Пробиркалар жай және калибрленген болады. Пробиркалар түп жағы жабық шыны түтіктер.
Химиялық воронкалар сұйықтықты фильтрлеу үшін бір ыдыстан екіншісіне құюға пайдаланылады.
Химиялық стакандар әр түрлі сыйымдылықта /50,100,200,250,500 және І000 см3, кейде 2000см3/ тұмсығы бар, кейде жоқ болатын жүқа шынылы цилиндр.
Бөлгіш воронкалар араласпайтын сұйықтықтарды бір-бірінен бөлетін, көбіне органикалық заттарға қолданылатын цилиндрлі және конусты формада болатын ыдыстар.
Тәбі тегіс колбалар ерітінділерді дайындауға және сақтауға қолданылады.Олар мойыны шлифтен жасалынған болады.
Жуғыш дистилденген су қүйылатын, аузы тығындалған, екі түтікпен жабдықталған колба.Түтіктің біреуі колбаны түбіне тиіп тұрады, ал басқасы — бұрыш жасап майысады.
Екінші түтік колбаның ішіне 3-5см-дей кіріп тұрады ал түтіктің сыртқы бөлігі сүйір бұрыш жасап майысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |