Оптикалық талдау әдісі
Талдаудың оптикалық әдісінің негізінде анықталатын ерітінді қабаты арқылы өтетін жарық интенсивтілігінің (электромагниттік шағылысуының) өзгеру заңдары жатады.
Жалпы жағдайда жарықтың материалдық жүйе арқылы өтетін жарықтың бөлігі берілген жүйемен сіңіріледі, бір бөлігі шашырап кетеді, ал қалған бөлігі материалдық жүйенің өзі аркылы өтеді.
І0-І1+ I2 + І3
Мұндағы:
Іо - берілетін жарықтың интенсивтілігі,
I1 - сіңірілген жарықтың интенсивтілігі
I2 - шашыраған жарықтың интенсивтілігі
I3 - өтіп кеткен жарықтың интенсивтілігі
Талданатын заттардың атомдары мен молекулалары жарық энергиясымен сіңірілген талдау әдістеріне негізделген және аналитикалық зертханаларда кеңінен таралған абсорбциялық оптикалык әдістердің үлкен тобын құрайды.
Жарықтың сіңіру кезінде сіңіргіш заттардың атомдары және молекулалары энергетикалық қозу күйіне ауысады. Атомдар мен молекулалардың бастапкы энергиясы бір жағдайда олардын келіп түсу, айналу және тербеліс энергияларының жоғарылауына шығындалады, ал басқа жағдайларда 2 - шілік шағылысу (флуоресценттік) түрінде бөлінеді немесе фотохимиялық реакцияларға шағындалады.
Сіңіру бөлігінің түрі мен бастапқы қозу энергиясын трансформирлеу әдістеріне байланысты 4 түрге бөлінеді:
1. Атомдық - адсорбциялық талдау жарық энергиялары талданатын
заттардың бас атомдарымен сіңіруге негізделген атомдық -
адсорбциялы спектофотометрлеу.
2. Молекулалық адсорбциялық талдау ультра күлгн, көрінетін және спектрдін инфрақызыл облыстарындағы талданатын заттардың күрделі иондары мен молекулаларымен сіңіруге негізделген.(УК-спектрфотометрлеу,фотоколориметрлеу,ИҚ-спетрфотометрлеу);
3. Талданатын заттардың жарық энергияларының өлшенген бөліктерімен шашырау және сіңіру бойынша талдау (турбидиметрлеу,нефелометрлеу);
4. Алюминесценттік талдау (флуорометрлеу) әдісі талданатын заттардың қозғыш молекулаларының энергияларының шығыны нәтижесінде пайда болатын шағылысуды өлшеуге негізделген. Бұл әдістердің бірігуі спектроскопиялық талдау әдісінің тобын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |