болмаса, ешқашанда Құдайға 


47
сеніп те, сиынып та көрген жоқ, өзіне-өзінің бойындағы адамдық 
рух пен күшке сенген. рас, аспан: «Құдайдың бөліп берері жоқ, 
тек қана біреуден біреуге алып береді», – деген сөздің төркінін де 
біледі. мұның ұға алмай жүргені – адамдардың да Құдай секілді 
біреудің несібесін біреуге тартып әперетіні ғой...«Баламның 
бақытын өзіне бұйыра гөр», – деп күбірледі.
Он сегіз жасқа жаңа ғана толған шағында соғыс басталды. 
Әкесі Тәңір ақсақал қартайып барып көрген жалғыз ұлын арбамен 
ауданға дейін өзі шығарып салып еді. Сақалынан сорасы ағып 
жылап қоштасқан. Қырық жыл бойы жылқы бағып, қолындағы 
қайың құрығындай қатып-семіп қалған сүйегі болат шалдың 
жалғыз-ақ күнде мүжіліп, сұлап түсуін балалығы ма, әулекілігі 
ме, ол шақта аспан түсінген жоқ еді. Сөйтсе кіндігім кесіліп, 
артымда тұяқ қалмайды-ау, деп зар жұтқан-ау жазған. Төрт жыл 
жаумен алысып, есен-сау оралғанда әкесінің екі тізесіне сарысу 
толып, өз аяғымен дүзге шығу мұң болып қалған екен. Ұлының 
қол-аяғын тарамыс саусақтарымен мытып-мытып ұстап, өне 
бойын сипап тексеріп шыққан соң: «Шүкіршілік, – деген саңқ 
етіп. – Шүкіршілік, ұрпағым жалғасатын болды». Сондағы мешел 
баладай төр алдында жүрелеп отырған әкесінің жанарынан жалт 
еткен ұшқын аспанның әлі күнге көз алдынан кетпейді. «Шүкір, 
менің де ұрпағым бар, әке», – деді дауыстап.
Қалтасын қарманып еді, бар болғаны екі-ақ малта қалған екен, 
бірінің шетінен кертіп алды да қайтадан мұқияттап тұрып, салып 
қойды. Сауысқан ұшып кеткен бе, көрінбейді. Күн екінтіге иек 
артса керек, тау аңғары алабарқындана бастады. аспан ашық, 
желсіз қытымыр аяз жайлаған. Сұп-суық тыныштық. аспан со-
ғыста қорыққан жоқ. Тіпті қорқуға мұршасы да болмаған. 
Әлдекімдерше кеудесін ұрғылап, батырлық көрсеттім деп те 
масаттана алмады. мың да тоғыз жүз қырық бірінші жылдың 
күзінен мың да тоғыз жүз қырық бесінші жылдың сентябріне 
дейін жаяу солдат болды. Сол өзі жиі айта беретін «пехоталық» 
өмірі, тек ауылға аман-есен оралғанда аяқталып, табаны жерден 
көтеріліп, атқа мінді. Бірнеше медальдары бар, ордені жоқ. 
мұның қаратырнағы қанамай есен-сау оралуы талай-талай 
қатынның көзіне күйік болып, қарғысына ұшыратқан. Ер-
азаматынан айрылып қара жамылып отырған жесір әйелдер, 
күйеулерінің қазасын Гитлерден емес, осы аспаннан көргендей, 
қызғаныштың қара мысығын мияулатып лақтыратындай... 
«мүмкін сол көп қарғыстың біріне жолықтым ба» – деп ойлады 


48
аузындағы малтасын сорып, шалқасынан жатқан аспан.Әлі 
есінде: Европадағы бір үлкен өзеннен өтерде (әлде Днепр, әлде 
Дунай) тамам жаяу солдаттың малти алатындарын жап-жалпақ 
болып, жылып аққан суға салды. айсыз қараңғы түнде су беті 
қандай қорқынышты дейсің. Бұқтырманың жағасында өскен 
аспан сескенбестен «бисмилла» деп, қойып кетіп еді. арғы 
жағаға алғашқылардын бірі болып жүзіп жетті де, өзіне арнап ор 
қаза бастады.ал аспанда жер қазатын қара күш жетерлік-тін. Әп-
сәттің арасында бораған оққа ұшып, өзімен бірге өткен жігіттер 
баудай қырқылды. Ежелгі шапшаңдығымен елден бұрын окоп 
ойып алған аспан ғана аман қалған-ды. Содан таң атқанша бас 
көтермей бұғып жата берген. Күн көтеріле жау жағы жағалауды 
тастап, совет әскері өзеннен өткенде ғана өз отрядын әрең іздеп 
тауып еді-ау. мұның қалайша тірі қалғанына қайран қалған 
жауынгер достары «оқ қағарың бар екен, сен мың жасайсың»– 
деген арқасынан қағып. ал взвод командирі: «Сен арғы бетке 
жүзіп өткен жоқсың», – деп, күмәнданып әскери трибуналға 
тапсыра жаздады. Осы оқиғаны әкесіне айтқанда: «Өлгеннен 
соңғы бақыттың керегі не, аман оралғаннан үлкен арман жоқ, 
оқ қағарың бар екен», – деп, ол да арқасынан қаққан. аспанның 
арқасынан бұдан кейін де талай адамдар қақты. Бұрнағы жылы 
жүз биеден тоқсан бес құлын өсіргенде, колхоз бастығы Қали да 
қарқ-қарқ күліп, «маладес», – деп шапаттаған арқасынан. Өткен 
жазда колхоз совхозға айналып, директор болып келген Самойлов 
та «аспанчик, молодец» – деп арқасынан қақты. ал бұдан керемет 
сыйлықты жылқышы жігіт дәметкен емес. Бәлкім, өзін қарғаға 
теңегені де осыдан шығар...Бірақ әділдік үшін, таза да тәкаппар 
мінез үшін азап шегудің өзі де бақыт-ау, – деп түйді ойын. адам 
баласына қиянат жасағандардың не күйге ұшырағаны да есінде 
ғой. Баяғыда Еңбек аулында «Тоқылдақ кемпір» атанып кеткен 
әйел ғұмыр кешіп еді. Ел басына күн туып, ер-азамат майданға 
аттанғанда, қаралы ауылдың қазанына ас тұрғызбай ұрлай береді 
екен. айран, сүтінен бастап суыртпақ жібіне дейін қас пен көздің 
арасында қағып кетеді екен. мұқым ауыл қапыда шапқан Гитлерді, 
содан соң әлгі кемпірді қарғаған. Ұстап қаматып жіберейін десе, 
айыбын мойнына салар айғағы жоқ, әмбе жалғыз басты жазғанды 
қартайғанда түрмеге отырғызуға намыстары жібермеген. Сол 
кемпір соғыс бітіп, қой үстіне бозторғай ұялаған заман туғанда 
айтса адам баласы иланғысыз зауалға тап болады. Іңір жамылып, 
қас қарая бастағанда, үйінің асты өзінен-өзі тоқылдай бастайды 


49
екен. Содан тек таң қыла бере бастағанда ғана толас табады екен. 
Қараңғы түсе қақсай жөнелетін тоқылдақ үнді үйге барған адам 
естімейді, тек кемпірдің өзі ғана «әне басталды» – деп, екі құлағын 
тарс басып, бүк түсіп жатады екен. Содан кемпірдің түні күнге 
айналып, жарық түсе жанары жұмылады екен. Күндіз ұйқтап, 
түні бойы баспанасынан безіп, дала кезіп жүреді екен. милиция 
шақыртып, үйінің астын қарайды – ешкім жоқ, еденнің тақтайын 
ауыстырады – бәрібір басылмайды, басқа үйге ауысады – сонда да 
естіліп тұрады: тіпті басқа ауылға көшіп барса да, қыр соңынан 
қалмай әлгі ғажайыптан туған тоқылдақ үн ере береді екен. мұның 
сырын тірі пенде біле алмайды. Өз қорқынышына өзі шыдай 
алмаған кемпір көп ұзамай Бұқтырма өзеніне ағып өлген еді, 
жазған. міне сол жылдардан бастап бұл ауылда «Тоқылдақ кемпір» 
– деген аңыз тарады. аңыз адам баласын емес, адам баласы аңызды 
тудыратынын аспаннан артық білетін ешкім жоқ. «Жорғалаған 
қара тышқанға қастандық жасама, бәрібір айналып өзіңді табады. 
Бұл дүниеде қаншалық жақсылық жасасаң – о дүниелік болған соң 
жер бетіне соншалықты береке болып, қайтадан өніп шығады. ал 
зұлымдық та солай, балам», – деп отырушы еді әкесі. Енді ойлап 
жатса, сол «Тоқылдақ кемпірден» не өсіп шыққанын біртіндеп 
іздей бастады». «Сол, – деді дауыстап, – соның нақ өзі... аНаУ-
лар... Дәлірек айтсақ, ауыл бастығы – аНаУ... Құдайдың құдіреті, 
таудан қар көшкінін құлатқан дауыс бастықтың жиналыстағы стол 
тоқпақтап, айқайлайтын жарқашақ үніне қандай ұқсаушы еді... 
Жо-жоқ! – деп өзі айғайлап жіберді аспан басын қақшаң еткізіп. 
– Оның қыстың көзі қырауда алатайға шығуы мүмкін емес. Сонда 
кім, қай атаңа налет айқайлаған?!» Осы жұмбақтың, шешуін тапса, 
бұған дейінгі бүкіл өмірінің мәнін түсінетіндей алас ұрды.Неге 
екені белгісіз – алғаш рет аспанға ұшқысы келді. анау тегенедей 
төңкерілген аспан қандай жақын болса, соншалықты алыс еді. 
ғарыштың ғажаптығына қайран қалудан өзге қолынан келері 
жоқ, таңдай қаға тамсанып, телміре қараған қалпы: шұбатылған 
қол бергенше, қос қанат бітірмеген жасаған иесіне өкпеледі де. 
Шіркін-ай, дәл қазір ұшып кетсе ғой... жер бетінде ұша алатындар 
бар, ал жылқышы болса аяңдап жүруге жаратылған, онысын да 
көп көргендей, екі аяқтан айырды. Жарықтық әкесі де әуелі сол 
әуеге әуелеуді аңсаған-ау, әйтпесе ұлының есімін – аспан қояр ма 
еді... Жазған-ай, ол да ұша алмай кетті. «Тіпті ұшудың керегі бар 
ма өзі, – деген қарсы сұрақ қойды өзіне, – қанатыңмен ұшқанда 
құйрығыңды ұмытпа, деп қазақ бекер айтпаған шығар. Жерден 


50
өзге жерді іздеу әбестік. Ең әуелі сол айналайын жердің қадірін 
түсініп алайық». «мен аНаУларДы көптен білемін. Бірақ оның 
нағыз зымиян, қулық сауған сұмпайы мүскін, адамзаттың қас 
жауы екенін тірі жанға тіс жарып айтқан емен. – аНаУларДы 
мен ғана емес, жұрттың бәрі біледі, олар да үндемеді. Сен солсың! 
– деп бетіне басқан емес. адам баласын алжастырар, ес-ақылынан 
айырар аЙҚаЙДы алты алашта естімеген кісі жоқ: аЙҚаЙ-дың 
иесі аНаУ екенін де сезеді, өкінішке орай, ешқайсысы да қарсы 
тұрған емес, түсін түстеп, атын атаған емес, кім?– деп сұрасаң 
күмілжіп төмен қараған күйі «өзің де білесің ғой, несіне сұрайсың, 
ол – аНаУ ғой дейді». Иә, сол – аНаУ. Басқа ешкім де, ешкім де... 
Бәріміз бір бағытқа, бір жаққа асығып барамыз. Қайда? айқай 
шыққан алысқа, түпсіз тұңғиыққа, мәңгі жұмбақ аспанға, содан 
соң... содан соң – қара жердін қойнына...» аппақ қарда көміліп, 
шалқасынан жатқан жылқышы бұдан он жыл бұрын құлағын 
жарған жаңғырықты тағы да қашан, қай жерде естідім, деп есіне 
түсіре бастады.
«ауылдық кеңседе».Иә-иә, ауылдық кеңседе болатын. 
Бөлімше басқарушысы алақанымен столды салып қалып: «ала-
тай қыстағына сен барасың? – деген. – Әкем ауру, әйелім жас 
босанған, ойда қалайын», – деп қасарысып көріп еді: «Бұл бұйрық, 
егер қарсы болсаң, арызыңды жаз, жылқыдан босатамыз», – 
деген. Тағы не деп еді? Деген... көп нәрсе деген... Жазған-ау, сол 
ЖаҢғырыҚТы, сол аЙғаЙДы биыл күзде және де естімеді 
ме. Совхоз директорының көзінше, тіпті ауданнан да өкіл бар 
болатын: – алатайда дайындалған жемшөптің қоры қораш. 
Пішеншілер жалған ақпар берген, мен алдыңғы күні барып 
көріп қайттым, шөптің қоры жарты қысқа да жетпейді. Жабағы-
тайлар арам қатады. ағайындар-ау, бұларың көз бояушылық 
қой, мемлекетті алдау ғой. ажалымнан бұрын өлер жайым жоқ, 
сондықтан да биыл ол қыстаққа мен бара алмаймын, – деп кесіп 
айтқан. ауыл басқарушысы аНаУ сырының ашылып қалғанына 
қатты қапаланды: – Барасың! – деді бармағын шайнап тұрып. – 
Бармайды екенсің, арызыңды жаз. Билетті тапсыр.
– Партиялық билетті сен берген жоқсың, сондықтан да сен 
ала алмайсың,– деді аспан түтігіп.– аузымды қышытпа. Әйтпесе 
қырық жылғыңды қылға тізіп беремін.
– айт! айт көкейіңдегіңді! – деп аЙғаЙлаДы аНаУ.
– айтсам, сен өзіңе қарсы келеді-ау, деген күмәнді адамға екі 
өтініш жаздырасың. Бірі – совхозға алынсын деген, екіншісі – сов-


51
хоздан шығарыңыз деген. Егер күндердің күнінде, өзіңе әлгі 
бейбақ қарсы келсе немесе қолайыңа жақпаса, сол күннің 
числосын қолдан қойып, ауылдан айдап саласың да, жоғары жаққа 
өз еркімен босаттым деп мәлімдейсің. Шүкір, маған ол әдісіңді 
істей алмайсың. Ендеше, совхоздан да оп-оңай шығара алмайсың. 
Туған жерден табанымды тайдыруға сені қойып, Құдайдың да 
құдіреті жетпейді.
– Ой, әкеңді... – деп кеңсені басына көтеріп бақырды. – 
аЙҚаЙлаДы.
– менің тағдырымды шешетін сен кімсің! – аспан да тілін 
тартпады.
– Жұмысшыға бұлай аЙғаЙлаУға болмайды, отағасы, 
– деді ауданнан келген сыпайы өкіл көзілдірігін сұқ саусағымен 
көтеріп қойып.
– Егер мына жылқышының айтып тұрғаны рас болса, ондай, 
жағдайда... алатай қыстағындағы шөпті қайтадан өлшеу үшін 
комиссия шығартамыз.
– Шығарыңыздар, – деді ауыл бастығы шімірікпей. – мен 
қазір дайынмын. Бірақ сол алатайға барар жол қазір бұзылып 
кетті. адамдардың аман-есен жетіп, қайтуына кепілдік бере 
алмаймын. малға шөп жетпей қыстан қырылып жатса, сонда ғана 
жазалаңыздар мені. Қазір бекерден-бекер күйдірмеңіздер. мен не 
істесем де, ойлап істеймін.
міне барлық дау осымен тамамдалып, өкілдер келген ізімен 
кері қайтқан. ал ауыл басшысы алатайға аттанып бара жатқан 
аспанға «Бәлем, көзіңнің еті өсейін деген екен. Басшымен 
алысқан әкең қай мұратқа жетіп еді. алды-артыңды ойламайсың-
ау, бала», деген. Енді ойлап жатса, сол сөздің төркіні тым әріде... 
тым-тым тереңде екен. Бар бәле ЖаҢғырыҚТаН шықты. 
Өзінен зор, өзіне билік жүргізетін жоғарыдағы адамға етекте 
тұрып аЙғаЙлаУға болмасы қанша рет басына тисе де, бақыр 
басы ұқпай-ақ қойды-ау. «Сайтан көпірден» жылқының соңын 
өткізіп, атқа енді қона бергенде, қыр соңынан итше еріп, қалмай 
келе жатқан аЙғаЙ тағы да... тағы естілгені еміс-еміс есіне түсе 
бастады. Сол аЙғаЙДаН бүкіл тау-тас жаңғырып, мүлгіп-мүлгіп 
ілініп тұрған қар сусыды, ұлы көшкін пайда болып, мұны ағызып 
әкетті. Бірақ сол жер-көкті жаңғыртқан аЙғаЙ қай жақтан 
шықты және аЙғаЙДыҢ иесі кім? аНаУ. Оның қай жақтан 
естілгені аспан үшін бәрібір еді... Енді бұдан былай ол ондай 
құр бекер жаңғырықты мәңгілікке естімейді. Әрине, жаңғырық 


52
та, жаңғырық-өмір де қайталана берер, аспанға түк те әсері жоқ. 
Құтылды-ау, әйтеуір. рас, азаттанды. Бас бостандығын екі аяғын 
беріп айырбастап алды. Бостандық демекші, баяғыда, жаздың 
жайма-шуақ күндерінің бірінде колхоздың үйір-үйір жылқыларын 
сонау алатайдың бөктеріне маңғыстатып жіберіп, бүлдірген 
теруге шыққан. Таудың жидегі бұта-қарағаны көп етекте, 
тақырлау жерді қуалап өседі. аттың тоқымдығынан келетін қалың 
шалғынды қақ жарып, қиялай аяңдап келе жатқанында астындағы 
қара қасқа сәурік қорс етіп үркіп, иесін аударып кете жаздады. 
алғашында аюдың түнде жапалап кеткен нәжісінен үріктіге 
жорыған аспан, қара қасқаны зорлағандай болып, шу-шулай 
шаужайлап шөптің арасына үңіліп еді, бүрісіп, кәперсіз ұйқтап 
жатқан еліктің қозықасын көрді. Бейқам жатқан қозықаға аттан 
түсіп, қызықтап ұзақ қарады. Соншалықты сүйкімді, соншалықты 
уыздай жас, бесікте жатқан сәбидей, әсерлі де әдемі. Жар дегенде 
жалғыз ұлы аман, шешесінің емшек сүтіне тойған соң, дәл 
осындай алаңсыз, дәл осындай бейбіт, дәл осындай бал татыған 
тәтті ұйқыға берілуші еді. Жүрегі елжіреп, көңілін қуаныштың 
ба, сағыныштың ба, әйтеуір, жүз жылда жалғыз-ақ рет қайталанар 
қауырсын лүпіл қытықтады. Шыдай алмай, көтеріп құшағына 
алды. Оқыс оянған қозықа тыпырлап, әлсіз қарсылық көрсетті. 
Бірақ жылқышының қарулы колынан босанып кетуге дәрмені 
жоқ еді. аспан еліктің қозықасын қойнына тығып, жайлау мекені 
киіз үйіне алып барып, кішкене үйшік жасап жаз бойы асыраған. 
Қолдан сүт ішіп, жем жеген қозықасы үйрене келе өзі де үй 
маңынан ұзап шықпайтын болды. Ноябрьдің қара суығы түсіп, 
тау басына қар жауғанда жылқышылар алатайдағы қыстаққа 
көшіп барды. Жас елік те жылқышылардың төл малындай қорада 
тұрушы еді. Тіпті осы үйдің ит екеш иттеріне дейін қозықаға 
әбден үйренген, алысып бір-бірін қуалап ойнағаны болмаса, азу 
жұмсап тиіскен емес. Сонымен, қарашаның соңғы күндерінің 
бірінде қыстаққа ауыл бастығы аНаУ келді итін ертіп. Бұл ауыл 
бастығының жылдағы әдеті, алатайға қар қалың түспей тұрып тау 
басындағы мал-жанды ақырғы рет түгендеп, алты ай қыста ат ізін 
салмайтын. Жылқышылардың өздері іздеп барып, өлі-тірісінен 
хабар бермесе, осына алыстағы қыстаққа тірі жан аяғын баспайтын. 
Тек аң қараған аңшылар ғана анда-санда бір соғып, ыстық шай 
ішіп қайтар еді. аНаУ амандық-саулық сұрасқан соң, үйге беттей 
бергенде қора жақ шу ете қалды. Не болды дегендей бәрі жалт 
қарағанда басшыға еріп келген қайқы құйрық бұралқы ит елікті 


53
бас салып, талап жатыр екен. «алда, әкеңнің аузын ұрайынның 
итін-ай»,– деп қолына ілінген ағашты ала салып, тұра ұмтылған 
аспан бұралқы итті қақбастан бір салмақ болып сілтеген шоқпар 
итке емес, арпалысып жүрген елікке тиіп, табанда жан тапсырған. 
Қасында қақшиып тұрып қалған аспан тағы да: «алда, әкеңнің 
аузын ұрайынның иті-ай»,– деп сілейтіп тұрып сыбап, бұдан соң 
кері үйге жүгірген. Жүгірген қалпы он алтыншы мылтығын сарт-
сұрт оқтап, өлі елікті әлі де жұлмалап жатқан итті тарс еткізіп 
басып салған. Дәл басынан тиген дара оқтан бұралқы бұралаң ете 
түсті де, қыңсылап жатып ол да жан тапсырды. Басқарушы кейіп, 
қатты ашуланды.
– Таудың тағысына бола әкемді бір емес, екі рет боқтадың, 
– деді түтігіп.
– Таудың тағысына бола жалғыз жүргенде ес болсын деп 
ерткен жалғыз итімді атып өлтірдің, – деді қабағынан қар жауып.
– Таудың тағысына бола таңың айрылып, тұлан тұттың, 
арамызға от жақтың, жыл аяғында алатын қосымша ақыдан 
айрылдың. Бүгіннен бастап аға жылқышы сен емес, аНаУ 
болады, – деді жұп-жуас болып, үндемей томпайып тұрған кө-
мекші жылқышыны нұсқап – «Қайран, ала мойпағым-ай, тұқы-
мында тазылық бар, иттің сырттаны едің-ей, арулап көм 
мынаны ит-құсқа жем қылмай». – Басқарушының әмірін есті-
ген аНаУ, – яғни бұрынғы көмекші, қазірде иттің арқасында аға 
жылқышы болған жуас жігіт күрек әкеліп, жанталасып жер қазып, 
ИТТІҢ өлімтігін көме бастады.
– мақтасаңыз итіңіздің басы екі-ақ күшік. ауылға барған 
соң, елден сұрап екі күшік апарып беремін, отағасы. Бәрінен де 
баламдай бағып отырған қозықаға обал болды,– деген аспан 
елікті жерлеу қамына кірісті. Итінен айрылған басқарушы асығыс 
аттанып кетті.Осы оқиғадан кейін аспан үш күн ұйықтай алмай 
жүрді. Өмірдегі ең асылын жоғалтып алғандай мең-зең күй кешті. 
Көзі ілінсе болды қалың шалғынның арасында моп-момақан 
болып, ұйқтап жатқан қозықа келеді. Кейде сол қозықа жалғыз 
ұлы аманға айналып, өз баласын өзі өлтіріп алғандай айғайлап, 
ұйқысынан шошып оянатын әдет тапты, «Бекер-ақ айырдым 
бостандығынан, бекер-ақ, – дейтін иман айтқандай күбірлеп. – 
Таудың тағысы ешқашанда үйдің малы бола алмайды. Қанша асты-
үстіне түсіп, баптап, бақсаң да еркіндігін сағынады. Күндердің 
күнінде өзі-ақ қашып кететін еді. Өйткені елік – ит емес, сүйекке 
семіріп, жуындыға алданатын. адамнан өткен қасқой не бар екен 


54
бұл жалғанда: ендеше, табиғатқа біздерден өгей ештеңе де жоқ, 
ештеңе де, тек екі аяқтылар ғана артық, сол керексіздігімізді 
жасқана жасырамыз, жанталаса қорғаймыз. Өгейлігімізді білдірмес 
үшін арпалысып, мұқым жер-жапан, ұшқан құс, жүгірген аңға 
өктемдігімізді жүргіземіз. адам баласы жаратылыстан бәр-бәрін 
алып, тауысуға айналды, ал өзіміз не бердік сол табиғатқа? Түк 
те берген жоқпыз. адам баласы жаратылыстың астын тыңдап, 
үстін шыңдап зерделеп, танып білді, тек қана өздерін-өзі зерттеп, 
дөп басып тани алмай жүр. Дүниеде жұмбағы шешілмес жалғыз-
ақ зат болса, ол – адамның өзі. Қарашы енді, Құдай-ау, нем бар 
еді. Жақсылық жасаған түрім осы ма?.. Әттең, алатайдағы елік 
жабылып келіп сүзіп, тепкілеп өлтірсе де обал жоқ маған, обал жоқ. 
Бүкіл әлемдегі жан-жануар жабылып, адамзатқа шабуыл жасаса 
ғой... мен сонда сол аң-құсқа қосылып, қарсы аттанар едім. Ең, 
әуелі кімдердің жағасына жармасар едім сонда... аНаУларДыҢ. 
...Тәңірім-ау, аНаУлар-дың да ішінде мүйізі бар ғой, иә, 
ОларДЬІҢ да сүзісе алатын, бірақ көзге көрінбейтін өткір мүйізі, 
бір тепсе оңдырмайтын темір тұяғы бар. Сонда не істеу керек? 
«Өзің де темірден мүйіз жасап алуың керек»,– деді сол иығындағы 
сайтан, ал, оң иығындағы періштеде үн жоқ. «Темірден мүйіз 
жасап алайық», – деп сол иығындағы сайтан қақсап болмаған соң, 
шыдамы таусылды ма, оң иығындағы періште «мүйіз сұраймын деп 
жүріп, құлағыңнан айрылмасаң» деп күрсінді. Осылайша, күндіз 
күлкі, түнде ұйқыдан айрылып қысты өткізді. Күн жылынып, ағаш 
басы бүрлеген, биелер құлындап, жер көктеген көктемнің көркем 
күндерінің бірінде аспан арғы бет марқакөлге барып, бір орыс-
тың шалынан тазы иттің көзін жаңа ашқан күшігін сатып алды. 
Оны қойнына тығып; бергі бет – Еңбек аулына түсіп басқарушыға 
апарып берді. Күшіктің асыл тұқымдығына көзі жеткен аНаУ 
мәз болып, әйелі ұл тапқандай қатты қуанған. Қуанғаны соншама 
«Бәсе-бәсе, ақылың енді ғана кіре бастаған екен. Баяғыдан осылай 
жасау керек еді», – деп, аға жылқышылық атағын өзіне қайтарған. 
міне сол күннен бастап мүйіз мәселесін ұмытып, қайдағы бір 
қозықаның обалына бола өз жанын өзі жегенді де қойған еді. 
Қарашы енді есіне қайта түсуін. аспан шөкімдей бұлтсыз. Іңір 
қараңғылығы түсе бастады. ай туған жоқ. аңғарды қараңғылық 
тез жайлады. аспан жылқышыны қаумалап, қоршап тұрған алып 
қарағай, самырсындар қараңғылықтың құшағына кіріп, үрей 
шақыра үңірейіп қарауытады. ай туа ереуілдеп, қайта көрінетін 
қарағайлардың жасы қаншада екен, деп ойлаған жігіт: «адам 


баласына тым болмағанда бір ағаштың да ғұмырын бермеген 
табиғатқа не дауа»,– деп күбірледі. Кешегіден гөрі бүгін күн райы 
шырайлы әрі сәл жылылау сықылды. Қақаған қыстың ақыры 
жақсылыққа көрініп, көктемнің де ерте шығарын сезеді. Шыбын 
жаны тірі қалса сол айналайын көктемді көрер күн алыс емес-ау. Ең 
ерте келді деген көктем алтай тауына көкек айында ғана туатын. 
ал тау басындағы қар мамырда ериді. аспанның сол екі-үш айдан 
соң ыбылжып, еріншектене әрең келер жазғытұрымды сағынуы 
– өмір сүрсем деген үміттің үзіліп барып, қайта жалғануы сынды. 
Неге екені белгісіз, таңнан бергі есіне алған естелік осына жылы 
сезімін өзіне қайтарып бергендей еді. Түннің ортасы болып, ай 
көтерілгенше осы жақсылықпен жалғасқан әсерінен арыла алмай, 
үй іші, бала-шағасын сағынып жатты. Сонау ал қара аспанның 
төсіндегі самсаған сансыз жұлдыздарды түгендеп еді, бәр-бәрі өз 
орнында екен. Бір жамбастанған Жетіқарақшы, көтеріліп қалған 
Үркер, бедірейіп тұрған Темірқазық пен Қарақұрт – барлығы да 
тілсіз телміреді. Тек күншығысқа түсіп кеткен Қамбар жұлдызы 
ғана көрінбейді. Биылғы қыстың қытымыр өтерін аспан жазға 
салым сол Қамбар мен айдың атысуынан болжап білген. Енді, әне, 
істерін істеп алып, өзі зым-зия жоғалған. Сонау жарқырап, шоқтай 
жанын шыға келген Сүмбіле жұлдызы. аспан әлемінен жалғыз 
осы жұлдызды жақсы көруші еді жылқышы. Елбіреп қарағаны 
болмаса, одан да қайран жоқ.«Сүмбіледей сұлу ат мінсем» – деп 
армандаған қазақтың бірі аспан еді. Осы жасына дейін тайпалған 
жорғаның, айға шапшыған арғымақтың қаншасының арқасына ер 
салды. Шыққан мүйізі, жеткен жері қайсы... «Бірақ сол сүмбіледей 
сұлу аттың бірде-біреуі өзімдікі емес еді ғой», – деп ойлады. 
Осы шақта оның көз алдына қар жентегіне араласып бір батып, 
бір шығып атып бара жатқан қаракері келді. Құлындаған даусы 
әлі құлағында... Жарықтық жануар да аЙҚаЙДыҢ құрбаны 
болды. Ол мал баққанына тұңғыш рет өкінді. Әкесі жас кезінде, 
Әбдікәрім байдың жылқысын, бұл өңірде совет өкіметі орнаған 
соң колхоздың жылқысын бақты. алжығанына көрінді ме, көз 
жұмар сәтінде: «Баяғыда Зыряндағы шахтыға түсіп жұмысшы 
болып кетпеген екенмін. Сен ойлан, ұлым, мықтап ойлан. Өкініп 
жүрме», – деп өсиет айтып еді. Осындай боларын сезген-ау, 
жарықтық. мұндай боларын білгенде құрықты тізесіне салып, 
морт сындырып, басы ауған жаққа қаңғырып кетер ме еді... 
Әй, бәрібір кетпес еді-ау, кіндігі байланған жерден арқандаулы 
аттай ұзамады, – мінезсіздіктен, жоқ болмаса тәуекелі жоқ 


ынжықтығынан емес, әсте де олай емес, әншейін, еті үйренген 
сүйеккесіңді кәсіпті қимауынан, от жаққан туған жерін тойған 
жеріне сатып кетпеуінен еді. Ендеше, жылқышы болғанына өкінуі 
бекер, басқа іс түскенде ойбайлаған байбалам әрекеті ғана. Баяғыда 
ФЗО-ға алынып, сол жақта үйленіп шахтерліктің мол ақшасына 
кенелген талай жігіт қомшасын арқалап қайта көшіп келмеді ме. 
Дүниеде кіндік қаның тамған – кіндікжұрттан ыстық не бар. ата-
бабасының: «Туған жерден бір күрек топырақ бұйырсын», – деп 
зарлап өткені бекершілдік емес, рухының мықтылығы шығар. Ер 
үстінде ұйқтамасаң, атқа мініп не бар еді, – деп өсиеттеп отырар 
әкесі де, әлгі бір сөзді алжығанынан айтты. «Іздегенің есіктен 
табылса, төрге шығып нең бар еді» – дейтін әке «өкініп жүрме» 
– деген сандырақ сөзді неге, не біліп меңзеді екен?..
– Диірменде туған тышқан оның дүрсілінен қорықпайды, әке,– 
деп еді аспан. – Көзімді ашып көргенім үйір-үйір жылқы, сол 
үйірлеген жылқыны иіріп, ат үстінде жүрген – сіз. Ішкенім 
– саумал мен қымыз, жегенім – қазы-қарта, жал-жая. Тіпті күні 
бүгінге дейін аузыма бір жапырақ нан салмай үйрендім. Ұядан не 
көрсек, ұшқанда соны ілдім. Өзіңнің өміріңді қайталағанның несі 
айып, несі шам...
– Жоқ! Сен мықты болсаң қайталама менің өмірімді. мен 
жүріп өткен жол қайбір оңып тұр еді. Бөрінің соңынан бөлтірік 
ақылдылығынан ермейді. мықты болсаң өз жолыңды-өз жөніңді 
тап. Бұл жасыма дейін бір адамның бетіне қарап, бір адамның 
жағасынан алып, «сені ме» – деп көрмеген адам ұшпаққа шықса – 
мен шығар едім. Жерден басымды бір алмай, оттаған малша борт-
борт желгеніме мәз болып келіппін. Қолдан жем жеген құстың 
алысқа ұшқанын көргенің бар ма. Қол-аяғың сау кезде қаңғыр, 
арала ел-жұртты, аспанның асты кең емес пе, күшің барда – күрес, 
тісің барда – тістелес. Жіберме есеңді. Еңбектеп өтуді біздің 
тұқымның маңдайына жазып қоймаған шығар. Осы өсиетімді 
ұлыңның ұлына жеткіз. – Тәңір шалдың көзінен қос тамшы жас 
ағып, аппақ болып өңірін жапқан сақалына саулап еді. 
* * *
Тәңір шалдың бұл сөзі өлмес есіріктік те, бұл дүниеден 
қайтар алдындағы бой жазуы да емес, жылдар бойына көкірегін 
сарсулаған өкініші, ұрпағының ертеңгі тайғақ тағдырын ойлап 
жапа шегуі еді. Бірақ жастықтың буына піскен аспан әкесінің 
соңғы сөзін тағы да алжыдыға жорыған. Енді міне, қар бесіктің 


құндағында жатып, сана сарабына салса, тіпті де бұл ойлағандай 
алжығаннан айтылған ағат сөзден гөрі, көңіл жүйріктігімен 
ертеңін болжаған қарттың аһ ұрған арманға толы аманаты екен-
ау. Әкесінің сол аманатын өзі орындай алмады, өз ұлы – аман әлі 
жас, кімге ескертер... Шыбын жаны тірі қалса, әттең, әке өсиетін 
ұлының құлағына құяр еді-ау. Заман су болса, аспан секілді 
қарапайым адамдар сол судың табанындағы тас сынды, мәңгі 
өзгермеген қалпында қалады. Сондықтан да қазақ «су ағады, тас 
қалады» – деп бекер айтпаған. Ес біліп, етек жапқалы осы Еңбек 
аулында қаншама бастық ауысты десеңізші.. Әрқайсысының 
мінезі әр түрлі. Бірі қырам-жоям, деп аЙғаЙлаП, енді бірері 
алдап-сулап маймөңкелеп келеді. ат төбеліндей ауылда бола берер 
ондай-ондай кем-кетіктер үлкен өмірдің қылшығын да қисайтпас, 
заман атты алып мұхиттың бетіне түкіргендей ақымақтық та 
болар, бірақ сол алақандай ауылда да адамдар тұрмай ма...
Бүгінгі түннің жылысын-ай! Жылқышының екі тізесінен 
төменгі жағында жан жоқ, мұны тастап аспанға ұшып кеткен 
секілді. Кеуде тұсы ғана бір тоңып, бір ысынады. Тұла бойындағы 
діріл бәсеңсіген, әлдеқандай жұмбақ жылылық аймалай бастады. 
Бет-аузы, екі қолы қышына ма-ау... ал қарға батқан жон арқасы 
тіпті темір пешке қақтағандай күйіп-жанады. «Егер ертең ешкім 
іздеп келмесе, өлгенім шығар»,– деп ойлады аспан. Күміс тана 
тағынған ал қара көк аспан қол созымдай тұсқа аласарғансынды. 
адам бұл дүниемен қоштасар сәтінде қиял жетпес нәрсенің бар-
барлығы жақындап, мазақ қылары несі екен... Сонау жарқыраған 
Сүмбіле жұлдызының осыншалық сұлу туғанын жылқышының 
алғаш көруі... ай екеш ай да бір орнынан тапжылмай, бедірейіп 
тұрып алғандай. Әлемді шарлап жүрер жаңғырық жан тапсырып, 
әлемді тыныштық жайлап, ауыр да қасіретті мұңға батқандай. 
Жүрегі баяулап, қан тамырлары қата бастады ма, аспанның 
аюдай денсаулығы бірте-бірте әлсіреді. Өлі мен тірінің, ұйқы 
мен ояудың екі арасындағы мәңгірткен хал сыңсып салған 
мұңлы әнімен әлдилеп, жанарын жаба берді. «Уһ, аллам-ай, 
шаршадым-ау», – деп көкірек айыра қатты күрсініп барып, көзін 
күшпен ашып жіберді. Дүние сол қалпында екен. «Егер көзімді 
мәңгілікке жұмсам, мынау әлемнің әдемі әйнегіне тарыдай да 
дақ түспейді екен-ау». Бұл жалғанда адамнан сорлы бар ма 
екен. Шолпан жұлдыз туғанда аспанның көзі ілінгендей болып 
еді, аса қорқынышты түс көрді. ғажап... екі аяғы аспанда ұшып 
жүр екен дейді... Өзінің өкшесіне нәлі қаққан саптама етігін 


58
таныды. Сол саптама етіктің қонышынан қып-қызыл болып 
сорайып, шығып тұрған жіліктен бетіне саулап қан ағады... бет-
аузы жып-жылымшы қанға бөкті. Шошынып барып, оянып еді... 
сүмек болып терлеп жатыр екен, «аллам-ай, қиналдым-ау»,– деп 
талықсыды. Осы жасына дейін не оқ бораған соғыста, не қар 
бораған бүгінде «шаршадым», «қиналдым», – деген сөздерді 
аузына алып көрмеген қаражон бейбақ төзімнен айрылған күні – 
өмірімен де бақилыққа қоштасарын біліп, иманын айта бастаған. 
Ол иман – аз ба, көп пе ғұмырында жіберген қатесін мойындап, 
болмыстан кешірім өтіну еді. Қай-қай қазақта жан тапсырар 
сәтінде «кеш» деп, бұл дүниемен қоштасады. ал бұл өмірде аспан 
жасаған күнә аз. «Қанша рет, қандай күнә жасадым?» – деп есіне 
түсірсе де таба алмады. Тұңғыш рет әлемді қан сасытқан, бір-
бірінің обалына қалатын, бір-бірін алдайтын, бір-бірін арбайтын 
қара ниет күнәкарлардың қалай өлетінін ойлады. «Өздері жасаған 
күнә өздерін буындырып, айғайлап, былапыт өлетін шығар». рас, 
аспан сүттен ақ, судан таза емес, бұлт басқан жауын-шашынды 
күндері де болды. Әсіресе ғарасат майданын ашып, Отан қорғау 
жолында талайдың қанына ортақ болды. Ел атып жатқан жаққа 
бұл да атты. Оғының тигені де бар, тимегені де бар, оны кім 
санапты. Егер мұның оғынан қаза тапқандар болса... өздері 
кінәлы, тіпті өздеріде емес, «Хайл Гитлер!» – деп жапанды ұлар-
шу қылған ЖаҢғырыҚ кінәлы. Тек анау бір оқиға болмаса... Иә, 
ол өлімге өзін ғана жауапты сезінетін. Сол өзіне шошына қараған 
көз дәл қазір де өңменінен өтіп, «менің жазығым не, балам-
ау»,– деп қадалғандай. Германияның шағын қаласын аларда, 
солдаттар тығылып қалған жаумен үй-үйге кіріп соғысып жүрді. 
Көп қабатты әдемі кірпіш үйге аспан да ентелей кіріп еді. Бұл әр 
бөлмені сақтықпен аралап, мылтығын кезей ұстап баспалап келе 
жатқан. Ешкім жоқ секілді еді. Ту сыртындағы кезекті бір есік оқыс 
ашылғанда, жалт бұрылып алдында тұрған адамды атып салған. 
Шыққан кісі аһ деп қан саулаған омырауын басып, біразға дейін 
құламай, бұған жанарына жас үйіріп қадала қарап тұрып қалған. 
Сонда ғана аңғарды: қарсы алдындағы қаруы бар жау емес, аппақ 
көйлек киген бейбіт ана... ана... ана... әлденені міңгірлеп айтты 
да, түбі өртенген бәйтеректей сұлап түсті аспанның аяғына... 
Бағжайып жатқан аспан көзді алақанымен өзі жауып еді... Енді 
міне, сол әйел дәл қасында отыр. Тірі. алақанымен аспанның 
жанарын жабуға әзір. «Кеш – деп күбірледі жылқышы. – мен емес 
едім кінәлі. Жазығымыз ЖаҢғырыҚТа».


Жер бетіндегі мың-миллион адамның бірде-біреуі өз күш-
қуатының қанша және қашанға шыдарын ешқашан да есептеп, 
айта алмас еді. Болмыстың мұқым сырын ашқан адам, күні бүгінге 
дейін өздері туралы анық ештеме білмей келеді. атағы аспандаған 
ғұлама, жоқ болмаса әлем билігіне құштар сұңғыла саясаткерлер 
мен қарапайым ғана жылқышы өлімі арасында нендейлік айырма 
бар? Жоқ! Ендеше, тууы бір пенденің – өлуі қандай ұқсас боса, 
жер бетіндегі әлсіздік пен мықтылықтың шекарасын кім жіктеп 
бере алады. Олардың арасын тек ЖаҢғырыҚ қана ажыратып 
тұратын секілді. мансаптан мас болғандардың өлімі қаншалық 
қорқынышты болса, жылқышылардың өлімі соншалықты асқақ 
та қара жердің өзіндей қарапайым екен-ау. Қараңызшы, қарға 
көміліп жатқан аспан жалғандағы жалғыз күнәсінен арылып, бар 
күш-қуатын жинап, ақырғы рет дәрет сындырып, таза да тәкаппар 
қалпында арғы дүниеге тас түйін дайындық жасады. Өлімін 
өзгеден көрмеді. ЖаҢғырыҚТы да жазықтамады. Тәңірдің адал 
алуын тілеп, «бисмилла»,– деп көзін жұмды.
аЙҚаЙ марқұм болған – бейбіт тыныштық.
Таудың таңғы тыныштығы қандай рақат еді. ақ кебінге 
оранған тау-тас, орман-тоғай мүлгіп, жаназаға жиналған ақ 
сәлделі шалдардай үнсіз тұр. Бұтақтан бұтаққа секірген әдемі 
құйрық ақ тиіндер ағаш басынан шаңытып қар бүркеді. Әне, 
алақанат сауысқан ұшып келіп, шалқасынан қыбырсыз жатқан 
жылқышының қарсы алдындағы балапан самырсынға қонды. 
Қонды да құйрығы шошаңдап шықылықтай бастады. Тыныштық 
бұзылды. Таудың таңғы тыныштығына тас лақтырған кереметтей 
ерсі күлкі естілді. Сауысқан қайтадан ұша жөнеледі.
– Ха,-ха -ха, -ха!
Таудың таңғы тыныштығын бұзған «ха-ха-ха» толастар емес. 
аңғарды жаңғырта, өне бойы селкілдеп күліп жатқан аспан 
жылқышының нақ өзі еді... Қатты үсінген адам қарқылдап күле 
береді деген сөз рас па, әлде жан тапсырар алдында жер басып, 
дүниенің қоңызын теріп жеп жүрген барлық азаматты мазақтағаны 
ма, әлде «әлемді мен де бір жаңғыртайыншы» деп тұяқ серпер 
әрекет жасағаны ма,– мүлдем жұмбақты күлкі – ха, -ха, -ха!
аЙҚаЙ қайтадан үстемдік алды. 
Жоқ іздеушілер жылқышы жігітті күлкісін естіп тауып алған. 
Серейген денені өңгеріп жақын маңдағы қыстаққа апарғанда, тірі 
деп ойлаған ешкім жоқ. Жылы үйге кіргізіп, аузына арақ құйғанда 
ғана, аздап ашырқанғандай домбыққан ерні қыбырлаған.


60
– Тірі! – деді жылқышылардың бірі қуана дауыстап. Кеуде-
сіндегі тонын шешіп, теріден тігілген желеткесін сыпырғанда іш 
киімі мен көйлегінің іріп-іріп қалғанын көрді. Тіпті тері желеткенің 
өзі борсыңқырай бастаған екен.
– адам деген ит жанды-ау,– деді қарт сиыршы. медицинадан 
көп хабары жоқ тау қазақтары өздері білетін ем-домды жасамақ 
болып шешіндіре бастаған. Әсіресе қинағаны саптама етік болды. 
мұз болып қатқан етікті пышақпен тіліп, темір пештің маздаған 
отына еріте бастағанда ағаш үйге буда-буда суық ала аңшы андрей 
кіріп еді. Жағдайды сәтте түсінген ол: «Вы, что с ума сошли», – 
деп, қаумалаған малшыларды итеріп-итеріп жіберді де, еңгезер-
дей аспанды иығына салып далаға шығып кетті. Қардың үстіне 
салып қойып тұла бойын ысқылай бастады. Үйге қайта кіргізіп, 
беті-қолын шөлмекте қалған арақпен сүртіп, маймен сылады.
– Тез ауылға жеткізу керек. Бойында жаны бар! – деді 
жұмысын бітірген соң. – міне, мынау борсықтың майы. Қашан 
аудандағы ауруханаға жеткенше осыны жаға беріндер. Отқа 
мүлдем жақындатуға болмайды.– Былғары қоржынын ақта-
рып, бір шөлмек қоймалжың майды қарт сиыршының қолына 
ұстата берді.
– Қар астында қалғанына неше күн болған? – деп сұрады 
жылқышылардан.
– Бір апта дегенде таптық.
– апырай-ай, мұндай мықты денсаулықты мен бұрын-соңды 
көргем жоқ, – деп аңшы андрей таңдайын қағып, басын шайқады. 
– Сөз жоқ, тіріліп кетеді.
– айтқаның келсін, андрей, – деп қарт сиыршы қалбақтап 
жүр.
аспанның көз алды – көк мұнар. Бұлың-бұлың дүние. адам-
дардың сүлдесі анда-санда қараңдап барып, жоғалады. Немесе 
жыбырлаған құмырсқа қаптап кетеді. Сол көз алдындағы көк 
мұнардың ар жағынан аспан көз неміс әйелінің оқ тиіп, құлап 
бара жатқаны кетпей-ақ қойған. Құлағына аса қатты аЙҚаЙ 
естіліп, дабыл жарғағын жарып жібергендей таскерең күй кешкен. 
Еш нәрсені сезіп те, біліп те жатқан жоқ. Бір құдіретті күш арғы 
дүниеге апарып тастағандай мең-зең аруақты хал билеген санасын. 
Тарс жұмулы жанарынан толассыз саулап аққан жасты сүртіп, 
құрғата алмай әуреленген қарт сиыршы өзі де кемсеңдеп жылап 
жүр. Бар айтатыны: «апыр-ай, баласы жас еді, баласы жас еді», 
– деп осы сөзді сан рет қайталай береді. Бір жұма бойы көзінде 


61
мұз болып қатып тұрған жас, жылы жерге келгенде еріп, бұлақ 
болып сарқырағандай-тын. Бүкіл малшы осы ғажапқа қайран 
қалды. Жетінші күн дегенде аудандық ауруханаға жеткізілді-
ау, әйтеуір. ампутация жасады. аспан жылқышы мұның бірін 
де білмейді. Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, 
ботадай боздаған әйелі мен қолын айқастыра телміріп тұрған ақ 
халатты дәрігер жігіт. Дәрігер жігіт бұған жымиып қарап, алғаш 
сұрағаны: – Қай жеріңіз ауырады? – деген сөз болды.
– Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, – деді аспан. 
Хирург жігіт ұлын құшақтап отырған әйелге жалт қарады.
– Жүз жасайсыз, – деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі 
солқылдап жылауын одан ары үдете түсті. Жанындағы он жасар 
ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем өзгертіп 
жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды.
– Келе ғой, құлыным, – деп шақырды. – Келе ғой, жалғызым.
Бала көзі бақырайып шешесіне жабыса түсті. Шалқасынан 
жатқан адам әкесі емес, әлдебір құбыжық секілді болып елесте-
се керек, шошына шыңғырып, бақырып қоя берді. «Танымады, 
– деп ойлады аспан. – Енді мені ешкім де танымайтын шығар». 
Терезеден саулап сәуле түскен. Бөлменің іші – ақ шаңқан 
жарық. Басы көтеріңкі жатқан жылқышы, сол сәуле құйылған 
әйнектен тысқа қарап еді, күн нұрымен шағылысқан қар көз 
қарықтырарлықтай нұрға бөгіп, күміс шашып жібергендей күлім 
қағады. Әріректе шана жеккен ат байлаулы тұр. Үсті-басы ақ 
қырау, тұмсығына сүңгі қатқан. Қатты жүріспен келіп, суыған 
аттың үстінен жеңіл бу ұшады. Жаңылмай таныды: әйелі жегіп 
келген өз аулының көлігі. Жұбайы жылауын қойып, енді баласын 
уата бастаған.
– Қой, жылама, ол әкең ғой.
аспанның екі қолы да шоқпардай, ақ дәкемен таңылған. 
Екі көзі сау секілді, өмірге жаңа келгендей айналасына аң-
таң қарай береді. Ол өзін қырық күннен соң көзін ашып, алғаш 
рет жарық дүниені көрген сәбидей таңыраңқы сезінді. Жарық 
дүниенің осыншалық әрі әдемі, әрі жат боларын бұрын неге 
байқамаған. Осыған дейін кермек татыған өмірдің дәмі дәл 
қазір балдай тәтті, саумалдай сіңімді еді. Өліп, қайта тірілген-
дер бұл жалғанда тым аз, сол саусақпен санарлық қана адамдардың 
бірі – аспан жылқышы десек, содан сұраңызшы, «Бұл өмірде 
кімдер екі рет туыла алады», – деп. Ол сөз жоқ «Қайсарлар ғана 
екі рет туыла алады», – деп жауап берер еді. Бірақ аспан ондайлық 


62
үлкен ұғым, философиялық терең пайыммен тіпті де ойлап жатқан 
жоқ. Ол үшін өмірдің өлшемі – анау қарды аймалаған күн, мынау 
жанарлары жасқа толған әйелі мен баласы. Өзгесінің бәрі қарын 
тойғанда, қайғыдан арылғанда айтар еріккен жандардың езу 
көпіртер ермегі ғана. Барша тіршілікті түсініп, түйсіну үшін бар 
болғаны үш-ақ сөз жетеді. – Күн, Жер, адам. міне осына үш ұлы 
дүниені көзбен көріп, жүрекпен сезген қарапайым ғана пенделер 
мәңгі жасайды. артық ойдың, асқақ арманның қай-қайсысы 
да ұшпаққа шығармақ емес. Түптің-түбінде табиғат-ана мен 
адамзаттың өзіне қатер, түптің-түбінде тек қана зиянын тигізеді.
– Құдай сақтап, шыбын жаның аман қалды, – деді әйелі көзін 
сүртіп.– Жарымжандық ештеңе етпес.
аспан әйелінің не айтқысы келгенін ұққан жоқ. Беті тыртысып, 
удай ашып шыдатпаған соң, шоқпардай ораулы қолының басымен 
сипап еді, әсері болмады. Енді екі құлағы қыши бастады. Оны 
қойшы, жан біте бастаған шығар. Екі аяғының басы ұйып, 
шыдатпай барады-ау.
– Қамқа, ау Қамқа, – деп дауыстады баяғыша. – аяғымның 
басын уқалашы.
Әйелінің өңі боп-боз болып кетті. Жауап берген жоқ, орнынан 
қозғалмады да. «О несі, менен күдерін мүлдем үзгені ме, – деп 
ойлады аспан. – Әлде дәрігерлер рұқсат етпей ме екен». Сонда 
ғана барып әлгінде Қамқаның: «Жарымжандық ештеңе етпес» 
– деген бопса сөзінің байыбына бара бастады. «Он екі мүшем сау 
секілді ғой. Дегенмен, түгендейінші өзін».
Екі көзін кезек қысып қарады, анау өмірдің нұры саулаған 
жап-жарық терезені жанары көреді.
мұрнын сипалады – орнында екен.
аузы бар.
Екі қолы да сау секілді – саусақтары қимылдайды.
Енді не қалды? Екі аяғы ше? Ол да орнында шығар, 
ауыртып шыдатпай жатыр ғой. Қозғала ма екен, дегендей басын 
көтеріңкіреп қимыл жасамақ болып еді, көрпе бүлк етпеді. Тіпті 
сол көрпенің астында ештеме жоқ секілді, майын сығып алған 
бүйендей төсекке жабысып бос жатыр-ау «мүмкін емес, – деді 
ішінен,– мүмкін емес».
– Қамқа, ау, Қамқа, көрпені ашшы! – Әйелі орнынан тағы да 
қозғалмады. Иегі кемсеңдеп, өзін-өзі тоқтата алмай, дауыс сала 
жылады-ай. Шешесіне баласының шыңғырған үні қосылды. Осы 
кезде есік ашылып, аппақ бөлмеге ақ халатты дәрігер кірді.


63
– Егер жылай берсеңіз, мен сізді шығарып жіберуге мәжбүр 
боламын, жеңеше, – деді қатқыл үнмен. – Сырқаттың көңілін 
бұзбаңыз.
– Бұзылмаған несі қалып еді сырқаттың, – деп одан сайын 
еңіреген әйелдің қолынан жетелеп шығарып жіберген дәрігер 
аспанның жанына келіп өзі отырды. Бір нүктеге қадалып, кірпік 
қақпастан жатқан жігіттің кеберсіген ерні дір-дір етті. Қазіргі 
пошымы – қар үстіңде қайтадан қатып қалғандай. аспан алғаш рет 
аппақ түстен жеріді. Оның көз алдына – бөлме ішіндегі барлық зат 
аппақ қарға айналып, өзінен-өзі жаурап, өне бойын суық жайлаған. 
Енді тісі-тісін ұрғылап сақылдай бастаған. Бір нүктеге қадалған 
жанары біртіндеп үлкейіп, жалғыз тамшы жас мөлт етіп шығып, 
езуіне құйылды.
– Сіздің аяқтарыңызды кеспеске амалымыз жоқ еді, – деді 
дәрігер баяу үнмен. – Жіліншігіңіз сынған және жарамсыз болып 
үсікке шалынған, аяғыңызды алып тастамасақ өзіңіздің аман 
қалуыңыз қиынға соқты. Сіз еркек адамсыз, түсінуіңіз керек. 
Соғыс кезінде бұдан да сорақысын бастан кешкен халқымыз. 
мүгедектік – жалғыз сіздің ғана еншіңіз емес. Жер бетінде аяғы, 
екі қолы мен көзі жоқ қаншама кісі бар...
– Соғыс... аяғымнан сол соғыста айрылсам не арман еді! – 
аспанның көзі қанға толып кетті.
–Соғыста сіз де болып па едіңіз! – деп таңырқай сұрады 
дәрігер. – ғажап, денеңізде сызат жоқ.
– Денемде болмағанымен, жүрегім толған сызат, жарқыным.
– Уақыттан мықты емші бар ма, ағайын, әлі бәрін ұмытасыз.
– Екі аяғын ұмытқан адамды көргенім жоқ, жер бауырлатып 
еңбектеткенше өлтіріп-ақ тастауың керек еді. Қолыңнан келеді 
ғой. Көрмейсің бе, енді өмір бойы сені қарғап өтетін болдым.
– Еркіңіз білсін. мен медицинаның барлық мүмкіндігін 
аяғаным жоқ, аға.
– Тазы ашуын тырнадан аладының кебі ғой, айып етпе, ашумен 
айтқан сөзім. Дәл қара саннан емес, төменірек, тізеден кесуге 
болмады ма. Протез киюге жарайтын қалдырмапсың.
– амал жоқ болды ғой... Саптама етігіңіздің қонышы жеткен 
жерге дейін мұз болып қатып қалған. Тегі, өзен ағызғанда суға 
толып қалса керек, – деді оташы мұңайып. аспанның алдында, 
шынында, өзін айыптыдай сезініп отыр.
– Қайтейін, тағдырдың құрығынан құтылам ба. Жалғыз-
ақ өтінішім – кесілген аяғымды сақтап қой, өз қолыммен 
жерлеймін.


64
– мақұл, аға. Болған іске болаттай берік бол демеуші ме еді. 
Жасымаңыз, ерлігіңіз де, еркектігіңіз де бойыңызда... Протез 
киюге қалғаны да жетеді.
аспан мырс етіп күлді. Күлді де терезеден ақшағырмақ 
далаға қарап, үнсіз жатты. Бұдан ары азамат адамға ақыл айтып, 
маңдайынан сипап жұбата беруді артық санады білем, дәрігер 
жігіт бөлмеден ептеп басып шығып кеткен. Тыныштық орнады. 
мешелдік өмір басталғаны да. Баяғыда, майданда жүргенде 
ергежейлілердің концертін көргені бар. Сонда бір қазақ жауынгері 
аспанды түртіп қалып: – мендей емес, бойдақсың, ғой, осылар-
дың біреуіне үйленсең қайтеді. «Тышқан маядан қорықпайды» 
деген орыстарда мәтел бар. Өзің осалдық жасамасаң мыналарың 
тайсалмас, – деп әзілдеп еді. Досының орынсыз қылжағын 
жақтырмаған. «Сен де қайдағыны айтады екенсің», – деп теріс 
айналып кеткен. Ергежейлілер тағдырын қатты обалсынған-ды. 
Енді міне, тым болмағанда солардың тірлігіне жете алмағанына 
опынып, қанжылап жатқаны. Екі аяқ болмаса – бастың түкке 
қажеті жоғын біледі; білді де тау ішінде мертігіп жатқанында өзі 
өзін өлтіре салмағанына өкінді, қатты өкінді.
– Тәңірім-ай, осыншалық жазалайтын қандай жазығым 
бар еді... – Төсектің басындағы темірді саусақтары қабыстыра 
қысып, майыстырып тастады. арғымақ болып жаратылған 
соң тасбақа секілді тарбаңдау жарасар ма еді, айтыңыздаршы. 
Жарасқанды қойып, мүмкін емес қой. Егер жылқының төрт тұяғын 
демелік, алдыңғы екі аяғын шашалықтан кесіп тастаңызшы, не 
болар екен... Не болар екен...
– Қара да тұр, қас қылғандай көп жасап, қор боламын. Құдайға 
енді менің керегім жоқ! Жоқ! – деп ақыра аЙғаЙлаП жіберіп 
еді, сестра қыз жүгіріп келді.
– Сізге не болды, аға?
– Сондай да сұрақ бола ма екен. Бәрі болды!
– азамат емессіз бе? Шыдаңыз. Нағыз ерлік – өзін-өзі жеңген 
ерлік. 
– мен азамат емеспін, жарымжанмын, қарғам. Бәр-бәріне 
көнейін, тек ақыл айтпаңдаршы.
– Кешіріңіз. – Жалт бұрылып шыға беріп еді, оны аспан 
тоқтатты.
– айналайын, аялдай тұр. Немене, жаман ағаңа ашуланып 
қалдың ба?
– Жоқ... мені түсінбегеніңізге сәл ренжідім, – деп маржан-
дай тістерін жарқырата күлді. аққудай қалықтап келді де, аспан-


ның аяғы жатуға тиіс төсектің бос жеріне келіп отырды. – Сізді 
аяғанмен, жоғалтқан асылыңызды тауып бере аламыз ба, ондай 
ерлік ешкімнің де қолынан келмейді. Сондықтан да жасымауға; ел 
қатарлы өмір сүруге қайраймыз. 
ақ халатты қыз аса сүйкімді, жанары жаудырап, кісіге ұяң 
қарайды екен. «Құдай-ау, қайдан көрдім, – деп ойлады аспан. 
– Қайдан... е-е, жайлаудан екен-ау... сол... аНаУДыҢ иті талап 
өлтірген еліктің қозықасы... рас, рас, табиғаттың тамашалары 
өлмейді, тек бір-біріне ауысып, қайта жаратылады».
– Неге үндемей қалдыңыз, аға?
– Әншейін, есіме бір оқиға түсіп...
– Сіздің қайраттылығыңызға таң қалмаған адам жоқ. Егер 
менің қолымда болса, сізге Батыр атағын берер едім.
– рақмет, айнам. маған енді еш нәрсенің де қажеті жоқ. мен 
енді бұдан былай өткен өмірімді ойша қайталап қана өмір сүре 
аламын. Демек, отыз бес-ақ жыл ғұмыр кештім деген сөз.
– Түсінем ғой, – деді қыз күрсініп. – Дегенмен, сіз керексіз 
біздерге. Өмірді сүюді тек сізден ғана үйрене аламыз. аяғыңызды 
дырылдатып кесіп жатқанда оташыға керекті аспаптарды әперуге 
шамам келмей ағыл-тегіл жыладым. Жүзіңіз таныс, әйтеуір, бір 
жерден көрген, еркелеп мойныңызға асылған аяулы адамым 
секілдісіз. Бұным жанашырлықтан туған жалған сөз емес, жо-жоқ, 
бұдан былай дәл сіздей мықты жігіттер дүниеге келе ме, келмей 
ме, деп уайымдауым шығар... Өз аяғымды кесіп алып тастағандай 
қиналамын, аға... Жақсылар неге ғана жасырын қалады, неге ғана 
сондай адамдармен қатар жүре алмаймыз, жылдар бойы зар жұта 
зарығып іздейсің, енді таптым-ау дегеніңде айрылып қаласың, 
не ерте туасың, не кеш туасың, әйтеуір, қисыны қиюласпай-ақ 
қояды...
ақ халатты қыздың жаудырған жанарынан сыңар тамшы жас 
сорғалап, шиедей әдемі ерніне құйылды. «Құдай-ау, дәл осындай 
тұнық жанардан аққан жасты қайдан көрдім? Е-е, жан тапсырғалы 
жатқан қозықаның көзінен...»
– Кешіріңіз, аға, – деп орнынан тұрған қозықа-қыз еңкейіп, 
аспанның мандайынан сүйді де тез-тез басып есікке беттеді. 
Жылқышының мұрнын қыз тастап кеткен қош иіс жарып барады.
«айналайын, қозықам-ау, сезімім өлмеген екен, өлмеген 
екен...»
аспанның алдынан мазасыз, қайғы-қасіретке толы күндер мен 
ой мүжитін ұйқысыз түндер күтіп тұр еді.аттай зулаған үш ай 


өтіп, маужыраған мамыр туғанда аспанды ауруханадан шығарды. 
Қара саннан төменгі жағы жоқ, алпамсадай дене домалаң қағып, 
арбаға отырғанда бүкіл дәрігерлер қаумалай қоршап шын 
жанашырлықпен қол бұлғап аттандырды. Дәрігер жігіт аспанның 
аяқ жағына дорбаға салған әлденені өзі әкеліп қойып кеткен. 
Оның сырын тек екеуі ғана біледі... Көктемнің де тамылжыған, 
ұзатылар қыздай барын киіп жасанған әдемі шағы болды. «Ер 
жігіт аттан жығылмай жер танымайды» – деген сөздің растығын 
дәлелдегісі келгендей, жарықтық табиғаттың осыншалық сұлу-
лығына сұқтана қарады-ай. Кердең-кердең басып, атқа мініп 
құйғытып жүрген бала шағында осы әсемдіктің бірде-бірін байқап, 
елемегеніне қайта-қайта қайран қалады-ай. Делбе ұстап, арбаның 
алдында отырған әйелі Қамқа күйеуі сезген, жүрегімен ақтарыла 
тамсанған осынау таңғажайып дүниені көріп келе жатқан жоқ. 
Өйткені оның – екі аяғы сау. ауданнан шыққалы артына бұрылып, 
аспанға да қарамаған. Өзі ғана біліп, өзі ғана іштей сезетін мұң 
қабыздап, жанарына толған жасты қолының сыртымен сүрткілей 
берді. Бұрылып қарамауы – бәлкім, көз жасымды жарымжан 
жарыма көрсетіп, көңілін бұзбайын дегені шығар. Жол бойында 
қарсы ұшырасқан немесе артынан қуып жетіп, басып оза берген 
жолаушылар жылқышы жігітті жазбай танып, сәлем беріп өтеді. 
аяқтан айрылған соң осы сәлемшілердің тым көбейіп кеткенін 
аспан білетін. Білетін де мүсіркегеннен туатын ізгілікке жорыған. 
Иә, олардың назарын аударатын жалғыз-ақ нәрсе. Домаланып 
отырған адамға амандаспай көрсін. Иә, олар өздері үшін 
есендеседі... Өздері үшін.
Сонадайдан ауылдың түтіні көрінді. маңайын тазалап, есік 
алдындағы, қора маңындағы қыстай жиналған қоқысты өртеп 
жатқандықтан ауыл үсті көк тұман түтін, будақтап тіпті алыстан 
болжанатын.
– мені Өрелдегі мүгедектер үйіне апарып тастасаң қайтеді, 
– деді аспан. Сынайын деп емес, адал көңілімен айтып еді. – 
мүгедектер үйінің маған арналғандай жақында болғаны қандай 
жақсы. Балаларға ағаштан ойып ойыншық, қасық жасап ермек 
қылармыз. Солар жонып жасаған ағаш қалақтың бір-екеуі, 
ұмытпасам; біздің үйде де бар-ау деймін...
Қамқа үндеген жоқ. Болдырыңқырап қалған атты «шу-шулей» 
түсті.
– Қуарған томарды қай қатын құшақтап жатуға құштар дейсің... 
– деп көзін сығырайта қарап, бопсалап еді, Қамқа бәрібір жақ 
ашпады. Әбзелдердің астын ақ көбік басқан аттан өшін алғысы 


келгендей, қолындағы бишікпен шықпыртып-шықпыртып жіберді. 
Тас қағып секеңдеген арба үстінде отырған ерлі-зайыптыларды 
қалшылдатады-ай кеп.
– ат байғұстың жазығы не, маған сілтесең етті. – Әйелі бәрібір 
үндеген жоқ.
– Қалдырып кет, осы жерге! – деп аЙғаЙ салды аспан. Осы 
кезде ғана Қамқа делбе тартып, «др-р-р» деп көлікті тоқтатты.
Тоқтаған соң жалт бұрылып, күйеуіне қарады.
– Ей, аспан! – деді түйіле қарап. Жел желпіген шашы жаулы-
ғынан шығып қобырап тұр. – Онсыз да ілініп, үзілейін деп тұрған 
жанымды қажытпа, білдің бе?! Сен бір мүгедек болсаң, мен екі 
мүгедекпін. Бұл екеумізге бірдей келген зауал. Бұған дейін сен 
шыдасаң, бұдан кейін мен шыдауым керек. Өлсең арулап көмем, 
өлмесең... Онда мен өлгенше бірге жасасасың. Ендеше, төбеңнен 
көшкінді мен құлатып жібергендей қазымырлана берме. Құдайдың 
басқа салғаны шығар – мойныңмен көтер. Тағдыр тәлкегін де, сені 
де көтеріп өтуге менің қуатым жетеді. «Пілдей алып болсаң да 
орнымен жұмса күшіңді», – дейтін қайран атамыз қандай ақылды 
еді...
Қайтадан алдына қарады да «шу, жануар» – деп солықтап 
тұрған атты айдап қалды. Оқыс қозғалыстан шалқалап барып, 
арбаның жақтауынан ұстап үлгерген аспан Құдай қосқан қоса-
ғына ләм-мим жауап бере алмады. «Осынікі де жөн-ау», – деді 
ішінен. Бұдан соң ол аптыққан, әлденеге қысастанып, орынсыз 
шаптыға берген сынық көңілін сап-сап басып, ақылға жеңдірген. 
Ол әйелінің көзінен адалдықтан жанған отты, өне бойынан неге 
болсын белді бекем буған нар тәуекел батылдықты аңғарып еді. 
Ендігі қыңыраңдауы – қырттық екенін ұқты. айналасындағы 
тамылжыған дүниені қызықтауға қайта көшкен. Оның есіне 
ауруханада қаршадай ғана сестра қыз айтқан: «аға, шыдаңыз. 
Нағыз ерлік – адамның өзін-өзі жеңгені» – деген сөз түсті. Иә, 
мұның қайсыбірі де, аяғынан айрылмағанның бәрі ақылдыдан 
тумаған, қайта шын жанашырлықпен айтылған таза сөздер екенін 
бағамдаған. «Өмір сүру керек шығар, – деді күбірлеп. – Екі аяқсыз-
ақ сүріп көрейік енді...»
Бұларды сүйреткен атты арба ауылдан бір шақырымдай бері 
орман шетіндегі қалың бейіттің жанынан өте бергенде: – Қамқа, 
ау, Қамқа, сәл аялдашы, – деді аспан. ат тоқтағанда барып: – 
Сен мені осы жерге қалдыр да, ауылдан күрек алып кел. мынау 
дорбаның ішінде жатқан екі аяғымды көміп кетейін, – деді.


68
– Ә, ұмытып барады екенмін-ау. Қазір... қазір... – Қалбалақ 
қаққан әйелі арбадан секіріп түсіп, күйеуіне иығын төседі. – мені 
құшақтап, байқап түс. Бір жерің ауырып қалмасын.
Қамқаның арқасына жас балаша мініп еді, әйелі ауыр-
сынбастан апарып, анадай жерге еппен отырғызды.
– мен қазір келем.– атты шықпырта айдап ауылға қарай 
желе жөнелді. Қара жерге құйрығы алғаш тигенде, аспанның 
тұла бойы дір ете қалды. Сап-салқын екен. «ал, ағайын, енді 
осы отырғаным – отырған», – деді даусын шығара. Бұдан соң 
жанында жатқан дорбаны сүйрете жылжытып, тақтаймен қор-
шалған бейіттерге жақындады. Әкесінің шеткерірек көміл-
ген моласына құйрықпен жылжып жетті-ау. маңдайынан бұршақ 
боп тер сорғалады. Қиын екен! Бетін сипап, әкесінің аруағына 
иман айтқан болды. Жаңадан қылтиып шыққан көк шөптің бір 
талын жұлып аузына салды. Әлі дәм кірмеген жасық екен.
ауылдан бері шыққан арбаның шаңы көрінді. «Қайтсін, 
байғұс құстай ұшып-ақ келеді. – мынадай қайратына сүйсінді. – 
Қатын қайраттанса қазан қайнатар, деген бос сөз. мен айтар едім: 
қатын қайраты қара жерді қақ айыруға жетер. Оны соғыс кезінде 
көргенбіз».
– Бүкіл ауыл сені тосып отыр,– деді Қамқа арбадан түсіп. – 
Қане, қай жерді қазайын.
– Әкемнің жанын ала қаз... Тым жақын алма... Күні ертең бас 
жағымды көмуге орын қалсын. 
– Қайдағыны айтады екенсің.
– Тік сөйлейтін болыпсың.
– Әдейі басынан қатты сөйлеп, үйретіп алайын дегенім ғой, – 
деді әйелі тісін ақсита күліп. мандайына түсіп, термен жабысқан 
шашын сипап тастады да шұңқыр қазуға қайта кірісті. Жұбайының 
қазіргі қалпы аспанға соншалықты сұлу болып көрінді. ауада 
ептеп желемік бар еді, күректі қара жерге қарш кіргізіп, еңкеңдеген 
Қамқаның ұзын етек көйлегін үйіріп-үйіріп қалған сайын күн 
көрмеген ақ таңы жарқырап, әдемі жаратылып, жасырып келген 
мүсінді көрсетіп барып, қайтадан жаба қояды. Тершіген маңдайға 
бұйралана құлаған қою қара шаш, кейде бүкіл бетін далдалап, 
жаулығының астына қанша тыққыласа да бой бермей суси береді. 
Шаруаға әбден төселген оның қимылы да қапшағай шапшаң, 
оқта-текте алақанына түкіріп алып, шұңқырды тас-талқан қазады-
ай. Көк шөптің үстінде қиқайып, әйелінің әр қозғалысын аңдып 
жатқан аспан анау ұзын бойлы, жұмыр білекті тасқайнат қосағын 


жаңа көргендей соны сезіммен аялай қарайды. Қалай ғана 
байқамай келген, он екі жыл қойнында жатқан Қамқа әлемдегі ең 
әдемі әйелдердің бірінен екен-ау, тал бойында тарыдай мін жоқ, 
нағыз сүмбіле сұлудың өзі. Оған қажымас қайрат қосылғанда 
тіпті жарасып-ақ кетеді екен. Ол өз жұбайына қайтадан ғашық 
болды. Оқыстан үйленіп, жылқы соңында салпақтап жүргенін-
де оның көп-көп қасиеттерін, өзгеге ұқсамас ерекшеліктерін 
тани алмапты. алғашында арғы беттегі қызды сағынып, алғашқы 
махаббатын ұмытпай, жарының жанына жара салған күндері де 
болған. Сонда Қамқаның қой көзінен «менің жазығым не?» – 
деген сұрауды сан рет оқыса да, алшаңдай басып, аулақтай беруші 
еді. Дүниеге аман есімді ұл келген соң ғана асаулығы жуасып, 
өз қағынан өзі жерігенді азайтқан. Тұңғыш ұлдан соң Қамқа күні 
бүгінге дейін бала көтермей, сыбай-салтаң жүріп алған. Себебін 
ерлі-зайыпты екеуі де түсінбеп еді және «Неге?» – деп бірі-бірінен 
сұраған да емес, жалғыздың тілеуін тілеп, соны медет тұтып 
келді.
Екі аяқтан айрылған соң кіндігім мүлдем кесілді деп ойлаған 
аспан медсестра қыздың жұпар иісі танауын жарғанда өне 
бойын қуалап өткен табиғи тәбет, міне, тағы да тағы қоздап, 
әйелінің қимылдаған сайын дірілдеген омырауы, жел ашқан 
тоқ саны, анау қопсыған қалың қара шашы үрлеп, лаулата түсті. 
Көңілінің қар көшкіні басып қалған көкек гүлдері біртіндеп 
тіріліп, қауашағын аша бастаған еді... Тіршіліктің баларасы 
ұшып келіп, сол көкекгүлден шырын сора бастағандай... көңі-
ліндегі қар көшкіннен аман қалған титімдей ғана бозторғай 
ұя сала бастағандай... Қан тамырлары алас ұрып ұмытыл-
ыңқырап қалған әдемі әуенмен құйын-перен шалқылағандай... 
неге екені белгісіз дірілдеп, ғашығының қойнына іргеден қол 
жүгірткендей алқынады... мұзға айналған санадағы сағыныш 
майдай еріп, төрт айдан соң жауқазын шағын сағынып еді. 
Жігіттіктің бір тот басыңқырап қалған әдемі сезімі жүрегін тер-
беп, өне бойын қытықтап күле бастаған. «Жасаған-ай, – деді 
ішінен. – Жасаған-ай, аман екенмін-ау, денім сау екен-ау». Толқып, 
шыдай алмады ма, кемсеңдеп жылап жіберді.
– Ой, саған не көрінді, – деді күректі тік шаншып аңтарыла 
қарап қалған әйелі.
– Әншейін... келші жаным, маңдайыңнан сүйейін.
– ал, сүйсең – сүй, – деп әйелі тізерлеп отыра қалды. Ерлі-
зайыпты екеуі аспанның дорбаға салып ауруханадан алып қайт-
қан аяғын арулап көмді.


70
Қамқа осы оқиғадан кейін де екі құрсақ көтерді. Себебін кім 
білсін, екеуі де қыз...
* * *
алатайдағы қалың қарда қамалып жатқан жылқышыларға 
аттанған екі жолаушы – бөлімше басқарушысы мен зоотехник, 
әне, құрық бойламайтын аппақ дарияны қақ тіліп, жылжып келеді. 
Сонау құзар биіктен қарағанда дастарқан бетімен жорғалаған қос 
қоңызсынды – қыбыр-қыбыр қараяды. астындағы аттары әбден 
болдырған. аман тақымындағы боз айғыр ғана өзінің еркек екені 
есіне түскендей, тусырап тұтасып жатқан қарды опыра орғып-
орғып алады да танауын көріктей кере солықтап тұра қалады. 
Дегенмен осы мардымсыз жүрістің өзімен-ақ біраз жолды еңсеріп 
тастаған-ды. Түс ауа аспанды туырлықтаған бозамық бұлт ыдырап, 
күннің көзі шықкан. Қыстың көзі қырауда аспандағы бұлттан 
кеспір кетеді екен: қазір қаз бауыр емес, түсін анықтап болмайтын 
сұрқай әлде мұнарыңқы еді. Күннің көзі көрінгенде алдарында 
сеңдей сіресіп жатқан қар айнадай жарқырап, жанарды жалады. 
Күлкітоқ пендеге тым әдемі көрініс. ақ тер, қара тер болып, жол 
салып жанталасқан екі азаматтың ойы – жалғыз; қайткенде де 
алатай қыстағына аман-есен жету.
– аздап дем алайық, аға,– деді зоотехник жігіт.– менің атым 
болдырды. Тіпті сіздің артыңыздан ерудің өзі қиындап барады.
аман тізгінін тежеді.
– Қараңызшы, аға, біз салған жол тың төсіне түскен алғаш-
қы соқаның ізі секілді ғажап, түп-түзу.
– расында да, ұқсайды екен. аттан түсе тұрайық, белі талды 
ғой.
Екеуі аттан түскенде бойлары қардан көрінбей қалды. 
Тепкілеп-тепкілеп ұя жасап алды да, шоқайып-шоқайып отырды. 
Ерік тонының қалтасын тінткілеп екі-үш құрт алып шықты.
– ал, ағасы, обед жасайық, – деп бірін аманға ұсынған. Сіле-
кейлері шұбыра малжаңдап, құрт кемірді. Көліктері басқа ұрғандай 
сүмпиіп, тырп етпестен тұр.
– алатайға атпен жете алмаймыз, – деді аман аузындағы 
құртты сарт еткізіп бөліп. – Боз айғырдың шыдайтын түрі жоқ.
– Сонда не істейміз? Көлікті осында қалдырып, шаңғымен 
тартсақ қайтеді?
– Олай етуге де болмас...
Екеуі де амалы таусылғандай біраз үнсіз отырып қалды. ақ бас 


71
таулардан арқан бойы ғана көтерілген күн сол алып шоқылардың 
ар жағына сусып түсіп кетейін деп тұр. Суық. Сонау беткейде қар 
жамылған самырсындар сап түзеп, серейіп қатып қалған секілді. 
айналаны өлі тыныштық жайлаған. Күн сәулесімен шағылысқан 
қар сынықтары ғана тіріліп кетердей, күмістей жарқырайды. Сол 
қар астында жатқан қара жерден хабар жоқ, ол да марқұмданғандай. 
аруаққа айналған дүлей дүниені белшесінен кешкен қос жолаушы 
жемтік іздеп, аппақ ұнның ішіне ұрланып енген қара тышқан 
секілді еді.
– Баяғыда сіздің әкеңіз көшкінге кеткен «Сайтан көпірге» де 
жете алмадық-ау, – деді Ерік. – Қай тұста еді?
– Осыдан төте тартсақ, тым алыс емес. Біз сәл бұрыс, құлдырап 
барамыз. Бетон көпірден өтпесек «Сайтан көпір» атты кісіні 
көтере алмайды. Сідіріне ілініп әрең тұр.
– Сол атақты «Сайтан көпірді» көре алмай-ақ қойдым...
– Көрмей-ақ қой, – деп күрсінді аман. 
– Неге... қызық қой.
– Несі қызық дейсің, шырақ... Бірақ әкем айтып отырушы еді, 
– деді көк тіреген шыңға қарап, әлдене есіне түскендей. Жүзін-
де кешегідей лапылдап тұрған от жоқ бүгінде, мезгілсіз сөнген, 
өзгеше жуас мұң бар. – «Әркімнің алдында түптің түбінде өтпей 
қоймайтын «Сайтан көпірі» бар. Тек қорықпағандар ғана арғы 
жағалауға шығып, мақсатына жетпек. мен сол көпірден дұрыс 
өте алмадым. Сонсоң әркімнің бойында бір сайтан бар, – дейтін 
көріп отырғандай сеніммен, – бұл жалғанда күнә жасай берсе, 
сол иығында қонып отырған сайтан, оң иығыңдағы періштені 
жеңеді де, күндердің күні болғанда әлгі адамды бүтіндей жынға 
айналдырады. Күнәһарлықтың басы осылай басталмақ. Бұл 
өмірде сайтан-адамдар көп, тек олардың жасаған жамандығы 
көзге көрінбейді. Әлемді бүлдіріп, былғайтындар да солар...»
– ал өзіңіз осыған сенесіз бе? – деп тақуалады Ерік.
– Білмеймін, – деді аман қалтасынан шылым алып тұтатып. – 
Бәлкім, әкемнің мезгегені, жер бетіндегі жамандық пен жақсылық 
ұғымдары шығар. Өмір болған соң ойы мен қыры, кем-кетігі 
болмай тұра ма. ақ пен қараның жоғалмайтыны секілді, жақсы 
мен жаман да тепе-тең, мәңгілік секілді. 
– мәңгілік дедіңіз-ау... – Ерік қарсысында жүрелеп отырған 
бөлімше басқарушысына жаңа көргендей тесіле қарады. Шар-
шаңқы тартқан беті суық сорғанда жезденіп кетеді екен. Қи-
мылсыз, ағаштан жонып жасағандай қатып қалған. «Дегенмен 


72
әкесіне тартқан қайратты адам», – деп ойлады ішінен. Бұл кісімен 
қызмет істескеніне бір жарым жылдай болды, ашу шақырып 
аЙғаЙлағаН кезін көрген жоқ. Сабырлы да салмақты 
қалпынан өзгермейді. Осы бір салқынқанды, байсалды мінез 
бұлардың тұқымында бар секілді. Қарындасы мәликенің аумай 
ағасына тартқанын қазір ғана аңғарып, өзінің алғашқы кездегі 
оспадарлығына өкінген-ді. ақсүйек тектілік, зерделі көшелілік, 
оқуы аз, бірақ тоқуы мол ауыл адамдарында да жеткілікті-ау. 
«Қызық, кеше неге мінез көрсетті».
– мен түнде артық кеткен екенмін. Бір ойдан сендердікі де 
жөн, адамның жаны сыңсыған қалың орман сынды. айыпқа 
бұйырмаңыз, дұрыс ұғуым керек еді, – деді басқарушы биялаймен 
қар сызып. – Әкем айтушы еді: «Ұлым, жалғанда дауыс көтерме, 
бақырып бастық болмайды. Сол аЙғаЙДаН туған жаңғырық-
тың құрбаны менімен бітсін», деп. Сол әке аманатын бұзғандай, 
өзімді-өзім жеп келем...
– рақмет, сізге, қызуқандылықпен айтқан сөзім үшін мен де 
кешірім сұраймын. рас, бұрын ондай мінезіңізді байқамап едім. 
Бәрі де шаруаның қамы ғой! мен зіл сақтамайтын жігітпін, 
аға. Кейде бір, осы күнгі жастардың еркелігін көтермей 
қалатындарыңыз бар. Осы күнгі жастар, аға, «Сайтан көпірден» 
өтпесе де, жын-періге айнала қойған жоқ. ЖаҢғырыҚҚа 
сенбейді де, жасымайды. аЙғаЙДыҢ дәурені қош-қошын 
айтқан. Қазір – ақылдың дәуірі. «аЙғаЙДыҢ ең соңғы құр-
баны мен болайын»– деп аспан атамыз бекер айтпаған-ау...
аман жас жігіттің аяз жалаған дидарынан уыздай пәктік пен 
өжеттікті аңғарды. «аппақ қардай тазалық... осы тазалықты лас-
тайтын, бәлкім, біздер шығармыз. Кешірім сұрағаным қандай жөн 
болған. Бүлдіре жаздаппын».– Оның ойын тағы да зоотехниктің 
қоңыр үні бөлді.
– мен осы сіз басқарған ауылға сонау оңтүстіктен келгеніме 
көп уақыт болған жоқ. Елдің тарихынан, тіпті мінез-құлқынан 
хабарым аз. Естуімше, аспан атамыз, «Сайтан көпірден» өте 
бергенде әлдекім әдейі аЙғаЙлаП қар көшкінін құлатқан 
дейді... Ол кім?
– Білмейсіз бе?
– Білмеймін, – деді аман алысқа, қар басқан ұлар тауларға 
бұғыша маңқая қарап. Әлпетін қанша өзгертпегенмен жанын от 
қамшымен осып өткендей лапылдаған ышқыныс бар еді. Сол 
ышқынысын жасқана жасырғаны байқалады.


73
– Бұл сұрағымның орынсыз екені рас, аға. Дегенмен шындық-
тың бетіне тура қарағанды ұнатамын да. Сіз білесіз кім екенін, 
бірақ өмір бақида айтпайсыз. Соңымнан түсіп, пәлеге ұшырармын, 
– деп қорқақтайсыз. міне біздерді – кейінгі ұрпақты қинайтын да, 
осы жұмбағы шешілмей бара жатқан шындықтарыңыз. Тарихта 
біз білмейтін, бізге көрсетпейтін көп-көп астарлы сырлар бар. 
Оны ешқашан да ашпайды. Жабулы қазан жабуымен тастағысы 
келеді. Сөйте тұра жастарды адалдыққа тәрбиелегісі келеді. Өйтіп 
алдап тәрбиелегеннің, арбап үйреткеннен қандай айырмашылығы 
бар, аға.
– Осыншалықты тақуа, білгіш болып туармысыңдар. Әй, 
соғыстан соңғы ұрпақтар-ай, – деді аман.
– Өйткені біз аЙғаЙға емес, аҚылға сүйенеміз, – деді 
Ерік өшіңкіреп қалған темекісін қайта тұтатып. – менің естуімше 
аспан атамызды емес, сол кісі алдына салып айдап келе жатқан 
елу жабағы-тайды көшкінге кетірмек болған. Совхоздың өтірік 
мәліметтегі жемшөбі тақа таусылған соң, алатайдағы қыстақтан 
етекке түсір деп әмір берген. ал ауылдың да мал азығына қарқ 
болып тұрғаны шамалы еді. Сонда елу тұяқ жабағы-тай қайда 
апарса да бәрібір арам қатпай ма. Одан да көшкінге кетіп өлсе 
– табиғат апаты үшін ешкімді де жазаға тартпайды, құда да 
тыныш, құдағи да тыныш. міне, осы себептен де аЙғаЙДы 
әдейі ұйымдастырған. аЙғаЙДаН – тау жаңғырыққан, ЖаҢ-
ғырыҚТаН – қар сусыған, өкініштеріне орай тайлар аман қалып, 
сіздің әкеңіз екі аяғынан айрылған..
– Ой, інішек-ай, ол ненің. ЖаҢғырығы және кімнің 
аЙғаЙы екенін ит біле ме? – аман шыдай алмай орнынан қар-
ғып тұрып кетті. Оқыс қимылдан үсті-басына қырау қатқан аттар 
селк етіп, бастарын кегжең еткізді.
– Кімдікі болса да, аЙғаЙДыҢ артында адам бар ғой.
– Болсын делік. Одан бері отыз жыл өтті ғой. Жоқ, әкемнің 
мүгедектігін тек табиғи апаттан көремін.
– ал мен, әлемнен көремін.
– Ендеше, мен сені ұға алмадым, інішек. атқа қонайық.– 
Қамдана бастады.
– атқа қонбас бұрын ойланып алайық.
– Тағы қандай ой аяқ астынан келе қалған?
– Хайуанның да жаны бар, кешеден бері аш әрі болдырды. 
Әйтеуір, қар бұздыратын боған соң, өзіміз шаңғымен жүріп, жаяу 
жетелейік.


74
– мұның, енді, дұрыс. 

Қанжығадағы шаңғыларды шешіп, 
аяқтарына киді.
– Әлкөнің де істемейтіні жоқ, – деді Ерік. – Сіздің аяғыңызда-
ғы соның сырғымасы емес пе, басын тесіп, жіп тағып қойғаны 
несі.
– Ой, оның әдісі бар. Табанына құлынның терісін қаптаған 
шаңғы омбы қарға батып кеткеніңде қайтадан суырып шығару 
үшін зор күш керек. Кісіні тез шаршатады. ал бас жіп байлап 
алсаң қолыңмен іліп тартып, өз аяғыңа өзің көмектесіп отырасың. 
міні былай,– деп аман боз айғырды жетегіне алды да жорта 
жөнелді. Қарға батыңқырап қалған шаңғыны мұрындық жіптен 
тартып суырып алады.
– Керемет екен! – деді Ерік мәз болып. – Бұл бір таптырмайтын 
әдіс екен. – Өзі де атын жетектеп қар мұхитын қақ жарып бара 
жатқан басқарушының соңынан ерді. Қыстың қысқа күні таудың 
қалқасына құлдилап барады. ауада ызғар бар. Олар осылайша 
көліктерін бос жетелеп жолдың біразын еңсеріп тастады. 
Жүрістері бәрібір маңдыған жоқ. Қас қарайып, қара шашын 
жайып түн келгенде қар бұзған жылқылар әбден болдырды. 
Барлық ауыртпалық боз айғырға түсіп, қанша қасарысса да сыр 
берді хайуан. Қос танауы пырылдап орғып-орғып алады да басын 
кекжең еткізіп тұра қалады. аман айғырға бір-екі рет қамшы 
жұмсап та жіберді. алғашында ондай қорлықты бұрын көрмеген 
жануар, шамданғандай апыр-топыр бастырмалатып, иесін 
басып кетердей омыраулаған, енді сойылдасаң да селт етпейтін 
жабылыққа көшті.
– айғыр зорықты, – деді аман аялдап. – Байғұс қызыл май 
болды ғой деймін. Бұдан арыға шамасы жоқ.
– Ұрғылай берсе малды қойып адам да зорығады. Енді не 
істейміз, аға?
– Білмеймін... – Екеуі де ентіге дем алып, қар үстіне отыра 
кетті. Екі бүйірі тынымсыз солықтаған көліктердің үсті-басы 
– көбік, танаулары көрік секілді. айсыз түн албастыдай басып 
жатыр. адамды жыңдандырып жіберетін тас керең тыныштық 
орнаған.
– Жол тым-тым қиялап кетті, жүріске ауыр. Сен осында 
аттардың қасында қал. мен алатайға шаңғымен аттанайын. 
аман-есен жетсем, ондағы жігіттермен қарсыдан қар бұзып 
қайта оралармын. Оған дейін бойында жаны болса соңымыздан 
Әлкөлер де келіп қалар. Бір түн шыдасақ...


– Неге мен қалып, сіз баруыңыз керек, – деп сөзін бөлді Ерік. 
– мен жеңілірекпін ғой.
– Бәрібір шаңғымен мендей сырғи алмайсың. Жердің ығын, 
таудың сырына бала жастан үйренгенмін.
мен бұған келіспеймін, – деп кесіп айтты. – Жеребе 
тастайық.
– Бұл сапар менікі. Бал ашуға көнбейді. Егер жалғыз қалуға 
қорқатын болсаң, онда расыңды айт, аттарды тәңірге тапсырамыз 
да бірге жүреміз.
– Сынамайтын кезде сынайсыз-ау. Қал десеңіз, қалайын.
– Биыл алатайда ит-құс көп. Қыс қатты түскен жылы 
қасқырдың құтырып кететін әдеті. мылтық сенде қалсын.
– Сіз қайтесіз, аға. Көкжалдармен бокстасасыз ба?
– Ит-құс жаяу жолаушыдан гөрі малға әуес. Сөз жоқ, сені 
торуылдайды. ал мұндай қар қалың қыста қасекеңдер үйірімен 
жүреді. Осы маңдағы барлық қисық ауыздар саған шабуылдары 
рас. Әлкөнің қос ауыз мылтығы тұрғанда – төрт аяқты аңды 
қойып, екі аяқты жауға алдырмассың.
Қалың қардан сауырлары ғана көрініп тұрған жылқылар ішін 
тартты. Таңнан бері аппақ болып сірескен қар-мұхиттың бетінен 
атыз тартып, ақ тер, қара тер болған жануарлар жалғыз сәттік 
тыныштықта тықыршымай, сұлық тұр. алдынан аю келсе де 
қозғалуға дәрмендері жоқ.
– Қардан үйшік жасап ал,– деді аман тас түйін дайындалып. 
– Өлсең де ояу бол, ұйықтай көрме, жарқыным.
– мені уайымдамаңыз, аға. Өзіңіз сақ болыңыз. «Қозғалыс 
дегеніміз – өмір», – депті Вольтер дейтін ақсақал.
– ал, қоштасалық онда. – Жанында қар кешіп тұрған жас 
жігітті қапсыра құшақтады. – Көрісуге жазсын, інім...
– Көңлімді босата бермеңіз, аға. Әйтпесе мен жылаймын.
– Жылайтын күнің қашпас. мықты бол. мен саған сенемін. 
Осы шақта шөгіп жатқан сансыз түйелер іспетгі ирек-ирек тау 
ұшынан жарықтық айдың шеті қылтиды. Әлгі ыңырана туып келе 
жатқан айға сол иығын бере жолға шыққан аман тура бағыттан 
тайып, сәл оңға қияс тартты.
– аға! – деп, соңынан айғай салды Ерік. Даусы жан ұшыра 
қорқынышты шықты. – Бұрыс кетіп барасыз ғой.
– Бұрыс емес, інішек, нағыз дұрыс бағыт осы. Жол қысқарту 
үшін төтелей тарттым. Не бақ, не сор...
– «Сайтан көпірден» өтесіз бе! – Таң қала сұрады.


– Иә, «Сайтан көпір» арқылы өтемін алатайға.
– Қорықпайсыз ба?
– Құдай өзі берген жанды, өзі алады да. Әйтеуір, түбі бір өтетін 
көпірім, ерте-кеші бар ма. Есен бол!
– аман аға, сәл аялдай тұрыңызшы, – деді зоотехник. 
– айтатын бір сөзім бар еді. Сіз білесіз бе, әр адамның ішінде 
біз ести бермейтін ҮНІ болады. Ол ҮН – ішкі сырынан өрбіп 
тарайды. Егер аша бермейтін, айтуға болмайтын жүрек сырына, 
сана сарайына әркім келіп қол сұға берсе ол ҮН – жан айқайына 
айналады. Қазақтың «жан дауысы шықты ғой байғұстың» дейтіні 
де содан болар. ал жан аЙҚаЙыН шығаратын да сыртқы 
аЙҚаЙ. Сіздің әкеңіз сол аЙҚаЙДыҢ құрбаны.
Жас жігіт көзі жасаурап, сонау қар жамылған жақпар тасты 
алып тауларға карады. Жүзінде мұң бар. Әлденеге өкпелі, 
әлденеден көңілі қалғандай жуас та момақан. Інішегінің ойлы 
дидары, ақылды сөзі аманды да алысқа – қиялдың ба, қиналудың 
ба, шексіз де шетсіз арман-алысқа жетелеп кетіп еді. Бұған дейінгі 
жастар жайлы ұшқарылау түйген пікіріне ұлы өзгеріс туғызған 
мынау зоотехник жігітке зерделі зейінмен карағыштай берді. 
Өзін одан әлдеқайда әлсіз, әлдеқайда білімсіз сезінді. Бірақ әсте 
шошынған жоқ, таңырқай, сүйсіне зер салды. «Тегінде ел билігін, 
халық тағдырын осындай білікті жастарға тапсыратын уақыт туған 
екен. Егер қазірден бастап етегінен тартып, шаужайына жармаса 
берсек, өз-өзінен мүжіліп, екі жастың біріне келмей шау тартар, 
өзін-өзі өшіріп шаршап қалар. Содан соң... «Шарға ұстаған балта 
едік, шабуын таппай қор болдық», – деп, түңіліп кетуі де мүмкін-
ау. Бұлар қазір нағыз орда бұзар ор теке жаста ғой». 
– аман аға, – деген дауыстан жайылыңқырап кеткен ойын 
жиды.
– ау, інішек.
– менің айтайын дегенім... айтпағым, егер «Сайтан көпір-
ден» зәуде аЙҚаЙ шықса, менің даусыма жори көрмеңіз.
– Құдай сақтасын, о не дегенің, жарығым. 
– Өйткені бұл тауда әзірше Сіз бен Біз ғана бармыз, сондықтан 
да менен көруіңіз заңды, логикалық жағынан лажсыз екенін 
есіңізге түсіремін. ал артыңыздан қуа барып аЙҚаЙлаЙТыН 
аНаУлар болса, олар шыбын жаным бойымда тұрғанда бұл 
жерден аттап баса алмайды, қасық қаным қалғанша айқасармын, 
бірақ жібермеспін. артыңызға қалдырған тілекшіңіз ғана емес, 
қорғаушыңыз да деп біліңіз. Сіз, аға, ұлы жорыққа аттандыңыз, 


бейне бір майдандағыдай, мен Сіздің ту сыртыңыздан атылар 
оқтан бүгінше айтсақ, аЙҚаЙДаН қорғауға қалдым. алаңсыз 
болыңыз. Жау алдыңыздан шықпаса, соңыңызда жоқ. Ең соңғы 
айтарым: қазір Сіздің бойыңызды ептеп үрейлер елесі билеп жүр. 
арылыңыз одан. Әйтпесе «Сайтан көпірден» өте бере жан ұшы-
рып өзіңіздің ішкі мЕНІҢІЗ шыңғырып жіберуі әбден мүмкін. 
Ондай қысылтаяң шақта тек қана әкеңізге сиынғаныңыз жөн дер 
едім. 
– Ол жағына қам жеме, інішек, өзің де сақ бол. Сенен гөрі 
ит көйлекті бұрын тоздырдым ғой, білімім кем болғанымен, қыл 
көпірден қисаймай өтуді білемін.
Екеуі де арбасқандай, жоқ болмаса бір-бірін жаңа, осы 
әзірде көріп тұрғандай ұзақ қарасты. мың жылдан бері сарыла 
іздеп, зар жұта сағынған дала саңлақтары енді ғана жолығып, 
қайтадан жоғалтарын сезген жүректің аласұра сазуы сынды қимас 
минуттарды кешті бастарынан. Олар екеуі тіпті арғы дүниеде 
ғажайыппен ұшырасқан аруақтардың адам айтса нанғысыз 
жұмбақты әрі ертекті таңғажайып тамашасына бөленді. Өңдері 
ме, түстері ме – білмейді. мәңгілікке, қайтып оралмас шексіздікке 
сіңіп бара жатты... шексіздікке... мәңгілікке... ай нұрына шомылып, 
қар бетінде қараңдап бара жатқан ағасының артынан, бір нүктеге 
айналып, көзден таса болғанша ұзақ қарап, шығарып салды. аман 
аттанып кеткен соң өз-өзінен құлазып, нағыз жетімдікті бастан 
кешкендей болды. аппақ қардың арасына сіңіп, бірте-бірте 
ұзап, көзден тасаланған бейнені ол ең соңғы сапарға шығарып 
салғандай көңілінде күдіктің шоғы жылтырады. алғаш осы Еңбек 
аулына жолдама алғанда, құмды далада өскен жігіт алтайдың 
сұлу табиғатына қызыққан. мойынқұмның сексеуілі сексиген 
қуаң даласы, қапырық ыстығы, не ішіп, не жесең де қытырлап 
аузыңда тұрар құмынан жалыққан, енді міне анау ақ кебінін 
айқара жамылып, жансызданып жатқан алып тауларға сұп-суық 
жанарын сала қарап, сол аңызақ шалған ақ шаңқан мойынқұмын 
сағынады. Көзіңнен аққан жасқа дейін бетіңде мұз моншақтана 
қатып қалар алтайдың ақырған аязында тұтқын болып, тісің-
тісіңе тимей сақылдап тоңып отырғаныңда арманың да азып, 
жүрегің мен қан тамырың суына бастайды екен. мұздан жабу 
жамылған қос жылқы бір-біріне бас түйістіре сүлпиіп тұр, байғұс 
жаурайды білем, буындары дір-дір етіп, оқта-текте ішін тартады. 
Ерік бұлайша ой теңізіне сүңгіп отыра берсе, серейіп қатып 
қалары енді ғана есіне түскендей,орнынан қарғып тұрып, аяғымен 


78
тепкілеп аршып, қардан үңгір жасай бастады. Қатты қимылдағаны 
соншама, өне бойы жіпсіп терлеп, екі беті қызара қызынып шыға 
келді. Ол ет қызумен жылқыларға да тебін ашып тастады. Қар 
көрпенің астында жатқан таудың күреңсесі күлтелене көрінгенде, 
бағанадан бері басқа ұрғандай сүмірейіп тұрған айғыр мен азбан 
құлағын тігіп, көздері жаудырап, қарайған жерге ұмтылған. аяқ 
астынан ермек тапқанына Ерік те аса қуанған еді. апан қазған 
қасқырдай қарбалас қимылмен бір сағаттай жұмыс жасады. 
аршылған жерге тас кенедей қадалған жылқылар, құр бекерге 
тоңып, нейбетке тұрғанына өкінгендей болат тұяқтарымен өздері 
теуіп, үкідей үлпілдеген күреңсені күрт-күрт шайнай бастаған. 
Тот басып, тоқтап қалған тіршілік сағаты қайтадан іске қосылып, 
сартылдап соғады-ай. Ерік айғырдың ерін алып, тоқымын төсеніш 
жасады да, ішпегін салып, қайтадан ерттеп қойды. Бұл шақта 
әбден қас қарайып, алатайдың түйе өркеш шыңдарынан бұп-
буаз ай самғай көтерілген. Ол темекінің зарын енді ғана тартты. 
Былтырдан бері тиіп-қашып сорғаны болмаса, жан қалтасына 
салып шегетіндей әуестікке бармаған. Тек жанындағы адам 
сораптап отырғанда шыдай алмай, саусағын үйкелеп, «біреуін 
берші, әкемнің түтінін мен де шығарайын» деп қалжыңдайтын. 
аман ағасынан шылым сұрап алып қалмағанына өкінді. Бойын 
ұйқы қысқан соң, мұрнынан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан 
болып еді, құрғырдың сөзі есіне түспеді. Ол жаңадан шығып, 
жаңаша айтылатын әндердің бірде-біреуінің сөзін білмейтін. 
Қанша жаттап алайын-ақ деп қайта-қайта пысықтаса да ұмытып 
қала беретін. Содан соң, амал жоқ, халық әніне басатын. алматы-
ның мал дәрігерлік институтында жүргенде көркемөнерпаздар 
үйірмесіне қатысқаны бар. алдымен әнге, бұдан түк шықпайтын 
болған соң домбырашылар тобына қосылған. адамның қысылған, 
қиналған сәттерінде дүниеде ең жақсы көретін адамы көз алдына 
келіп, дүниеде ең жақсы көретін әні есіне түсетіні несі екен... 
Еріктің де көңіл сарайында алтын әріппен ойылып жазылған өз 
әні бар. Өз әні дегенде жадынан шығарған жеке меншігі емес, 
жүрегін сазға бөлейтін, өмірінің жібек жібіне айналған халықтың 
әні. Иә, әркімнің өз әні бар. Санасына титімдей ғана ән-құс қонып 
құйрығы шошаңдап сайрай бастады. Сезім пернесіне қонған, 
бейне бір ноталар секілді әуен торғайларын үркіткен, алыстан... 
«Тар» өзенінің бір тұсынан ұлыған қасқырдың үні болды. Омбы 
қарды омбылап, тебінген жылқылар бастарын селк еткізе көтеріп, 
жанарлары тас төбесіне шыға осқырынды. Ерік орнынан шапшаң 


тұрып, шылбырға жабысқан. Бұнысы ежелгі әдет қой, әйтпесе 
дәл қазір көлік қашып кетер жағдай емес. Киіздей тұтасқан қар 
мұхитын жарар қауқар қайда. Қасқыр жалғыз-ақ рет ұлыды да 
өңірде өлі тыныштық жусады. Жігіт тоқымның үстіне қайтадан 
жайғасты. «маған ештеңе қорқыныш емес-ау, қос ауыз мылтығым 
бар, аман ағамның халі не болар екен. Ондай адал адамдар 
өмірімізге керек-ақ. ай-й керек-ақ».
алтайға алғаш келгенінде қоңыр күздің тамылжыған маужы-
раңқы шағы еді. мұндағы күз ешқай жерге ұқсамайды екен. 
Өзінің туған даласы мойынқұмда табиғаттың ал жасыл шағы 
тым-тым келте болатын. Көктем ерте шығып, тамыз тумай-
ақ күз түсер еді. Тіпті сол күздің нағыз келбетін аңғарған емес, 
қуаң тартқан сахараның, боз шағылдардың сексеуілі тынымсыз 
соққан желден бе, әлде әуе айналып жерге түсер ыстықтан ба, 
әйтеуір, шаңдақ бейнемен алғашқы түсер қырбаққа дейін бір 
өңін, бір түсін сақтап баратын да селт етпестен томаға-тұйық 
жатар еді. Ол жақта қар жұқа жауып, төрт түлік мал қыс бойы 
өріске шығарылатын. Сол құмды өңірдің сипаты, өзгеше мінезі 
адамдарды да бейқамдыққа, ыңғай да ылғи табиғат-ананың 
жомарттығына иек сүйеуге бейімдеп жіберетін. Әлі есінде, 
сонау жылы, ойламаған жерден тізеден қар жауып, тебінге сеніп 
жемшөпті аз дайындайтын біраз шаруашылықтың қойы жұтап 
қалған-ды. ал мұнда олай емес, совхозды былай қойғанда, әр үй 
өз малына ала жаздай жанталасып, мая-мая шөп дайындайды. Ол 
науқанға еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білек сыбана 
кіріседі. ат жалын тартып мінген баланың өзіне шақ тартпасы 
бар, қалың шалғынды жапыра шауып бара жатқанын көргенде, 
өмір бақида қолына шалғы ұстап көрмеген Ерік жерге кірердей 
болып ұялып еді. Жарықтық, алтай қаншалықты сұлу болса, 
соншалықты қатал екен... Тіршілікке ауыр, қызықтауға тамаша. 
Бұл жақтың күзі де қызық. ағаштардың жапырағы әр түрлі: бірі 
– сары, енді бірі қоңыр, тағы біреуі – қызарып тұрады да, жалғыз-
ақ күнде сау етіп түсіп қалады екен. анда-санда алтайдың жылы 
желі соғады. Сол желді бүкіл жан-жануар, адамзат – бәр-бәрі 
сағына күтеді. алтайдың, басына қар боратып жел соққан күні 
май тоңғысыз жылы болады. Ойдағы қарды ұшырып, малға 
тебін ашады. Тәкаппар алтайдың, осындай қатал да қайырымды 
мінезі ғасырлар бойы мекен еткен адамдарға жұққан сынды. Тау 
қазақтары ешкімге жағымсынып, жең ұшынан қол жалғап, қулық 
саууға қадеттенбеген, әрқайсысы жыланның баласы іспетті, өз 


80
күнін өзі көруге әдеттенген; ағалап, жағалап жан сақтаудан гөрі 
білектің күші, найзаның ұшына сенетін бірбеткей, атасы болса 
да айыбын бетке айтатын өркеуделеу, бұғылар секілді тағылау ма 
қалай... Орынсыз қазақшылығы, ашып қалсаң ар жағынан мүңкіп 
шығатын жымсымалығы жоқ, шаруасынан басқа дүние-баққа 
шатаса бермейтін қызық кісілер. ағайынның айтқанына елікпейді, 
қарға тамырлы қазақылықты ерте жоғалтқан өзгеше жат, ерекше 
суық бір-біріне. Ерік осына мінез-құлыққа көпке дейін көндіге 
алмай жүрді. Бағамдаса жер бетіндегі әр адамның мінез-құлқы 
сол өздері туып, өскен табиғатқа аса тартады екен. айталық, 
алтайдың жері таулы-тасты, орман-тоғайлы, көсіліп көкжиекке 
сіңіп жатар кеңістік жоқ, ал адамдарды да жарым сөзді басынан 
асырмайтын мәрт пе деп ойлаған. Әйтеуір, ертең де күн бар, 
деп ерігіп жүрген кісіні көрген емес.Орталықтан тым шалғайда, 
республиканың ең шығысына орналасқан Еңбек аулынан ары 
қазақ елінің жері жоқ, бөтен ел, өзге жұрт. Темір жолдан бес жүз 
шақырым түкпірде жатқан ауылға әсіресе қыс кезінде қатынау өте 
қиын екен. Ерік осында келген екі жылдың ішінде, туған жеріне 
бірде-бір рет барған емес, тек хат арқылы ғана хабарласып тұрады. 
Тіпті хаттың өзі самолет айлап ұшпай, кешігіп келетін. Өз үйім 
– өлең төсегім деп, сан рет қайтып кетуге оқталған, бірақ осынау 
алтайдың қойнауында жатқан жұмбақ жандарды қимап еді. Жаз 
жайлауда отырған малшыларды аралап, табиғаттың таңғажайып 
көркіне сүйсінген сайын, осы жақта мүлдем мекендеп қалуға белді 
бекем буатын да, қылышын сүйретіп қыс келгенде «кетсем» деген 
желік қайтадан ұялайтын көкейіне. міне, қазір де құм шағылдары 
сыңсыта ән салып жататын мойынқұмын сағынды-ай... анада 
бір қойшы айтып еді... «Жылы жаққа үйренген құссың ғой, 
біздің қырық градусқа жетер суығымыз бен аттың таңбалығынан 
жауатын қарға көндіге алмайтын шығарсың, шырағым. Есің барда 
еліңді тапқаның жөн. алтайдың жері көркем, елі кедей, осындағы 
жұрттың мықтымыз дегенінде бір жылқы, екі сиыр, он шақты қойы 
ғана бар. Сендердегі секілді құмның арасына жүздеп айдап тастап, 
байлыққа балықтай жүзіп жүрген жоқ. алдай да алмайтын, алдана 
да алмайтын алтай қазақтары оқ жыланның баласы секілді, туа 
сала бытырап жан-жаққа қашып, өз күнін өзі көреді. Біріксе бірін-
бірі жеп қояды. ал есейіп, етейіп алған соң бір-бірін қайта тауып, 
моп-момақан болып, ордаланып жатады. Ешкімді шақпайды, 
егер бөтеннен біреу-міреу бекер соқтықса аямайды, сол орынсыз 
тиіскен кісіні қуып жүріп уын салып өлтіреді. Ендеше, сақ бол, 


81
жазықсыз жандардың жанын жаралама. Егер осында түпкілікті 
тамыр жаям десең, топырағы торқалы, он жылдықты беске бітіріп, 
сақман болып жүрген көп қыздың маңдайынан шертіп таңдап жар 
ет, сенен ешкім қалыңмал сұрамайды. алтайдың қыздары теңін 
тауып тұрмыс құра береді. Оны өзің де байқап жүрсің. Ту со-о-
нау Өзбекстаннан келіп әкетіп жатыр ғой... алтайдың жеріне 
өзге ағаштың өсуі қиын екенін де жадыңда ұста, шырақ. мұнда 
қаталдық пен суыққа шыдамды, қайратты да қайырымды ағаштар 
ғана өсе алады». Енді ойлап отырса, қойшы шал бар шындығын 
бүкпесіз әрі әңгімесін үйінің оң жағында отырған өз қызының 
көзінше ашық айтқан. ар жағында «менің қызыма құда түс»– 
деген емеурін бар-ау, деп бекер сезіктеніпті, жо-жоқ, олай емес, 
шалдың көшелі сөзін ұшқары ұғыпты. Қойшы қызын мүлдем 
саудаламаған, бойжеткен өткен күзде көрші ауылға күйеуге тиіп 
кетті. Әдемі-ақ еді, сан соғып өкініп қалды. Өңкей бір ақ құба 
азанда жауған ақша қар секілді сұлу қыздардан көз сүрінеді. 
Әсіресе анау... әлгі кітапханашы...
Көктем қай-қай жерде де қарбалас шақ қой. Бұл жақтың жаз-
ғытұрымы, алла сақтасын, тым өрескел екен. Қой төлдеген 
уақытта мұқым ауыл маңырап, қозыға айналып кетеді. Жылы 
жақтағыдай қой қырда төлдеп, қозыларын аяқтандырып, кешке 
өрістен өзі келетін жайбарақаттық жоқ. Қыстай қорада қамалып, 
қалың қардың шеті пұшпақтана еріп, жердің көбесі сөгілгенде 
қарындары жер сызған, құйымшағы сорайған буаз саулықтар 
қырға шығарылатын. Жердің сызы кеппей жатып жаппай төлдеу 
басталатын. міне, осы шақта Еңбек аулының қыз-келіншектері, 
мектеп оқушыларына дейін төл алу науқанына жұмылдырылады. 
Таудың бөктер-бөктерінде қолтығына қос-қостап ұзын сирақ 
тақыр қозыларды қыстырған қыз-келіншектер: «Шәй-шәй қойым, 
шәй қойым», – деп өріп кетер еді. Қалталары толған қызыл ала, 
көк ала, сары ала қиқым шүберек, сол шүберекті әуелі енесіне, 
содан соң қозысына байлап, адасып қалмас үшін белгі тағады. 
Қайда қарасаң да қойдың бауырына жабысып, қозы еміздіріп 
отырған қыздарды көресің. Үсті-бастарына тоңғақ жабысқан 
саталақ-саталақ қыздарды жанына келіп өзіңе жалт қараған жүзіне 
үңілгенде ғана әлемдегі ең сұлуды көріп, әрі таңқаласың, әрі 
қабырғаң қайысып аяйсың... амалың қайсы? Осындай жан алып, 
жан берген қауырт науқанда Ерік бөлімше басқарушысы аман-
ның тапсыруымен ауылдық кітапхана меңгерушісін сақманға 
жұмсауға барды. Осында келгелі бұл үйге басын сұққаны осытын. 


82
Есікті айқара ашып, кіріп барғанында қыз теріс қарап, жаңадан 
түскен кітаптарды текшелеп тұр екен. «Есенсіз бе?» – деген 
сәлеміне бетін бұрмастан: «Есенбіз» – деп жауап берді. – «Сізді 
сақманға жұмсағалы келдім». «Қай қораға» – деді қыз сол теріс 
қараған қалпы. «Құмардың қорасына». «Жарайды, былтыр да сонда 
барғамын. Бүгін киім-кешегімді дайындап, ақырғы рет моншаға 
түсіп, ертең барармын». – «Ендеше, жақсы» – деп, шығып кеткен. 
«Тым болмағанда жүзін де көрсетпеді-ау, жүдә, қандай қияңқы 
қыз екенсің», – деп ғайбаттады. Төл алу науқанының барысын 
тексеріп, әр отарды аралап келе жатқанда бұтаның түбінде, 
жүніне қызыл мата таққан қойға сирағына қызыл жіп байлаған 
қозыны, «гөй-гөй, түбә-түбәны» зарлана айтып, теліп отырған 
қызға жолықты. Жанына келген зоотехникті байқаған жоқ. Сай-
сүйегіңді сырқыратар дауыспен емірене берілгені соншама, Ерік 
аттан түсіп, арт жағынан «Есенсіз бе?» – деп амандасқанын да 
естімеген-ді. Қыздың үні өзгеше мұңды, өзегіңді өртер арманға, 
аса мейірімге толы аналық әлдиге айналғандай сойталдай жігіт 
қарап тұрып жылағысы келді. Сақманшы орнынан тұрып, үһ деп 
белін жазып, артына жалт қарағанша мазаламаған.
– Сіз екенсіз ғой, – деді немқұрайды ғана.
– Иә, менмін.
– Қашан келгеніңізді де байқамаппын-ау. мына бір мәліш өз 
қағынан өзі жеріп, қағынып тұрғаны. – Қарақат көзі жаудырай 
Ерікке ұяң қарады.
– мысық әкеліп алдына тастасаңыз қозысын бас салады, – деп 
білгішсінген.
– Өйтіп алдырған қой қозысын жарытпайды, – деді қыз.
– Онда жеңілдім. Тани алмай, сізді мен де жатырқап тұрмын, 
қарындас.
Қыз майда жымиды. Бетіндегі шұңқыры жазылған соң: – Онда 
сіздің алдыңызға ит әкеліп тастау керек екен, таныр ма едіңіз. мен 
– кітапханашымын.
– Е-е, жүзіңізді көрмеген соң, шырамыта алмағаным да. 
Есіміңіз кім, қарындас?..
Қыз тағы да күлімсіреді. – Сіз біздің жақтың жігіті емес 
екенсіз, – деді тіке қарап. «апыр-ау, не деген сұлу еді!» – деп 
жұтына қараған Ерік: 
– Оны қайдан білдіңіз, қарындас? – деп қайыра сауал қойды.
– Біздің жақтың жігіттері қыздарды «қарындас» деп айт-
пайды. Өзінің туған қарындасын ғана солай атайды. Білгіңіз 


83
келсе, қойныңыздағы кінегіні ақтарыңыз. Құмардың қорасында 
кімдердің сақманшы екені түгел жазулы шығар...
– Ол рас, – деді күмілжіп қалған зоотехник. Содан соң 
қалтасына қол салып, екі бүктелген дәптерін суырды да, ақтарып 
қарай бастады.
– Тәк, Құмардың отары... мынау емес... мынау да емес... тагі-
тым... Тәк, кітапханашы... мәлике... Тәңірова аспанқызы... Ой, сіз 
бастықтың қарындасы болып шықтыңыз ғой, – деп басын көтер-
генде қыз орнында жоқ, әлдеқашан кетіп қалған екен. Жеріген 
қойды алдына салып айдап, қозыны құшақтап алған мәлике әне, 
қораға қарай аяңдап барады...
– Қарындас, ау, қарындас, өлі-а-а, мұныңыз не?! – Дауыстап 
еді, қыз артына қайырылмады да. – Әй, бұл жақта мал болуым 
қиындау, – деп, өз тізесін өзі кеміргендей өкінішпен атқа қонды.
Уақытша төл алуда жүрген кітапханашы қыз Еріктің көңіліне 
алтайдың мәңгі жасыл самырсыны болып орнаған. Күн артынан 
күн өткен сайын тамырын тереңге жайып, сезім самал ескен сайын 
жайқалып, сыбыр-сыбыр сыр айтатындай немесе жұмбақтылау 
жұмсақ жымиысымен әлдеқайда, аспанмен тілдескен зәулім 
шыңдарға ымдап шақыратын сынды, көрсе де, мейлі көрмесе 
де жүрегін таудың ақ шарбы бұлты мұң болып басып, санасы 
саздау тартатын. асқаралы биік шыңдардағы мүк басқан жақпар 
тасты қақ жарып самырсын-шырша өседі екен.. Жылдың төрт 
мезгілінде жасыл түсі өзгермейтін шынардың сонау-сонау, 
таудың теріскей жағына қалың орман өскен ағаштармен бірдей 
күз туа жеміс береріне қайран қалып еді. Табиғаттың жауыны 
мен дауылына төтеп беріп, сусыз, көлеңкесіз бойына нәр жиған 
шыршаның бітімі таңғажайып сұлу еді. Кітапханашы мәлике сол 
алтай құздарына сыналып өскен шынарға ұқсады. Жалғыздық 
пен тәкаппарлық өздеріне қандай жарасады десеңізші... Зоотехник 
ықылым заманнан бері іздеген асыл затын тауып, әрі қуанып, әрі 
өкінген. Ерік әсіресе Құмардың отарына келгіштей беретін әдет 
тапты. Оны былайғы жұрт та аңғарып қалған. Жалғыз-жарым 
тілдесуден басқа, жарытып шүйіркелесе де алмады. Қашан көрсең 
де екі жанары жаудырап қараған қыздың өз сезіміне осыншалық 
сақтығы, мінезінің беріктігі жігіттің шақшадай басын шарадай етті. 
«Өстіп, етегіме намаз оқып жүргенімде сенен де айрылып қалам-
ау, қалқам», – деп терең күрсінетін, бар ашу-ызасын астындағы 
жалы тоқпақтай атынан алып басы-көзге қарамай қамшылап, ала 
құйын шапқылайтын. Бұл жақтың қыздарының бабын табу қиын 


84
екеніне уақыт озған сайын көзі жете түсті.Бірде ол Құмар отарына 
ымыртшылап келді. Күндізгі абыр-сабыр басылған саябыр шақ 
еді. Сықырлауық есікті сыңсыта ашып «Есенсіздер ме?» – деп 
даусын созалаңдата амандасып сақманшылар үйіне кіргенде, 
керосин шамның әлсіз жарығынан кімдердің бар, кімдердің 
жоғын түгендеу мүмкін емес-ті. Қара көлеңке бөлменің ішіндегі 
дөңгелек жозыға қаумалай отырған қыз-келіншектер ұлардай 
шулап амандасты.
– Төрге шығыңыз, мақтап жүреді екенсіз. Қол шайып, тамаққа 
отырыңыз,– деді алдына алған бір жасар шамасындағы баласы 
бар жас келіншек.
– рақмет.
– рақметті ішкен соң айтарсыз,– деп тақымдады әлгі келіншек. 
Баласын әлі емізеді білем. ашықтау қалған омырауын қымтай 
берді. Құмандағы суға қолын жуып, дастарқанға жақындағанда, 
табақтағы етке сұғына кіріскен қыздар бірін-бірі түрткілеп, 
себепсіз күліп ығыса орын босатты.
– Сойған малдарыңыз тым арық екен, – деді Ерік жөніне отыр-
май.
– Семізін берсеңіз ішімізге май қатып қалмас еді, – деді балалы 
келіншек.
– Қолдарыңыздан қаққан жерім бар ма.
– Көкөзек шақта сорпалығы бар қой бүкіл ауданды сауын 
айтып сандалып іздесең де табылмайды. Көбі ақсыз, қозыларын 
уызға жарытпай жатыр, – деді сораптай сапырып сорпа суытып 
отырған егде әйел. – Қыстан қысыр шыққан ту қойымыздың түрі 
осы, балық көз майы жоқ көк бақа. Әсіресе мына қыздарға обал 
болды. мені қойшы, соғыс кезінде масақ теріп жеп-ақ күн көріп 
кеткенмін.
Зоотехник жігіт егде әйелдің самбырлап сөйлеген әңгімесін 
зауықсыздау тыңдады. Есіктен кіргеннен бері іздегені мәлике 
еді, үркердей үйірілген қыздардың ортасынан таба алмады. Әлде 
сұранып үйіне кетті ме екен деп және ойлаған. мынандай күйіп 
тұрған уақытта ешкімнің ешқайда аттап баса алмасы есіне түсті 
де: – Бүгін кезекші кім? – деп сылтаурата сұрады.
– мәликенің өшіреті, – деді балалы келіншек. – Тамақ іш деп 
үш рет шақырттық, келмеді.
Бұл шақта қаздай тізілген төлші қыздар дастарқаннан ысыры-
лып, қабырғаға арқаларын сүйеп қалғып-шұлғып отыр еді. ашып-
жұмған жанарларына шамның жарығы түскен сайын әлсіздеу 


85
болса да жылт етіп, белгісіз бір үміттің, белгісіз бір арманның 
ұшқыны ойнап, сөнеді. Үстеріне кигені күпәйке, аяқтарында керзі 
етік, бастарына ораған әр түрлі орамалдың шетінен бобырап қап-
қара шаштары көрінеді. «Әттең-ай, – деп ойлады Ерік. – Әдемілеп 
киіндіріп көрмеге қоятын-ақ арулар».
– Біз енді жатамыз, – деді сөзшең әйел. – Сен қонсаң да орын 
жоқ. Әзірше төл аман, бас түгел. Кеңсеге айта бар, тым болмағанда 
кино әкеліп көрсетсін.
– мақұл, апай, айтайын. Әкелдіреміз, – деп зоотехник қамдана 
бастады.
– ал, қыздар, жатып дем алыңдар, ертең ерте тұрасыңдар, 
– деп егде әйел де ыдыс-аяқты жинастыра бастады.
аядай үйдің іші тым тар болды ма, Еріктің жүрегі алқынып 
әрең отырған, далаға шыққан соң, көктем түнінің таза ауасынан 
кеуде кере қарпып жұтып-жұтып жіберді. Осы шағын ағаш 
бөлмеде он шақты төлші жатады. Кейбірі шешінбестен отырған 
жеріне қисая салатынын да көріп еді. «апырмай, – деп күбірледі. 
– Қалада ғой осындай қыздар барын киіп, бақанын қолына алып 
дегендей, ауыздарында темекі, алдарында кофе, коньяк ішіп ерігіп 
отыр».
ат иесін көріп оқыранып еді, басынан қапсыра құшақтап аз-
кем аялдады. Өзі мұнда болғанымен, көңілі сонау буаз қойлар 
қамалған қорада. Қойшы да шаршап келіп, сылқ құлаған сықылды, 
жым-жырт, шамы сөнген. Тура желке тұста мінбелей төніп тұрған 
таудың басында ағараңдап қар жатыр. Сол қыстың қалдығы 
қардан ызғар еседі. алтай көктемінің ала шабыр шағы, жерде әлі 
де тістесіп, ырық бермей жатқан тоң бар. Қазір ай тумаған өліара 
мезгіл, қараңғылық ерте түседі. Керги керіліп орнынан тұрған 
қойшының маң төбеті айдалаға қарап аттың жанында тұрған 
зоотехник жігітті иіскелеп, үлкен жұмыс бітіргендей еріншектене 
басып қайтадан барып орнына жатты. Бір ерекшелігі, шопандардың 
иті алғашында абалап қарсы алып, үйден аттанғанда жолаушыға 
үрмейтін. Сонау етекте Еңбек аулының отары жымыңдайды. 
Жарығымен түн түндігін тілгілеп, машина кетіп барады. ал қара 
аспанда тана көз жұлдыздар жымыңдайды. Жігіт тоңазиын деді. 
Қозы маңыраған бітеу қораға қарай беттеді.
Бұл есік ашқанда шамның жарығымен от болып жанған 
сандаған көздер жалт қараған. мәлике жаңа ғана туған қозының 
шаранасын сыпырып, тұмсығынан сығып, құлағынан үрлеп әуре 


86
болып отыр еді, төлшілердің біріне жорыды ма, басын көтерген 
жоқ. Зоотехник:
– Есенсіз бе? – дегенде ғана Ерікті байқап: – Е-е, сіз екенсіз 
ғой. Түн жамылып неғып жүрсіз? – деді қоңыр үнмен.
– Қой ұрлап жүрмін. – Жігіт өз сөзіне өзі күлді. 
– мал сіздікі ғой, отарды түгелдей алдыңызға салып айдап 
кетсеңіз де қолыңыздан ешкім қақпайды.
– Құтты қонақ болыппын-ау, мәлике, қойың егіз тауыпты, – 
деді қос қозыны мекірене жалап тұрған саулыққа сүйсіне қарап.
– Түкіріңіз, көзіңіз тиер.
Бұдан соң екеуі де үнсіз отырып қалды. Қораның ішінен қидың 
иісі бұрқырап, кісінің тамағын қырнайды. маужыратып ұйқыға 
шақырар ұядай жылылық бар. Дүниеде кереметтей цивилизация 
барлығын, аспанға адам ұшып, ай мен Күнді зерттеп жатқанын, 
мықты ел әлсіз елге күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап жатқанын 
– өзге өмірдің барлығын ұмыттырып, тылсым да тыныш ертекті 
сапарға бастайтын қозыдай қоңыр, қозыдай момақан бейбіт, 
бейбіт қана емес берекелі түн.
– Келген шаруаңызды айтпайсыз ба? – деді мәлике күрсініп.
– Шаршадыңыз ба?
–Шаршадым. Бүгін менің кезегімді күтіп тұрғандай, бірі-
нен соң бірі туып мазамды алды.
– Оқуға неге кетіп қалмағансыз?
– Жаз шыға қыздар институтына сырттай түспек ойым бар.
– мен көмектесер едім. Онда декан болып біздің ағай істейді. 
мәлике күлді. Күлді де: – Ендеше, алтайдан барып, тамыр-
таныстықпен оқуға түскен алғашқы адам мен боламын. Керек 
емес, пейіліңізге рақмет. Өзімнің де шамам жететін шығар.
– Дегенмен, қиын ғой, – деді Ерік ұсынысы аяқсыз қалғаны-
на өкінгендей. – «Қызық адамдар, ешкімге сенбейді, тірі жаннан 
көмек дәметпейді». 
– мен сізді соңғы кезде көп ойлайтын болдым, мәлике... 
Қыз жауап қатқан жоқ, шаңырағы қалқайған шамның қызыл тіл 
жарығына телміріп үнсіз отыра берді. Жігіттің алқына айтқан 
сөзін естімегендей қиялдың қыл шылбырынан ұстап дедектеп, 
көз көріп, құлақ естімеген жыраққа кетіп қалғандай еді. Сәл 
жасаураған жанары жарқырап, міне-міне шарасынан домалап 
түсетіндей. Ептеп қоңырқай тартқан ашаң бетінде үміт пен қауіп 
кезек жеңіскен нышан бар. Томпайған ерні әнтек дірілдеп, жігіт 
сөзінің әсерін тек сол ғана, әдемі ерні ғана сездіргендей. Осының 


87
барлығын қалт жібермей оқып отырған Ерік қыздың ұяң мінезін 
әсте де жасқаншақтыққа жорыған жоқ, ішімдегіні тауып ал ер 
болсаң, дейтін тәлімсуі де емес екенін білді; мұның барлығы, 
таудың бір түкпірінде алғашқы табиғилығын сақтап жасырынып 
әлде ұмытылып, байқалмай қалған қазақы арудың қайталанбас 
асыл қасиеттері деп ұқты. Тілсіз тілдескен қос ұлан қой қорада 
сүт пісірім уақыт ләм деспей оңаша отырып қалған-ды.
– Баяғыда, осы алтайда қарақат теруге барған алты қыз бірдей 
адасып кетіп, аю жеп кеткен екен. Содан бері сол жерді «алты 
қыз», деп атайды.
Жігіт аң-таң. мәликенің бұл әңгімені не себептен, нені меңзеп 
айтқанын бағамдай алмады.
– Көзім ілінсе болды, – деді қыз ауыр күрсініп, – сол алты ару 
түсімнен шықпайды. Олар өлмегенде алты төлшіңіз сақадай сай 
тұрар еді. Сақманшы қыздар жердің астында да көп-ау...
«Осының есі дұрыс па, – деген қауіп меңдеді Ерікті. – Қалай-
қалай сөйлейді».
– Кісі дегенің бұл дүниеден түбі бір аттанатын болған соң, он 
екі де бір гүлі ашылмаған таза қалпымен көз жұмғанға не жетсін. 
Күнәлінің барлығы жердің үстінде жүретініне қайран қаламын. 
алтайда адасып өлген қыздардың қаны тамған жерге қазір қып-
қызыл гүл өсті. адамдар жегенше, аюдың асап қойғаны иманды 
ғой. Оны былай қойғанда есімдері елдің есінде қалды... Сіз білесіз 
бе, аға, менің кейде өлгім келеді... Бірақ қол тимейді... балалар 
үйіндегі жетім сәбилердей маңыраған жас қошақандарды қиып 
кете алмай қиналамын... оның үстіне... сіз пайда болдыңыз... егер 
сіз келмегенде... Онда алты қыздың артынан еріп кетер ме едім, 
қайтер едім...
Жігіт жанында шоқайып отырған мәликенің сөз төркінін 
енді ғана ұқты. абдырап барып қыздың қолын алақанына салып 
еді, ып-ыстық екен... ып-ыстық. мәлике қарсылық білдірген жоқ. 
Бұдан соң бойын еркін билеп, қапсыра құшып икемдей сүймекке 
ыңғайлана бергенде: – Бұған әлі ертерек шығар, – деген мәлике 
жігіт қолынан жеңіл босанып, қарғып тұрып кетті. – Енді сіз ауылға 
қайтыңыз. Тәттінің дәмін ептеп татсақ та жетер, асап қоятындай 
аю секілді аш емессіз ғой...
«менің бұл жақта мал болуым қиын екен, – деп түйді таудан 
ылдилап келе жатқанында. – апыр-ай, екі аяғы қара санынан жоқ 
жарымжан адамнан да осындай асыл қыз туады екен-ау. Тәңірім, 


88
осы қызды есен-аман қалдырса екен. Құдайға да жақсы адамдар 
керек деуші еді».
Жаз шығып, алтайдың толықсыған шағында мәлике астанаға 
оқуға аттанатын болды. аудан орталығына дейін шығарып салған 
Ерік қыздың сүйріктей әдемі саусақтарын ұстап тұрып, алтын 
жүзік кигізді. Қабағы дір ете түскен қыз саусағын шоқтай қарыған 
жүзікті асығыс шешіп, жігіттің омырау қалтасына сала салды.
– мұңыңыз не, мәликеш, ескерткіш үшін сыйлап едім, – деп 
быж-тыжы шықты.
– Біздің жақтың қыздары мұндай сыяпатты алып дәндеме-
ген. меніңше, сыйлықтың ең үлкені – айнымас сыйластық. 
махаббат – табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ол әркімге де тән 
қасиет. ал нағыз сыйластық кез келгеннің қолынан келмейді.
– Кітапты көп оқығаныңыз көрініп тұр. Сөз жоқ, оқуға түсесіз, 
– деді Ерік қиқарлана.
– Немене, өкпелеп қалдыңыз ба?.. Бастамай жатып аяқтап 
алмайық. Егер менде шын көңіліңіз болса, тосыңыз, аз ба, көп пе – 
уақыттың билігінде. Күтуге сіз жарасаңыз, мен шыдаймын. Одан 
артық не айтайын. Сіз өте ұнайсыз маған. ал, әзірше сау болыңыз, 
– деп жігіттің бетінен шөп еткізіп сүйді де автобусқа секіріп мінді. 
Осының барлығына куә болып тұрған алтай тұрғындарының 
ешқайсысы «бетім-ау» – деп беттерін шымшылап, күбір-сыбыр 
көбейткен жоқ. арқыраған автобус орнынан қозғалғанда: – адам 
болып кететін секілдімін, – деді Ерік. Әрине, ішінен айтты.
Содан бері жылға таяу уақыт өтті. Күз өтіп, қыс келді. мәлике 
қыздар институтына оқуға түсіп оралған. ауылдық кітапханада 
істеп жүр. Көп ұзамай, көктем туа төлшілікке барады. ал Ерік болса 
әлі тосуда. Екеуінің ұзаққа созылған жұмбақты сүйіспеншілігі 
«сіз-бізден» арыға барған жоқ. Керек десеңіз, еріндеріне еріндері 
тимеген. Бірақ күн өткен сайын қоңырауламай қоңырлап бастал-
ған сезімдері жүз жылда жалғыз-ақ рет қайталанар ұлы достыққа, 
бәлкім, махаббатқа ұласып, толған айдай, толысып келе жатқан. 
Кісінің бой-бойын қуалап, жан сарайын әлдилейтін музыканы 
бірігіп ойнап, бірігіп тыңдаған сынды жарасымды сыйластық, 
жүрек жұбы жазылмас бүтіндігіне айналғаны соншама, бір-
бірін күнде көріп, мезі болудан қашатын да, әрқайсысы оңаша 
сағынысатын. Ертең, семья болып қосылған мезетте осындай 
– уыздай ұйыған таза сезімдеріне дақ түсіріп аламыз-ау, деп 
шошынатын. апыр-топыр той жасап, түтін түтетуге баяғыда 
дайын-тын. Неге екені белгісіз, асыққылары жоқ. Сырттай білім 


89
алуға болар, – бірақ сырттай семья құру мүмкін емес қой, ендеше, 
бұл жүрістері қай жүріс.
– Жоқ, осыдан аман-есен ауылға оралсам үйлену тойын 
жасаймын, – деп дауыстап жіберген тоқымның үстіндегі қар 
тұтқыны Ерік. – Сөз жоқ, той жасаймыз. Үсімей қалсам...
Жылқылар тебіндеп жүр. аяз. маңай сүттей жарық. ай 
нұры аймалаған қар қатықтай ұйыған айран іспетті. Жым-жырт 
тыныштық. Сол тыныштықты ауыздығы сылдырап, күреңсені 
күрт-күрт шайнаған жылқының тынысы бұзады. Бұзбайды да, 
бейбіт күннің сақшысындай қар арасында қараңдайды. Еріктің 
бойы мұздап, маужырап ұйқысы келді. алайда ұйқтауға болмайды, 
егер кірпігі кірпігіне айқасса, мәңгілік ұйқыға аттанары анық. 
Онда мәликені тек арғы дүниеде ғана тосып аласың.
– Ұйқтамас үшін не істеу керек, – деп ойлады Ерік. – Не істеу 
керек. аЙҚаЙлаСам... жоқ-жоқ, онда тау жаңғырығады да, 
көшкін ағады. аман ағаны басып қалады. мылтық ату да әбестік, 
онда да көшкін құлайды. Саңқылдап сөйлесе. Егер маған әлемнің 
мінбесін беріп, «ал, жігітім, адамдарға айтар сөзің бар ма, – деп 
зәуімен сұраса, не дер едім... апыр-ау, расында, ондай мүмкіндік 
туса мүлдем дайын емес екенмін-ау... іім... мен былай дер едім...»
Ол орнынаң тұрды да үсті-басын түзеп, тамағын кенеп 
кәдімгідей дайындала бастады. «маған стақанға құйып, су әкеліп 
қойыңыздаршы», – деді айғырларға қарап.
– Жолдастар! аппақ қардың үстіндегі симпозиумды бас-
тауды маған тапсырғандарыңызға рақмет! Прогресшіл әлем-
нің абзал жүректі адамдары, мен сөзімді сіздерге арнай-
мын. Бәлкім, ұзақтау сөйлейтін шығармын. Оған іштеріңіз кебе 
қоймас. Өйткені онсыз да іштеріңіз пысып жүр-ау... Жер бетінде 
Қазақстаннан басқа ел көрмеген мен үшін, әрине, бүкіл адамзат 
алдында сөйлеу өте ауыр тиеді. Дегенмен мЕН де жұмыр басты, 
екі аяқты адаммын. Тіл-құлақтан айрылғаным жоқ, денім сау, 
жүрегім таза, ниетім ақ. Бұл дүниеде үлкен ел, кіші ел де және 
үлкен де, кіші де адам жоқ. Елдің аты – ел, адамның аты – адам, 
ендеше, бәріміз табиғаттың төліміз. О баста жаратылғанда бір-
біріңе зорлық жаса, бір-біріңді қина, тона, өлтір, деп дүниеге 
келтірмеген. О баста тепе-тең туғанбыз, тепе-тең өлеміз. Өлімі 
бар адамның – өмірі де бірдей, мазмұны ұқсас, формасы басқа: 
самолеттен құладың не, есектен құладың не; құс төсекте ұйқта-
дың не, тас еденде ұйқтадың не, коктейль іштің не, іркіт іштің 
не; бельгиский пальто киіп, Пугачеваның концертіне бардың не, 


90
күпәйке киіп, ауылдың клубындағы көркемөнерпаздар ойынына 
бардың не... не... не?! Олай болса қайсың-қайсыңнан артықсың? 
Өтірік өмір сүреміз, өтірік күліп, жалған сөйлейміз, өтірік бітімге 
келіп; жыл уағы толмай жатып бұзамыз; одан да аДал аДам-
Дар қоғамы әлдеқайда пайдалы емес пе; одан да әрқайсымызға 
адамдық куәлік беріп, адамдық норманы бұзғандарды адамдық 
праводан айырғанымыз жөн емес пе; қара жердің астында өз 
ажалынан өлгендерден, бірін-бірі өлтіргендер сандаған есе көп 
екен; демек табиғи өлімді аңсағаннан үлкен арман бар ма; мЕН 
қорқамын сіздерден, қорқамын қамалаған қасқырдан да, ақырған 
аюдан да, тілсіз жаудан да емес, сіздерден... иә, сіздерден... артық 
айтсам кешіріңіздер, мЕНІ тілден айырған жоқ, бас бостандығым 
өзімде, ай – аНаУ ЖаҚТаН келген өкіл неғып тыпыршып, мазаң 
кетіп отыр... мен ақыл-естен айрылып мәңгүрт болып, мәңгіріп те 
қалған жоқпын; мЕН – түлкіге де, балыққа да айналғым келмейді, 
құс болып аспанға да ұшпаймын, ертекті еміп, есеңгірегім 
де жоқ; қара жерге қада болып қағылған аДаммыН! азды 
дегеннің, тозды дегеннің жағына жылан жұмыртқаласын; кешегім 
– бүтін, болашағым – айқын, бізге барлығы жетеді, барлығы 
бар, бізге жалғыз-ақ нәрсе жетіспейді, бізге адал дос, жақсы 
адамдар ғана жетіспейді, азайып барады. «Қызыл кітаптан» орын 
қалдырыңдар.
Осы кезде қолын сермеп, қызыл танау болып, шексіздікке 
қарап, сөйлеп тұрған шешеннің құлағына: Тоқтат! деп әлдекім 
аЙҚаЙлағаНДаЙ болды.
– аЙҚаЙлама! – деді шешен енді ғана шешіліп келе жат-
қанда ойын бұзған белгісізге. – Бұл жақта – аЙҚаЙлаУға бол-
майды, тау жаңғырығады, жаңғырықтың әсерінен қар құлайды, ал 
қар құласа қарапайым жылқышылар қырылады. Біз жақта сыпайы 
сөйлейді, сыңғырлап күледі.
Осы кезде қар көрпені қақ тіліп, жүздеген аш қасқыр шеңбер 
жасай қаптап келе жатыр еді. Қоршауда қалған айғырлар арқырай 
кісінеп, тызақтата зәр төгіп жіберді. Көздері атыздай болып, дір-
дір етеді, жануарлар, қалш-қалш етеді жануарлар... Ерік жалма-
жан қос ауыз мылтығын оқтады.
– Жоқ, атуға болмайды. атсам тау жаңғырығады, тау жаң-
ғырықса көшкін құлайды, көшкін құласа, аман ағаны басып 
қалады... Жоқ, ешқашан да, еш жерде де мылтық атуға болмайды. 
Одан да самбырлап сөйлей берейік... сөйлей берейік... дауласа 
берейік...


91
Қасқырлар қаптап келеді. Сол қасқырлардың алдында жалаң 
аяқ, жалаң бас алты қыз қашып келе жатқандай, алтауы да – 
мәлике секілді...
– Ей, адамдар! – деп саңқ етті Ерік. – мен сіздерге айтам: 
бітімге келмейді екенсіз, ендеше, бітіспес шайқасқа көшелік.
Қасқырлар қаптап келеді... арғы беттен...
мылтық атуға болмайды... мәликеге тигізіп алуы мүмкін.
Тау жаңғырығады...
Құдай-ау, мыналар тіпті де қасқырлар емес, алатайдың қара-
ғайлары ғой, қорыққанға қос көрінеді деген осы-ау... Әлде қару 
асынған адамдар ма...
– Ей, адамдар! мен сіздерге арнаймын сөзімді... мЕН...
Құлын терісін қаптаған зілдей шаңғының мұрындық жібі-
нен кезек тартып, соңына қос сызық қалдырып алатайға бет 
түзеген аманның түн жамылып жалғыз сапарға шығуы, бір 
бұл емес. Бір бұл емес болғанымен, аяғына шаңғы іліп, алысқа 
аттанғаны алғаш рет. Бұл жолға қажымас қайрат, талмас бел, 
қорықпас жүректілік аздық етері және рас. Сонымен қатар басын 
қауіпке байлаған тас жұтар тәуекел, ердің ерлері ғана жасай алар 
ұлы ерлік керек шығар. Бірақ ол қарапайым борышын өтеу ғана 
деп білді. аман үшін – Тар өзені арқылы арғы бетке өту, мақсат 
тауына шығумен тең. Өйткені сол арғы жағалауда – алатайдың 
басында мал бағып, табиғат апаты тұтқындаған жылқышылар 
бар. Жылқышылар да... адам. Екі көзі төрт бола ауылдан келер 
көмекші көксеп жатқаны сөзсіз.
Тау-тасты, өзен-сулы, орман-тоғайлы алтайдың әр қойнауында 
шаруа бағып отырған момын елді қинайтыны, әсіресе осы жол 
азабы еді. Күні бүгінге дейін асфальттанған тақтақ жолды көрген 
емес. алматыдан аудан орталығына екі-үш сағатта әуелеп ұшып 
келетін де, ауданнан аулына апталап жете алмай сарылып жатып 
қалатын. астанада көрген қызығы, алған әсері, дорбасындағы 
сәлем-сауқатына дейін қиқы-шойқы соқпақтың бойында шашыла-
шашыла қара басының от басына аман жеткеніне шүкіршілік 
жасайтын.
алдындағы төбешіктен асып, ылдилағанда жүрісі жеңіл-
дей бастады.
Бұл Тар өзеніне құлдилайтын сайлау жер. Шаншулап өскен 
самырсындар ұшырасып, бұғып-бұғып жатқан бұта-қараған-
дар көбейді. Оқта-текте өскен қайыңдар ай нұры астында 
мұңға батып, етегін түріп, қар кешкен ақ балтырлы арулар-


92
сынды, мұңмен телміреді-ай. Осы мұздап тұрған орман, тоғайдың 
арасынан ербеңдеп келе жатқан аманның ойы – алыста, сонау 
мүгедек әкесімен бірге шалғы тартқан жылдарды кезіп жүр.
...ауылдағы басқа балалардан гөрі біртоға, пысық болып 
өсті. Бір үйдегі бас көтерер жан өзі ғана болған соң, жастайынан 
шаруаға араласып, тесік өкпе күй кешті. Екі аяғы жоқ әкесінің 
артына мінгесіп отынға барды, бұғанасы қатпай-ақ пішен 
дайындады. алтайда қиясы мен бұтасы жоқ жазық жер бар ма? 
Шалбарының құйрығына тері тігіп алған әкесі, сол қия жерде 
артымен сырғып отырып шөп шабатын. Қалың өскен шалғынның 
арасынан бойы көрінбейтін. анадайдан қараған адам жап-жасыл 
шалғын өзінен-өзі жапырылып жатқандай зәре-құты қалмай 
қорқушы еді. Дестені салып тастаған соң, бір ұшын жоғарыдағы 
қарағайларға, бір ұшын беліне байлаған қыл арқанды кере 
тартып, тырмысып өрге қайтадан жылжып шығып алатын да 
қайтадан шалғынды оруға кірісетін. Сонда құйрығымен жылжып, 
шөп шапқан әкесінің білеулене одырайған шеке тамырын, қып-
қызыл болып қанталаған көзін, сүмектеле сорғалаған маңдай 
терін көрген аман кішкентай тартпасын сілтей тартып, әкесінен 
қалмауға тырысатын. Отынға барғанда ше... Жылдар бойы жел 
өтінде тұрып қатып қалған зәулім молақты жүрелеп отырып 
балтамен қарш-қарш қиғанда, сонадайдан әке қайратына қайран 
қала қарап тұрар еді. Иә, аспан ұлына шаруаның бар-барлығын 
үйретті. Ең әуелі – шыншылдықты үйретті. Қазіргі жүрісі оның 
жанында шаңғы тепкен баланың ермегі сықылды.
Бұл әлемде алтайдың жазына жетер әдемі нәрсе жоқ-ау, тегі. 
Едәуір жердің шөбін еңсере шауып тастаған әке мен бала күн 
тас төбеге шығып, түс болғанда үзіліс жариялайтын. Шайнекке 
қайнатқан күрең шайды сораптап ішіп, шөлдерін басатын. 
Сусынға қанған аспан самырсынның көлеңкесіне тоқым төсеніп, 
шалқасынан жататын. ыстықтай ма, жоқ болмаса сыздап ауырта 
ма – шалбарын шешіп, денесін дем алдырар еді. Әбден қашалып, 
ісіне қызарған шоп-шолақ санға қарауға жүрегі шыдамаған аман 
теріс айналып кететін де шеткерірек шығып, ағыл-тегіл жылайтын. 
Әкесін бұл қорлықтан құтқарудың жалғыз-ақ жолы – тезірек ер 
жету екенін жас жүрегіне түйіп, қайғы-қапамен өсті. Бар қолынан 
келгені – кепеш-кепеш жидек теріп әкеліп, әкесіне ұсынады.
– рақмет, ұлым, – дейтін аспан тандайындағы бүлдіргенді 
жұтып, – түріңе қарасам, көзіне қамшы тиген жас ботадай жас-
қаншақ тартып бара жатқан секілдісің. менің мүгедектігім – сенің 


93
жаныңды жаралап, рухыңа сызат түсірмесін, тегінде. Қазір өмірдің 
бетіне тік қарағандардың заманы. Қарағайдың қарсы біткен 
бұтағы болмасаң, бөксе басты жалтақ күй кешесің. Олайша иесіне 
еркелеген итше көрінгенге құйрығыңды бұлғап сүрген өмірден – 
өлген артық. мықтылық дегеніміз – әдемі тұрмыс құрып, бақытты 
ғұмыр кешу емес, қоржын арқалап жүрсең да адамдығыңды 
жоғалтпау. Бас амандығын амалдап, «Жасасын жарамсақ тірлік»,– 
деп жүргендер сенсіз де жеткілікті. Біле-білсең сен, менің өтіп 
кеткен дәурен, өліп қалған арманымсың, екі аЯғымСыҢ! ал 
менің аЯғым сіңірі босап, сүрінуді білмейтін жілікті болатын! 
Саздауға біткен сары ағаш болатын. Егіннің жаңа шыққан көгіндей, 
көгерім шағыңда, кірпігің жыпылықтап, әркімге бір жалтақтасаң, 
ертеңгі күнің – ездікпен өтер. Қарғатайым, көтер басыңды! Тура 
қарашы маған! Көзіңнен от көрейін! – деп, қанатынан айрылған 
қырандай саңқ еткенде, қалың қатпар жоталар, қарағай, қайың-
орман дүр сілкініп, тау жаңғырыға жөтелгендей болып еді. аман 
тегенедей төңкерілген көкке қарап, суық қайрат, жайын жүзбен 
шалқасынан жатқан әкесінің көзіне көзін түйістірген. Тап-таза 
қарашығынан өзінің бозбала бейнесін көрді.
– міне жігітсің! – деді ырзалық рақатпен сүйсіне құшақтап. 
– Өлімім ерте ме, кеш пе, білмеймін. мендегі ендігі арман – сенің 
аяғыңды матап ертерек үйлендіру, ертерек немере сүю, ұлым. 
Қыздарды қойшы, жат жұрттық.
Әне, сол аспан жылқышының жалғыз ұлы, «Сайтан көпірді» 
бетке алып, шаңғымен сырғып барады. Әне, аспан шалдың көзін 
ашып көргені, аузын ашып сүйгені – кіндігін үзбес ұрпағы нар 
тәуекелмен, дүниедегі ең қиын көпірден өткелі барады.
Сайлауға түскен соң ай қорғалап, айнала қараңғылық тарта 
бастады. Әлдене сыбдырлағандай болып еді, бір топ елік кесе-
көлденеңдеп өте берді. Бұған да шүкіршілік, әйтеуір, жалғыз 
емес екен. Түнгі жол ұзарып көріне ме, әлде тым ақырын келе ме, 
әудем жердей «Сайтан көпірге» жете алмай дымы құрыды. Өкпесі 
өшердей болып шаршамаған да сықылды. Жол қысқартудың ең 
оңай тәсілі – ой ғана екенін білетін. Әсіресе қыстақ-қыстақты, 
жайлау шабындықтарды аралап, күні бойы ат үстінде жүргенде 
осы санасындағы самсаған ойды ермек қылатын. Тегінде, қыр 
қазақтарының барлығына тән әдет еді бұл. Жападан-жалғыз 
төбенің басында орнатылған ескерткіштей, қалқайып, күнмен 
бірге шығып, күнмен бірге бататын қойшыларда ойдан басқа не 
бар... Иә, оларда екі-ақ нәрсе бар: қой мен ой. Бұл жұбаныштан 
тек қойны суық қара жер ғана айыра алады.


94
Әлі есінде:
...Қазан айының бас кезі болатын. Шаруашылық етек-жеңін 
жинап, күзгі қарбалас шақ өз сабасына түскендей еді. ала жаздай 
ырық бермей, шанағынан асып тасыған Бұқтырманың буырқанған 
бура мінезі басылып, жуаси ағады. мұқым табиғат саябыр тауып, 
өзгеше бір сабырлы да салқын қылықпен жаныңды қытықтайды. 
Бөлімше басқарушысы аманның да үһ деп дем алған, бел шешіп, 
аяқ суытқан тұсы осы еді. Түнде көпке дейін кітап оқып, тым 
кеш жатса да ұйқысы тез қанып қалыпты, бүгін тым ерте оянған. 
Киініп сыртқа шықса таудың арғы қапталында тұрған күннің 
сәулесі шоқылардың ұшар басына ал қызыл кимешек кигізіп 
үлгерген екен. Ұйқысы қашқан кәрі-құртаңдар болмаса, ауыл әлі 
таңның тәтті ұйқысынан ояна қоймапты. Бұйра бас ормандардың 
арасынан бозторғай шырылдады. Өзеннен шашбау таққан сай 
табанынан елік әупілдеді. Ептеп бойды шымырлатып, «ищ-
ай» дегізер шым-шым салқын бар ауада. Таңғы шық мөлдіреп-
мөлдіреп, көзі жаудырай әлі тірі жатыр, адам басуға аяйды. 
Желке тұстағы тауды екіге бөліп, шудаланып жатқан тұман күні 
кеше ғана сылаңдап жүрген бұлттың асығыста ұмыт қалдырып 
кеткен аппақ орамалы іспетті. айналаның барлығынан да терең 
бір ойшылдық, бой жазып, тыныштыққа бастаған ақылдылық 
анғарылады. аман осыны – таңғы таңғажайып көріністі әзірде 
ғана көріп, байқағандай, аса сергек сезіммен алтайдың бұрымы 
іспетті – Бұқтырмаға қарай құлдай жөнелді. Өзенге жеткенше 
шық кешіп, екі тізесіне дейін малмандай су болып еді. Бұқтырма 
көктемде кеміріп-кеміріп кеңейтіп алған арнасынан қашаңдап 
кетіпті. Жағалауы толған ағаш ағындысы – салындылар. арғы 
жағадан бір топ елік су ішіп бейқам тұр екен, мұны көрген соң, 
бастарын кегжең еткізіп көтеріп алды да, бір сәт таңырқай қарап, 
содан соң орманға кіріп жоқ болды. аман суық сумен беті-қолын 
шайды. Қар суымен тоғайып, буырқанып жатқан өзеннің өр 
көкіректігі басылғанымен, өз мінезін өзгерте қойған жоқ екен, 
жағалауды әлсіз болса да сабалап, езуі көпіршіп көбік түкірді. 
мөп-мөлдір су бетіне тигенде тітіркеніп қалған аман, артынша-ақ 
рақаттана жуынып еді, бойы әп-сәтте сергіп сала берді. ауырлап 
тұрған денеде бір түрлі жеңілдік пайда болып, ала жаздайы 
арқасына жабысып түспей қойған азаптан мүлдем арылғандай 
аса сергек сезінді өзін. Сол өзен жағасында шоқиып отырған 
күйі ептеп арманды ойға берілген. Енді аманшылық болса совхоз 
директорының атына өтініш жазып, екі жылдан бері ала алмай 


жүрген кезекті еңбек демалысына шығады, бала-шағасын Құдайға 
тапсырады да, жұрттың барлығы шұбап бара беретін әлгі бір Қара 
теңізге тартып кетер. Ел көреді, жер көреді. маңдай тер, табан 
ақысына тапқан ақшасының қызық-ау, тұңғыш рет игілігін көреді. 
Облыс орталығы Өскеменнен арыға ұзамаған азамат жер бетінде 
өзі секілді сом қазақ та барын танытады. Білсін олар да... Суыр 
екеш суыр да жаз туа інінен шығып, ұзап жайылмай ма, аман 
сол сар жағал тышқаннан қор жаратылды дейсің бе... Жетер осы 
еңбектенгені... де... енді адам сияқты арқа-басы кеңіп дем алады... 
«Дем алады» – деген сөз көкейіне оралғанда аманның миығына 
күлкі үйірілді. Ей, алла-ау десеңші, осы сөзді ұмытқалы қашан. 
«Қой дәрет алған шалдай отыра бергенше, үйге барып өтініш 
жазып, директорға барайын», – деп орнынан тұра бергенде тура 
құлағының түбінен: «Ей-ей-ей, атаңның, аузын ұрайын! – деген 
қатты аЙҚаЙ естілген. Оқыс шыққандығы соншама, аман өз 
денесін өзі ұстай алмай шалқалай құлады. Одан ары не болғанын 
жөнді білмейді. Әйтеуір, көзінің алды қанға толып, басы отқа 
ұстағандай ып-ыстық болып кетті. Әлгіндегі, табиғаттың мұқым 
тамашалары: орман мен тоғай, өзені мен торғайы, аспаны мен 
күні жым-жырт жоғалды да, оның орнын албастыдай қап-қара 
түнек басқан; сол қою қараңғылықтың ара-арасында быжынаған 
қан түйіршіктері қалықтап жүрді; миын тебен инемен сұққылап, 
жанарынан жас саулаған; бір сәтте ес-ақылы мұны тастап, алысқа 
үрке қашып кеткен жаны, қайтадан оралғандай болғанда көзін 
ашып еді, көргені: жалқындаған елес қана, тек қана елес дүние, 
бұлдырланған әлем ғана... басқа ештеңе де емес, ештеңе де... Ол 
өлім атты абзал ананың осыншалық тез келерін бұдан бұрын сана 
сарабына салмаған еді, бірақ жарық дүниемен қоштасу әлі ерте 
ғой, ендеше, суішкілігі таусылған жоқ, қазір орнынан тұрады, 
беті-қолын Бұқтырманың мұздай суымен жуады да аяңдап 
кеңсеге барады, содан соң директордың атына өтініш жазып, 
демалысқа шығады, самолетке мінеді де Қара теңізге тартады; 
әттең, ол әрекетінен түк шықпады, миын сұққылаған ине қайтадан 
талықсытып жіберіп еді, қалықтаған қан түйіршіктері қыбыр-
қыбыр, жанарын қытықтады-ай; ең ғажабы аман түйсігінен 
адаспады; бәрін сезіп, бәрін естіп жатқан секілді; ендігі сәтте 
ұйыған қара түнектің ар жағынан жалақ аяқ, жалаң бас Бала 
шықты да күлімсіреген қалпы бұған қарай бір басып, екі басып 
жақындай түсті, міне тура жанына келіп тұрды; тәңірім-ау, қайдан 
көрді бұл баланы, жүзі өте таныс, әсіресе жұмсақ жымиғаны, 


маңдайындағы құлын тепкен ай тыртығы; таныды – өзі екен. 
Өзінің он жастағы бала шағы екен; өлім дегеніміз кісі қиналған 
кезінде бала болып ораларын ұқты, ұқты да кеберсіген ернін әрең 
қозғап: «Әлі ерте, тым ертерек келдің, балақай», – деді, он жасар 
«Өзі» сол күлімсіреген күйі, әне, алыстап барады; жоғалады; 
ол жоғала бергенде қан түйіршіктер өзінен-өзі азайып, құрым 
киіздей тұтасқан қараңғылықтың көбесі біртіндеп сөгіле бастаған; 
жүйкесін тоздырған шанышқылар да сап болды; тіршіліктің, кіп-
кішкене құсы сайрады ма, құлағына шырылдаған әлсіз үн естілді; 
құлағына тағы да бір таныс дауыс естілді; өлсе өзімен бірге ала 
кетер мәңгілік қимас сөз – өмірдегі бақыт, қайғы, атақ-құрмет, сый-
сипаты – бар байлығынан артық, артық... ардақты сөз естілді!
– азаматым-ау, тірімісің!
– Тірімін, әке.
– Балаларды шошытпа, тұр, мен басыңнан сүйейін.
– Тұрайын.
– аЙҚаЙДы алғаш естігенде мен де осындай күйге тап 
болғанмын, ұлым. Бір ажалдан қалдың, енді жүз жасайсың.
– айтқаның келсін, әке. аЙҚаЙлағаН кім екен?!
– аНаУ ғой... маған аЙҚаЙлағаН кісі ғой...
– аНаУ әлі тірі ме еді?
– Ол мың жылда да құрымайды. аЙҚаЙ өшеді деп кім айтты 
саған.
Дәл жанында кесілген қарағайдай қасқайып отырған әкесі 
– аспанның, қарулы иығына сүйеніп, орнынан тұрған аман, өліп 
қайта тірілгендей мең-зең халді бастан кешіп еді. Сонда ол өмірдің 
қадірін алғаш рет шын түсініп, жер басып жүрген әр күнінің өзі 
айтып жеткізгісіз ұлан-асыр той екенін бағамдады. Ойлап отырса, 
бақыт дегеніміз – әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзбен 
шығарып салу екен де, өзгесінің барлығы өзіңді-өзің алдау үшін 
ойлап тапқан құйтырқылар-ай... құйтырқылар...
аман аудандық ауруханаға барып қаралып еді, дәрігерлер 
алғаш рет инфаркт алған екенсіз, демалу керек деді.
«Сайтан көпірдің» дәл аузына келіп тоқтағанын, алғашын-
да аманның өзі де сезбей қалып еді. Бағанадан бері өкшелеп 
қуып келген әлгі бір естелік шаршағанын, елес болып елбеңдеген 
қорқынышын ұмыттырып, жолын қысқартқанды. Бүкіл әлемде 
адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты-жалғыз, оны 
жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы – өзінің ОЙы ғана. 
Көрге дейінгі көрер қызығың мен шыжығыңды қоса бөлісіп, 


өзіңмен бірге бір қабірде жататын ең сүйікті жарың да, қаныңнан 
жаралған балаң да, дос-жаран, ағайын-туғаның да емес, тек 
қана ОЙыҢ. адамзаттың бүкіл жаратылыс атаулыдан озықтығы 
немесе сорлылығы да осыдан шығар-ау... Біз саналылығымызды 
мақтан тұтамыз, ал сол саналылықтан азап шегетінімізді бағамдай 
бермейміз. Жұмыр жердің үстін шыңдап, астын тыңдаған БІЗДЕр 
дүннеге үстемдігін жүргізген ОЙ-СаНамыЗДы ақылдылықпен 
ешқашан, ешқашан да жұмсаған емеспіз. Бүлдіру үшін жасайтын 
нәрсеміз өзімізден басқа – жаратылыстың қай-қайсысына керегі 
жоғын білеміз бе?., білеміз, бірақ қасақана ерегесіп істейміз. БІЗ 
жанымызды қинағанда, арпалысып алға ұмтылғанда, жақсылық 
деп жар сала істеген әр әрекетіміз бен ілгері басқан әр қадамымыз 
арқылы – жамандық жасарымызды, артқа шегінерімізді зерттеген 
емеспіз. Ұшқан құс, жүгірген аңды атқан сайын, немесе өзен-
көл, орман-тоғайды құртқан сайын – өзімізді де кеміктеп, өлтіріп 
жатқанымызды зерделеген емеспіз. Біз қазір алып өткелдің 
аузына – «Сайтан көпірге» тіреліп тұрмыз.
аман «Сайтан көпірге» келіп жетті де, салып-ұрып өте шығуға 
жүрегі дауаламай, селтиіп тұрып қалған. Енді не істеу керек?
Енді не істейтінімізді БІЗ де білмейміз. БІЗДІҢ білетініміз 
мынау ғана:– өлермендікпен алға ұмтылу; ал өткенге қаншама 
шегінгенімізбен тарихқа керегіміз жоқ, қабылдамайды. Иә, 
өткеннен тірілерге орын жоқ, ол – өлілер мекені. БІЗ не істейміз 
сонда?..
аман «Сайтан көпірдің» бергі – Үлкен жер басында, қарсы 
алдындағы қар жамылған алып алатайға, содан соң төмен үңіліп 
– мұз құрсанып жатқан Тар өзеніне қарады. Тәуекел жасауға 
дәті жетпеді білем, жүрелеп отыра кетті. мұндай қыспақты әрі 
жұмбақты тұста асқан ақылдылықтың да, жүрегі түкті батырлық-
тың да қажеті шамалы. Дәм-тұзың, таусылмаса – өтерсің; ажал 
айтып келмейді, жеткен жерің, үзілер шағың осы болса – өлерсің, 
бәрі де бір тағдырдың бұйрығы. Десек те бұл да аДам ғой, ал 
адам екенің рас болса, мәңгі әрекеттің иесі емеспісің?..
аспандағы ай жарықтық қорғалап, таудың теріскей бетіне 
қараңғылық ұйыды, бейне бір алып қара мысық көсіле түсіп 
ұйқтап жатқандай. Тынысыңды тарылтатын тыныштық жайлаған 
айнала, бейне бір намазға ұйығандай, жаны жай тапқан, – қан-
сөлсіз меңіреу өңірдің өлі денесіне қонған қара шыбын секілді. 
– аман деген адамның қырықтан асқан жасына дейін, ия осы 
жасына дейін бой бермей, бетпақтанып келген мінезіне ұлы 


98
өзгеріс кірді; сірне болып қатқан сіңір дене иге малынған қайыстай 
ылжырап, балғадай жұдырығы жұмсарған-ай; өне бойының 
бальзаммен сылағандай балбырағаны-ай! Жұмыстан шаршап 
келіп, тас моншаның табына түскенде ғана осындай балқыма сәтті 
бастан кешуші еді. аппақ қар, ақырған аяздың ортасында отырып 
соншалық бой-бойы жібіп, сойған қойдың терісіне шелдегендей 
қалжалануы қайран қалдырды. Қызық, тіпті қара тырнағына 
дейін жіпсігені несі? мүмкін, кісі жарық дүниемен қоштасарда 
осындай бұлаулы халдің қойнына жатар ма? Қызық, бір бағыттағы 
ұзақ сапар аяқталып, көздеген мақсатына жетіп жығылған 
жолаушының қол-аяғын жазып, көз шырымын алуы болушы еді. 
аман осындай, айға барып қайтқан космонавтай рақаттанып, 
шалқасынан жатқысы келді-ақ, жатса қайтып тұра алмасын және 
ойлады. Көңіл шіркін осындайда көбең тартып, жүрегің сазады. 
Бұған дейінгі өмірінің босқа өтпегеніне, артыңда жосылып із 
қаларына аса риза сезіммен ойға батасың. Дегенмен, өткеніңе 
шолу жасаудан қорқынышты не бар екен бұл жалғанда. анау ақ 
қардың бетін айғыздаған ізің көктем шыға еріп кетері қандай рас 
болса, жаяулап жүріп жасаған еңбегіңнің де қарғынға айналып, 
қарасы батарына еріксіз иланар едің. Өз тіршілігіңнің қамынан 
аспаған қаракетің, тек жер басып жүргенде ғана үзірі ұзақ болып 
көрінер күнделікті күйбің-күйбің шаруаң осындайлық – жалғыз 
сәттік тәтті тыныштығыңның садақасы екен ғой. алғашында 
өне бойынан бұрқырап бу шығып, өртеніп отырғандай еді, енді 
міне, ол да таусылып бітіп, тоңази бастады. Бірақ аман суықты 
сезген жоқ, ұйқыға шақырар жым-жырт жуастықты көксеген. 
Осы кезде құлағына әлдеқайдан, тым-тым алыстан әлдебір әдемі 
әуен естіліп, жан сарайын әлдилейді-ай! Әуен біресе ұлы сарынға 
айналып, енді бірде жарын жоқтаған әйелдің сыңсуына ұласып 
сай-сүйегін сырқыратты-ай! Осы жасына дейін мұндай әдемі 
әуенді естімеген аманның сірне жаны қорғасындай балқыды-ай. 
арғы дүниеге шақырған өлімнің оркестрі ойнаған музыка үнін 
өмір деп соғар жүректің гимніне жеңдірер жігер керек еді. амал 
не, ондайлық қайрат-қуатын жоқтан өзгеге жұмсап тауысып алған 
секілді. Ешбір әрекетсіз бүк түсіп отыра берудің ақыры – сөз жоқ, 
жарық әлеммен қоштастырарын саналады-ақ, қайтеді енді, қара 
құстан темір балғамен салып қалғандай, еңсесін көтере алсашы. 
Ол темір балға осыған дейін бекерлеу өткен аз өмірі екенін білген 
жоқ, білсе бұл сапарға шықпас та еді. Әлгі көк ала үйрек – жанын 
толқынына салып шайқаған мұңлы әуен әне, өте жақыннан 


сыңсыды. «Тұрайыншы» – деп ұмтылды, қозғала алмады. Не 
сиқырлап тастағаны белгісіз, белі кеткендей тырп етпей отыра 
берді. Санасы сайрап тұр. Көзі де жұмылған жоқ, дәл төбесінен 
төнген тауды, анау қар басқан көпірді көріп отыр. аманда жалғыз-
ақ қауіп қалды – ең болмағанда әкесінше ерлік жасап, екі аяғы 
құрысын, аЙҚаЙ өліммен ел-жұртты елең еткізіп, өле алмау 
қаупі. «Бұл жерде сайтан бары рас екен, әйтпесе мені матап-
байлап тастаған қандай күш, анау зарлаған дауыс кімдікі?».Осы 
кезде: ай алатайдың ар жағында бір жамбастап жүзген шақта, 
бергі беті ұйқтаған қара мысықтай қорқынышпен қарауытқан дел-
сал суық мезетте, үркер төбеден әлдеқашан ауып, енді көп ұзамай 
таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте, ұйқы мен ояудың, өлі мен 
тірінің екі ортасында шөкелеп отырған аманның қасына он жасар 
Бала келді. – Неғып отырсыз?
Оқыс дауыстан селк ете түскен аман қарсы алдындағы жалаң 
аяқ, жалаң бас қар кешіп тұрған баланың бетіне қадала қарады. 
Жүзі де, үні де таныс, бұрын бір жерден көрген секілді. Әсіресе 
ірілеу біткен жақ сүйегі, қой көзі, тақырлап алған доп-домалақ 
басы қазақтың қара ұлдарының көбіне-ақ ұқсағанмен, тура 
маңдайындағы ат тепкен ай тыртығы өте таныс. Сасқалақтаған 
жігіт өз шекесін сипалап жүріп, анау баланың мандайындағыдай 
тыртықты тауып алды. мұңды жанарын қаумалаған кірпіктерін 
қақпастан қалшиып тұрған Бала,бұдан ширек ғасыр бұрынғы 
Өзі екенін енді ғана шырамыта бастаған аманның тұла бойынан 
сұп-суық тер шыпшып шығып, дірілдеген саусақтарын тарбайтып 
соза берді.
– Сен екенсің ғой, аман. Қайдан жүрсің? Бұл жерге қалай 
келдің?
– мен өмір бақи сіздің жаныңыздамын, тек байқай 
бермедіңіз.
– Оған мұрша болды ма, айналайын. Ерте есейдік те, балалық 
шағымызды ерте жоғалттық.
– Көріп тұрсыз, жоғалмаған екенмін.
– мен сені, аман, қатты аЙҚаЙДаН шошып, талып құла-
ғанымда көрген едім. Көз алдымда ұйыған ал қара дүниенің ар 
жағынан шықтың да, мені қол бұлғап шақырдың.
– мен әрқашанда сіздің жан дүниеңізде өмір сүріп жүрмін. 
Жүз жасасаңыз да бір елі қалмақ та, қартаймақ та емеспін. мен 
сізбен бірге тудым, бірге жасаймын. Сіз – Үлкен амансыз, мен 
– Кіші аманмын. айырмашылық осында ғана. Қуансаңыз қоса 


100
қуандым, қайғырсаңыз бірге ортақтастым. Кейде мені ұмытып 
кеткеніңізде осылайша сіздің де баяғыда бала болғаныңызды 
есіңізге саламын. Түптің түбінде қартаярсыз, ажалыңыз жетіп 
өлерсіз, бірақ мен сонда да жасай беремін. Үлкен аманмен 
мәңгілікке қоштасамын да, жер бетіндегі азап атаулыны білмейтін 
арман қуған балалардың тобына қосыламын. Сіз білесіз бе, 
бұл өмірде бірде-бір адам өлмейді, олардың барлығы да балаға 
айналып, қайта жасайды, міне осылайша ғұмыр жалғаса береді. 
Қазір қарға көміліп қатып қалсаңыз, мен бәрібір тірі жүремін. 
ауылдағы сіздің балалардың арасында Үлкен аманның рухына 
айналып, түтініңізді түтетемін. мен – Сізбін және Сіздің жастыққа 
айналған жаныңызбын. Оны ешқандай аЙҚаЙ сескендіріп, 
тұқымын құрта алмайды. Сіз адал өмір сүрдіңіз, адалдықтың 
аласапыран толқынында адастыңыз да. алайда оған сіз кінәлы 
емессіз ғой. Әрбір жақсы ісіңіз, жарық әлеммен қоштасқан соң, 
игіліктің балапаны болып, өніп шығарын білесіз бе? Кеңістік үшін 
мына сіз құтқарғалы бара жатқан бір қора малдың, оны баққан бір-
екі адамның қара тырнақтай да қадірі жоғын білесіз бе?.. айталық, 
мұқым Еңбек аулының тұрғындары жер бетінен жоғалып кетсе де, 
жалпақ әлемнің қылшығы қисаймайтынын білесіз бе?.. Білесіз, 
бірақ осынау иненің жасуындай ғана әрекетіңізді арасанның 
суындай таза жүректілікпен атқарасыз. Сіздей ақ ниет азаматтар 
болмаса, монданақтай жер шары өңкей аЙҚаЙға айналар еді. 
Сонда ғана біздер – үлкендердің рухына айналған балалар өлер 
едік. Тұрыңыз орныңыздан, тұрыңыз да ақырғы рет ән салыңыз. 
Шырқаңыз, Үлкен аман, шырқаңыз! аЙҚаЙДы жеңетін ән ғана. 
Ән!
– Оған шамам жетіп жатыр ма? Қай жерімнен келеді ойын-
күлкі деген осы ғой.
– Ендеше, Сіз қазір Жарық дүниені қиыңыз да, аман-
есеніңізде арғы дүниеге аттанып кетіңіз. Сіздің алдыңызда 
мәңгілік сапар – ақиқат сапары күтіп тұр. Шейіт болу арқылы 
екінші өміріңіз – дүниенің барлық ызың-шуынан, әлемдегі барлық
заттан, тұрмыстық күйкі тірліктен, сөз бен көзден, мансап пен 
байлықтан, ең ақыры киім-кешек, сусын мен тамақтан, барлы-
ғынан азаттанасыз да, ештеңеге алаңдамайтын, еш нәрсеге бас 
ауыртып, балтыр сыздатпайтын шексіз ғұмырыңыз басталмақ. 
менменсінген «мЕНІҢІЗ» бірте-бірте майдай еріп, болмыстың 
бостандығына айналады; тек сонда ғана Жаныңыз, шын мәнінде, 
кеңістікпен табысып, сарғаймас жасыл түсімен жасай береді. 


101
айтыңызшы, Сіз мұндайлық – өлген соң ғана басталар өшпес 
өмірге дайынсыз ба?
– Жо-жоқ, атай көрме, дайын емеспін. Өлі арыстаннан тірі 
тышқан артық, – деп күбірледі аман. – мүлдем дайын емеспін.
– Ендеше, өтірік өміріңізді тасбақаша тырбаңдап жалғас-
тыра беріңіз. рас, аруақты ерлікке рухыңыздың шыдамасын сезіп 
едім. Жаны мәңгілікке ұласатын Ұлылық – жалған дүниені майға 
шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті ілініп-
салынып алжығанша жасау да емес, артыңа өшпес із қалдырып, 
арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни, өз өміріңізді 
оқыс әрі әдемі аяқтау. Дер шағында дұрыс өле білуден үлкен 
өнердің жоқ екені сол, сол... Ондай жаңғырып қайта туар, қайта 
жасар иманды талантты Сізге жазбаған, Сіз бар болғаны жер 
бетімен қи домалатқан қоңыз-пенде ғанасыз... Қандай аянышты 
мүскіндік десеңізші...
Көзін уқалап еді, әлгі ақыл айтқыш бала ғайып болды да, 
қабағынан қар жауған алып таулар қозғала бастады. Ұлы қимылға 
көшкен таулардың ырғатылып, ыдыранып, бірін-бірі иығымен 
соққылап қыбырлағанында аманның жаны мұрнының ұшына 
келді. «Қазір анау алатайдың құзарындағы мұздақ қарлар 
қопарылады да жер дүниені ұлы шуға бөлеп, сел ағады. мен 
көшкіннің астында қаламын. мен ғана емес, бүкіл әлемге топан 
суы қаптайды. Табиғат ашу шақырды, ағайын! Біз, адамдар, жер 
бетінен тып-типыл жоғаламыз да мұз дәуірі қайта орнайды. Жаяу-
жалпылы жүргендер мен бауырымен жорғалайтындар бақилыққа 
ғайып болады, тек аспанда ұшып жүргендер мен жер астындағы 
аруақтар, тек солар ғана тірі қалады. Әне, таудың екі иығы селкілдеп 
күлді; таудың жауырыны бүлкілдеп, өксіп-өксіп жылады; енді аз 
уақыттан соң арқасындағы қабат-қабат қар жабуын лақтырып 
тастайды, содан соң... бізге, бір күнгі тоқтыққа мәз кісінеген 
кісілерге қарай бір басып, екі басып жақындайды; бұдан соң... 
мыжып таптап өлтіреді, тау көтергіш Толағай қайда, жұртым-ау, 
Толағай! Бармысың әлде жоқпысың! Құтқара гөр құмырсқадай 
қыбырлаған ұсақ жандарды... Баяғының батырларын архивтен 
босатыңдар, ағайын, нағыз ерлік, асқан батырлық сыналар шақ 
туды. Табиғат ашу шақырды!» 
Теңселіп тұрған тау емес, қос шекесін қос қолдай қысып 
тәлтіректеген аманның өзі-тін. Оны саналауға мұршасы болмаған. 
Төтеден келген сырқаты, сонау шақта Бұқтырманың жағасында 
ұшына жабысқан ауруы қайталап қозып еді. «Тау қозғалды. Топан 


102
су қаптады» – деп, а-Й-Қ-а-Й-л-а-П барып, сұлап түскен. Бұл, 
аманның, өзі-өзі болғалы жер жаңғырта дауыс көтеріп, шыңғырған 
алғашқы да ақырғы ЖаН аЙҚаЙы еді...
аппақ мақта секілді қардың үстіне шалқалай құлаған. миы 
бұрынғыша сергек көзі ашық, сонау тегенедей төңкерілген қара 
көк аспаңды көріп жатты. Кім бізгілегені белгісіз, шұрық-шұрық 
тесілген жыртық аспан дәл осы сәтте өз әкесі аспанға ұқсаған. 
«Ұлым-ау, не болды саған? Осыншалық дәрменсіз бе едің?» – деп, 
үстінен төне үңіліп тұрғандай. Өзеннің жағасында жығылғанында 
жанары сансыз қан түйіршіктеріне толып жамырап кетіп еді, қазір 
олай емес, жаудыр көз жұлдыздар ғана самсайды. Әзірдегі Бала 
қайтадан келіп, басымды сүйер, деген үміт жылтырады, амал не, 
ешкім қол ұшын бере қойған жоқ. Сәбиін ұйқтатқан анадай мәңгі 
тыныштық, сол тыныштықтың құрбаны өзі. Бұның жан даусынан 
қар көшкіні де ақпады. Теңселе қозғалған жарықтық тау да «Сайтан 
көпірден» бері өте алмапты. «Сайтан көпірден» өту үшін қорықпау 
керек»,– деуші еді әкесі. аманды мұндай мүшкіл халге ұшыратқан 
өзінің қорқынышы; сескенбей, аялдамай, ештеңе ойламай салып-
ұрып өте шыққанда, ендігі алатайды асып, жылқышыларға есен-
сау жетер еді әлдеқашан. алғашында сайтанның салқыны шалды 
ма, деп ойлаған аманның әуелгі әрекеті «бисмилладан» басталды. 
Әлде өзін-өзі сендірген соң ба әлде сырқатының беті бері қарады 
ма, әйтеуір, ептеп сергігендей ме... «апыр-ау, осы күйімде серейіп 
қатып қалсам қайтемін. Балаларды қойшы, елде бардың ерні 
қимылдап жетіліп кетер. Екі аяқтан айрылған әкемді тағы да жер 
жастандырғаным емес пе? Бұған дейін неғып қана есіме келмеген. 
адам дегенің не өлген, не болмаса кең дүниенің бір пұшпағында 
тірі жүрген басқа біреудің өмір болмысын, іс-әрекетін қайталайды 
екен-ау. мен жалғыз емеспін. мен сияқты мыңдаған адам бар. 
Соның барлығы да бірінің тірлігін бірі, бірінің ой-мақсатын 
екіншісі қайталайды... Иә, қайталайды. Жақсылығын, ерлігін ғана 
ма, жамандығы мен сатқындығын да... а, Құдай екі аяғым үсісе 
екен, тым болмағанда, өзгені емес, әкемнің тағдырын бере гөр, 
бере гөр...»
адам баласы бақытты Құдайдан жалбарына сұрап ала 
алмайтыны секілді, өлімді де мойнына бұршақ салып қанша 
тілегенімен, ажалы жетпесе, азаптың отына өртеніп, кірпігі ғана 
қимылдап жата бермек. мұны қазақтар алланың бұйрығынсыз, 
дәм-тұзың таусылмақ емес, деп түсіндіреді. Қалай болғанда 
да ғажап, аспанда ұшып бара жатқан самолеттен құлап аман 
қалатын сәттіліктер өмірде өте сирек кездесетін кездейсоқтықтар 


103
болып көрінгенімен, ажалсыздықтан құтыла алмай арпалысқан 
адамдарды сан рет көріп те жүрміз. Дегенмен «Қырық жыл 
қырғын болса да тек ажалды өледі» деген сөздің бекерден-бекер 
айтылмағанын мойындататын уақиғалар болады.
Қар-қатынның әрі шоқтай ыстық, әрі мұздай суық құшағында 
жатқан аман жарық дүниеден, ес-ақылы ауыспай тұрғанда, толық 
азаттануды бар ділімен көксегенімен, әлгі айтқан «бұйрығы» 
жетпеген екен, болымсыз ғана тыныстап, бозамық әлемнің 
бозөкпе тірлігімен мүлдем қоштасуға қуаты жетпеді. Әл-дәрмені 
құрыған, өмірден күдерін үзген, бірақ белгісіз бір күш мұны арғы 
дүниеге аттандырмай мықтап ұстап тұр. Сана сайрап жатыр. Бала 
кезінде үлкендердің аузынан көп еститін өлімесірікке ұшырамай, 
жан тапсырудан иманды өлім жоғын білсе де, сол, әйтеуір, бір 
бармай қоймайтын абзал сапарға аттана алмай ышқынған. «рухым 
осыншалық осал ма еді» – деген ой миын салқындатып тұр. «Иә, 
оуп!» – деп, басын көтерді.
Дәл осы сәтте «Сайтан көпірдің» бергі басында қаздиып 
тұрған... кісісі жоқ екі аяқты – әкесінің жер астына көміп тастаған 
қос сирағын көрді. Өз көзіне өзі сенбей, жас парлаған жанарын 
сүртіп қайта қарады, сол – әкесінің аяғы! «Өңім бе, түсім бе».
«Тұр, айналайын!» – Күркіреген дауыс естілді. Қандай тылсым 
күш-қуат бергенін тәңірім білер, аман қолтығынан әлдекім 
демегендей, атып-ақ тұрғаны.
«Ер соңымнан» – деді әлгі үн. амал жоқ, бір басып, екі басып 
көпірге жақындады. ал әкесінің екі аяғы қозғалақтап барып, 
«Сайтан көпірден» дүрс-дүрс басып, арғы бетке өтіп барады. 
Енді еш нәрсенің де қауіп емес екеніне күмәні қалмаған аман зор 
сенім, қарышты қадаммен алға, тек қана алға аяңдады. Дүрс-дүрс, 
дүрс-дүрс...
Жұмыр жердің бетіндегі «Сайтан көпірден» өтіп аДамНыҢ 
аЯғы кетіп барады.
Жұмыр жердің төсінде сандаған сирақтар тайталасып жүр...
Бұл жалғанда жүру үшін жаратылғаннан бақытты не бар, не 
бар екен, тәңірім!..
* * *
Ертеңінде... алатай жазығындағы аппақ дарияның бетімен 
бір-біріне қарама-қарсы қар бұзып, қараңдаған екі топ келе жатты. 
аЙҚаЙ ДҮНИЕ деген сол да... осы ғой, осы...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет