142
– мына сен, – деді аманжанға. – мына сен, – деді көзі іліне беріп
шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. – ауыздарыңнан ана
сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар. Елу жыл бойы
осы айыртауда – арыстандай айбат шегіп, ошағымның отын
сөндірмей отырмын. Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып
көрген жоқ... мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары
біледі. ал сендер білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың
сөзін бөлді.
– ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін
ұшпай ма?..
Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін. мені, әйтеуір, бір күні
бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады.
– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан.–Если бы от
горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным – не
было бы дня.
– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін
дәлелдегісі келгендей есінеп.– Біздің ауылда бір шал: «Қазақ-
қа ассалаумағалейкум деп амандассаң бір самаурын шайым
кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... Жарық-
тық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды.
Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құн-
дыздың, бұлғынның, суырдың, тиінның, қасқыр мен аюдың
терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады. Осыншалық байлықты
бұрынды-соңды көрмеген жігіттер кебеже ақтарып отырған
Қоңқайдың қасына қалай барып қалғаңдарын өздері де сезбеп
еді. Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан: – міне
байлық,– деді басын шайқап. аманжан ысқырып жіберді.
– міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның
түгі жылт-жылт еткен терісін сипап. – Көктен Құдай, жерден
шұнай алмайды. Білгілерің келсе аудан, облыстардағы мұқым
қаратаяқтың басындағы бөрік, әйелдерінің жағасы – мен атқан
аңның терісі. ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып
бара жатқаны белгілі.
– Түсінік-те-е-ее, – деді аманжан ысқырып. – Пара деші,
п-а-а-ра!
– Иә, пара, шырағым. – Шал терілерді орнына қайта
жайғастыра бастады. – Бергенді, алғанды кім жек көрсін. Егер
осы үшеуіңді өлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен
сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: