терге
зиян келтірмейді, ал кейбіреуінің аздаған мөлшерінің өзі
өте зиянды.
Мәдени өсімдіктер мен ағаш тектестерге өте зиянды тұз
Na
2
CO
3
содасы жатады, ол гидролиз нәтижесінде күшті
сілті
түзеді. Өсімдік жасушасына енгенде плазмолиз жүреді, өсімдік
өледі. Соданың топырақта болатын ең жоғарғы шекті мөлшері
0,005%.
Сортаңдардың топырақ ерітіндісінде
осмостық қысым
100-300 атм. болатындықтан, табиғи жағдайда,
сортаңдарда тек
галофиттер тіршілік етеді. Ондағы қарашірік мөлшері 1-2%, тек
Сібір сортаңдарында ғана 5%.
Сортаңдардың топырақтар ерітіндісіне бейтарап тұздар
рН 7,0-7,5 реакциясын берсе, сілтілік (содалы) тұздар күшті
сілтілік реакция береді (рН 9-11).
Тұзданған топырақтар мен сортаңдарда
микроағзалар өте
аз, себебі көп мөлшердегі тұздар олардың тіршілігіне қолайсыз.
Тұз мөлшері мен тұзды горизонттардың орналасу тереңді-
гіне байланысты топырақтар тұзданбаған, шамалы сортаңдан-
ған, сортаңды және сортаңдар деп жіктеледі. Егер
топырақ гори-
зонтында тез еритін тұздар мөлшері 0,25%-дан аз болса, немесе
150 см тереңдікке дейінгі топырақ кескінінде ондай горизонттар
болмаса олар тұзданбаған болып есептеледі. Егер 80-150 см
тереңдікке дейінгі топырақ салмағында тұз мөлшері 0,25%
болса, топырақ шамалы сортаңданған, егер 5-30 см аралығында
болса сортаңды деп есептеледі. Егер топырақтың ең жоғарғы
қабатындағы тез еритін тұздар мөлшері 1 %-дан көп болса
сортаң деп аталады. Тұздар концентрациясы 0-30 см
қабатта
болса беткі сортаң, ал егер тұздар бүкіл кескіні бойынша тарал-
ған болса – терең кескінді сортаң деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: