Реакция сезімталдығы және дарашылдығы (ерекшелігі)
Реакция сезімталдығы деп, аналитикалық реакция кезінде сол реактив көмегімен ерітіндідегі анықтайтын ионның ең төменгі мөлшерін ашу мүмкіншілігін айтады.
Реакция сезімталдығының сандық мөлшері бірі – бібімен байланысты – ашу минимумы және минималдық концентрациясы түсініктерімен белгіленеді.
Ашу минимумы дегеніміз деп берілген реактивтің жәрдемімен ерітіндідегі анықтайтын ионның ең төменгі мөлшерінің ашылу мүмкіндігін
айтады. Оны микрограммен (1г = 10ˉ6 мкг) өлшейді және "m" әрпімен белгілейді.
Мысалы, ерітіндідегі платина (IV) ионын гексахлорплатина калий тұзы күйінде ашу минимумы 0,1 мкг, яғни m (K2PtCl6) = 0,1 мкг
Минималдық концентрациясы (c) деп ерітіндінің белгілі бір көлемге дейін сұйытылғанда анықтайтын ионның ашу мүмкіншілігін айтады.
Ашу минимумы мен минималдық концентрацияның арасындағы байланысты мына формула арқылы көрсетуге болады:
m = c∙ V ·106
Мұндағы:
С – минималды концентрация;
m – ионды ашу мүмкіншілігі, мкг;
V – реакцияны орындауға алынған ерітіндінің көлемі, см³.
Мысалы, 0,03 см³ ертіндіде 0,15 мкг Pb2+ ионын қорғасын хроматы түрінде ашуға болады, сонда тағы да көрсетілген формула бойынша
С = 1: 0,03·106 / 0,15 = 1: 200000
Демек, қорғасын ионын қорғасынның хроматы түрінде анықтау үшін ертіндінің 200,000 см³. Көлемінде қорғасын ионы 1 грамнан төмен болмау керек.
Сапалық реакцияларда ашу минимумы (m) 50 мкг артық және минималды концентрациясы 1:1000 кем болмауы керек.
Реакция сезімталдығы аналитикалық реакцияларын өткізу жағдайларына, оның ішінде, реактив концентрациясына, реакциялық ортаға, температураға және басқа иондардың ерітіндідегі мөлшеріне байланысты.
Аналитикалық реакцияларда реакция ерекшелігі үлкен роль атқарады.
Реакция ерекшелігі деп ерітіндідегі көптеген иондардың болуына қарамастан анықтайтын ионды: 1. осы ионмен ғана реакцияға түсетін және сыртқы эффект беретін; 2. берілген реактивтің жәрдемімен анықтайтын реакцияны айтады. Демек, бұл реактив басқа иондармен реакцияға кіріспейді және ешқандай эффект бермейді.
Мысалы ферроцианид калий ерітіндісі Fe3+ – ионы үшін ерекше реактив болып есептеледі. Реакция кезінде бұл реактив Fe3+ – ионымен ғана реакцияға түсіп, қою көк түсті тұнба түзеді. Бұл тұнбаны Берлин лазуры деп атайды.
Көбінше ерітіндідегі бірнеше ионды бір мезгілде тұнбаға түсіруге және бөліп алуға тура келеді. Мұндай жағдайда бірнеше ионды бір мезгілде тұнба түсіретін таңдамалы: реактивтерді (избирательные) пайдаланады. Бұл реактивтерді селективті реактивтер деп атайды. Мысалы, натрий хлоридінің ерітіндісі Ag+, Pb2+, Hg22+ иондары үшін сұрыптау реактив болып есептеледі. Бұл жердегі натрий хлоридінің ерітіндісіндегі, хлор – анионы жоғарыдағы катиондарды хлоридтер түрінде түгелдей тұнбаға түсіреді.
Жалпы және топтық реактивтер. Көптеген ертінділердің құрамы өте күрделі болып келеді. Мұндай ерітіндідегі бір немесе бірнеше ионды бөліп алу келеді мәселе. Бұл мәселені шешуде жалпы және топтық реактивтер пайдаланылады.
Химиялық қасиеттері бірі – біріне жақын ертіндідегі иондарды тұнбаға түсіретін реактивті жалпы реактивтер деп атайды. Жалпы реактивтерге катиондар үшін карбонаттар, сульфидтер, сульфаттар, фосфаттар, негіздер мен қышқылдар жатады. Ал аниондар үшін күміс, барий, магний тұздары пайдаланады.
Жалпы реактив жәрдемімен бөліп алынған иондарды химиялық қасиеттері бірі – біріне жақын жеке – жеке иондар топтарға топтық реактивтер арқылы бөледі. Осыған мақсат үшін пайдаланатын реактивті топтық реактивтер, реакцияны топтық реакция деп атайды. Мысалы, ертіндідегі темірдің (II, III), магнийдің, марганецтің, висмуттың, мыстың (II), никельдің иондарын жалпы реактив – натрий сілтісінің көмегімен тұнбаға түсіріп, ондағы мыс және никель ионын топтық реактив – аммиактың судағы ертіндісі көп мөлшерде қосу арқылы оларды комплекс түрінде ертіндіге ауыстыруға болады.
Топтық реагент қоспадан тек өзіне тән катиондарды ғана бөледі және оның артық мөлшері ертіндіде қалған иондарды онан ары қарай ашуға кедергі жасамайды. Мысалы, сульфат ионы барий, кальций, стронций, қорғасын иондары үшін топтық реагент болып есептеледі. Осы иондардың сульфат тұздары (Ca2+ - ионынан басқасы) қышқылдарда ерімейді, сондай – ақ сульфат ионының ертіндідегі артық мөлшері басқа иондарды ашуға кедергі келтірмейді.
Кейбір жағдайда топтық реактив иондарды тұнбаға түсіру емес, қайта иондарды тұнбадан ерітіндіге өткізу арқылы бөліп алуға пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген аммиакат комплексін түзуші иондарды аммиактың судағы ертіндісімен бөліп алу осы жағдайдың мысалы.
Достарыңызбен бөлісу: |