Тұнбалы формаға қойылатын талаптар
Тұнбалы форма төмендегі талаптарды қанағаттандыру қажет.
Өте төмен ерігіштік қасиетке ие болуы керек. Иондардың ерігіштік концентрациялар көбейтіндісі:
EK= Ks 0 = [Ktm+]n * [Ann-]m
EK=[A]a * [B]b = 10-7 – 10-8 болуы қажет.
Ерітіндіден белгілі дәрежеде кристалдар түрінде тұнбаға түсуі керек. Үлкен формадағы кристалдар белгілі минерологиялық формада болып, оның қабырғалары басқа иондармен өте аз ластанады, жақсы жуылады және жақсы сүзіледі.
Құрғатылғанда және жоғары температурада қыздырғанда гравиметриялық формаға оңай өтуі керек.
Кристалды жуған соң, ол бүтіндей ерітіндідегі басқа иондардан тазаланады.
Анықтайтын ионды толық тұнбаға түсіруі қосылатын реагенттің көлемін стехиометриялы есептеп 1,5 есе көп етіп алынады. Бұның екінші бір мақсаты ерітіндіде қосып қоятын анықтайтын иондарды толық тұнбаға түсіру.
Тұнбаға түсіруші реагенттің қажетті көлемін
V =
формуласы бойынша есептейді, мұндағы:
m(x) – тартылған (өлшенген) заттың массасы, г;
M(A) – анықталатын заттың молярлық массасы, г/моль;
M(B) – тұнбаға түсіруші реагенттің молярлық массасы, г/моль;
C – тұнбаға түсіруші реагент ерітіндісінің проценттік концентрациясы,
(%);
p – тұнбаға түсіруші реагент ерітіндінің (pH) ортасына, температурасына, басқа иондардың қатынасуына және тұнбаның ерітіндіде қаншалықты тұратындығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |