Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы


I-III аналитикалық топтар аниондарының өзіндік реакциялары



бет29/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   155
I-III аналитикалық топтар аниондарының өзіндік реакциялары
Аниондардың жалпы аналитикалық қасиеттері

Аниондарға жалпы сипаттама беру және осы тақырыпқа байланысты негізгі теориялармен танысқан жөн. Бүл теориялық мәселердің бастылары:



  1. Д.И. Менделеевтің периодтық системасындағы аниондар түзетін элементтердің орны және соған байланысты қасиеттерінің өзгеруі. Диалектикалық зандылық бойынша аниондардың реакция кезінде сапалық қасиетінің сандық қасиетке ауысуы

  2. Тотығу және тотықсыздандыру реакциялары. Бүл реакциялардың аниондар анализінде қолданылуы.

  3. Аниондардың жалпы аналитикалық классификациялары (жіктелуі). Топтық реагентер және олардың қасиеттері.

Аниондар негізінен периодтық системадағы 4,5,6,7 топтық элементтерін түзеді. Яғни бүл элементтерге: С, N,O,F,CI,J,Si,S,P,Cr,Mn,As,V,Se т.б. жатады.

Жалпы және бейорганикалық химия курсынан бүл элементтердің периодтық системадағы түратын орнына, сыртқы электрон қабатының орналасуына, атом радиусын т.б. қасиеттеріне байланысты түрлі аниондар түзетіндігі белгілі. Бір элементтің өзі бірнеше аниондар бере алады. Мысалы, күкірт элементі сульфид

(S2-), сульфит(SO32-), сульфат (SO42-) аниондары түрінде кездеседі.

Аниондар жай және күрделі аниондар болып бөлінеді. Мысалы, хлорид-ионы

(CI-) - жай анионға, ал гипохлорид (CIO-), перхлорат (CIO4-), хлорат (CIO3-) аниондары күрделі аниондарға жатады.

Барлық аниондар қышкылдардың немесе түздардың қүрамына кіретіндіктен олардың қасиеттері әртүрлі болады. Бір элементтің анионы белгілі жағдайдың өзгеруіне байланысты басқа анионға немесе қосылысқа айналуы мүмкін. Мысалы, сульфит-ион концентрлі минералды қышқылдардың ерітіндісіне тотығу-тотықсыздану реакциясы нәтижесінде күкірттің диоксидіне дейін тотықсызданады.

Кейбір аниондардың түрақтылғы ерітіндінің ортасына (рН) байланысты өзгереді. Мысалы, карбонаттарды сілтілерде ерітсе, оның қүрамындағы (CO32-)-анионы өзгермей сол күйінде қалады, ал қышқылдарда ерітсе, бүл анион қөміртегі диоксиді (CO2) түрінде бөлініп шығады

CO32- + 2H+ = CO2 + H2O





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет