Сапалы анализ тәсілдердің классификациясы (жіктелуі)
Анализге қажетті заттардың мөлшеріне және көлеміне қарай ИЮПАК (Дүниежүзілік таза заттар және өндірістік химия қоғамы) сапалы анализ тәсілдері туралы төмендегі классификацияны қабылдады.
Сапалы анализ тәсілдерінің ИЮПАК – тік жіктелуі (классификациясы)
2-кесте
№
|
Ескі аты
|
Жаңа аты
|
Тексеретін заттың
мөлшері
м ассасы,г көлемі,см³
|
1
2
3
4
5
6
|
Макро-анализ
Жартылай микроанализ
Микроанализ
Ультрамикро-анализ
Субмикро-анализ
Субультрамикро-анализ
|
грамм-тәсіл
сантиграмм-тәсіл
миллиграмм-тәсіл
микрограмм-тәсіл
нанограмм-тәсіл
пикограмм-тәсіл
|
1 – 10 10 - 100
0,05 – 0,5 1 - 10
10-3– 10-6 10-1– 10-4
10-6 – 10-9 10-4 – 10-6
10-9 – 10-21 10-7– 10-10
10-12 10-10
|
Анализ кезінде заттың массасының мөлшерінің маңызы зор. Массаның аз немесе көп болуына байланысты анализді қайсы жолмен жүргізу тәртібі белгіленеді және әр жолдың өзіндік методикасы бар. Көбінше аналитикалық лабораторияда реактивтерді үнемдеу мақсатымен сантиграмм-тәсіл кеңінен қолданылады және оны кәдімгі шыны пробиркаларда жүргізеді.
Миллиграмм-тәсілінде 0,1см3 көлемінде ерітінді қажет етіледі, реакция іс жүзінде тамшылық тәсілмен, немесе микрокристаллды оптика тәсілмен жүгізіледі.
Микрокристаллды оптика тәсілі деп реакция нәтижесінде шынының бетінде пайда болған қиыршықты формасын микроскоп жәрдемімен тексеріп, оның қандай катионға тиісті екенін анықтауды айтады. Кристаллооптика және кристаллография өз алдына, қийыршықтынің формасымен, оның құрылыс структурасын және олардың параметрлерін зерттейтін ғылыми сала. Әрбір химиялық кристалл тек өзіне тән формаға ие болады және шыны тілікшенің осы формасы арқылы қажетті ионды анықтайды. Мысалы, шыны тілікшесінің тамызылған бір тамшы натрий ионының ерітіндісімен қосылған бір тамшы цинкуранилацетат реактивінен түзілген
NaZn (UO2)3 · (CH3COO) 9 · 9H2O
Na++Zn(UO2)3· (CH3COO) 8 ∙ 9H2O + CH3COOH = NaZn(UO2)3 · (CH3COO) 9 + 9H2O (бу)
тетроэдр формалы сарғыш тұнба түзіледі. Микроскоп арқылы шыны бетінен реакциядан кейін осы формадағы тұнбаны байқасақ, біз бұл кристалда натрий ионының бар екенін ашамыз.
Тамшылық реакцияны фильтр қағазы бетінде орындайды. Қағаз бетіне қажетті ионның бір тамшы ерітіндісіне бір тамшы сол ионды ашуға қажетті реактив ерітіндісін тамызсақ, қағазда осы реакцияға тән сыртқы эффекті пайда болады, көбінше қағаз беті түрлі түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |