Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы



бет15/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   155
Таразыда өлшеу ережелері

Аналитикалық таразыда өлшегенде төменгі ережелердің бұлжытпай орындалуы тиіс.

1.Аналитикалық таразыда өзіңіз жөндей алмайтын ақаулық тапсаңыз, ол туралы оқытушыға немесе лаборантқа айтуыңыз керек.

2.Таразы табақшаларына ыстық, дымқыл және лас заттарды қоюға болмайды. Сұйықтықтарды өлшегенде таразыға және тастарға сұйық тигізуге болмайды.

3.Өлшейтін заттарды таразы табақшаларына бірден салуға болмайды. Оларды тек стакандарда, бюкстерде, фарфор тигелді табақшаларында ғана өлшейді.

4.Тартуға кірісуден бұрын таразының дұрыстығын тексеріп алады. Жан-жағындағы тозаңдарды қыл шеткалармен тазартады, таразының микрошкаласын ноль нүктесіне келтіреді.

5.Таразы табақшаларына қойылатын заттарды, тастарды міндетті түрде арретир нейтрат күйінде тұрғанда ғана қояды және алады. Арретир ашық жағдайында таразыға тиюге болмайды. Арретир дискісін жәй, бірқалыпты бұрау керек.

6.Жұмыстың бос уақытта таразы арретирі нейтралдық жағдайда тұруы қажет.

7.Таразыны тұрған орынан қозғамаңыз.

8.Таразыға 100 грамнан артық затты қоюға болмайды. Бұл таразының бұзылуына әкеліп соғады.

9.Тастарды тек пинцетпен ғана пайдаланыңыз және оларды әрқайсысын өздерінің орнына ғана орналастырыңыз.

10.Таразыны пайдаланған кезде тек жанындағы екі есікшіні ғана пайдаланады.

11.Таразыдағы тартылған заттың массасын журналға 0,0002 г дәлдікпен өлшеу кезінде жазып қою керек. Жазуға кез келген парақты газетті және т.б. заттарды пайдалануға болмайды.

12.Бір лабораториялық жұмыста, әртүрлі заттарды бірінен кейін бірін өлшегенде бір таразыны жән бір қораптағы (сауыттағы) тастарды пайдаланады.

13.Өлшеп болғаннан кейін таразы табақшасында және таразы жанында ешқандай затты қалдырмай жинап кету қажет.

14.Тартылуында зат таразының сол табақшасына, тастары оң табақшасына қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет