Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


Бөлшектік және жүйелі анализ



бет21/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   155
Бөлшектік және жүйелі анализ

Ерітіндідегі катиондарды бөлшектік және жүйелі тәсілдермен ашады. Бөлшектік анализдің мақсаты анықтайтын ионды ерекше реакцияның жәрдемімен қоспадан анықтау болып табылады. Химиялық реакция тек осы анықтайтын ионмен реактив арасында ғана жүріп, осы реакцияға ғана тән сыртқы эффект береді. Ерітіндідегі басқа иондармен реакция жүрмейді және жүре қалған күнде сыртқы эффект бермейді. Демек, бөлшектік тәсілде ерекше реактивпен ерітіндіден тек қана бір ғана ионды анықтайды және бұл ионды анықтауға басқа иондар кедергі келтірмейді. Мысалы, ерітіндідегі мырыш ионын дитизон реагентінің жәрдемімен анықтайды. Реакция нәтижесінде қызыл түсті мырыштын ішкі органикалық комплекс ерітіндісі түзіледі.


C6H5 – NH – NH C6H5 – NH – N – Zn – N – NH – C6H5

2 CS + Zn²+ → CS SC +2H+

C6H5 – N = N C6H5 – N = N N = N – C6H5
Сондай – ақ Ni2+– ионын ашуға диметилглиоксим C4H8N2O2

ал, Al3+ – ионын анықтауға алюминон – (NH4)3C19H11O3(COO)3 реагенттері пайдаланады.

Егер катионды бөлшектік анализ жолымен анықтауға мүмкіншілік болмаса, онда анализді (жүйелі) тәсілмен жүргізеді.

Жүйелі анализ деп ерітіндідегі катиондарды жалпы және топтық реактивтер арқылы топ – топқа бөліп, бөлінген топтардағы катиондардан әрбір катионды өзіндік ерекше реактивтер көмегімен анықтауды айтады. Сонымен жүйелі тәсілде қажетті катионды ашуда, оны топқа бөлу арқылы көптеген басқа иондардың әсерінен ажыратып алады да, әрі қарай өзіндік реакциясымен анықтайды. Жүйелі тәсілде барлық катиондар аналитикалық топтарға бөлінеді, әрбір катиондар топтарын және жеке катиондарды зерттеу белгілі тәртіппен, бір топтан кейін екіншісінің әрі қарай келесі топтарды тұнбаға түсіру және бөлу арқылы жүргізіледі.

Бөлшектік анализ бен жүйелі анализді бір – біріне қарсы қоюға болмайды, қайта олар өзара бірін – бірі толықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет