Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Аманжан: 
– Әттең, бәрі кеш,– деді тісін шықырлата қайрап.– 
Бір сұмдықтың боларын жүрегім сезіп еді. Сенгім келмеп еді 
сол шалға. Енді міне адалдықтан адасып отырмыз. Әкеңнің... 
сол Қоңқайдан бастап, бүкіл әлемді трактормен таптап өтер 
ме едім. – Көңілі қанша пәс болғанымен, аманжанның сөзіне 
еріксіз күліп жіберді Бақытжан. мырс етті де: 
– «Гарющиің» жетпейді ғой, – деді.


163
Аманжан:
– Жоқ, одан басқа да бір нәрсе жетпейді. арам 
өлгенше – айғайлап өлейін – а-а-а-а-у-у-ы-а! мен тоңып, 
жылынарға – от, ішерге – ас таба алмай отырмын, ей, адамдар! 
Естимісіңдер, менің үнімді! – Ол құлағын тосып, тың-тыңдаған 
болды да қайта кіжінді. Жұдырығын түйіп, әлдекімге айбат 
шекті. – Ә-ә, үндемейсіңдер ме, қол ұшын беруге қорқасыңдар, 
ә! «Біз не көрмедік», – деп кеудесін қағатын, ей, ағалар, ха-ха-ха, 
ендеше, мына біз не көрмедік.– Дәу жұдырығымен кабинаның 
темірін қойып-қойып қалды. Қолының ауырғанына да қараған 
жоқ. Кеудесін қысқан ұлы долылық дес бермей, қанын сарқ-
сұрқ қайнатып еді...
Бақытжан:
– Өле қалсақ бір-бірімізге топырақ та сала 
алмайтын болдық-ау.
Аманжан: 
– Ничего, қар саламыз, ха-ха-ха... Не деген сорлы 
пенде деген...
– Жетті! ажалдан бұрын алжымайық! – деп жекіді Нұржан. 
Аманжан:
– мынау кабина емес – камера секілді. ал сен, 
жолдас а-а-аға тракторист, надзирательге ұқсап кеттің; һм, 
далада бұдан гөрі жылырақ шығар. Не істейміз? Босатыңдар 
мына түрмеден.– Кабина қабырғасын тағы да ұрғылай 
жөнелді.
Бақытжан:
– Өздерің біліңдер, әкри. мен глубоки ұйқыға 
кеттім. айтатын сәлемдерің жоқ па! Чао! Хай!
– мынадай суықта бір минут те көзі ілуге болмайды,– деді 
Нұржан.– Трактордың ығын тазалап, қасат қар ойып әкеліп, 
үйшік қалап алайық. Қардың іші жылы болады.
– астымыздан сыз өтпей ме? – деді Бақытжан қалыпты 
сақтығына басып. мінезі ауыр, көп сөйлей бермейтін Нұржан 
досының шолақ ойлылығына жыны келді білем: – Трактордың 
бесеткасын төсемейміз бе... артымызға,– деп зілдене тіл қатып 
еді, ол бір күн болса да аға тракторшы санайтын Нұржанның 
ыңғайына көшіп: – Өздерің біліңдер, – деп жығыла салды.
– ал не тұрыс, қар оялық,– деп алдымен аманжан 
қарғып түсті. Бірінің артынан бірі жерге секірген олар бейне 
парашютпен қарғығандай топ-топ етіп құлап жатыр. ызғырық 
жел үріп, беріштенген сеңдей сірескен қарды күректеп, 
балталап ойып, суық қарып маңқайып тұрған ДТ-ның ығына 
қалап, үй жасай бастады. Саусақтары тоңазығанымен, қап-
шағай қимылдап, бірсіндеп енді бойлары жылып, ептеп тер 
шыққан. Жан дәрменге түсіп, қар үйшікті әп-сәтте жасап 


164
алды. Трактордың әбден май сіңген отырғышын, арқалығын 
шығарып әкеліп төсеніш жасады. Денесі жылыған жігіттердің 
көңілі көтеріңкі, бір-бірін итермелеп, асыр салып ойнады.
– Ұядай, – деді аманжан гүжілдеп. – Тамақ табылса қыстап 
шығуға болады.
Үшеуі қатарласа жата-жата кетті.
– Әйтеуір, қара басып ұйқтап қалып жүрмейік, – деді 
Нұржан.
Бақытжан айтты:
– Ұйқтамайтын болсақ, несіне үй 
жасадық. аманжан айтты: – Тоңбас үшін, ақымақ.
Нұржан айтты: 
– Әсте ұйқтауға болмайды, үсіп өлеміз. 
Бұдан әрі аманжан темекісін тұтатып еді, ала көлеңке қар 
үйшіктің ішін сәуле тіміскеледі.
– Темекіңді бықсытып кеп тарта берме, әкри, – деп Бақытжан 
қылжыңдаған болды, – үйімізді өртеп жібересің.
– Оттама, – деді теріс қарап бүк түсіп жатып. – Темекіден 
өртенбейді мұндай үй, сен шығарған газдан өртенеді.
– Таздан тарақ, бізден газ қалғалы қашан? – деді Бақытжан. 
Одан әрі қар үйшіктің ішінде бөтен әңгіме болған жоқ, әркім өз 
ойымен оңаша қалған. алыстан... тым алыстан... аш қасқырдың 
ұлығаны естіледі. Сол бір айлы түнде тараған жат үнді Бақытжан 
да естіп, елегізеді білем, қорқынышын қалжыңға айналдырды.
– Тракторыңды қасқыр жеп кетпесін, – деп жырқ етіп өзі 
күлді – өп-өтірік күлді. Онысы оғаштау көрінді. аманжан 
темекісін құшырлана сорып, қайтадан бері аунап түсті де:
– Оттапсың, ең әуелі ішіміздегі семіз, майтыққан көтендей 
сені жейді, – деді. Осынау сырықтай ұзын, ат жақты, қара сұр 
құрдасынан сескенуші еді, шаптығып бетінен алған жоқ, бірақ 
сөзден есесін жібермейді.
– аш қасқыр семіз, арық деп таңдап жүреді дейсің бе. Сенің 
де сорпалығың бар, – деді.
Нұржан ауыр ойда еді. Қайта-қайта көзіне тығыла берген 
ұйқыны уқалап қуып, әр нәрсенің басынан бір шалып, көз ілмей 
сандалып жатқан. Осындайда, қолың тимей жанталасқан сәтте, 
маза бермес ойдың да түбі тайыздап, қаңсып қалары бар.
Әскери қызметте жүрген екі жылын есіне түсіріп көріп 
еді, құр әурешілік болды – көз алдына күзетте тұрған азапты 
түн ғана елестеді де, тек сол кірпік қақпастан қақайып тұрған 
сәті ғана... тіпті көзі уақ-уақ жұмылып, қалғи берген соң, 
аманжаннан шылым сұрап тартып еді, үйренбеген соң ба, 
қолқасына түтін кептеліп, қақалып-шашалып мазасы кетті.


165
– Жігіттер, ұйқтап қалмайық, – деді сонсоң дауыстап. 
– Далаға шығып, әрі-бері алысып ойнасақ қайтеді. Ұйқымыз 
қашып, бойымыз жылысын, – деді.
– Ол да ақыл, – деп аманжан темекісінің тұқылын сөндірді 
де, еңкеңдей шегініп тысқа шықты.
– Төбелесейік, шын айтамын, жылынатын түріміз жоқ, 
төбелесейік, – деп жалынды аманжан жұдырығын бір-біріне 
ұрғылап, тісінен от шығара қайрап.
– мен ондай ойынға қатыса алмаймын, әкри, – деп Бақытжан 
тайсақтай берді. Нұржан айтты:
– Біздің шамамыз саған жетпейді ғой.
– Екеуің жабыласыңдар, – деді соғысқа әзірленген аманжан. 
– ал, қане, келіңдер. Жасасын төбелес, ура!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет