Бақытжан:
– Бетперде ғана, шын адам соның ар жағында,
деген екен бір данышпан.
Аманжан:
– Сенің ол данышпаның оттаған екен, ендеше.
«адам бір боқ көтерген – боқтың қабы»– деген біздің абай
ақсақал. – Жөтел булықтырып, тамағын кенеп алды да,– бәрі
бекершілдік. Бүгін алдасаң, ертең – алданасың. Баяғыда...
мүлдем басқаша еді ғой. Ол шақта жаз болатын. ал мен уыздай
жас едім,– деп жұмбақтылау күрсінді.
Бақытжан:
– Қазір қартайып тұрсың ба? Бар болғаны
жиырма үштен астық.
Аманжан:
– Иә, достарым, біздер бос шана сүйреткен,
сондықтан жасына жетпей қартайған сақалы жоқ шалдармыз.
Нұржан:
– Балалықтың базарлы күндерімен жылап
қоштасқалы қашан.– Ол да әсерленіп, көңілі бір түрлі алабұртып
отыр еді.– Шынында да, баяғыдай емес... бір түрлі жанға – жат,
тәнге – салқын.
Бақытжан:
– мынау аппақ дүние... Сұп-суық.
– Бақытжан:
– Кімдерге – суық, кімдерге – ыстық, өмірге
өкпелеуге болмайды.
Нұржан:
– Ендеше, тракторды сөндірмей болмайды...
Бақытжан:
– Неге?
Аманжан:
– Біздің түбімізге жетіп, шашымызды ағартатын
сенің осы «неге?» – деген сауалың шығар.
Бақытжан:
– Өмірдің өзі осы сұрақтан тұрмай ма?
160
– Жанармай таусылып қалса, ертең мынау ит өлген жерден
шыға алмай, сеспей қатпаймыз ба?– деді Нұржан.
– мен де бекер сұрап отырғаным жоқ. Осы бірдеме айтсам,
шаптарыңа шоқ түскендей, тулайтындарың не? моторды
өшірсек трактордың суы қатып қалмай ма?. Содан соң радиа-
тормен мәңгілікке қоштаса бер. ал радиатормен қоштасқаның
– өміріңмен қоштасқаның. – Бақытжан ана екеуі аузын ашса
тағы да дауласайын деп, іштей ширығып дайындалып еді, олар
үндемеді. Өйткені Бақытжанның «таптым» деген логикасы
бұлар үшін әлімсақтан белгілі қарапайым нәрсе. Ендеше,
бас қатырып, дәлелдеп қайтеді... Басқа ғой жандарын қинап
отырған... басқа-суды ағызарлары сөзсіз. Бірақ ертең қалай
қыздырады тракторды, радиаторға құятын ыстық суды қайдан
алады?..
Шарасыздықтың торына қайта қамалып, асығыс көтеріл-
ген айдан жылу дәметкендей телміріп біраз тұрды.
– Ура! – деді Бақытжан теріден тігілген биялайын бір-біріне
ұрып. Өзі жерге ұшып түсе жаздады.– Ура! ананы қараңдар.
От көрінеді.
Ол нұсқаған жаққа жалт қарасып еді, сол бүйірдегі
аласалау таудың иығында бір нәрсе жылтырап жанып тұр екен.
алғашында шынымен от екен деп ойлап қалған, от болған
күннің өзінде тым-тым алыста еді.
– От емес,– деді аманжан саспай,– таудың көк желкесінде
қай ағайының қазан асып жатыр еді. Жұлдыздың шеті.
мылқау үнсіздік қайта басты. Тек ДТ-54 қана дамыл таппай
зіркілдейді. ақшарбыланған айналадан өлімнің суық иісі
сезілгендей бір түрлі қорқынышты, самсап шыққан жансыз
жұлдыз, қиналған, азап шеккен адамзат үшін осыншалық
пайдасыздығын сезінгендей жасқана жымыңдайды. Нұржан
ақ түс – сәулені тұңғыш рет өлердей жек көрді. Бойын ептеп
қорқыныш билеген. Ол осалдығын жолдастарына сездіргісі
келмеді. Сол секілді ол алғаш рет қарнының ашқанын сезінді,
жылы төсек, ыстық сорпаны сағынды, жұтқынып барып өз
әбестігін жөткірініп жасырды. ат жалын тартып мінгеннен
бері жақсы менен жаманның, ақ пен қараның екеу арасына
шекара қойып көрмеген ұлан өмірдің тауқыметі үлкенге де,
кішіге де ортақ, бас та, жас та талғамайтын оспадарлығын әрі
әділдігін бағамдаған. Бағамдап тұрып, әр нәрсе өз тұсында
керемет екеніне ой көзін жіберген. Соғысқа барып бір құлағын
161
беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен
суына жетіп ұрсып еді-ау. айтары жалғыз сөз болатын:– Біз не
көрмедік, жаумен алыстық. Жамбастан сыз, аяқтан ызғар өтті.
Жоқшылықтың зардабын тарттық. Иә, біз не көрмедік. Кейінгі
жастар ғой мұңсыз-қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелеп-
есіріп жүріп жатқан. Енді ойлап тұрса, онысы бекер, әншейін
бая-шая байбалам екен. «Біз не көрмедік? Ендеше, мына біз не
көрмедік? Ендеше, мына біз, бейбіт өмірдің сіз көзге шұқып,
жазғыра берер ерке ұлдары не көрмедік? Қайда қиындық
– сонда жатыр. айқайлаған үнімізді естіп, кеңірдектен қар
кешіп, бойымыз суып бара жатқанын кім естіп, көріп тұр бұл
жалғанда», – деп айтқысы-ақ келді.
– Не істеу керек?! – деді аманжан тісін шақыр-шұқыр
қайрап. – Не істеу керек? айтсаңшы, аға тракториссің ғой.
Нұржанға шүйлікті.
– Өздерің біл, әкіри, – деді Бақытжан, – қарным аша
бастады. Ішімде бір кесек мұз жатқандай.
– Тракторды сөндіреміз,– деп кесіп айтты Нұржан. Бұдан
соң газдың тұтқасын төмен баса салды. аппақ саумал сімірген
айналаны құлақ кесті тыныштық басты. Жым-жырт, жұмбақты
дүние. Тіршіліктің күйін шертіп тұрған аппақ дүниенің...
бетіндегі қара ноқат мүлдем үзілді – бір сәтке көз жұмып өлді.
Нағыз суық енді ғана басталғандай.
Оның не ойлағанын айтпай түсінген аманжан: – Суын
ағызайық, – деп трактордан қарғып түсті. Оның артынан
екеуі де секірген. Омбы қарды кешіп барып, тығынын ағытып
жібергенде ып-ыстық су сарылдап, тиген жерін ерітіп, буы
бұрқырап аға жөнелді. Бұл қалпында алып бір өгіз зәр жіберіп
тұрғандай еді. Қолғаптарын шешіп-шешіп жіберіп, үшеуі
бірдей еңкейіп ыстық суға қалтырай мұздаған қолдарын жуды.
– Қандай рақат, ішер ме еді? – деді Бақытжан мәз болып.
– Ішіміздегі мұз ерір еді, әкри.
– Сенің асқазаның ДТ-нікінен әлдеқайда мықты, ішсең –
іш, – деп азғырды аманжан.
– Тапқан екенсің ақымақты. Ертең осы суға зар боламыз.
– алдыменен сол ертеңге жетіп алайық, – деді аманжан.
– Бір амалы табылар, – деді Нұржан. Бұдан соң үшеуі бір-
дей кейін шегініп, жып-жылы қолдарын қойындарына тығып
жіберді. ауыздарынан ұшқан бу ай сәулесінде көк түтін
болып будақтайды. Белуардан қар кешіп келді де, трактордың
табанына секіріп қайта шықты.
162
Әншейінде аузына маржан салғандай, қалғып, үн-түнсіз
отыра беретін Бақытжан тым-тым сөзшең болып кетті. Әлде
ішкі бір қорқынышын жасырғаны ма, әлде шарасыздықтың
торына қамалған соң, «енді бәрібір» деген тәуекелі ме?
Кім білсін. Қазір де трактор табанына қарғып қайта шыға
салысымен екі қолын кезек сермеп: – Қар – мұхит; трактор
– кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен, – деп елеуреп,
тақпақтай жөнелді.
– атаңның басы, – деді аманжан ит жыны ұстап. –
аппақ дастарқанның бетіндегі сасық қоңызбыз. Тарақанбыз
өрмекшінің торына шырмалған. Қанатын әумесер бала жұлып
алған дәрменсіз шыбынбыз. Тырбанамыз келіп, содан соң...
тырапай асамыз...
Үнсіздік басты. алыстан... тым-тым алыстан шыңшыңдаған
бір сыңсу талып жеткендей. Сол жұмбақ үнді тек қана Нұржан
естіп, елегізеді.
– апамдар тамағын ішіп баяғыда жатып қалған шығар,–
деді Бақытжан аяқ астынан мұңға беріліп.– Сендерге бекер
ердім, әкри... «Ойбай, мына тұрған жер, шауып барып алып
келеміз», – деген соң...
– Сені қойып, өзім де өкініп отырмын, – деді аманжан оның
сөзін бөліп. Үнінде зіл, әлдекімге кіжіну бар. – Осының бәрі
Қоңқай қақбастың кесірі... Қысты күні бұл кербаққан тұстан
айыртауға асар жол жоғын сезіп едім.
– Сезсең неге айтпадың? – Бақытжан шап ете қалды. – Сол
үйден ауылға кері қайтып кетсек, төбемізге шай қайнатардай
шошындың... Ендігі мұрнымыз шуылдап өз отымыздың
басында, сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді міне... айдала,
аппақ қар, қырық градус суықта бойымыз суып бара жатқаны.
– Оның көзіне тығылып жас келіп қалып еді, ол осалдығын
жасырған жоқ, кемсеңдеп қоя берді. – Құдайым-ай, елден екі
елі ажырауға болмайды екен-ау... – Оған қой деп жұбату айтқан
ешкім болмады. Әркім өз ойымен арпалысып отыр еді.
Достарыңызбен бөлісу: |