Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


Зерттеудiң ғылыми-теориялық жаңалығы мен маңыздылығы



бет6/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Зерттеудiң ғылыми-теориялық жаңалығы мен маңыздылығы:
  • оқушы шығармашылығын дамытудың басты шарты оқу ортасын гуманизациялау қажеттігі мен оның негізгі көрсеткіші «субъект-субъектілік» қарым-қатынас екендігін дәлелдеуде (айқындауда);


  • оқу процесiнде «субъект-субъектілік» қарым-қатынас қалыптастырудың құралы ретінде интерактивтік модульдiк оқыту технологиясын пайдалануға болатындығын негіздеуде;


  • модульдік оқыту технологиясының оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызатын интерактивтік сипатын ашып, оны пайдаланудың педагогикалық-психологиялық алғышарттарын нақтылауда;


  • оқу нәтижесі оқушы шығармашылығының көрсеткіші болатын әрекеттердің қалыптасқандығын қадағалау қажеттігін дәлелдеуде.




Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
  • мектепте жеке тұлғаның дамуын оның оқу нәтижесіне сүйене отырып жүйелi түрде зерттеу мүмкіндігінде ;


  • оқыту процесiнде жеке тұлғаның қажеттiлiгiн қанағаттандыруға және оның жан-жақты дамуына мүмкiндiк туғызу шарттарының іс-жүзінде пайдаланылатынында;


  • мектеп басшыларына, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын мұғалiмдерге, әдiскерлерге әдiстемелiк нұсқаулардың дайындалғандығында.




Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
  • оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушының шығармашылығы оқу процесінде жеке тұлғаның дамуына кешенді жағдай жасалуына және оған қатынасушылардың өзара субъектілік қарым-қатынасына сай оқыту ортасында құрылуына тікелей байланысты (тәуелді);


  • оқушы шығармашылығын дамытудың жүйелілік құрылымы;


  • оқушы шығармашылығын дамытатын педагогикалық шарттар және көрсеткіштер;


  • интерактивтік модульдік оқыту технологиясы арқылы оқу процесі барысында оқушы шығармашылығын дамыту жүйесі.




Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi мен негiздiлiгi: жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерiне арналған философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидаларға сай жасалған эксперименттiк жұмыстың нәтижелерiне сүйенгендiгінде.

Зерттеу базасы: тәжiрибе-эксперименттiк жұмысқа Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназия, №30 орта мектеп, Ақтөбе облысы Темiр ауданының Кенқияқ және Шұбарши орта мектептерi, Алматы қаласындағы №34 көпсалалы мектеп-гимназия, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының №1 Ю.Сареми атындағы өзбек гимназиясы, Петропавл қаласындағы №20 орта мектеп алынды.
Зерттеу мәселесі бойынша тәжірибе-бақылау жұмыстары Ақтөбе қаласындағы №№24, 40 орта мектепте, Шалқар қаласындағы №№1, 4, 5, 40 орта мектепте, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы №№9, 17 мектеп-гимназияларда, Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназияда, №№12, 14 орта мектептерде, экономикалық лицей, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл орта мектебінде, Алматы қаласындағы №№146, 173 мектеп-гимназияларда, №59 орта мектепте жүргізілді.

Осы тәжiрибелiк-эксперименталдық жұмыстарды 5 жыл бойы (1999-2005жж.) жүргiзу кезiнде барлығы 2873 оқушы, 612 мұғалiм қатыстырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет