Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы



бет16/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155
Таразыда өлшеу тәртібі

1.Таразыға тартуға кірісуден бұрын орнығып отырып алу қажет. Столдың үстіне тартатын затыңызды, тастарды, тигелді немесе бюксті, қалам және журналды дайындап алыңыз.

2.Таразының ешбір жеріне тимей жақсылап бақылаңыз, әсіресе әпкішті және миллиграмдық тастрадың орнында дұрыс тұрғанын, тексеріңіз.

3.Айнымалы элеткр жүйесіне қосу арқылы таразыны іске қосыңыз.

4.Арретир дискасын солдан оңға қарай бұрау арқылы вейтограф экранындағы микршкаланы тексеріңіз. Егер таразы дұрыс жағдайда тұрған болса экран ортасындағы ветикалды орналақсан сызық микрошкаладағы «0» белгісінің үстіне тұрады. Мұндай болмаған жағдайда арретир дискасынан жоғарырақ орналасқан реттегіш винттің жәрдемімен экрандағы вертикалды сызықты микрошкаланы «0» белгісінің үстіне келтіреді.

5.Таразыны 4-ші пункте көрсетілгендей жолмен тексеріп алғаннан кейін арретирді жабады.

6.Таразыға тартылатын заттың немесе ыдыстың массасын алдын ала 0,01 г дәлдігімен техникалық таразыға қойып тартып алады да оны аналитикалық таразының сол жақтағы табақшасына салады.

7.Оң жақтағы таразы табақшасына грамдық тастарды қойып, таразы қорабының есіктерін жабады.

8.Бір қолмен арретир дискасын жайлап ашып, таразы қорабының оң жақ қабырғасына орнатылған 100 мг дисканы қозғай отырып, таразы көрсеткіш – жебесін бақылайды. Егер көрсеткіш жебе солға кетсе, 100 мг тастрадың аздығын оңға жылжытса артықтығын көрсетеді. Осылайша көрсеткіш – жебе «0»-маңына (шамалы солға) келгенде, ішкі дисканы бұрай отырып микрошкаланы экранда 0 мен +100 арасына келгенше біртіндеп қосып отырамыз. Сонымен микрошкала 0 мен +100 экран арасында тоқтағанда арретир дискасын соңына дейін алып қозғалысы тоқтағанша күтіп тұрады және экрандағы вертикаль сызық шкалада қандай сананың қарасысына келіп тоқтағанын қадағалайды. Мысалы, табақшадағы тастардың салмағы 2, сыртқы диска 5, ішкі 8 көрсетіп тұрса және экранның вертикаль сызығы микрошкаладағы 6 санына 3 шкала асып тұрса, бұл өлшенген заттың массасы – 2,5863 г болғаны.

9.Таразы көрсеткішін жазып алғанан кейін, арретирді нейтрал күйге қойып, табақшалардан өлшенген зат пен тастарды алып, диска көрсеткіштерін 0-ге келтіреді де таразы қорабының есіктерін жабады.

10.Таразыны тартып болғаннан кейін таразының ішін және сыртын жақсылап сүртіп гир комплектісін лаборантқа өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет