ә) Ораза адамның мейірімін және жәрдемдесу сезімін күшейтеді: Өмірінде аштықтың не екенін білмеген ауқатты адам кедейлер көрген аштық пен қиыншылықты жеткілікті түсіне алмайды. Бірақ ол адам ораза ұстаса, аштықтың не екенін түсініп, кедейлердің қиыншылықтарын әлдеқайда жақсы сезініп, оларға деген мейірім-шапағат сезімдері оянады. Нәтижесінде кедейлерге қол ұшын беріп, қиыншылықтарын бөліседі.
б) Ораза адамдарға нығметтердің қадірін білуді үйретеді:
Адам қолында бар нығметтердің қадірін қолынан шығып кеткенде
ғана біледі. Бірақ болар іс болған соң оның еш пайдасы тимейді. Ораза
ұстау арқылы адам нығметтердің қадірін жақсы түсінетін болады. Бұл
сезім адамға қолындағы дәулет, нығметтердің қадірін біліп, оны бер-ген Аллаға көбірек шүкіршілік етуді үйретеді.