Зерттеу нысаны: мектептегі оқу процесі
Зерттеу пәні: оқу процесінде оқушының шығармашылығын дамыту
Зерттеудің мақсаты: оқу процесін гуманизациялау негізінде оқушылардың шығармашылығын дамытуды ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы формаларын анықтау
Зерттеу болжамы: егер әр мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда:
- мектепті басқаруды жеке тұлға басымдылығына гуманизациялау принципіне сай жүйелендіруді;
- оқу процесін интерактивті технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастыруды;
- оқу нәтижелерін, оқушылардың жетістіктерін ұдайы қадағалау негізінде анықтауды оқу процесінде жеке тұлғаны дамытудың педагогикалық шарттары ретінде қарастырсақ, онда оқушылардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік туады, өйткені, олар өз бетімен ізденіп білімін толықтыруға белсенділік көрсетеді.
Зерттеу міндеттері:
«шығармашылық», «қабілет», «модуль», «интерактив» ұғымдарының мәні мен ара жігін ашу;
оқыту процесiн гуманизациялау негізінде оқушының шығармашылығын дамытудың шарттары мен көрсеткіштерін айқындау;
интерактивтік модульдік оқыту технологиясы арқылы оқушының шығармашылығын дамыту жүйесін жасау;
оқыту процесiн гуманизациялау қағидасына сүйенiп, оқушының шығармашылығын дамыту жөнiндегi әдістемелік ұсыным жасау.
Зерттеудiң жетекшi идеясы: оқу процесін гуманизациялаудың басты құралы ретінде жеке тұлғаға бағытталанған интерактивтік технологияны пайдалану оқушы шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Зерттеудiң теориялық және әдіснамалық негiзi: жеке тұлғаның дамуы туралы, оның қоршаған ортамен, топпен қарым-қатынасы; оқу процесіндегі жеке тұлғаға бағытталған жүйелі іс-әрекет және оқу процесін гуманизациялау арқылы оқушының құқығын мойындау; жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы оқушының шығармашылығын дамытуға қатысты тұлғалық, қарекеттiк, танымдық теориялар.
Достарыңызбен бөлісу: |