Катиондардың қышқылды-сілтілік жіктелуі (классификация)
3-кесте
|
Т о п т а р
|
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
VI
|
Катиондар
|
Li+,
K+,
Na+,
NH4+
|
Ag+,
Pb2+
Hg₂2+
|
Ca2+,
Ba2+, Sr2+
|
Al3+,Cr3+,
Zn2+,As3+,
As5+,Sn2+,
Sn4+
|
Fe2+,Fe3+ Mn2+,
Mg2+,Sb3+, Sb5+
|
Cu2+,Ni2+,
Co2+,Cd2+,
Hg2+
|
Топтық
реактив
|
жоқ
|
2н, НС1
|
2н,
H2SO4
|
NaOH
|
NaOH
|
NH4OH
|
Түнбалар-
дың каси-
еттері қү-
рамдары
|
-
|
MeCln
қышқыл-
да ерімейді
|
MeSO4
қышқыл-
дар мен сілтілерде ерімейді
|
Me(OH)n
көп мөлшерде сілтілерде ериді
|
Me(OH)n
сілті ерітін-ділерін-де ерімейді
|
[Me(NH3)n]n+
аммиак ерітінділерін көп қосқанда ериді
|
№2 зертханалық жұмыс.
I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары
Жұмыстың мақсаты: Na⁺, NH 4⁺, Pb²⁺, Ca²⁺, Ba²⁺, Al³⁺, Zn²⁺, Mn²⁺, Fe²⁺, Fe³⁺, Mg²⁺, Cu²⁺, Ni²⁺ катиондарының өзіндік реакцияларын оқып үйрену.
Теориялық мәселелер.
Зертханалық жұмысты бастаудан бұрын осы жұмысқа байланысты негізгі теориялық мәселелерімен танысып алу керек. Оның ішінде:
1. Д.И. Менделеевтің периодтық системасы және катиондық өзіндік химиялық реакциялары арасындағы диалектикалық байланыс.
2. Катиондардың қышқылдық-негіздік классификациясы, топтық реагенттердің қасиеттері және катиондарды тұнбаға түсіру шарттары.
3. Сапалық анализді орындау шарттары және аналитикалық химиялық реакцияларға қойылатын талаптар.
4. Тұнбаға түсу, қышқылдық-негіздік комплекс түзу, тотықтану-тотықсыздану реацияларының және амфотерлік катиондардың негіздік қасиеттері.
Жұмсалатын өзіндік реактивтер:
Катиондарды ашуға топтық реактивтер және әрбір катионға тиісті өзіндік реактивтер пайдаланатындығын жоғарыда айтқанбыз. Жұмыстың орындалу барысында әрбір студент топтық реактивтердін, мысалы, 2н хлорлы сутек ерітіндісінің Pb2+, Ag+ катиондарына, 2н күкірт қышқылының Ca2+, Ba2+ катиондарына, 2н КОН сілтісі артық қосылған жағдайда Al2+,Zn2+,Cr3+,Fe3+, Fe2+, Mn2+,Mg2+,Cu2+,Ni2+ катиондарына, аммиактың судағы ерітіндісінің Ni²⁺,Cu²⁺ катиондарына әсерін тексеру керек. Сондай-ақ пайда болған тұнбалардың қышқылдарда және сілтілерде ерігіштік қасиетін тәжірибе жүзінде бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |