Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Нұржан: 
– Өте жақсы. ал қара қағаз қашан келді?
Екеуі бірдей жарыса: – 1943 жылдың қысында... Сталинград 
түбінде ерлікпен қаза тауыпты.
Нұржан:
– Өте жақсы. ал енді біздер дүниеге қашан 
келдік? – аманжан шалдың нарын сықырлата қозғап, маңдайын 
уқалады. Бақытжан өп-өтірік жөтелді. Бәлкім ұялғандығы 
болар. Неменеге ұялады екен?..
Нұржан: 
– Ә-ә, үндемейсіңдер ме? Олай болса ащы 
шындықты мен айтайын сендерге... 
анау екеуі бірдей селк етіп, салбыраңқырап кеткен басын 
кегжең еткізіп көтеріп алды.
Нұржан:
– ...мың да тоғыз жүз қырық алтыншы жылдың 
күзінде... келіппіз осынау б-а-қы-т-ты өмірге... Түн жамылып 
отырмыз ғой, ағымыздан жарылайықшы, жігіттер, сонда 
біз әкелеріміз соғыста аттанған соңғы үш-төрт жылда қайда 
жүрдік?
– Сендерді білмеймін, – деді Бақытжан желкесін қасып, – 
өзім әкемді майданға алып кеткенде іште қалыппын... Шешем 
солай деген...
аманжан қарқ етіп күліп жіберді.
– ляуқи неме, төрт жыл бойы шешеңнің ішінде жатқан 
екенсің ғой, ха... ха...
Нұржан: 
– ал енді осыған, осы трагедияға айыптымыз ба? 
Жоқ болмаса, қандай да бір жолмен бізді жарық дүниеге әкелген 
анамызды кінәлар ма едік. – Өңі сұп-сұр болып, дірілдеп кетті. 
Достары аға трактористің ашуланғанын тұңғыш рет көруі еді, 
таңырқай қарады. – Жоқ, жарқыным, соғыс кезінде немесе 
соғыстан соң туғандар бір-біріне ұқсап жатса оған балалар әсте 


139
де кінәлі емес. Ендеше, оған ешбір қорланудың да, ұялудың да 
қажеті жоқ. Конечно в этом мире нам трудно будет жить, но за 
то мы получили жизнь. мы – дети войны. мы – законное дитя 
эпохи.
– Ұрлықтан тапқан ұрпақтармыз, – деді аманжан күрсініп. 
Осы кезде алдыңғы сеңкенің арғы есігі тықырлады. Сол 
тықырды естіген үш жігіт елеңдесіп қалды. Өз үйінде емес, 
дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шалдың лашығында түнеп 
отырғандарын енді ғана түсінгендей сасқалақтап бір-біріне 
қараған. аманжан жалма-жан мылтыққа жармасты. Есік 
ашылды да бір құшақ отыны бар шал кірді. Қақ төрде өзіне 
қарап мылтық кезенген аманжанды көрмегендей, құшағындағы 
қар-қар жаңқаларды пештің қанат іргесіне тастай берді. Содан 
соң асықпай, саспай темір пештің қақпағын ашып, қып-қызыл 
шоғы жайнап жатқан оттың көмейін көсеп, отын салды. Оның 
әр қалт еткен қимылын аңдып тұрған аманжан шалдың 
осыншалық саспастығына жыны келді білем, затворды сарт-
сұрт еткізіп, атуға дайындалды. Шал сонда да сасқан жоқ. ал 
орындықта зәре-құты қалмай бақырайып отырған екі жігіт 
демдерін ішіне алып қатқан да қалған.
– Оғы жоқ мылтықты оқтанып қайтесің, – деді орнынан 
тұрып, ыдыс-аяқ жаққа беттеген Қоңқай.– Егер мені шын атып 
өлтіргің келсе, анау бас жағыңдағы дайын патронды ал да, оқта. 
Әй, сенен ондай ерлік шықпас, – деді содан соң. – мені көздеп 
тұрып, анау өз жолдастарыңа тигізіп аласың ба деп қорқамын.
– Сен секілді аң атып үйренбесем де, адам атып көрейін. 
– Шегеде ілулі тұрған белбеуді шапшаң жұлып алып, қаз-қатар 
тізілген патронның бірін оқтады да, шалды қайта көздеді. 
Қоңқай бәрібір елең ғұрлы көрмеді.
– Қой, аманжан! – деді Нұржан.
– Былшылдамай тыныш отырыңдар, – деді көзі қанталаған 
аманжан. – Дыбыр етсеңдер, сендерді де сұлатып саламын.
– Ең алдымен қоян атып үйренсең еді, ұлым. – Қоңқай 
мысқылдап күлді. Сасар емес.
– Ерегестірмеңізші, ата, ашумен атып жіберер, мінезі шатақ 
еді. – Бақытжанның даусы жалынышты әрі қорқынышты 
шықты. Қоңқай қыңбады. Шуатылған ұзын ақ көйлегінің етегін 
көтерді де, дамбалының ышқырынан қыстырған трубкасын 
алды. ышқырын тағы да сипалап жүріп, махорка салған 
дорбасын тауып, трубкаға толтырып нығай бастады. «Не деген 
нерв, – деп ойлады Нұржан. – Темірден жаратылған шығар».


140
– Ойлан, аманжан, ойлан,– деді тістеніп, не істерін білмей 
отырған Нұржан. – адам ату оңай емес.
– азамат соғысында, Отан соғысында бір-бірін қалай 
атты адамдар. Сол үшін батыр болды, омыраулары орден-
медальға толды. Немене ондай ерлік біздің қолдан келмей ме?! 
– Долданып, аузынан ақ көбік атып тұр.
– Олар жау еді ғой,– деді Нұржан.
– мына шал жау емес деп кім айтты. Фашистерден 
әлдеқайда қауіпті. ал иманыңды оқы, қақпасым.
Бес-ақ қадам жерде трубкасын пештен алған шалмен 
тұтатып міз бақпай тұрған Қоңқайды бейне жүз метрде 
тұрғандай тым ұзақ көздеді. рас, атып-ақ салғысы келді. амал 
не, көздеген сайын көзі қарауытып, шүріппеге тиген саусақтан 
жан кеткендей. Өне бойы өз-өзінен қалтырап, буыны босай 
берді. Қоңқай қысық көзін бағжаң еткізіп, алая қарағанда, 
аманжанның қолындағы қос ауыз мылтық салдыр-гүлдір 
етіп жерге түсіп-ақ кетіп еді. Шала басылып тұрған шүріппе 
салмақпен түскенде өзінен-өзі тарс етіп атылып, қоянның 
құмалағындай оқ шалды жанай өтіп есікке тиген. ағаш есік 
шалқасынан ашылғанда, аядай үйге саулап суық кіре бастаған. 
Шал оқ тиіп ашылып кеткен есікті қайта жауып, тиегін салды.
– Осы қақбасты бір жерден көрген секілдімін. Қайдан? 
Жүзі өте таныс.– аманжан шөкелеп отыра кетті де, өз тізесін 
өзі ұрғылады.– Неге ата алмадым, құдай-ау, неге?
Әлгінде мылтық саңқ еткенде Нұржан жанарын жаба 
қойып еді, көзін қайта ашқанда шал тірі, ағаш кебеженің 
үстінде трубкасын сорып жайбарақат отыр. Бақытжан бүк түсіп 
солқылдап жылап жатыр: «Тәңірім-ау, көрсетпегенің көп екен 
ғой. Енді қайттік?» Сәл тыныштық орнады. Тыныштық орнату 
үшін бейне бір мылтық атылуы керек секілді... жарасымды, 
жуас тыныштық. Нұржан: – Сіз кімсіз, ата?! Шал: – мен – 
Қоңқаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет